Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 11:42, реферат
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.
Шағын кәсіпкерліктің
дамуына көптеген иялық жұмыстар
арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің
дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен
бірге бәсекелестік механизімінің
арқасында олардың
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы
Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде
ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да,
олардың артықшылықтары абсолютті деп
саналып шағын кәсіпорындар мәселесі
жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың
қателігі командалық орталықтанған жүйеден
нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде,
шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық
бағыттың негізгі құралына айналғанда
мойындалды.
Осы орайда Қазақстан Республикасының
Президенті осы жолдағы жолдауында Жапония,
Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде
шағын және орта бизнес, олардың барлық
кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын
және көптеген дамыған елдерде олар жалпы
өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін
айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу
қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік
ортаның бастамашылығын іске асыру үшін
қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
1990 жылдардың басында жаңа экономикалық
жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің
жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға
ерекше ынта қойылып оларды ұйымдастырудың
құқықтық нысанына, критерилеріне, есеп
және есеп беру жүйесінің нормативтік
заңдық базасы қамтылды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму
тенденциясы мынадай:
• шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс
істейтіндердің санының тұрақты өсуі;
• өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын
кәсіпорындардың шоғырландыруы;
• шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет
көрсетудегі үлесінің көптігі;
• осы уақытқа дейін шағын кәсіпорындардың
салық салу, несиелендіру, мемлекеттік
органдармен арадағы мәселенің шешілмей
келе жатқандығы шағын кәсіпорындардың
маңыздылығын мемлекетіміз ғана емес
нарықты экономикасы бар елдердің барлығы
мойындап отыр. Оны экономикадағы үлес
салмағынан көруге болады.
Шағын кәсіпкерлік-бәсекелестік ортаны
қалыптастыратын, нарықты отандық тауарлармен
толтыратын, халықты жұмыспен қамтитын,
ірі және орта бизнестің «ауқаттану» ортасы,
орта топты қалыптастыратын қоғамның
тұрақтылық негізі.
Осыған байланысты. Шағын бизнесті қолдауға
Қазақстан Республикасы жыл сайын 159,2
млрд. тг. бөлінеді. Ел басы өзінің жолдауында
биылғы жылы республикалық бюджеттен
қосымша 10 млрд. тг. бөлінетіндігін, сонымен
бірге, банк кредиттеріне кепілдік беру
мен сақтандыру жүзеге асыруды қолға алу
керектігін ескертті. Мұнын өзі қомақты
мемлакеттік қолдау болмақ.
Курстық жұмысымыздың мақсаты-өнеркәсіпте
шағын кәсіпорындарды дамыту мен оның
артықшылықтарын дәлелдеу.
Курстық жұмыстың мақсатына байланысты
мынадай мәселелер қаралады:
• өнеркәсіп пен шағын кәсіпорындардың
ролі;
• бүгінгі күнгі өнеркәсіптегі шағын
кәсіпорындардың жағдайын талдау, тиімділіктерін
анықтау;
• осы салада шағын кәсіпорын болашағы.