Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылы-ғын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Оглавление

Кіріспе 6
1 .Нарықтық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылыгы өндірісінің дамуы
1.1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі 9
1.2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың
негіздері 14
1.3. Нарықтық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқару
жолындағы нарықтық механизмнің рөлі 17
2. Жамбыл облысы Жуалы ауданының табиғи-экономикалық көрсеткіштерін
талдау
2.1. Жуалы ауданының табиғи-климаттық жағдайын талдау 21
2.2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін
талдау 30
3. Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму
тұрақтылығының стратегиясы
3.1. Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекет тарапынан реттеу 40
3.2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің бэсекелестік деңгейін арттыру
жолдары 43
3.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудағы маркетингтің рөлі 51
3.4. Жамбыл облысы Жуалы ауданының болашақтағы даму жоспары 56
Қорытынды 64
Қолданылған эдебиеттер 67

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Ошанов Асылбек.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

        ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер кооперациясы мен
интеграциясын дамыта отырып,  өңдеуші кэсіпорындар үшін  шикізат қорын қалыптастыру;

        ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен өңдеуші кәсіпорындар
арасындағы өндірістік-шаруашылықтық байланысты нығайту;

        өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдерінің арасындағы
баға теңсіздігін жою мақсатында баға белгілеу әдістерін жетілдіру;

        ауыл шаруашылығы шикізаттарын және өңдеуші кәсіпорындардың мүмкіндігін пайдалану;

        ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті ресурстарды кәсіпорындар арасында рационалды орналастыру;

          сонымен қатар кәсіпорындар арасында коммерциялық дамытудың
ғылыми негізделген тиімді жақтарын, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін келісім шарттарды әзірлеу жэне шараларды дамыту.

Жалпы өндіріс тиімділігі - экономикалық категория, ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуын көрсетеді. Осының нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік процесті қамтамасыз етеді.

Тиімділіктің басты мәселесі, нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін, тұтыну қүнын өндіру кезінде ресурстарды жоғары деңгейде үнемдеу. Бұл жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқықтық нормативті актілермен анықталып, өндірістің табыстылығының есебінде жүргізіледі. [8.43-56].

Жалпы тиімділік ұғымы ағылшын тілінен аударғанда іс-әрекет, нәтиже мағынасын білдіреді. Тиімділік - үлғаймалы ұдайы өндірісті үтымды жүргізудің алғышарты. Ол ресурстарды таңдау кезінде балама варианттарды анықтау үшін қолданылатын сапалы бағалау көрсеткіші болып табылады.

Тиімділік факторлары мынандай түрлерге жіктеледі:

    өндірістің шартты табиғи, топырақ, климат, экономикалық, бағалар мен тарифтер,    несиелер,    салықтар,    дотациялар,    бюджеттен    алынатын қаржылар, еңбекті ынталандыру, әлеуметтік жағдайлар.

    материалдық жэне еңбек ресурстары;

    өндіріс шығындары;

    өндіріс процестерінің технологиясы жэне оны ұйымдастыру;

     нарықтық факторлар.

Сонымен қатар, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы және тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндірістің тиімділігін, ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Осындай ұтымды тиімділік кәсіпкерлік қызметтің мақсаты ретінде және кез    келген ұйымдық-құқықтық шаруашылықтың тиімді жұмыс істеп, ксңейтілген өндіріс жүргізу жолындағы қажетті шарты болып есептеледі. Сонымен қатар, ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми -техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күш болып табылады және тұтыну құнының сапасын жақсартады.[8.63-78].

 

1.3. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқару жолындағы нарықтық механизмнің рөлі.

