Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:16, курсовая работа
Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымды білдіреді.
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады.
Қазіргі кезде Агенттік өзінің іс-әрекеттерінің екі негізгі бағытын анықтады:
Бұл бағыттардың әр қайсысы бойынша нормативті, әдістемелік. Жеке практикалық тәжірибе бар, ТМД елдерінің басқа тәжірибелері жалпыланған. Сонда да принципті мәселелерді шешу үшін, заңдық, ұйымдық және материалды базаның әрі қарай жетілуіне қажеттілік бар.
Қазақстанда монополияны реттеу бойынша заңдар Республиканың барлық аймақтарында іске асады, республика рыноктарндағы бәсекелестікке әсекр ететін, қазақстандық және шетел заңды тұлғалары қатынасатын, сонымен қатар, билік және басқарушы органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары қатысатын қатынастарды реттейді.
Еркін бәсекедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің рыноктық қарым – қатынастарының қалыптасуы мемлекеттік меншік пен мемлекеттік басқару ұйымдарын реорганизациялау мен демонополизациялаусыз мүмкін емес.
Қазақстанға КСРО-ның жоспарлы экономикасынан мұраға өте монополиланған экономика қалды.
Түсті металдардың жеке түрлерін өндіретін кәсіпорындар бір – бірден десек қателеспейміз: Жезқазған және Балқаш тау – кен комбинаты, Өскемен титан – магний комбинаты, Ертіс химия металлургия, Шымкент қорғасын, Павлодар аллюминий заводттары, Белогор және Жәйрем тау – кен байыту комбинаттары.
Осындай жағдай машина жасау саласында да қалыптасқан: барлық кәсіпорындардың 2/3 бөлігі белгілі бір саладағы жалғыз өнім өндіруші кәсіпорын болып табылады.
Химия – орман кешеніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындарының 1/3 –і монополист болып табылады.
Бір жағынан, республикада осы ірі кәсіпорындар мен серіктестер экспорттық мәні бар, волюталық түсімдер беретін шикізат ресурстарының негізгі көлемдерін өндіреді. Екінші жағынан, экспорттық шикізатты өндіретін кәсіпорындардың көбісі бәсекелестік ортасы жоқ монополистер болып табылады. Халықаралық рынокта бәсекелестік күрес тәжерибелері жоқ. Республика біріншіден қайта өңдеуді және шетел капиталын таратуды қажет ететін шикізатты сатады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарым – қатынастарының қалыптасуы демонополизациялаусыз мүмкін емес. Сонымен қатар, мемлекесіздендіру мен жекешелендіру мәндерін түсіну қажет. Бұл процесс өздігінен еркін бәсекені қамтамасыз етпейді, өйткені мемлекеттік емес монополизм оны бақылудың қиындығына, күрделілігіне байланыста бәсекеге үлкен зиян келтіреді.
Қазақстанда
табиғи монополия сферасына
Қазақстан Республикасының экономикасының жеке салаларын демонополизациялау шаралары түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіне бірдей шарттар қойылып, бәсекелестік дамыту және монополизмнің басқа нысандары мен түрлерінің пайда болуына мүмкіндік бермеуді қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекет меншігінде келесі салаларды толығымен қалдыру көзделген: қауіпсіздік кешенінің негізгі кәсіпорындары, магистральді темір жол көлігі, ірі аэропорттар қызметі, магистральді құбырлар, базалық электростанциялар республикалық және халықаралық мәндегі автомагистральдар, сонымен қатар, қалааралық байланыс құралдары, пошта, халықтық білім беру кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары.
Қазіргі таңда елімізде монополиялық салалардың бірі – байланыс рыногы, яғни телекоммуникация монополисті «Қазақтелеком», АҚ Қазақстан Әлемдік Сауда Ұйымына өту үшін қажетті шаруалардың бірі – телекоммуникация либерализациясы. Телекоммуникация либерализациясы бізде жоспарлағандай аз уақытта жүргізіле алмайды, дамыған елдерде оған 10жылдықтар кеткен. «Қазақтелекомды» жекешелендіру – жоспарлаған. Болашақта, телекоммуникация кешенінде меншік формасын өзгертуіміз қажет. Өйткені, әлемдік Сауда Ұйымы мен басқа халықаралық институттар экспетрттері еркін рынок принципін талап етеді. Либерализация идеясы – ашық бәсекеге қабілетті рынокты мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз регуляторды көздейді. Алайда, біздің ұлттық ерекшелігіміздің өзі – бірншіден, Қазақстан ашық рынок мүлдем жоқ, екіншіден, біздің мемлекетте толығымен тәуелсіз деп атауға болатын ұйым жоқ.
Қазақстанда телекоммуникация саласының дамуы туралы үкімет бағдарламасына сәйкес, либерализация мақсаты – бәсекелестіктің дамуы, операторлар санының өсуі, нәтижесінде халықаралық және қалааралық байланысқа тарифтердің азаюы, сонымен қатар, қызмет спектрінің кеңеюі, олардың сапасының артуы. Мамандардың ойынша, саланың әрі қарай дамуын шектейтін мәселелер – ескірген нормативті база, жалпы қолданыстағы телекоммуникация желісіне монополия, ауылдық және қалалық байланыс қызметіндегі бағалық дисбаланс, сонымен қатар, радио жиілік секторының шектеулілігі т.б.
Телекоммуникация саласында рыноктік қатынастардың дамуына халықаралық және қалааралық байланыстарды демонополизациялау кезінде «Қазақтелеком» АҚ монополист болып қала беруі әсер етпейді ме? Қазақстан Республикасының информатизация және байланыс агенттігінің төрағасының орынбасары Асқар Жұмағалиевтің ойынша, телекоммуникация саласын либералдау – мықты бәсекелік рыноктің құрылуына мүмкіншілік береді. Өйткені қабылданатын шаралар қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ ие болған эксклюзивті құқықтарды жояды және барлық операторларға халықаралық және қалааралық қызмет көрсетуге рұқсат береді. Бірақ сонымен қатар, республиканың телекоммуникациялық қызметінің басты операторы бөлініске түспейді.
Келесі мәселе «Қазақтелеком» АҚ-н демонополизациялау қажет пе, яғни рынок субъекті ретінде? Бірақ жаңадан енгізулер мен «Қазақтелеком» АҚ – базалық құрамдасы болып табылатын мемлекет экономикасына зиян келтірмеу үшін, АҚ-ды тиіспейтін шешімге келеді. Мамандардың келісімі бойынша, жеке меншік операторларға рынокқа тез және зиянсыз енуіне қажетті шарттар жасау қажет. «Қазақтелеком» АҚ бизнс дамуы бойынша вице-президентті Асқар Бишигаевтің айтуынша, «Қазақтелеком» – қалыптастырушы компания, елдегі байланыстың бүкіл магистральді каналдарының 90% оның меншігі. Жене болашақта операторлар осы желіге жаңа тарифтер бойынша қосылуға мәжбүр болады.
(а-қосымшасы)
Бұған
қарамастан, «Қазақтелеком» мамандарының
ойынша, қабылданатын реформалар
рынокта бәсекелестіктің
2.2. Қ.Р. монополияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары.
Еркін бәсекедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің рыноктық қарым – қатынастарының қалыптасуы мемлекеттік меншік пен мемлекеттік басқару ұйымдарын реорганизациялау мен демонополизациялаусыз мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының экономикасының жеке салаларын демонополизациялау шаралары түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіне бірдей шарттар қойылып, бәсекелестік дамыту және монополизмнің басқа нысандары мен түрлерінің пайда болуына мүмкіндік бермеуді қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекет меншігінде келесі салаларды толығымен қалдыру көзделген: қауіпсіздік кешенінің негізгі кәсіпорындары, магистральді темір жол көлігі, ірі аэропорттар қызметі, магистральді құбырлар, базалық электростанциялар республикалық және халықаралық мәндегі автомагистральдар, сонымен қатар, қалааралық байланыс құралдары, пошта, халықтық білім беру кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделері теңгерімінің негізінде салалық реттеуші ретінде экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуі керек
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің болжамды деңгейі, тиімді жұмыс істейтін субъектілер, инфрақұрылымға және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізу.
Табиғи монополиялар саласында өндірушілердің, тұтынушылар мен мемлекеттің экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің және тауар нарығында үстем шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтеріне, жұмыстарына тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру үшін құқықтық және нормативтік-әдіснамалық базаны жетілдіру.
Тарифтік саясаттың орта мерзімді кезеңдегі негізгі міндеттері реттеу және бақылауды тетіктерін жетілдіру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін кешенді теңдестіріп реттеуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.
Коммуналдық тарифтерді негізсіз көтеруге кедергі жасау.
Табиғи монополиялар саласында ресурс және энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық бағдармаларды іске асыру.
Индустрияның орнықты дамуын қамтамасыз ету, табиғи монополиялар субъектілерінің жұмыс істеуін, олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету және қызметтерге арналған тарифтің деңгейін тұрақтандыру үшін тарифтік саясатты:
инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзімді кезеңде тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тариф белгілеудің жаңа әдістерін енгізу жолымен одан әрі жетілдіру қажет
Билік органдарына және шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер туралы мәліметтерді 1 – суреттен көруге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, рыноктік жағдайда елдің экономикасын мемлекеттік реттеу қажет. Қоғам өзінің тарихи даму барысында екі ерекше қызықты феномен – мемлекет және рынокты қалыптастырады. Әр түрлі салаларда даму жолында екеуі өзара жақындаса беріп, жолдары қиылыса бастады. Сондақтан өркениетті қоғамның даму деңгейі толығымен мемлекеттік жыне рыноктік күштердің іс-әрекеттерінің ұштасуы мүмкіндіктерімен анықталады. Сонымен қатар олар – қоғамның дамуына өзінің ықпал ету механизмдері бар, нақты қызметтері, мақсаттары мен міндеттері бар жеке қатысты құрылымдар. Екеуі бірге жұмыс істегенде ғана қоғамның тиімді дамуына қол жеткізуге болады. Осыған байланысты әйгілі экономист Луис Малкерннің мемлекеттің роліне байланысты айтылған сөзін еске салайық: «Менің ойымша, кез келген жетекші мемлекет үшін экономикада мемлекеттің ролін дұрыс анықтамағаннан жаман нәрсе жоқ».
Сондықтан,
өркениетті монополияға қарсы
саясаттың ерекшелігі –
Қазақстан Республикасының осындай жағдайда басты мақсаты рыноктік экономиканың негізгі сипаттарының бірі болып табылатын бәсекені жетілдіру, оған кедергі болатын барьерлердің алдын алу. Сонда ғана республикамыз рыноктік қатынастарда дұрыс даму жолында болады.
Қорыта
келгенде, біз Қазақстан Республикасында
монополияға қарсы қандай
Реттеушілер шет елде бір саладағы реттелетін субъектілер үшін әдетте бірыңғай планканы белгілейді, ысыраптарға байланысты одан жоғары шығындар тарифке енгізілмейді. Осылайша, мысалы, Австрияда электр энергиясын беретін және тарататын кәсіпорындар үшін бұл планка 2 %-ға тең.
Сонымен қатар, әрекет етуге ынталар болмайынша елеулі ілгері жылжу болмайды. Сондықтан біз мыналарды ұсынамыз.
Субъект инвестициялық бөлімді де қамтитын нормативтен тыс ысыраптарды жою жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға кірісуге тиіс. Агенттік Ережелерге тиісті өзгерістер енгізуде, оларда мұндай Іс-шаралар жоспары болмаған жағдайда тарифтерді өзгертуге берілген өтінім қабылданбайды деп көрсетілген.
Бұдан басқа, бүгінгі күнге Агенттіктің тарапынан мемлекеттік реттеуге жататын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның магистральдық темір жол желісі (бұдан әрі – МТЖ) қызметтеріне арналған тарифтері жүктердің тектері бойынша және қатынастардың түрлері (экспорттық, импорттық, ішкі республикалық) бойынша сараланады. Көмірді, астықты, темір рудасын тасымалдау кезінде МТЖ қызметтеріне тарифтер шикі мұнайды, қара және түсті металдарды, қара металл сынықтарын және басқа да қымбат тұратын жүктерді тасымалдау кезіндегі МТЖ қызметтеріне арналған тарифтерден төмен.
МТЖ қызметтеріне негізделген және ашық тарифтерді белгілеу мақсатында жүктердің тектерін, тасымалдау тектерін, жылжымалы құрамның үлгісін, поездың санатын, бағытталуын ескере отырып, МТЖ қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесін әзірлеу қажеттілігі бар.
Информация о работе Монополизациясыздандырудың экономикалық мазмұны