Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:14, реферат
Бағалы қағаз шығарылып, алғашқы қолға сатылғанда екі құбылыс орын алады, яғни қор нарығында тағы бір қаржы құралы пайда болып, ал эмитент (оны шығарушы) бағалы қағазды сатып өзіне қажетті ақшаны тартады. Содан кейін екінші және кейінгі мәмілелер жасалуы мүмкін: қағаз қолдан қолға өтеді, яғни айналады. Енді эмитент қосымша ақшалай қаражат алмайды - қордың құндылығы иеленушісін жай ғана алмастырады. Осыған байланысты бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарығы болады.

Бастапқы нарық - бағалы қағаздар алғашқы инвесторлардың арасында орналастырылатын (яғни алғашқы адамға сатылатын) айналыс ортасы.
Қайталама нарық - бұл бұрын орналастырылған бағалы қағаздар иеленуішісін алмастырып екінші, үшінші қолға өтетін орта.
Кез келген экономикада, әсіресе өтпелі экономикада бастапқы нарық даму үшін эмитент жөніндегі ақпарат толық және нақты болуы тиіс.
Қазақстанда бағалы қағаздардың пайда болуынан бастап осындай ақпарат проблемасы ең өткір проблемаға айналды. Ақша салымшыларын алдаған, қаржы пирамидаларымен орын алған аты-шулы даулар заңды және жеке тұлғалардың арасындағы ықтимал инвесторларды үркітті. Іс жүзінде болуы мүмкін ықтимал инвесторлар өзі туралы ақпаратты жариялауға асықпайды, ал эмитент-жаңа компанияларды инвесторлар жете танымайды.
Нарықтық экономикалы елдерде, мысалы, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда мемлекет коммерциялық құрылымдардың бағалы қағаздар эмиссиясы проспектілерінің мазмұнын, ондағы істің мән-жайы жөніндегі ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету үшін қатаң бақылайды. Алайда шет елде мемлекет осы деректердің нақтылығы үшін жауап бермейді.
Қазақстанда бағалы қағаздар эмиссиясы проспектілерінің мазмұны мен қаржы нарығын реттеуші - Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік (ҚР ҚҚА) тарапынан оны мемлекеттік тіркеу тәртібіне талаптар қойылады. Алайда іс жүзінде эмиссияның қалыптастырылатын проспектілері ашықтық және шынайылық талаптарына кейде жауап бермейді.