Өндірістің тиімділігін артыру үшін эрбір кэсіпорын ең алдымен өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыруға, яғни түсетін ақшалай табысты жүмсалған шығындармен салыстырып отыруға, сөйтіп рентабельді жұмыс істеуге тиіс. Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін үнемі әрі терең талдау жасап отыру қажет. Терең талдау жасау үшін аграрлық кәсіпорындардың басшылары коммерциялық есептің мынандай принциптерін ескеру қажет:

1.     Өнім  өндіруге  жүмсалатын   шығынның  өткізлуі  жэне  тауарлы   өнімді
өткізілуден түскен табыс оның өзіндік қүнынына асып түсуі үшін сату
бағасының жоғары болуын қаматамысыз ету;

2.     Кәсіпорынның басқа өндірушілерімен бәсекелестігі, өнімнің, сапасы бағасы
қызыметпен өнімнің түрлері бойынша бәсекелестікке төтеп беріп, озып
шығу;

3.     Барлық қызметкерлердің, өндірісітің нэтижелі болуына ынталығы еңбекке
негізгі ақы төлеу, қосымша ақы төлеу, сыйлық беру арқылы жүзеге асады,
ал ондай эдістер рентабельді шаруашылықта ғана қолданылады.

4.     Өндірісте   бақылау   жүргізу   нәтижелерді   ақшадай   формада   өлшеуге
негізделген және оны басшы қызметкерлер жүзеге асырады.

Осы аталған принциптер орындалу үшін нарықтық механизм қалыптастыру қажет. Нарықтық механизм факторлары - өнім (тауар), бәсеке, баға және нарық.[9.49-57].

Бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықтық ортаны қалыпты жағдайда ұстап түру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдай да тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

Нарықтық экономика жағдайында ескеретін маңызды жэйт -ол өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншік жэне кэсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықтық экономикаға сай экономикалық мәні болмайды. Нарық жағдайында бэсеке күресінің бірнеше түрлері болады:

а)              таза бэсеке

б)              монополиялық бэсеке

в)              олигополиялық бэсеке

Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілмеген бэсеке (ол нарықтық бағаға қатынастардың ешқайсысы да эсер ете алмайтын жағдайда болады) жэне жетілмеген бэсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бэсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.

Таза бэсеке нарығын бір біріне ұқсас тауарлардың көптеген сатушалар жэне сатып алушылар қүрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сүранысқа бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қою да үстемдік жасай алмайды. [9.77-98].

Олигополиялық (грекше «олигас» - көп емес, «полео» - сатамын) бэсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы қүрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты.

Таза монополия жағдайында жеке кэсіпорындар бэсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кэсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасау, бір өзі ғана өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Жасанды монополизмен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық қүрылымын жою, заң жүзінде - монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бүл

арада ескеретін жәйт - монополияға қарсы заңдылық кэсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналуы керек. Себебі, дамыған нарықтық қатынастар жоқ кезде монополизмге қарсы күрес экімшіл-эміршілдік жүйенің сақталуына жэне күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай, нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес.

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық қүрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі жэне мэнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметрлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың эр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді. Соның нэтижесінде фирмалардың бэсекелестік бейімділігінің эр түрлі үлгілерін танытады. [10.144-167].

Ауыл шаруашылығы өндірісі нарығының бір қатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы - нарықтық қүрылым мен қарым-қатынас жүйесі элі де сақталған, еркін бэсекелестік нарығына барлығынан жақын түрған үлттық масштабтағы жалғыз жэне соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:

Біріншіден, ауыл шаруашылығы нарығында тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп.

Екіншіден, еркін бәсеклестік нарығы болып саналатын ауыл шаруашылығы нарығының белгісі ретінде эрбір жекелеген өндірушінің бағаға эсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға эсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.

Еркін бэсекелестік нарығының үшінші маңызды белгісі - өнімнің біртектілігі жэне қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бүл астық бір сорттағы жэне сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.

Еркін бэсекелестік нарығының төртінші ерекшелігі - бэсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың нарыққа келуі үшін кэдімгідей қолбайлау болатын барьердің жоқтығы.

Нарыққа кіру барьері эр - түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық жэне монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуатты өндірісте шығындарды азайту жэне өнімнің бэсекелстікке бейімділігін арттыру.

Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай барьер ауыл шаруашылығында жоқ. [10.56-87].

 

 

 

 




-мамандану   дэрежесін   қажет   ететін   жұмыстар   —   кейбір   жұмыстарға шандану деңгейінің жоғарғы дэрежесі қажет, мысалы  1-класты тракторшы, эгізуші тағы басқа жоғарғы дэреже жұмыстың сапалы орындалуына эсер етеді.

 



Информация о работе Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясы