Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:44, реферат
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖОБАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жобаны маркетингтік талдау
1.2 Техникалық талдау
1.3 Қаржылық талдау
1.4 Экономикалык талдау
1.5 Институцноналдық талдау
1.6 Тәуекелді талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
Жобаның іске асу мерзімінде оның өтелімділігін бағалау мәселесі әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, «ақшаның құны уақыт өтуіне қарай» деген қағиданы есепке ала отырып сомалық инвестиция шамасын жабуы керек. Бұл принцип бойынша: «Доллардың қазіргі құны бір жылдан кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен», яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тең ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының уақытты мәнділігін өлшейтін сипаттамсы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвесициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.
Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.
Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайын. С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:
• компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
• импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
• кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
• нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.
Міндет – мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау:
Осылайша, экономикалық талдау процесіңде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.
Егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігі мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан. Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесі нұсқау бойынша іске асуы мүмкін.
/ қадам. Мақсаттарды таңдап, оларды өлшейді. Мысалы:
Мемлекеттің мақсаттары Мақсаттың салмағы
Қатты
валютаның ағылуы
Қатты
валютаның үнемделуі
Жергілікті
нарықта өнімнің көбеюі
Халыктың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
ету
0,20
Аумақтарды дамыту 0,15
Барлығы
2 қадам. Альтернативті жобалардың әрқайсысына әр мақсатқа жету үшін сандық өлшемін анықтайды (абсолютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста). Әр жоба үшін кешендік (комплекстік) критерийдің салмақталған мәнін есептейді:
G0 = 0,3 • ω1 + 0,2 • ω2+ 0,15 • ω3+ 0,2 • ω4 +0,15 ω5 .
3 қадам. Үздік вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің максимум критерийі бойынша жүргізіледі.
Экономикалық тиімділік дайын өнім мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құнымен, ішкі бағамен және мемлекеттің айырықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен және қағидалармен сәйкес келмейтін тағы басқа нәрселерді есепке ала отырып бағаланады.
Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие:
6) жыл
сайынғы экономикалық құралдар ағымын
инвестицияның бастапқы көлемімен салыстыру
(бұл нәтиже болады).
1.5
Институцноналдық талдау
Институционалдық
талдау инвестициялық жобаның
Ішкі факторларды бағалау әдетте келесі нұсқау бойынша жүреді.
2. Еңбек ресурстарын талдау. Жобаны іске асыру үшін тартылатын еңбек ресурстары, жобаның ішінде қолданылатын технологиялардың деңгейіне сәйкес болуы керек. Кәсіпорын үшін жаңа отандық немесе шетелдік технологияны қолданған жағдайда бұл мәселе өзекті болып табылады. Кәсіпорындағы өндіріс мәдениеті жасалған жобаға сәйкес келмейтін жағдайлар қалыптасуы мүмкін, сол кезде не жұмысшыларды оқыту, не жаңа жұмысшыларды жалдауға тура келеді.
3.
Ұйымдастырушылық құрылымын
Сыртқы факторларды талдағанда негізгі басымдылықтар келесі аспектімен шарттасылған.
1. Мемлекеттік саясат, мұнда нақтырақ талдау үшін келесі позициялар бөлінеді:
2. Мемлекеттің мақұлдауы. Берілген факторды мемлекеттің экономикалық масштабтарының маңызды міндеттерін шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар үшін қарастыру қажет. Бұл жерде мақұлдау үшін уақыт факторы неғұрлым маңызды. Кейде жоба техникалық, қаржылық және экономикалық жағынан мінсіз болса да, жобаға ақшаларын қазір салуға дайын инвесторлардың болғанымен, мемлекеттік шешім 1-2 жылға тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайы ең қауіпті болып көрінеді. Нәтижесінде инвестор ақшасын басқа жобаға салады.
1.6
Тәуекелді талдау
Тәуекелді талдаудың мәні мынада. Жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін (шығындар элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с.) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуі) да өзгеруі мүмкін. Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.
Жобаны іске асыру процесінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны, капиталдық шығындардың құны, қызмет етудің құны, сатудың құны, бағаның құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдық таралу мен ықтималдықтар түсінігін қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапазоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.
Кейде тәуекелді талдау процесінде төмендегі нұсқау бойынша жүргізілуі мүмкін сценарийді талдаумен шектеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, маркетингтік бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз маркетингтік талдау нәтижесінде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап, жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жұмсағанымен, ойдағы пайдаға жете алмайтын жағдайлар кездеседі.
Инвестициядан туындайтын жалпы ақшалай ағым қаржылық феноменді есепке ала отырып, оның (инвестицияның) шамасын жабатын болса, жоба қаржылық критерийлер тұрғысынан қабылданады.
Экономикалық талдау әдетте мемлекеттің тапсырысы бойынша жасалатын және ұлттық мағыналы міндетті шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларға жүргізіледі. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өз бастамасы бойынша әзірлеп, инвесторды өз бетімен тартса, онда бұл істің нәтижесінде жобаға қатысушыларының жалпы ұтысы негізделеді, ең алдымен жобаға қаржылық ресурстарын ұсынған заңды және жеке тұлғалар үшін.
Жобаның
өтелімділігін бағалау
Қорыта айтқанда, инвестициялық жоба соңында бизнес жоспар түрінде толтырылады. Бизнес-жоспарда, дәстүр бойынша, жоғарыда берілген сұрақтар көрсетіледі. Бизнес-жоспардың өмірдің барлық жағдайына арналған стандарттары жоқ екенін де ескеру керек. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бірінші кезекте жобаның болашақтағы жағдайын шешетін инвестициялық іскерліктің талаптарын қанағаттандыру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007.- 160 б.
2. Дүйсенбаев К.Ш. ж.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы / Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г.- Алматы: Экономика, 2001.- 330 б.
3. Зейнелғабдин А. Экономиканың нақты секторын қабылдау// Егемен Қазақстан.- 2002.- 6 сәуір.- Б.2