Монопологиялық бәсеке туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 14:53, реферат

Краткое описание

Желтоқсанда Қазақстан өзінің 20 жылдық Тәуелсіздігін атап өтеді. Қысқа уақыт аралығында еліміз бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші болып, КСРО құлдырау салдарын еңсере отырып, бірнеше маңызды кезеңдерден өтті, нарықтық экономикасы мемлекет мәртебесін алды. Экономикамыздың тәуелсіздігіне, елдің жылдам нарықтық дамуына көп дәрежеде қаржы секторының міндеттерін кезең-кезеңімен шешу, рубль аймағынан шығып, өз ұлттық валютамызды енгізу ықпал етті.

Файлы: 1 файл

23.docx

— 38.55 Кб (Скачать)

Кредиттік белсенділікті арттыру міндеті  туралы айтар болсақ, жылдың 9 айында банктердің кредиттік портфелінің  өсуі 11% құрады. Демек, міндет шешілуде.

Бұл мәселе тоқсан сайын жүргізілетін «Кредит  нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» мониторингінің режімінде  қарастырылады. Атап айтқанда, уақыты бойынша соңғы жүргізілген екінші деңгейдегі банктерді тоқсан сайынғы зерттеудің қорытындылары бойынша ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында банктердің тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру және несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырғаны атап өтіледі. Банктердің көпшілігі заемдарды қайта құрылымдау көлемінің және проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін сату жөніндегі операциялар санының төмендегенін де атап өтуде. Бұл ретте, банктердің көпшілігінің пікірінше, жеңілдікпен салық салу және проблемалық активтер қорын іске қосу мәселелері бойынша қаулыны жылдам қабылдау несие портфелінің сапасын жақсартудың маңызды факторы болар еді.

… ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ  ТОПТАМА

– Грекиялық-римдік бюджеттік борыш  мәселесі сыртқы ортаны дүрліктіріп, жаһандық экономика бойынша болжамдарға  теріс ықпалын тигізді. Мәселен, жақында Алматыда таныстырылған Халықаралық валюта қорының есебінде әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың өсіп бара жатқандығына байланысты алаңдаушылық бар. Соған байланысты Халықаралық валюта қоры Қазақстанның экономикалық билігіне банк секторындағы проблемаларды шешумен қатар әлемдік экономикадағы ахуалдың нашарлауынан туындайтын салдарларға дайын болуға кеңес береді. Бұған байланысты Сіз не айтар едіңіз?

– Бірінші кезекте, Халықаралық валюта қорының ұсынымдары іс жүзінде Қазақстан билігі қолданып қойған шараларды қайталайтынын атап өткім келеді. Халықаралық валюта қорының соңғы есебі де ерекшелене қойған жоқ, онда сарапшылар Қазақстанға әлемдік экономикадағы ахуалдың нашарлауынан туындайтын салдарларға дайын болуға кеңес береді.

Сонымен қатар 2012-2015 жылдары тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында Үкімет пен Ұлттық Банк әлемдік экономикадағы  ахуал нашарлаған жағдайда дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды әзірлеуде.

Ұлттық  Банк жұмысты мынадай негізгі  бағыттар бойынша жүргізетін болады:

• қысқа мерзімді өтімділікті икемді реттеу кіретін қаржы жүйесін  контрциклдік реттеу, қажет болған жағдайда пайыздық ставкаларды төмендету  және ең төмен резервтік талаптарды жеңілдету, макропруденциалдық реттеу жүйесін енгізу;

• ақша нарығындағы өтімділік көлемін  икемді реттеу арқылы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;

• банктерді қорландырудың ішкі көздерінің тұрақтылығын арттыру;

• ұлттық валютаның нақты бағамының  айтарлықтай ауытқуына жол бермеуге бағытталған валюта саясатын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі мөлшері тауарлар мен қызметтер импортының кемінде 3 ай деңгейінде ұстап тұратын Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері азаюының алдын алу жөнінде шаралар қабылдау арқылы елдің ұлттық валютасы мен төлем балансының орнықтылығын көтеру. Төлем балансының орнықтылығына қолдау көрсету мақсатында ішкі валюта нарығындағы алыпсатарлық операцияларды шектеу, капиталдың әкетілуімен байланысты операцияларды шектеу жөнінде, ішкі валюта нарығында шетел валютасына деген ұсыныс көлемін көтеру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Тұтастай  алғанда Ұлттық Банктің болашақта  да Қазақстанның макроэкономикалық  дамуына әлемдік нарықтардың теріс әсерін төмендетуге бағытталған ықтимал шараларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өту қажет.

– РБК журналынан бір дәйектемеде: «қыркүйек айының өзінде доллардың рубльге қатысты бағамы 13%-ға өскен. Егер, банкирлердің айтуынша, екі ай бұрын америкалық және еуропалық валюталарды ауқатты клиенттер ғана сатып алса, енді оны бүкіл халық дерлік істей алады. Бұл 2008 жылдың күзін еске салмай ма?». Қазақстандықтарға бұл рубльдің 2008 жылдың күзіндегі кезеңдік құнсыздануынан кейін теңгенің де бір сәтте құнсызданғанын еске түсіреді. Оны Қазақстанның Кеден одағына кіруі күшейте түсуде, бұл экономикалық үдерістерді байыппен түзету қажеттігін білдіреді. Теңге үшін бір доллар үшін 40 рубль бұрынғысынша бағам индикаторы болып қала береді, Ресей валютасының мұндай әлсіреуі Қазақстанның валюта нарығына қалай әсер етеді?

– Ең алдымен, қыркүйек айында рубль АҚШ  долларына қатысты 10%-ға әлсірегенін  атап өткім келеді, ал кейін қазанда  ол 6%-ға нығайды. Жалпы алғанда бағамның жоғары құбылмалылығы рубльге тән  құбылыс. Соған байланысты белгілі  бір қысқа уақытты алып, соның  негізінде асығыс қорытынды шығаруға болмайды. Америкалық және еуропалық  валюталарды ауқатты клиенттер  ғана сатып алған жоқ. Халық та шетел валютасын әрқашан да сатып  алып отырды. Қазақстан аумағындағы  айырбастау пункттерінің саны оған дәлел. Тәуекелдерді төмендетуге ұмтыла отырып адамдар жинақтаған қаражаттарын әртараптандырды.

2008 жылмен ешбір ұқсастығы жоқ.  Мұнай мен шикізаттың әлемдік  нарықтардағы бағасы қазір айтарлықтай жоғары, ал бұл бағалардың құлдырауы 2009 жылы теңгенің девальвациясын жүргізудің негізгі факторларының бірі болды. Бұдан басқа бір АҚШ доллары үшін 40 рубльге тең келетін бағамның теңге үшін қауіпті екендігін ешкім ешқашан айтқан жоқ.

ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМНІҢ, САУДА  КӨЛЕМІНІҢ, ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ  БЕЛСЕНДІ ӨСУІ

– Григорий Александрович, Сіз жақында  ғана Мемлекет басшысының қабылдауында болып, Президентті ағымдағы қаржы-экономикалық ахуал туралы хабардар еттіңіз. БАҚ-тағы хабарлар бойынша, Сіз, егер мұнайдың, астықтың, металдардың әлемдегі жоғары бағасы сақталса, макроэкономикада, валюта нарығында және банк секторында тұрақтылық сақталады деп мәлімдепсіз. Экономикада қазір басым үрдістер бұл болжамды қамтамасыз ете ала ма?

– Еліміздің экономикасында Халықаралық  валюта қорының баяндамасында атап өтілген оң үрдістер басым. Ең маңызды сипаттама: 2011 жылғы 9 айда өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 18,0 трлн. теңгеге жетті және 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көрсеткішпен 7,0%-ға ұлғайды. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп 4,3%-ға өсті, бұл ретте оның құрамындағы өңдеуші сала 7,0%-ға, тау-кен өндіру 2,4%-ға ұлғайды.

Ішкі  сауда, яғни бөлшек тауар айналымы 12,8%-ға ұлғайды, көлік саласының жүк  айналымы 15,4%-ға, байланыс 18,0%-ға, ауыл шаруашылығы 11,0%-ға, құрылыс 2,9%-ға өсті.

Экономикадағы басқа оң жағдай – сыртқы сауда  көлемінің өсуі. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 41,3%-ға өсті, бұл ретте экспорт 49,9%-ға, импорт 23,5%-ға ұлғайды.

Қаржы нарығының да көрсеткіштері жақсы. Жылдың тоғыз айында резиденттердің банктердегі депозиттері 16,7%-ға 8,6 трлн. теңгеге дейін өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері 16,5%-ға 6,0 трлн. теңгеге дейін, халықтың салымдары (резидент еместердің шоттарын есептегенде) 15,8%-ға 2,6 трлн. теңгеге дейін өсті.

Кредиттеу 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10,9%-ға 8,4 трлн. теңгеге дейін көтерілді. Заңды  тұлғаларға кредиттер 12,5%-ға 6,2 трлн. теңгеге дейін, жеке тұлғалардікі 6,9%-ға 2,3 трлн. теңгеге дейін өсті. Бұл цифрлар – экономиканың белсенді өсуінің көрсеткіштері.

2012: ЕЛДЕРДІҢ БОЛЖАМДАРЫ  ОҢ

– Ұлттық Банктің келесі 2012 жылға  арналған жоспарлары, міндеттері мен болжамдары қандай?

– Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты  қысқа мерзімді кезеңде айтарлықтай  өзгерістерге ұшырамайды. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету оның негізгі мақсаты болып қала береді, бұл инфляцияны орта мерзімді кезеңде жылдық көрсеткішпен 6-8% шегінде ұстауды болжайды. Негізгі мақсатын іске асырумен қатар Ұлттық Банк теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын және елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қолданатын болады.

Жүргізіліп  отырған ақша-кредит саясатының сипаты ішкі және сыртқы экономикалардағы ахуалға байланысты болады. Бұл ретте Ұлттық Банктің жеткілікті құралдар тізбесі бар, ол экономиканың жұмыс істеу талаптарының өзгеруіне жылдам жауап қатуға және жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатына белгілі бір түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты елде макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталуына және ішкі жалпы өнімнің жыл сайын 7% деңгейінде өсуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

БІЛІМ – БЕРЕКЕ НЕГІЗІ

– Қаржы тақырыбы қарапайым тақырыпқа  жатпайды. Сондықтан да халық нарықтық қатынас ойындарының ережелеріне, жаңа қаржы өнімдеріне өте баяу бейімделді. Қаржы институттарының орташа статистикалық клиентінің дайындық деңгейі, Сіздің ойыңызша, екі онжылдық ішінде қалай өзгерді және Ұлттық Банк қаржылық жаппай оқытуды басқаратындықтан, бұл мәселеде қандай міндеттерді шешпексіздер?

– Тұтастай алғанда соңғы жылдары  еліміздің экономикалық дамуында айтарлықтай  ілгері жылжу байқалды. Өткен жылдармен  салыстырғанда қаржы нарығындағы  ахуал едәуір өзгерді: отандық қор  нарығының инфрақұрылымы жақсарып, жетілдірілуде. Халықтың барлық қаржы  ұйымдарына деген сенім деңгейі  күн сайын өсіп жатқаны сөзсіз, хабардар болу деңгейінің және түрлі  қаржы құралдарын пайдалану тәжірибесінің  оң үрдісі байқалады, бұл бағалы қағаздар нарығына ғана қатысты емес, сондай-ақ банк жүйесіне, жинақтаушы зейнетақы  қорларына, сақтандыру ұйымдарына да қатысты.

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде қаржы нарығында қалыптасқан ахуал халықтың экономика және қаржы саласындағы білімін көтеру қажеттілігін және маңыздылығын тағы бір еске салды. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде қаржылық сауаттылықты көтеру мәселелері жөніндегі жобалар ұлттық маңызы бар міндет ретінде бағаланып, ұзақ мерзімді сипатта болатындығы белгілі. Бүгінгі күні Ұлттық Банктің алдында маңызды міндет тұр – адамдардың менталитетін өзгерту, оларды өз капиталдарын сауатты басқаруға, қолжетімді қаржы құралдарын сақтап, оларды тиімді инвестициялауға, өз тәуекелдерін бағалауға, түрлі қаржы алаяқтарынан қорғауға және олардың құрбаны болмауға үйрету. Біз, өз кезегімізде, халықтың қаржылық сауаттылығын көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыру қазақстандықтарға қосымша табыс табудың, белсенді әрі сауатты инвестициялаудың үлкен мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Мұның бәрі еліміздің адам әлеуетін сапалы дамытуда көрініс тауып, бүкіл мемлекеттің барынша серпінді дамуына әкеп соғады, оның гүлденуіне негіз болары сөзсіз.

– Мазмұнды әңгімеңізге көп рахмет.

Әңгімелескен Алла ДЕМЕНТЬЕВА.

–––––––––––––––––––––––––

RSS            Григорий Марченко: Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты елімізде макроэкономикалық                    

 тұрақтылықтың сақталуына және  ІЖӨ-нің жыл сайын 7% деңгейінде  өсуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

TW             Ұлттық Банктің 2012 жылға арналған болжамы: инфляция жылдық көрсеткішпен 6-8%, ІЖӨ өсуі 7% деңгейінде 

 


Информация о работе Монопологиялық бәсеке туралы