ҚР интеграциялық үрдістердегі ролі және қатысуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:06, реферат

Краткое описание

Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан. Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар болады. Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік береді: “Бөлек ерекше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай”

Оглавление

1.Интеграцияның мәні және алғышарттары
2.Қазақстандағы интеграцияның дамуы
3.Еліміздегі интеграцияның ролі

Файлы: 1 файл

ҚР интеграциялық үрдістердегі ролі және қатысуы - копия.docx

— 380.71 Кб (Скачать)

          Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

                  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

       СӨЖ      

    

 

  Тақырыбы:ҚР интеграциялық үрдістердегі  ролі және қатысуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Орындаған: Бейсенова Г.                                                                                        

 

                                                             Тексерген:Ахметов А.

 

 

 

 

 

  Жоспар:

 

 

 

1.Интеграцияның  мәні және алғышарттары

 

2.Қазақстандағы  интеграцияның дамуы

 

3.Еліміздегі  интеграцияның ролі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҚР интеграциялық үрдістердегі ролі және қатысуы

  

        Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан. Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар болады. Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік береді: “Бөлек ерекше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай”1 Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, бір жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың, оқиғалардың стихиялық дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншісіне, интеграциялық кешендегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы.

Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-түкпірінде дүниеге келе бастады. Қазірде дүние жүзінде 30-ға жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Осылардың ішінде ең ірілерінің бірі 40жылдан астам интеграциялық тарихы бар Еуропалық Одақ.

Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында  жаңа интеграциялық бірлестік НАФТА (Солтүстік америкалық еркін сауда туралы келісім), мүшелері АҚШ, Канада, Мексика. Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай.

Оңтүстік Шығыс Азиядағы АСЕАН. Кейбір кедергілерге қарамастан Батыс Еуропадағы интеграциялық топ бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің артықшылығын көрсетті. Осы жағдайдан терең әсер алған үшінші әлем өздерінің экономикалық және саяси мәселелерін мемлекетаралық интеграция жолында шешуге тырысты.

Азия  мемлекеттері және үшінші әлемдегі интеграциялық жүйелерді сараптау барысында, қызмет жасау барысында олардың сәтсіздіктерге ұшырағанын көреміз. Ал Батыс Еуропада дәл осы уақытта сәттіліктерге қол жеткізді. Бұл жерде алым ретінде тек АСЕАН-ды айтып кеткеніміз жөн.

Қазір бүкіл әлем интеграциялануға ұмтылуда. Техника, мәдениет, білім барлығы дерлік бір бірімен қабысуда. Адамзат басынан өткерген түрлі қиыншылықтар, жойқын соғыстар, тәртіп, жүйеге қарамастан, бір бірімен тығыз қатынаспен бірігуге ұмтылуда. Мұның айқын айғағы ретінде Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің бірлестігі, Азия Тынық мұхит аймағындағы елдер бір бірі арасындағы қатынастарды тереңдетіп, тиімді түрде саяси және экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.

   1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды:Түркия, АҚШ, Қытай, Иран , Пәкістан, Швейцария,Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды.

   Осының бәрі республикаға, оның азаматтарына және ел басшысының жүргізіп отырған салмақты да сындарлы саясатына, биік халықаралық беделіне көрсетілген құрмет еді. 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялар келіссөздер жүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды.

   Аймақтық достастықтың жаңа түрлерін қарастыру тәуелсіз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялық принциптері қарастырылды.Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегіынтымақтастық , жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарғақол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді.

Қазақстанның сыртқы саудасы. 2012 жыл.

   Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулі табыстарға жетті, бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанға планетаның осы үлкен кеңістігіндегі экономикалық даму динамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақстанның азиялық Тынық мұхит процесіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Қазақстанның Түркиямен байланысы кең көлемде дамыды. Мысалы, Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара қонақ үйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясы Түркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердің тұрақты қатысушыларына айналды. Жүздеген жігіттер мен кыздар Стамбұл жәнө Анкара университеттерінде оқыды. Қазақстан телеарнасынан түрік тіліндегі хабарлар тұрақты түрде жүргізіле бастады.

 

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты

Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді. 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс пен «Қазақтелеком арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты.

   Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, Юнеско,Еқыұ) байланыстарын нығайтты. Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.

