Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:10, реферат
Ойындар теориясы — конфликт жағдайында тиімді стратегиялық шешім қабылдаудың модельдерін зерттейтін математика және экономика саласы. Ойын деген сөз процесс мағынасын береді, ал сол процессте өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін күрес жүргізетін екі немесе одан да көп тарап қатысады. Жеңіске не жеңіліске жеткізетін стратегиялар басқа ойыншылардың әрекеттеріне байланысты болады.
Орындаған: Омарбек Алтынай
УиА11К2
Тексерген: Табеев Т.П.
Ойындар теориясы — конфликт
жағдайында тиімді стратегиялық шешім
қабылдаудың модельдерін
Ойындар теориясы 20 ғасырдың
40-жылдары АҚШ математиктері
Әрбір ойыншының стратегиясы оның функциясына тәуелді болады. Ойыншы ұтысты көп беретін стратегияны таңдап алады. Ситуацияның өзгеруі әрбір коалицияның өзінің стратегиясының бірін қолдануына байланысты. Конфликттің шешілу нәтижесінде мүдделері ‘’ортақ жақтар мүдделілер коалициясы’’ деп аталады. Олардың мүддесі ситуацияның қайсысы өздеріне қаншалықты тиімді екенін бағалау арқылы анықталады. Бұл тиімділік ұтыс мөлшерін өрнектейтін сан арқылы жиі көрсетіледі. Конфликтке қатысушы коалициялардың санына қарай ойын стратегиялық емес (бір ғана коалиция жағдайы) және стратегиялық ойын (коалиция саны бірден көп болғанда) болып бөлінеді. Конфликттің шешілу нәтижесінде коалициялардың мүдделері ортақ болса, онда ойын ‘’коалициясыз ойын’’ деп аталады. Егер коалициясыз ойынға екі ойыншы қатынасса және олардың ұтыс функцияларының таңбасы кез келген ситуацияда бір-біріне қарама-қарсы болса, онда мұндай ойын aнтагонистік ойын деп аталады. Егер антагонистік ойында екі ойыншының да стратегияларының саны шекті болса, онда бұл ойын матрицалық ойын болып есептеледі.
Мысал ретінде шахмат ойынын қарастырайық. Шахмат ойыны – коалициясыз ойын. Шахматта ойыншының стратегиясы алдын-ала емес, әрбір жүріс сайын анықталады. Бұл шахматтың (сонымен қатар дойбы, тоғызқұмалақ) позициялық ойынға жататынын көрсетеді. Ойындар теориясында ‘’ықтималдық теориясы’’ жиі пайдаланылады. Ойынды жүргізу үшін әрбір ситуацияға ақпараттық талдау жасаудың маңызы зор болғандықтан, ойындар теориясы ақпарат теориясымен байланысты болады, демек, одан әрі кибернетикамен ұштасады. Қазақстанда ойындар теориясы бойынша зерттеу жұмыстары 1970 жылдан бастап Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институтында және ҚазҰТУ-нде, ҚазҰУ-де жүргізілуде.
Дж.фон Нейман мен О. Моргенштерннің 1944 жылы жазылған «Ойындар теориясы мен экономикалық мінез –құлық» деп аталатын кітабында баяндалған ойындар теориясын қарайық. Олигополия нарығында тепе-теңдікті іздеудің мүлде басқа методологиялық тәсілді ұсына отыра, ол басқа үлгілерге тән кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Балама теориялармен салыстырғанда, ойындар теориясының жағымды жағы – бәсекелестіктің нақты жағдайларына жақындығы. Онда берілген шамалар, параметрлердің тұрақтылығы, ақпараттың толықтығы деген түсініктер жоқ. Керісінше, ойындар теориясында шарт есебінде анықсыздық, тұрақсыздық, ақпараттың шектеулігі, демек, тәуекел қабылданады.
Ойындар теориясы көптеген ойындарды ұсынады –қатысушылар (ойыншылар) әр түрлі ахуалдарда оңтайлы шешімдерді қабылдауға тиісті. Мысалы, баға белгілеу, шығару көлемін, жарнамаға шығындарды анықтау немесе нарықта тауарларды жылжыту мақсаттарды қоятын ойындар. Ойыншылардың мінез-құлқының түріне байланысты ойындар кооперативтік және кооперативтік еместерге жіктеледі. Нәтижесіне байланысты нөлдік сомасы бар және нөлдік емес сомасы бар ойындарға бөлінеді. Ойындар теория методологиясының қағидасын белгілі «Тұтқын дилеммасы» мысалында түсіндіруге болады, – бұл қарапайым кооперативтік емес ойын (нөлдік сомамен). Жеке бөлмеде отырып, бір-бірімен байланыса алмайтын 2 тұтқындардың шешім қабылдау процесін (үдерісін) қарастырады. Әр қайсысының алдында дилемма тұр: барлық шындықты айту немесе үндемеу. 3 мүмкін нұсқаның әр қайсысында қандай оқиға болатындығы оларға мәлім.
Егер біреуі де шындығын айтпаса, олардың күнәсі дәлелденбейді, әр қайсысы ең аз жаза – 1 жыл тұтқынға алынады.
