Салықтың экономикалық мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 11:29, реферат

Краткое описание

Ұйымдық-құықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болып және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады.

Оглавление

I Кіріспе.........................................................................................................2-4
1.1 Салықтың экономикалық мәні мен маңызы....................................2- 4
II Негізгі бөлім.............................................................................................5-15
2.1 Салықтардың атқаратын функциялары................................................5
2.2 Салық салу принциптері.....................................................................6-7
2.3 Салық салу элементтері....................................................................7-10
2.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен оның даму кезеңдері........................................................................................11-14
2.4 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері.............................14-15
III Қорытынды.............................................................................................15-17
IV Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................18

Файлы: 1 файл

Салык.docx

— 53.14 Кб (Скачать)
    1. Тұтынуға салынатын салықтар:
    1. Қосылған құн салығы
    1. Акциздер
    2. Тіркелген салық
    3. Ойын-бизнес салығы

2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап  «Бірыңғай жер салығы» енгізілді.

 

Қортыта айтқанда, салықтар дегеніміз – мемлекет бір жақты  тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай  төлемдер.  Салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша белгілері бар, атап айтсақ:  
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;   
- Салық – ақшалай нысанда төленеді;  
- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;  
- Салық – баламасыз сипатта болады;  
- Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;  
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.   Салықтардың мәні олардың функцияларынан көрінеді. Жалпы каржылар категориясы тұрғысынан салық қосалқы категория болып табылады, сондықтан қаржыларға қатысты салықтардың функцияларын қаржылардың бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциялары ретінде қарастыруды ескерген жөн. Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сиякты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржылық категорияның ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.  
 Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды камтамасыз етеді.   Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық кызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады.      Қайта бөлгіштік функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады .  Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:  
 1. Салық салудың міндеттілігі принципі      2. Салық салудың айқындылық принципі   
 3. Салық салудың әділеттілік принципі  
 4. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі  
 5. Салық заңдарының жариялығы принципі

Салық элементтері - бұл мемлекеттің  заң актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптері мен салық салуды ұйымдастыру.  
 Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:  салық субъектісі, салық объектісі, салық базасы, салық салу бірлігі, салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық кезеңі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары, салық төлеуді бақылау, салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар және т.б.   Қазақстан Республикасы салықтар жүйесінің қалыптасуы мен дамуы саяси-құқықтық тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1-кезең: 1991-1994 жж              2-кезең: 1995-1998 жж                             3-кезең: 1999-2001 жж                                                                                             4-кезең: 2002-2008 жж          Жаңа Салық кодексіне сәйкес, қазіргі кезде ҚР-да салықтардың 13 түрі бар. Оларға: Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы. Пайдаға салынатын салықтар: жеке табыс салығы, корпоративті табыс салығы, әлеуметтік салық, жер қойнауын пайдаланушылар салығы мен төлемдері, экспортқа рента салығы. Тұтынуға салынатын салықтар: ҚҚС, акциздер, тіркелген салық, ойын-бизнес салығы және 2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Бірыңғай жер салығы» енгізілді.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық / – Алматы. Экономика, 2005
    2. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010
    3. Еркембаева Б.Ж., Салықтар және салық салу: Оқу құралы / - Алматы. Қазақ университеті, 2003
    4. Үмбеталиев А. Д., Керімбек Ғ. Салық және салық салу: Оқулық / –Алматы. Экономика, 2007
    5. Абиева С.Н, Алиева М.М.  Салық және салық салу: Оқу құралы / –Алматы. Дәуір, 2012
    6. ҚР Салық Кодексі, 2012
    7. Интернет сайттары: nur.kz, 1referat.kz, magistr.kz

 


Информация о работе Салықтың экономикалық мәні мен маңызы