     1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, қоғамдық өмірдің барлық салалары бойынша халықаралық ынтымактастыктың толыққанды субьектісіне айналды.Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие, Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орынды алып, халықаралық ынтымақгастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі.Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі – бұрынғы кеңестік республикалармен және Орталық Азиямен интеграциялық үдерісті дамыту болды. Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, бұл жағдай бір жағынан, аймактағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы локализмді жандандырды.

   Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев  атап көрсеткендей «біздің алдымызда  таңдау тұр: бірі – әлемдік  экономиканың мәңгілік шикізаттық  шылауы болып қалу, екіншісі тағы  бір империяның келуін күту  немесе Орталық Азияның барынша  интеграциялануына қарай қадам  жасау. Мен осының соңғысын  ұсынамын. Бүдан былайғы интеграциялануымыз  – біздің өңіріміздің тұрақтылығына,  прогреске, экономикалық жэне  эскери, саяси тэуелсіздікке апаратын  жол деп есептеген болатын.

   Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа Конституцияны Қазақстан халқы 1995 жылғы 30 тамыздағы Республикалық референдумда қабылдады. Жаңа Конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет деп мәлімдеді. Елдегі мемлекеттік биліктің бір ғана негізгі қайнар көзі халық болып саналады. Жаңа Конституцияда идеологиялық және саяси көптүрлілік жарияланды. Меншік проблемалары да жаңаша тұрғыдан қаралды - жерге жеке меншік енгізілді. Конституцияда: «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп көрсетілді.

    Экономиканы одан әрі интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995 жылы 28 каңтарда Ресей және Белоруссиямен кедендік одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан қосылғаннан кейін бұл альянс Еуразиялық Экономикалык Одақ болып қайта құрылды, кейін Орталық азиялық экономикалық қауымдастық дүниеге келді. Өзара достық, көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, ал 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланды. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекара мәселесі шешілді.1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті. Оның жұмысына ықпалды халықаралық қаржы орталықтары қатысты.

   Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Астана халықаралық басқосулар өткізудің орталығына айналды. 2001 жылдың 22 қыркүйегінде Рим Папасы II Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты. Бұл Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш держава ретіндегі рөлін мойындаудың көрінісі еді. Қазақстан астанасында аса маңызды басқосу - әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткізу де дәстүрге айналып отыр. Алғашқы съезд 2003 жылдың 24 кыркүйегінде болып өтті. Бұл басқосуға 17 конфессия өкілі қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті съезде сөйлеген сөзінде: «Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады.

   Олардың бастылары - руханият,адамгершілік. Бұларды өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерді, әр халықтың телтума тарихи және мәдени тәжірибесін сақтап келеді» деп атап көрсетті.

Астанада 2006 жылдың 1 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші съезі  қарсаңында, бірінші съезде туындаған  ғимарат салу идеясы іске асты. Бейбітшілік жіне келісім сарай салтанатты түрде ашылды. Сарайды ашу рәсімінде Н.Ә.Назарбаев «Шығыс пен Батыс мәдениеті мен стилінің үйлесімі біздің жас астанамыздың келбетімен керемет жарасым тапқанын» атап өтті.

   2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткен екінші съездің басты тақырыбы «Дін, қоғам және халқаралық қауіпсіздік мәселесі болды. Съезд жұмысына 20-дан астам елден 43 өкіл қатысты. Құрметті қонақ ретінде көрнекті саясат және қоғам қайраткерлері шақырылды, олардың ішінде - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацууру, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе т. б. болды.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мелімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды.

   Қазақстан 1993 жылы ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы қызметі саяси-құқықтық жағынан жүйеленді, сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының ерекшелігі - көпвекторлық пен теңгермелілікті, әріптестердің сыртқы саясаттағы ұстанымдарында тәуелділіктің болмауын, кез келген аймақтың даму жағдайын, әлемдік нарықтағы конъюктуралық өзгерістерді ескеріп отыруды көздейді.

   Көпвекторлық - тәжірибе жүзінде біздің көршілерімізбен (ТМД мемлекеттері), сондай-ақ Батыстың, Азия мен Таяу Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерімен өзара ынтымақтастықты білдіреді.

Информация о работе ҚР интеграциялық үрдістердегі ролі және қатысуы