Егер екеуінің біреуі шындығын айтса, екіншісі – үндемесе, шындығын айтқан босатылады, ал екіншісі – 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
Егер екеуі де шындығын айтса, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.
Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде көрсетіп аламыз:
Шындықты айту Үндемеу
Шындықты айту 3,3 0,15
Үндемеу 15,0 1,1
Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады. Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы. Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады:
Басым болып тұрған стратегияның
(бағыттың) тепе-теңдігі (оптимум) –
бір ойыншының іс-әрекеті
Нэштің пікірі бойынша тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншының стратегиясы екінші ойыншы тарапынан белгіленген іс-қимылдардың (әрекеттердің) барында ғана ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді, себебі екеуінің біреуі де жалғыз ең жоғары нәтижеге жетпейді (Нэш бойынша, тепе-теңдік тұтқындардың екеуі де бір жылдан бас еркінен айырылған ахуалда жетеді).
Парето бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншы жағдайының жақсаруы екінші ойыншы жағдайының нашарлауынсыз болмайды (тұтқындар 1 жыл немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылған ахуал).
Штакельберг бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – ойыншы нәтижесінің жақсаруы екінші ойыншының белгілі шешімін қабылдау нәтижесінде болады (әр ойыншы үшін ол мына ахуалда болады: біреуі босатылып, екіншісі 15 жыл бас бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет. Көп кезеңдік (динамикалық немесе қайталанатын) ойындар да болады.бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет. Көп кезеңдік (динамикалық немесе қайталанатын) ойындар да болады. Бұндай ойындарда ұзақ мерзімді бағытты таңдаудың маңызы зор.
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Бағалық кемсіту – сапасы бірдей өнімді әр түрлі бағамен әр түрлі сатып алушыларға сату, яғни, бағаның әртараптануы. Бағалық кемсітудің көптеген мысалдарын келтіруге болады: дәрігерлердің гонорарлары аурулардың табыстар деңгейіне, телефон байланыс қызметінің тарифтері тұтынушылары заңды немесе жеке тұлға болуына байланысты және т.б. Алайда, бағалық бәсекелестік нарық билігін іске асыру нысаны ретінде өзін монополия және олигополия жағдайларында көрсетеді. Тұтынушылардың әр топтар сұраныс икемділігінің айырмашылықтарын пайдалана отырып, өндіруші тұтынушы артығын өз пайдасына қайта үлестіре алады. Бағалық кемсіту нәтижесінде өндіріс көлемі кеңееді де, пайда өседі, (себебі жоғарылау баға бойынша тауардың көбірек бірлігі сатылады). Бағалық кемсітудің 3 дәрежесін айырады: бірінші дәрежедегі бағалық кемсіту тұтынушы табысына байланысты бағаның әртараптануын және әр тұтынушы үшін жеке бағаны белгілеуін ұйғарады. Бұл жағдайда фирма тұтынушының барлық артығын тұтастай алады да оның пайдасы ең жоғары болып шығады. Екінші дәрежедегі бағалық кемсіту – тұтыну көлеміне байланысты сатып алушылардың әр топтарына бағаны әртараптандыру (сатып алушы тауардың неғұрлым көп бірліктерін сатып алса, баға да соғұрлым төмендейді). Тұтынушылар тобы артығының бір бөлігі (аздау санын сатып алатын) өндірушінің пайдасына қайта бөлінеді, ал екінші бөлігі – тұтынушылардың екінші тобының пайдасына үлестіріледі (көптеу санын сатып алатын)), мұндай кемсітуді мемлекет қолдайды. Үшінші дәрежедегі кемсіту – тауардың өзіне байланысты бағаның әртараптандыруын ұйғарады (тауардың әр топтарына әр түрлі бағаларды белгілеу). Ол нарықтың сегменттеуіне, бөлінуіне байланысты, яғни бір белгілер бойынша нарықтың сегменттерге (бөліктерге) бөлінуі, бұнда бағалық икемділігі нарықтың әр бөлігінде әр түрлі. Мысал ретінде авиабилеттердің сатуын қарауға болады. Сатып алушылар нарығы 3 сегментке (бөлікке) бөлінеді дейік: (іс сапарға бара жатқандар, олар бағасына қарамай билетті алады – икемсіз сұраныс), студенттер (олар билетті бағасы төмен болса ғана алады – икемді сұраныс) және басқалар. Сонан соң баға осы топтардың әрқайсысы үшін әртараптанады. Тұтастай алғанда, олигополия жағдайларындағы баға бәсекелестігі бәсекелестер үшін күрестің ауыр әдісі, сондықтан оны көбінесе қолдай қоймайды. Демек, олигополия жағдайларында маңызды рөл бағадан тыс бәсекелестікке беріледі. Мұндай бағадан тыс бәсекелестіктің ұтымдылығы көрініп тұр. Соның арқасында ұзақ мерзімді және тұрақты артықшылықтарды алуға болады. Бағадан тыс бәсекелестіктің нысандары: тауардың әртараптануы, сатудың жеңілдіктерін беру (шегерім, несие және т.б.), сатудан кейінгі қызмет көрсету, нарықты сегменттеу (бөлу), жарнама және т.б. маркетинг тәсілдері.
Пайдаланған әдебиеттер: