Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 15:52, курсовая работа
Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық нарығы банктік инвестицияларды, банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез әрі тиімді қайта бөлу арқылы, нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Салдары ретінде, банкаралық нарық инвестициялардың жалпы көлеміне және нәтижесіне әсер етеді, сонымен қатар инвестициялық шешімдерді қабылдау көзқарасынан қарағанда экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды.
Қазақстанға өзінің нарықтық қаржы жүйесін жоқтан құруға тура келді. Құрылатын жүйенің ең маңызды құраушысы болып тиімді жұмыс істейтін ақша нарығы табылады. Ол ынталандырушы монетарлық саясатты жүргізуде және банк жүйесінің дамуындағы қажетті тереңдікке жетуде өте маңызды.
Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық нарығы банктік инвестицияларды, банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез әрі тиімді қайта бөлу арқылы, нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Салдары ретінде, банкаралық нарық инвестициялардың жалпы көлеміне және нәтижесіне әсер етеді, сонымен қатар инвестициялық шешімдерді қабылдау көзқарасынан қарағанда экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды.
Мақсаты: Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Банкаралық нарық монетарлық саясатты жүргізу барысында жетекші роль атқарады. Ақша нарығы қаржы ресурстарын банк жүйесіне, нәтижесінде, кәсіпорындарға және үй шаруашылығына тиімді бөлуге арналған. Бұл дегеніміз, тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық монетарлық саясаттың тікелей әсер етуден жанама әсер ету әдістеріне өтудің қажетті шарты болып табылады. Кең қолданылатын ашық нарықтағы операциялардың әсерін бүкіл банктік жүйе бойынша таратуға көмектесетін банкаралық нарықтың жұмысынсыз берілген операциялар жетерліктей тиімді болмайды. Осылай, әлсіз банкаралық нарық монетарлық саясатты асыру мүмкіндіктерін шектейді, өйткені тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарығы болмағанда, банк жүйесіне қажетті берілу механизмі да болмайды. Осыдан, өтімділіктің тиімді қайта бөлінуіне көмектесетін, тиімді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық монетарлық саясаттың жанама құралдарының банктік жүйеге берілуі үшін қажетті.
Өзектілігі: Тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық баға механизмдерін және жекелеген банктердің өтімді ресурстарға жету мүмкіндіктерін қолдана отырып, банк жүйесіндегі нарықтық тәртіпті жоғарлатады. Банктік жүйені ақша-несие реттеу органдарымен саналы басқару банк жүйесі қауіпсіздігінің және орнықтылығының тек біршама деңгейін қамтамасыз ете алады. Банктердің өздері саналы банктік операцияларды жүргізуге ұмтылуының маңыздылығы осыдан артық болмаса кем емес. Банк жүйесі мен нарығы туралы ең интенсивті (және дереу) белгілерді қалыптастыратын жөнді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық бұл нарықтық тәртіп үшін басты негізі болады.
Өтпелі экономикасы бар елдер үшін, соның ішінде ҚР, тиімді банкаралық нарықты құру өте күрделі мәселе. Бүгінгі күнде, ҚР қаржы нарықтары толық жетілмеген, жетерліктей сыйымдылығы жоқ (бұл оларды потенциалды орнықсыз етеді) және жетерліктей функционалды емес. Оларға өтімділік тұрақсыздығының мерзімді ушығуы тән, соған қарамастан Ұлттық банк бүгінге дейін күрделі дағдарыстарды болдырмауға тырысты. Алайда, ҚР халқаралық қаржы нарықтарына бірігу жағдайында, нәтижесінде шетелдік қоржынды инвестициялардың артуы салдарынан жалпы қаржылық жағдай одан аса тұрақсыз болып отыр, бұған 1997 жылдың соңындағы оқиғалар дәлел.
Дамушы нарықтардың мәселелерінің бірі болып қол жетерлік ақпараттың жетерліктей айқын болмауы, бұл халықаралық есеп стандарттары (ХЕС) кіргізу аяқталмаған жағдайда әріптестердің (банктердің) несиеқабілеттілігін сараптауды қиындатады. Берілген кезеңде, стандартталған ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында, несиелік тәуекелді сараптау бойынша мүмкіндіктер шектелген, сондықтан берілген жетіспеушілік болашақта да қате инвестициялық шешімдер қабылдауға итермелеуі мүмкін. Осылай, ақпараттың қол жетерлігі мен сапасын жоғарлату нарықтағы табысты жұмыстың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Қаржылық нарықтың сегментациясы дамушы экономикаларға тән тағы бір жетіспеушілігі болып табылады. Несиенің банкаралық нарығы – көптеген басқа нарықтарды өзіне жатқызатын, қаржы жүйесі құраушысының бірі ғана. Олардың арасында банкаралық несие нарығымен ең тығыз байланысты болып мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы табылады. Дәл осы ішкі мемлекеттік несие облигациялары банкаралық несие мәмілелерін жүргізгенде кепілзат ретінде қолданылады. Алайда мемлекеттік бағалы қағаздарының екіншілік нарығының өтімділігі жоғалған жағдайда, осы бағалы қағаздармен қамтамасыз етудің бағасы өсуі мүмкін, бұл өз кезегінде несиенің банкаралық нарығының жұмысы мен дамуына едәуір әсер етеді. Яғни, несиенің банкаралық нарығын, оның жұмысының сыртқы ортасын құрайтын басқа қаржы нарықтарымен тығыз байланыста қарастыру керек. Берілген жұмыстың тақырыбы өзекті және іс жүзінде мағыналы екенін атап айтуға болады.
Міндеті:
Бірінші, бөлімінде банкаралық несиенің ұғымы және маңызы, пайда болу себептерін, принцптері мен құрылымына толығымен түсінік беріледі және банкаралық несие нарығының даму тарихы негізінде Қазақстандағы банкаралық несиенің алғышарттары зерттелген. Сонымен қатар, мысал ретінде әлемдік қаржы жүйесінде банкаралық несие нарығының қойылымдарын ажыратуы көрсетіледі. Дамыған елдердің банкаралық несие нарығының келесі қойылымдары белгілі:
LIBOR – Лондондық банкаралық депозит нарығының ұсыныс қойылымы (1, 3, 6 айға және 1 жылға берілетін қарыздар). Соңғы жылдарда 6-7% деңгейде сақталып тұр, халықаралық қаржы нарықтары үшін негіз болып табылады;
FIBOR – Майндағы Франфуркттегі қор биржасының қойылымы;
PIBOR – Париждік банкаралық нарықтың қойылымы және т.б.
Мәскеудегі банкаралық нарықта келесі қойылымдар қолданыста:
МИБОР – қысқа мерзімді қарыздар орналастыру;
МИБИД, ИНСТАР – несиелік ресурстарды тарту.
Екінші, бөлімінде Қазақстандағы банкаралық нарығындағы келісімдердің қазіргі уақыттағы динамикасы мен банктік реитингтіктің банкаралық несиелерге әсерін қарастырамыз.
Үшінші, бөлімінде біз шетел тәжірибесін қолданып келешекте Қазақстанда даму бағытын қарастырамыз.
Қаржы нарықтары іс-жүзінде тауарлық-шикізаттық нарықтарға ұқсас функцияларды орындайды – олар қатысушыларды ресурстарға сұраныс пен ұсыныс туралы барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді және осы ресурстардың нарықтық бағаларын қалыптастырады. Бұл функцияларды іске асыру қаржылық нарықтарға тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігін туғызуға, тәуекелдерді басқаруға көмектесуге, компанияларды басқаруға әсер етуге жағдай жасайды. Әр түрлі қаржылық құралдардың, сонымен қатар оларды сату әдістерінің түрі мен қалыптарының алуан түрлілігі салдарынан түрлі қаржылық нарықтар бар. Оларды бірнеше сипаттарына қарай жіктеуге болады. Ұсынылатын ресурстардың ұзақтылығына байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капитал нарықтары деп бөлуге болады. Соңғы жағдайда, әдетте, ақша нарықтары туралы айтады, оларға мерзімі 1 жыл мәмілелер жасасады.
Ақша нарықтары валюталық нарықтарға және несие нарықтарына бөлінеді. Несие нарықтарында кәсіпорындар мен бактер мерзімді қарыздарды ала алады. Кәсіпорындар, әдетте, коммерциялық банктерде несиеленеді.
Банкаралық несие ретінде бір банктің басқа банкке береген несиесі немесе басқа банкте орналастырылған банк депозиті бола алады. Берілген жағдайда несиелік қатынастардың субъектілері коммерциялық және орталық банктер болып табылады. Бос несие ресурстары бар банктер бұл ресурстарды банкаралық несие нарығында, яғни ақша нарығында сатады. Банкаралық несиенің көмегімен банктер өзінің өтімділігін оперативті басқарып, керек болған жағдайда қаражаттарды жедел тарта алады немесе бос несие ресурстарын уақытша орналастыра алады.
Банктердің өздері қысқа мерзімді капиталды банкаралық несие нарығында тартады. Бұл тектес несиенің бағасының нысанасы ретінде Лондон банкаралық нарығының (LIBOR) ұсыныс қойылымы қызмет етеді.
Сәйкес қойылымдар: EURIBOR – 50 ірі еуропалық банктердің банкаралық депозиттері бойынша орташа пайыздық қойылым, MIBOR – ресейлік банкаралық несие нарығы, KIBOR – украиналық нарық. Сонымен қатар, тартудың (сұраныстың) банкаралық қойылымдарын несиелік ресурстарға және несие ұсынудың іс жүзіндегі қойылымына бөледі.
Қазақстандық банктер несиені шет елдерден тартқан жағдайда, олар LIBOR қойылымдарын қолданады.
Банкаралық нарық (Interbank market) – қарыз капиталдар нарығының бөлігі, мұнда несиелік мекемелердің уақытша бос ақша ресурстары көбінесе қысқа мерзімді депозит түрінде өзара банктермен тартылып, орналастырылады.
Банкаралық несие нарығын экономистер құрамына теңгелік және валюталық несиелер, соның ішінде қысқа мерзімді және өте қысқа, бойынша операциялар кіретін банкаралық қаржы нарығының шешуші секторы деп атайды. Банкаралық несие нарығы нарықтың басқа секторларында банктердің активті операцияларына қажетті құрал көзі болып табылады.
Банкаралық нарықтағы несиелік операциялар – банкілік бизнестің аса маңызды бағыттарының бірі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл қаражат көзінің арқасында таза пайданың, резервті қорларға жіберілетін және банк акционерлеріне дивидендтер төлеуге жұмсалатын салмақты бөлігін қалыптастырады. Одан басқа, коммерциялық банктердің басқа несиелік мекемелерден несие алуы коммерциялық банк балансының төлемқабілеттілігін сақтауда маңызды роль атқарады.[3]
Бүгінгі күнде қолданылып жүрген қаржы құралдарының ішінде банкаралық несиелер қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруіне өте сезімтал болады, өйткені банктер банкаралық несие нарығын қаржы нарығының басқа секторларында белсенді әрекеттерге қажетті құралдардың оперативті көзі ретінде жиі қарастырады. Сондықтан банкаралық несиелер бойынша қойылымдар – жалпы қаржы нарығындағы жағдайдың барометрі. Қазақстан Республикасында қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдайында, банкаралық несие нарығын – ең «арзан» және «қысқа» ақшалар нарығы ретінде қарастыруға болады.
Осылай, банкаралық несиені бір банктің басқа банкке жеделдік, қайтарымдылық, ақылық шартпен берілетін несиесі ретінде қарауға болады. Банкаралық несие коммерциялық банктердің қалыптасу кезеңінде несие ресурстарының негізгі көзі болды. Бос несие ресурстары, әдетте салмақты несиелік саясатын жүргізетін банктерде болады.
Банкаралық несие нарығы несие ресурстары банкаралық несие және банкаралық депозиттер түрінде сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының ең ірі сегменттеріне жатады. Несие ресурстарының нарығы қаржы нарығының басқа сегменттерінен өзінің коммерциялық банктерге қызмет көрсету әмбебаптылығымен ерекшеленеді, өйткені әр түрлі банк операцияларымен байланысты банкаралық қатынастарды сипаттайды. Соған қоса, ол коммерциялық банк баланстарының өтімділігін сақтау мен корреспонденттік шотты толықтыруға және қаржы нарығының басқа да тиімдірек сегменттерінде белсенді әрекет ету үшін қажетті ең оперативті қаражат көзі болып табылады.
Банкаралық несиемен қаржы нарығының 1 -ден 7 күнге дейінгі мерзімге несие берілетін «қысқа ақша» секілді нарықтар да байланысты. Осылай бір күндік несиелер (пайдалану мерзімі «бүгіннен ертеңге дейін», «ертеңнен бүрсігүнге дейін», «бүрсігүннен одан әрі бір күнге», «овернайт») банкаралық несие нарығында шешуші роль атқаратын болды. Сонымен бірге апталық («бүрсігүннен бір аптаға»), екі, үш, төрт апталық несиелер де қолданылады. Оған қоса біздің елде 0,1 жыл, 2 және 3 жылға берілетін біріккен несиелер пайдаланып жатыр.
Бұл несиелердің тартымдылығы олардың ұзақ уақыт бойы арзан несиелік ресурс ретінде болғандығымен түсіндіріледі. «Несиелік ақшалар» сатып алушыларға да, сатушыларға қолайлы болды.
Банкаралық несиенің қалыптық сипаттамасын қарастырғанда, оның жеке жағдайына, яғни қамтамасыз етуші қарызға назар аударамыз. Бұл қайтарымдылық, төлемділік шартымен берілетін, кепілзатпен қамтамасыз етілетін және тағайындалуы бойынша жұмсалатын банкаралық несие мерзімі бірден 30 күнге дейін беріледі. Егер қарыз беруші немесе банк қарызды мерзімнен бұрын қайтарып алғысы немесе қайтарғысы келсе, аталмыш несие келісімшартта көрсетілген мезімге дейін қайтарылуы мүмкін.
Екінші деңгейдегі банктерде осындай несиені қамтамасыз ету үшін негізінен бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар секілді қаржылық институттар пайдаланылады.
Банкаралық несиелеу кезіндегі қолданылатын санаттар, кейбір ерекшеліктерді ескермегенде, банктердің өз клиенттерін несиелеу кезіндегісіне ұқсас.
Мысалы, халықаралық тәжірибеде рrice drawing credit – банкаралық пайыздық қойылым сияқты ұғым пайдаланылады. Мұны банкаралық несие нарығындағы несиенің пайыздық қойылымы деп атайды.
Әдетте, нарықтағы негізгі неселеушісі елдің Орталық Банкісі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі) болып табылады. Коммерциялық банктер басқа коммерциялық банктердің қарыз алушы немесе несие беруші ретінде болады. Әдетте, қаражаттарды қарызға беру бір реттік несие келісімшарты негізінде немесе басқа банктерде депозит орналастыру түрінде жүргізіледі.
Банкаралық несие нарығы жұмысының бүкіл тарихындағы мәселелер домино әсеріне саяды. Бұл қаржылық теріс әсер банкаралық нарықта, бір немесе бір жүйеге байланысқан бірнеше банктердің несиені қайтару шартын орындамау кезінде, орын алады.
Әлемдік қаржы жүйесінде банкаралық несие нарығының қойылымдарын ажыратады. Дамыған елдердің банкаралық несие нарығының келесі қойылымдары белгілі:
LIBOR – Лондондық банкаралық депозит нарығының ұсыныс қойылымы (1, 3, 6 айға және 1 жылға берілетін қарыздар). Соңғы жылдарда 6-7% деңгейде сақталып тұр, халықаралық қаржы нарықтары үшін негіз болып табылады;
FIBOR – Майндағы Франфуркттегі қор биржасының қойылымы;
PIBOR – Париждік банкаралық нарықтың қойылымы және т.б.
Мәскеудегі банкаралық нарықта келесі қойылымдар қолданыста:
МИБОР – қысқа мерзімді қарыздар орналастыру;
МИБИД, ИНСТАР – несиелік ресурстарды тарту.
Пайыздық қойылымдардың өзгеруі туралы ақпарат үнемі баспаға шығып отырады.
Несие бойынша пайыздық қойылымды анықтау. Төленетін сомманың көлемін (өсірілген) қарапайым пайыз қойылымын қолдану арқылы анықтау:
А. Z = K + V = K + m ´ y ´ K/100 = K (1 + m ´ y/100), | (1) |
мұндағы Z – несиенің өсірілген соммасы,
K – берілген қарыздың көлемі,
V – m жылға төленген пайыздық ақшаның соммасы, (егер m<1 болса, күнмен есептелген несие мерзімін 360-қа бөлу керек ),
y(%) – пайыздың жылдық қойылымы,
m – пайыздыр төленетін мерзім.
ЛИБОР негіздік қойылымы – бұл банкаралық нарықтағы депозиттер үшін әлемдік валютамен (доллармен, евромен, швейцарлық франкпен) берілген ұсыныс қойылымы, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін есептеу Кезеңінің бірінші күнінде (немесе бастапқы есептеу кезеңі кезіндегі пайыздық төлем күніне не пайыз есептеудің осындай кезеңінің күнінде, не болмаса пайыздық есептеудің бірінші күнінің алдында болатын келесі күнінде) бағаланады және банкпен негізді анықталынып, жылдық пайыздар ретінде көрсетіледі.
Банк қарыз алушыны, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін анықталынатын ЛИБОР негіздік қойылымы және ЛИБОР жиынтық спрэды туралы хабардар етеді.
ЛИБОР" жиынтық спрэды – пайыздарды есептеудің әрбір кезеңі үшін: (а) бір пайыздың жартысы (%-дан 1/2); (b) теріс (немесе оң) пайыздарды есептеу кезеңі үшін орташа маржасы, Банктің төленбеген қарыз қаражаттарына немесе бірвалюталы несиелерді, Банкпен негізді анықталатын және жылдық пайыздар ретінде көрсетілетін несие бөліктерін қаржыландыруға Банкпен бөлінген қарыз қаражаттарының бөлігіне қатысты алты айлық депозиттері бойынша қойылымдарынан немесе Лондондық банкаралық ұсыныс қойылымынынан төмен (немесе жоғары).
Қысқа мерзімді ресурстардың банкаралық нарығындағы тұрақтылық пайыздық қойылымдар шегін ұстап тұруымен анықталынады. Іс жүзінде бұл Ұлттық банктің белгілі бір шарттармен немесе белгілі бір қойылымдармен «overnight» несиелерін береді немесе қабылдауымен асырылады. Шектің жоғарғы жағы репо мәмілелерімен қамтамасыз етіліп, ал төменгі шекарасы біркүнгі депозиттер бойынша Ұлттық банк қойылымдарымен қамтамасыз етіледі.
Банкаралық несие нарығының қатысушыларының құрамына қаржылық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзінің операцияларын үнемі жүргізбейтін банктер кіреді. Банкаралық несие нарығының ең белсенді операторлары – өз атынан және өз есебінен әрекет ететін дилер-банктер, олар қарыз алушы немесе кредитор ретінде болуы мүмкін. Олардың табысы – пайыздық маржа, яғни қаражаттарды орналастыру мен тарту қойылымдарының арасындағы айырмашылық. Оперативті жүйелерді, мысалы REUTERS DEALING 2000, қолдану мәмілелерді оперативті жасаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді: банктер стандартты ақпаратты (ағымдағы бағамдар, шарттар, басқа да анықтамалық деректер), сонымен қатар мәмілелерді жасаудың белгілі бір құралдарды алады. Оперативті жүйелерді пайдаланудан түскен табыс есептеуге қатысушылардың абоненттік және коммисиондық төлемдерден құралады.
Банкаралық несие нарығы – коммерциялық банктердің несие ресурстарын толықтыру көздерінің бірі және өзінің өтімділігін реттеудің оперативті құралы. [14]
Коммерциялық банк басқа банктің несиесін тікелей немесе делдал (басқа банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе) арқылы алуы мүмкін. Банкаралық несие – қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге қарағанда, оларға резервті талаптар қойылмайды, сондықтан банкке алынған банкаралық несиенің соммасын толығымен табысты салымдар үшін қолдануға болады. Несиелік ресурстардың бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым – ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. ТМД -дағы Банкаралық несие жағдайы туралы төменде көрсетілген арнайы көрсеткіштер ақпарат береді:
MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) – сату бойынша ұсыныстың орташа қойылымы, MIBID (Moscow Interbank Bid) – сатып алу бойынша ұсыныстың орташа қойылымы.
MIACR (Moscow Interbank Actual Credit Rate) – банкаралық несие бойынша орташа нақты пайыздық қойылым. Жоғарыда аталған көрсеткіштер Қазақстанның ірі банктері – банкаралық несие нарығының қатысушылары бойынша есептеледі.
1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы
Банкаралық несие нарығының пайда болу тарихын қарастырғанда банкаралық корреспонденттік қатынастардың бастау көзіне назар аудару керек. Банкаралық есептер, қаражатты төлеуші мен алушы әр түрлі банктермен пайдаланған жағдайда, сонымен қатар қолма-қол ақшаны өзара несиелегенде және орын ауыстыру кезінде, пайда болады. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылықта қолма-қолсыз есеп айырысу банктер арасындағы өзара есеп айырысуларды тудырады.
«Төлемдік механизм» – нарықтық экономика мен банкаралық несие нарығының негізгі құрылымдарының бірі. Ол шаруашылық жүйедегі заттар алмасуын қамтамасыз етеді және оның үздіксіз жұмысынан экономикалық институттар істеуінің жалпы тиімділігі тәуелді болады.
Көбінесе банктермен жүргізілетін ақшалық операцияларда қоғамдағы экономикалық қатынастардың барлық түрі дерлік орын алады. Бұл өз кезегінде банктер арасындағы – банкаралық есеп айырысуларынсыз мүмкін емес, шаруашылық байланыстардың кең таралуына, үлкен территориялық алшақтыққа және басқа да бір қатар алғышарттарға тәуелді.
Жоғарыда айтылған төлемдік механизм Қазақстан Республикасында да осы жолмен дамып, кейінен банкаралық несие нарығының негізіне айналды. КСРО-да және Қазақстанда банкаралық есеп айырысулар клиринг негізінде болды, олар Мемлекеттік банктің есептік бөлімшелермен жүзеге асырылып, қатысушылары ретінде Мемлекеттік банктің бірқалалық мекемелері мен басқа несиелік мекемелер болды.
КСРО кезінде есептік бөлімшелер маманданған банктердің құрылуына 1922 – 1923 жылдарда байланысты құрыла бастады. Сол кезде олар КСРО Мемлекеттік банкінің, маманданған банктер мен жинақтаушы кассалардың өзара талаптарын есептеуді жүзеге асырды, төлемдік құжаттардың күнделікті алмасуын жүргізді, есептеуге қатысушыларға ағымдағы, өзара есеп айырысудың қорытынды сальдосы көрсетілетін, шоттарды ашты. Есептеу бөлімшелерінің операциялары дамудың жоғарғы шегіне 1926 – 1928 жылдарда жетті.
1930 – 1932 жылдарда жүргізілген несие реформасы нәтижесінде несие жүйесінің құрылымында және оның буындарының кейбір функцияларының сипатында өзгерістер енді. КСРО Мемлекеттік банкіндегі кассалық операцияларды, қысқа мерзімді несиелеу мен шаруашылық нысандар арасындағы есеп айырысулар бойынша операциялардың түгел дерлігін, төрт маманданған банктерде (Өндіріс-құрылыстық банкісінде, Ауыл шаруашылық банкісінде, Сауда банкісінде) ұзақ мерзімді салымдар операцияларын, қапиталды салымдарды және мердігерлік ұйымдарды несиелеу және қаржыландыру бойынша операцияларды орталықтандыру – осының бәрі бұл банктер арасындағы есеп айырысу кезіндегі клиринг (оның әдеттегі мағынасында) әдісін қолдануды керексіз етті.
Елде іс жүзінде бірегей мемлекеттік банк болғандықтан, бұл клиринг жалпы мемлекеттік сипатта болды. Банктік мекемелер арасындағы филиаларалық айналымдар шоттары арқылы өзара есептеулер шаруашылықтағы өзара есептеулермен қоса жүргізілмеді. Отандық банкілік тәжірибеде шаруашылық нысандар арасында есеп айырысудың өзара талаптар мен міндеттерге негізделген түрлері қолданылды: тұрақты әрекет ететіндер – өзара есеп бюросы, орталықтандырылған өзара есеп бюросы арқылы, орталықтанбаған тәртіпте қарсы талаптарды есепке алу жолымен салааралық және салаішілік есептеулер, бір реттік – жыл соңындағы салаішілік, әсіресе салааралық есепке алулар.
Бұл есептеулер жүйесі банкішілік өзгеше клиринг ретінде болып табылды. Филиаларалық айналымдар бойынша филиаларалық есептеулердің қорытынды сальдосы КСРО Мемлекеттік банк Басқармасында анықталды және көрсетілді. КСРО-дағы банк жүйесінің дамуы кезінде үйлескен банкаралық және банкішілік есептеулер жүйесі құрылды. Оның мәні келесіде болды: КСРО Мемлекеттік банкісі елдің эмиссиялық-кассалық және несиелік-есептік орталығы ретінде басқа несиелік институттармен өзінің корреспонденттік қатынастарын, Мемлекеттік банк басқармасында КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассаларына және КСРО Құрылыс банкісінің басқармасына ашылған корреспонденттік шоттар көмегімен қалыптастырды. Жалпылама, Құрылыс банкінің және Мемлекеттік еңбек жинақ кассалардың корреспонденттік шоттары бойынша есептеулер несиелік сальдо шегінде жүргізілді.
Филиаларалық айналымдар типті шоттарды қолдануы бар мұндай схема Құрылыс банктің мекемелері арасындағы, сонымен қатар жинақтаушы кассалар жүйесінің ішіндегі өзара төлемдерде де пайдаланылды. Шоттары басқа қалалардың филиалдарында орналасқан жағдайда, филиаларалық айналымдар банктік мекемелердің өз клиенттерінің Қаражаттарын, аудару кезінде қолданылды. Филиаларалық айналымдар негізгі бөлігі шаруашылық нысандардың тауар жеткізу, қызмет көрсеу, мемлекеттік бюджеттің кассалық орындау, банктердің эмиссия-кассалық операцияларан және бюджеттік емес қаражаттарды қалыптастырды және пайдалану бойынша қолма-қолсыз есеп айырысуларымен байланысты болды.
Филиаларалық айналымдар арқылы есеп айырысулардың жақсы жағы – олар жақсы ұйымдасқан және белгілі дәрежеде банктердің бухгалтерлік аппаратын тәртіпке келтірді, өйткені ол ерекше дәл ұйымдастыруды және қатаң бақылауды талап етті. Әрине, филиаларалық айналымдар бойынша құжаттарды қолмен өңдеу кезінде Филиаларалық айналымдар есепке алу және бақылау бойынша операциялар банктердің есептік-операциялық жұмыстар көлеміндегі үлесі салмақты.
Болашақта, банктердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, қызмет нәтижесіне олардың нақты ынталылығын және жауаптылығын көтеру, шаруашылық (коммерциялық) есеп айырысудың принциптерін банк бөлімшелеріне дейін жеткізу көзделді.
Берілген есеп айырысулар жағдайында маманданған банктер мекемелері іс жүзінде Мемлекеттік банктің ресурстарын автоматты түрде жұмылдырды, сонымен қатар бір-біріне ресурстарды несие ретінде, бар-жоғына қарамастан автоматты түрде беріп отырды. Берілген несиелер иесіз, мерзімсіз және ақысыз болды. Нәтижесінде, Мемлекеттік банк ақша айналымын реттеу және банктер қызметін бақылау мүмкіндігінен, әсіресе пайыздық қойылымдар мен міндетті резервтер нормасын өзгерту, активті және пассивті операциялар сияқты экономикалық әдістерден айырылды. Мұның барлығы өз кезегінде қайта-құрудың (1988-1990 жж.) алғашқы жылдарында жүргізілген ақша-несие саясатының нәтижелілігін жоққа шығарды.
Сондықтан сол уақытта банк жүйесінің, халық шаруашылығын ақша-несиелі реттеудің қазіргі заманғы әдістерін жұмылдыруға болатын түрлендірулер қажеттілігі туды. Елде банктердің шетелде кең таралған екі деңгейде ұйымдасқан құрылымы құрыла бастады.
Қазіргі уақытта қазақстандық банктер несие бойынша, басқа банктерде ашылатын корреспонденттік шоттар қолданылатын есеп айырысуларды кең пайдаланбайды. Банкаралық несие нарығындағы несие операцияларын өткізуде банктер тәжірибесінің жетіспеуі, техникалық жабдықталуының төмен деңгейі, ақпарат беру арнайы арналарының болмауы банкілік есеп айырысулар үшін үлкен мәселе болып табылады.
Екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасындағы төлемдерді жүзеге асыру және біріншісі басқаның нұсқауы немесе есебінен несиелеу, сонымен қатар несие беру, инвестициялық және басқа да қызметтер көрсету туралы келісімдік қатынастар банкаралық қарыздар бойынша қатынастарға жатады.
Бұл қатынастар ел ішінде және басқа елдерде орналасқан несиелік институттар арасында болуы мүмкін. Қазіргі күнгі жағдайда әрбір банк бір емес, ондаған, кей кезде мыңдаған банктермен корреспонденттік тораптар арқылы байланысқан. Корреспонденттік қатынастар алуан түрлі несиелік мекемелер арасында, соның ішінде әр түрлі елдердің банктері арасында; әр түрлі тәуелсіз коммерциялық банктер арасында; орталық және коммерциялық банктер арасында; егеменді елдерді орталық банктері арасында болуы мүмкін. [16]
Бұл тектес қатынастар банктер мен клирингтік палата типті арнайы банкаралық ұйымдар арасында болуы мүмін. Корреспондеттік қатынастардың бір түрі болып әр түрлі банктер арасындағы қатынастар табылады.
Бүгінгі күнгі банкаралық есеп айырысудың механизмі жағдайында банктер өзара есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің мекемелеріндегі корреспонденттік шоттар арқылы жүргізуді қалайды.
Әдетте, ұсақ банктер өзінің корреспонденттік шоттарын ірілеу банк мекемелеінде ашады. Соңғылары өздерінде кішірек банктердің банкаралық депозиттер ашуы үшін өзара бәсекелесте болады. Ірі банктер де бір-бірінде депозттік шоттар ашу арқылы өзара осындай қатынаста болуы мүмкін. Корреспонденттік қатынастардың дамуы банкке жаңа банк бөлімшесінің ашылуына ұқсас бір қатар артықшылықтар береді. Сонымен бірге банк өзінің заңды дербестігін және жүргізілетін операцияларды бақылауын сақтайды.
Корреспонденттік қатынастарды, әсіресе шетелдік банктермен орнату шегінде екі жақ та әріптес-банктің ауқаттылығына және сенімділігіне назар аударады. Қарыз алу туралы өтініш хатымен бірге барлық керекті құжаттар қосылады: банк қызметі туралы есеп беру, оның жарғысы мен белгілі бір операцияларды жүгізуге лицензиялар. Корреспонденттік қатынастар алмастыру хаттары немесе сәйкес банкілік операциялардың атқарылу тәртібі мен шарты қарастырылатын арнайы корреспонденттік келісім қорытындысы ретінде рәсімделеді. Корреспондентік келісімшартар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының банкілік жүйесіндегі банкаралық несиелер банктер арасындағы есеп айырысудың екінші (орталықтандырылған) нұсқасына бағытталады. Мұндай есеп айырысуларды осы мақсатта арнайы құрылған нысандар Ұлттық Банктің Оперативті Басқармасы орындайды.
Банкаралық несиелер бойынша есеп айырысудың төмен сапасының негізгі себебі есеп айырысуға қатысушылардың (кәсіпорындар, банктер, Ұлттық Банктің облыстық басқармалары) техникалық жабдықталу деңгейінде артта қалушылық болып табылады. Банкілік ақпаратты беру мен өңдеу жүйесін ЭЕМ негізінде жүргізу мәліметтерді байланыс арналары арқылы жіберу мүмкіндігінен айырады, сенімділігі төмен және эксплуатациясы көп шығын келтіреді.
Банкаралық несиелер тәжірибесіндегі есеп айырысу механизмін реформалауды өзгерткеннен кейін де Ұлттық банктің облыстық басқармаларында жаңылыстар мен төлемдердің кешігуі байқалады.
Бір себебі болып шаруашылықтар арасындағы есеп айырысулардың ескішіл қағаздық технологиясы табылады. Есеп айырысу кезіндегі негізгі төлем құжаттары ретінде, жалпы алғанда төлем айналысының 90% аса құрайтын төлем тапсырмасы болады.
Осындай есеп айырысулардың жоғары еңбек сыйымдылығымен қатар оларды орындау кезінде түрлі қателіктердің болуы мүмкін. Бұл қателіктер аралық буын – Ұлттық банктің облыстық басқармасы арқылы есеп айырысу кезінде жиіледі. Белгілі бір кедергілер есеп айырысу тәжірибесінде келісімдік, қаржылық, төлемдік тәртіптің төмендеуімен сыйыспайтын төлем тапсырмаларының кейінгі акцептісінің болуымен байланысты пайда болды.
Банкаралық несиелердегі жоғарыда аталған бұзушылықтар негізінен Ұлттық Банктің Облыстық Басқармаларының жаман жұмысына қатысты. Бірақ кейбір жағдайларда олар банктердің өздерінен болады.
Банкаралық қарыз бен құжат айналымын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында есеп айырысудың бекітілген ережелерін бұзғаны үшін жазалау шараларының шеңберін кеңейту керек. Әсіресе, зардап шеккен жақтың пайдасына қазір қолданып жүрген уақытылы емес аударымдар кезіндегі әрбір кешігу күніне төленетін айыппұл ғана емес, соған қоса осы уақытта жоғалған кірістің соммасын сот тәртібімен өндіріп алынуы керек.
Қолданылып жүрген банкаралық несиелер жүйесінің сипаттамасына қысқаша резюме жасайық. Клиенттер арасындағы есеп айырысу қатынастары, сонымен қатар банкаралық несиелер бойынша операцияларды есептеуде кемінде банктердің бес ішкі жүйелерді өзіне жатқызады.
Банктің осы аймақтың банктерімен орналасу аймағындағы тікелей есеп айырысулары аймақтық (аймақаралық) ақпарат орталығы арқылы. Ұлттық Банктің Облыстық Басқармалары арқылы банктің орналасу аймағынан тыс орналасқан немесе осы аймақта орналасқан бірақ тура есеп айырысудың қатысушысы болып табылмайтын банктермен есеп айырысулар жақын шетелдің Ұлттық Банктерінің Облыстық басқармалары арқылы. Бас банк арқылы оның филиалдарын бас банктің өзімен басқа филиалдардағы ресурстарды қайта бөлу корреспонденттік шоттарды пайдаланумен несиелеу жүргізіледі: жақын шетелде; алыс шетелде.
Осылай, банктердің қажетті несиелерді артығымен төлеп тастаудың мүмкіндіктері жетерліктей кең. Басқа жағынан, алуан түрлі корреспонденттік қатынастар кезінде пайдаланатын әр қилы шоттарды басқару банк үшін үлкен мәселеге айналады.Жалпы алғанда, жүйе әсіресе есеп айырысуды жүргізудің алғашқы кезеңінде күрделілігімен, көп буындылығымен, үлкен еңбек сыйымдылығымен жеткіліксіз сенімсіздігімен ерекшеленеді. Бүгінде ҚР банкаралық несие нарығындағы несиелердің осы сипаттары ел экономикасындағы төлемдер жүргізуде елеулі кемшіліктерге себеп болды.
Қазіргі кезде Қазақстанда банкаралық несие жетерліктей кең қолданылады. Ол банк арасында несиелік ресурстарды сату-сатып алу туралы келісімшартты жасау кезінде пайда болады.
Банкаралық несие нарығы дамуының алғашқы кезеңінде 90 жылдардың басында ҚР-да несиелік ресурстардың аукцион арқылы жұмылдырылды. Аукцион арқылы сатылатын ресуртар көлемінің өсуі (2005 жылдан 2008 жылға дейін 78 аукцион өткізіліп, 5,3млрд. тг. соммаға несиелер ұсынылды), оларға коммерциялық банктердің қатысуына жіберу шарттарын өзгерту және сырт аймақтағы банктерді қосу банкаралық несие нарығының қалыптасуына қажетті шарттарды құруға көмектесті.
Қысқа банкаралық несиелерінің ұйымдасқан нарығы, орталықтандырылған несиелеу Қазақстандағы несиелік саясатының басты құралы болудан қалған кезде, 1995 жылда іске қосылып, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 1996 жылдың басына дейін қарқынды өсті.[5]
Банкаралық несие нарығындағы келісімдер көбінесе ұзақ мерзімді болады және ішкі валюталық және несиелік мәмілелер ақша нарығындағы операцияларды жүзеге асыратын ортақ шарттар жайлы бас келісім негізінде жасалады. Қазақстан тәжірибесінде банктер банкаралық несиені банктік несие сияқты қамтамасыз етусіз-ақ береді, қайтарымдылықтың бірегей кепілі болып несиелік келісім табылады.
Мәмілелер қолма-қолсыз шетел валютасын сату/сатып алу операциялары (конверсиондық мәмілелер) бойынша мәміле - валюталық дилингпен айналысатын REUTERS DEALING-2000 жүйесі арқылы жасалады. Бүгінгі байланыс құралдарын пайдалана отырып, мәмілелерді тез арада жасауды және бос несие ресурстарын банктер арасында жедел қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Кредитор банк пен қарыз алушы банктің өкілетті қызметкерлері (дилерлер) келіссөздер жүргізеді, сонымен қатар, телефон, телефакс, REUTERS DEALING-2000 жүйесі арқылы мәмілелер жасайды. Қаражаттар есеп айырысу жүргізілетін есеп айырысу-касса орталығының біріндегі, клирингтік орталықтағы немесе банктегі теңгені алатын тұлғаның корреспонденттік шотына түскенде несие алынды деп есептеледі. [6]
Қызметті рәсімдеу мен жүзеге асыру үшін екі жақ бір-біріне келесі құжаттарды ұсынады:
– құрылтай құжаттарының нотариалды кепілдендірілген көшірмесі (құрылтай келісім-шарты, жарғы);
– банктік операцияларды жүзеге асыру лицензияларының нотариалды кепілдендірілген көшірмесі;
– банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбалары қойылған карточканың нотариалды кепілдендірілген көшірмесі;
– банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбасы қойылған және мөр соғылған 2-ші тізім шоттары бойынша кеңейтілген баланс және соңғы есеп беру мерзіміндегі нормативтердің есебі;
– банктің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің нотариалды кепілдендірілген көшірмесі.
Әрі қарай, келісімнің жүзеге асырылу мерзімі бойында екі жақ біріне-бірі баланстар мен экономикалық нормативтер ұсынады. Банкаралық несие алу туралы ұсынысты (офертаны) қарастырған кезде кредитор қарыз алушыдан қолтаңба қойылған және мөр соғылған соңғы есеп беру мерзіміндегі балансты талап етуге құқығы бар.
Екі жақ мәмілелерге қатысты ақпараттарды құпияда ұстауға міндеттеледі және электронды түрде берілген құжаттардың түпнұсқаға сай заң күшін мойындайды.
Уақытша бос қаржы ресурстары немесе несие қаражаттарын тарту қажеттілігі болған жағдайда екі жақ дилерлері байланыс жүйесі арқылы мәміле жасау туралы келесі талаптар көрсетілген ұсыныс (аферта) жібереді:
– банкаралық несие соммасы және валютасы;
– пайыздық қойылым және пайыздарды өтеу мерзімі;
– қаражатты сәйкес корреспонденттік шоттарға аудару мерзімі (валюталау мерзімі);
– сәйкес төлемдерді жүзеге асыру ережелері;
– бас келісімнің мерзімі мен нөміріне сілтеме.
Офертаны жіберген жақ (оферент) басқа жақтың (акцептант) жауабын қабылдап алған кезде мәміле жасалды деп есептеледі. Мұндағы мәміле жасауға келіскен жақ ұсынылған талаптардан ауытқитын болса, онда бұл акцепт ретінде саналмайды. Бұл жауап акцептен бас тарту және жаңа оферта болып саналады. Кредитор банкаралық несиені ұсынғанда қарыз алушының талабы бойынша жүзеге асырылғаны жайлы белгісі бар төлем тапсырмасының көшірмесін факс арқылы жібереді. Қарыз алушы өз кезегінде мерзімді міндеттемені жібереді де, қаражатты қайтаратын күні несие мен есептелген сыйақы мөлшері өтелген төлем тапсырмасының көшірмесін факс арқылы қайта жіберуге міндет алады. Мерзімді міндеттеме жасалған мәмілені растайтын құжат болып табылады. Қорларды сатып алу ұсыныстарының түпнұсқалары мен мерзімді міндеттемелер кредитордың бірінші талабы бойынша ұсынылады.
Мәміле жасалғанда дилерлердің келісімі бойынша несиені пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшері банкаралық несиені пайдаланған әр күнтізбелік күнге, қаражатты қарыз алушының корреспонденттік шотына аударған мерзімнен бастап кредитордың корреспонденттік шотына қайта аударған мерзімге дейін есептеледі. Сыйақы мөлшері мерзім соңында Банкаралық несие сомасымен бірге немесе басқа шарттар бойынша төленеді. Банкаралық несие бойынша пайыздық қойылымдар көбінесе қалқымалы, белгілі бір пайыздық қосымшасы бар MIBOR қойылымымен байланысты болады.
Бас келісімшарт шегінде банкаралық несие мерзімін ұзарту (пролонгация) қарастырылмайды. Өзара келіскен жағдайда несие ресурстарының кешіктірілуі кредитор қарсы болмағанда жүзеге асырылу мерзімі сыйақы мөлшері міндетті түрде өтелуі тиіс ескі мәміленің аяқталу мерзімімен сәйкес келетін жаңа мәміле ретінде рәсімделеді.
Банкаралық несие мерзімі аяқталған кезде бір сомамен өтеледі. Егер қарыз алушының несие бойынша өтеген қаражат мөлшері несие және оған есептелген сыйақы мөлшерін жабуға жеткіліксіз болған жағдайда кредитор қарыз алушының төлеген қаражаты есебінен төлем тапсырмасында көрселген тәртіптен тәуелсіз біріншіден, мерзімі ұзап кетуі бойынша айыппұл сомасын, одан кейін банкаралық несие бойынша негізгі пайыздарды, ал қалған соманы банкаралық несиені өтеуге құқылы.
Егер банкаралық несие қайтару мерзімі жұмыс күніне түспесе, онда жұмыс күнінен кейінгі алғашқы жұмыс күнінде қайтарылады. Банкаралық несие қолданғаны үшін сыйақы бойынша есеп айырысу банкаралық несие нақты пайдаланған мерзім бойынша жүзеге асырылады. 30-дан 90 күнге дейінгі несиелеу кезінде есептелген сыйақы сомасы ай сайын белгілі бір күннен кешіктірілмей тең үлеспен өтеледі.
Банкаралық несие толығымен немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтару кредитордың жазбаша түрдегі келісімімен рұқсат етіледі. Банкаралық несие толығымен немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтару кредитордың жазбаша түрдегі келісімінсіз жүзеге асырылған жағдайда жасалған мәміле бойынша несиені пайдаланудың барлық периодына есептеледі.
Банктер әріптес-банктердің қызметін рейтинг бойынша да бағалай алады. Рейтинг – банк қызметінің арнайы көрсеткіштері. Рейтинг негізінде коммерциялық банктерді белгілердің төмендеу деңгейіне байланысты белгілі бір кезекпен топтастыруға мүмкіндік беретін жалпыланған сипаттама жатыр. Банк қызметін қадағалау органдары рейтингтерді банктің есеп беру мәліметтерін талдау және жұмыс орнында тексеру негізінде құруы мүмкін. Мұндай рейтингтер баспасөз бетінде жарияланбайды. Мысалы, ҚР Ұлттық банкі банктерді олардың қаржылық жағдайына байланысты түрлі топтарға жіктейді, бірақ бұл мәліметтер құпия болып саналады да, тек банкке және банк иелеріне беріледі.
Тәуелсіз рейтингтік агенттіктермен жасалатын рейтингтер баспасөз бетінде жарияланған банктің ресми есеп беру мәліметтерін зерттеуге негізделеді. мұндай әдісті мамандар (банк, биржа, аудиторлық фирмалар мамандары) да, маман еместер (салымшылар, акционерлер) де қолданады. Жарияланған рейтингтер банктерге алдағы уақытта корреспонденттік қатынас орнатылатын, банкаралық несие нарығында мәміле жасалатын банк-контрагенттердің қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Көптеген банктер өз штатында жоғары маманданған сараптаушыларды ұстайды, сол себептен қабылданған ақпаратты тиімді пайдалана алады.
Рейтинг құрудың үш негізгі әдісі белгілі:
– нөмерлік әдіс – түрлі бағалық көрсеткіштер бойынша рангілік тізімдер құру;
– балдық әдіс – банк қызметінің бөлек көрсеткіштерін балдық бағалау және банкті белгілі бір топқа кіргізуге негіз болатын жиынтық көрсеткішті есептеп шығару;
– индекстік әдіс – банк қызметінің түрлі көрсеткіштерін зерттеу негізінде банктерге индекстер беріледі (әріптік, сандық, немесе аралас).
Қазақстандық рейтингтерінің көбінде банк қызметінің қаржылық жағдайының бес негізгі сипаттамалары ескеріледі:
1) капиталдың жеткіліктігі;
2) активтердің сапасы;
3) баланстың өтімділігі;
4) қызметінің тиімділігі;
5) банк басқару деңгейі.
Банкаралық несие нарығының қатысушылары құрамына операцияларды тұрақты сипатта емес, қалыптасқан қаржылық жағдайға байланысты жүргізетін банктер кіреді. Банкаралық несие нарығының неғұрлым белсенді операторларына – өз атынан және өз шотымен жұмыс істейтін дилер-банктер жатады; олар қарыз алушы және кредитор ретінде қатыса алады. Табыстары – пайыздық маржа, яғни қаражатты орналастыру қойылымы мен тарту арасындағы айырма болып табылады. REUTERS DEALING 2000 сияқты операциялық жүйелерді пайдалану арқылы мәмілелерді жасауда техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді: банктер стандартты ақпарат (ағымдағы бағамдар, талаптар, басқа да анықтамалық мәліметтер), сонымен қатар мәмілелер жасауға арналған белгілі бір құралдар алады. Операциялық жүйені пайдаланудан түскен табыс есеп айырысу қатысушыларының комиссиондық және абоненттік төлемдерінен қалыптасады.
Қазақстандық банктердің банкаралық несие нарығындағы белсенділігін 3-ші кесте айқын көрсетеді.
Активтер көлемі бойынша ранжирлік несие ұйымдарының топтары | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған несие көлемі | Банктерге берілген несие | |
Жалпы сома | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған несие көлеміне қатысты % | ||
1-5 | 203951 | 46180 | 24,64 |
6-20 | 143125 | 8440 | 5,89 |
21-50 | 68484 | 10260 | 16,98 |
51-200 | 57276 | 7143 | 14,47 |
201-1000 | 32253 | 2879 | 9,93 |
1001-1421 | 1418 | 65 | 6,58 |
Кесте 1 - Несие ұйымдары топтары бойынша банкаралық несие көлемі
2009 ж. 1 желтоқсан (млн. теңге.) ҚР Ұлттық банкі мәліметтері бойынша есептелген:, 2009.
Коммерциялық банк басқа банк несиесін тікелей немесе делдал арқылы (басқа банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе және т.б.) тарта алады. Банкаралық несие едәуір қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге сияқты оларға резервтік талаптар қойылмайды, сондықтан банкаралық несиенің сомасы түгелімен табысты салым ретінде қолданылуы мүмкін.
Банкаралық несие нарығындағы операциялар Банктің ағымдағы өтімділігін реттеудің дәстүрлі негізгі құралы болып табылады. Сондықтан ҚР екінші деңгейлі банктері бұл нарықта жұмыс істегенде салмақты саясатты ұстанады. Мұндай операцияларды жүргізудегі тәжірибе негізінде көптеген банктерде бұл сегментпен байланысты тәуекелдерді бағалаудың формалар мен әдістер жүйесі қалыптасты. Банк банкаралық несие нарығындағы контрагент-банктердің қаржылық жағдайын қатаң бақылайды және олармен жасалатын операцияларды несиеленетін потенциалды төлем қабілетсіз банктерді тізімнен алып тастау арқылы өз уақытында реттеп отырады.
Мұндай шаралар банк секторының өтімділік проблемасын туғызатын дағдарыс кезеңдегі банк қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді қажет етеді. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2010 ж. ортасында банкаралық несие көлемі (кесте 4) төмендегенің көреміз.
Мерзімі | Теңгеде | Валютада | ||
млн. теңге. | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған жалпы несие сомасына қатысты % | млн. теңге. | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған жалпы несие сомасына қатысты % | |
1.08.2009 | 22095 | 13,12 | 29805 | 17,56 |
1.12.2009 | 18263 | 12,63 | 15870 | 12,52 |
1.04.2010 | 11751 | 9,72 | 23587 | 15,21 |
1.08.2010 | 12836 | 10,42 | 25321 | 15,19 |
1.12.2010 | 17068 | 10,45 | 16872 | 16,78 |
Кесте 2 - Ұсынылған банкаралық несие көлемі бойынша мәліметтер. Банк статистикасының бюллетені мәліметтері бойынша есептелген, 2010, № 6, 76б.
Несиелік ресурстардың бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым – ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. Банкаралық несие нарығының жағдайын келесі көрсеткіштер арқылы білуге болады:
MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) – сатуға ұсыныстар бойынша орташа қойылым,
MIBID (Moscow Interbank Bid) – сатып алуға ұсыныстар бойынша орташа қойылым,
MIACR (Moscow Interbank Actual Credit Rate) – банкаралық несие бойынша орташа есептелген нақты пайыздық қойылым.
Жоғарыда берілген көрсеткіштер банкаралық несие нарығының қатысушылары - ірі банктер бойынша есептеледі.
Банкаралық несие нарығындағы пайыздық қойылымдардың деңгейі несиелендіру мерзіміне қатысты өзгеріп отырады. Оны 3 кестеден көруге болады.
Банкаралық несие нарығында контрагенттерді таңдағанда болашақтағы қарыз алушы-банктің баланстар мен экономикалық нормативтер бойынша мәліметтер негізінде анықталатын құқықтық және қаржылық жағдайы есепке алынады. Рейтингтер бойынша ақпаратар да пайдаланылады. Бұл мәліметтер негізінде контрагент үшін несиелік тәуекелдің мүмкін болатын мөлшерін – белгілі бір қарыз алушы-банкке берілетін несиенің максималды көлемін есептеуге болады.
Коммерциялық банк банкаралық несие нарығында контрагентпен лимитті есептеп алмай жұмыс істемейді. Кез келген банктің жағдайын баланс, экономикалық нормативтер мәліметтерін талдау, динамикада алынған бөлек баланс шоттарының мағынасын ашу негізінде адекватты бағалауға мүмкіндік беретін контрагент-банк үшін лимит белгілеудің арнайы есептеу әдістері қалыптасқан. Лимит, әдетте, контрагент-банкің меншікті капиталы жөніндегі мәліметтер негізінде банктің қаржылық жағдайын көрсететін арнайы синтетикалық коэфициенті көмегімен есептеледі. Бұл коэфициентті контрагент-банктің өзі өңдейді.
| өтеу мерзімі бойынша пайыздық қойылымдар | ||||||
Мерзімі | 30 күнге дейін | Соның ішінде 1 күнге | 31-ден 90 күнге дейін | 91-ден 1жылға дейін | 181-ден 1 жылға дейін | 1 жылдан 3 жылға дейін | З жылдан жоғары |
2009ж. |
|
|
|
|
|
|
|
Қаңтар | 22,7 | 25,1 | 25,4 | 17,1 | 16,8 | 29,4 | 3,2 |
Мамыр | 44,5 | 46,6 | 45,3 | 8,7 | 11,7 | 10,9 | 4,5 |
Тамыз | 51,4 | 50,8 | 35,5 | 50,7 | 28,8 | 12,5 | 27,2 |
Желтоқсан | 28,3 | 28,3 | 20,0 | 6,2 | 8,5 | 28,3 | 2,8 |
2010ж. |
|
|
|
|
|
|
|
Қаңтар | 23,7 | 24,0 | 43,9 | 41,9 | 30,8 | 3,0 | 30,0 |
Сәуір | 18,3 | 18,4 | 20,6 | 13,7 | 3,2 | - | 19,7 |
Кесте 3 - Банкпен ұсынылған несиелер бойынша орташа есептелген пайыздық қойылымдар, теңгемен (жылдық % ). Банк статистикасының бюллетені мәліметтері бойынша есептелген:, 2010, № 6, 78б. (орташа)
Банктер әріптес-банктердің қызметін олардың рейтингі бойынша бағалай алады. Рейтинг негізінде коммерциялық банктерді белгілерінің кемуіне байланысты топтастыруға мүмкіндік беретін осы белгілері бойынша жалпыланған сипаттама жатыр. Рейтингтер банктің есеп беру мәліметтерін талдау мен жұмыс орнында тікелей тексеру мәліметтері негізінде құрастырылуы мүмкін. Мұндай рейтингтер баспасөз бетінде жарияланбайды. Мысалы, ҚР Ұлттық банкі банктерді олардың қаржылық жағдайына байланысты түрлі топтарға жіктейді, бірақ бұл мәліметтер құпия болып саналады да, тек банкке және банк иелеріне беріледі.
Тәуелсіз рейтингтік агенттіктермен жасалатын рейтингтер баспасөз бетінде жарияланған банктің ресми есеп беру мәліметтерін зерттеуге негізделеді. мұндай әдісті мамандар (банк, биржа, аудиторлық фирмалар мамандары) да, маман еместер (салымшылар, акционерлер) де қолданады. Жарияланған рейтингтер банктерге алдағы уақытта корреспонденттік қатынас орнатылатын, банкаралық несие нарығында мәміле жасалатын банк-контрагенттердің қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Көптеген банктер өз штатында жоғары маманданған сараптаушыларды ұстайды, сол себептен қабылданған ақпаратты тиімді пайдалана алады.
Банкаралық несиелеу корреспонденттік шоттарды өзара несиелеу түрінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Корреспондент-банктің «ЛОРО» есеп айырысу шотында қаражаттардың уақытша жетіспеуі кезінде оған корреспонденттік келісімде шарттары ескерілген овердрафт несиесі ұсынылады. Егер күнішілік овердрафт ұсынылса, онда несие үшін сыйақы несиені пайдалану мерзіміне қатысты минут бойынша есептеледі. Сонымен қатар, ақша қаражаттарын бір күн бойы пайдаланғаны үшінтұрақты сома есептелуі мүмкін. Қарыз алушы-банк овердрафтты пайдаланғаны үшін сыйақы бойынша қарызын «НОСТРО» корреспонденттік шотынан алынған көшірме негізінде өтейді.
ҚР Ұлттық банкі «банктердің банкісі» болып табылады және коммерциялық банктерге несиелерді ұсынып, коммерциялық банктердің депозиттерін тартады. 2009ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша ҚР ҰБ резидент-несиелік ұйымдарға 19 347 млн. теңге немесе ҰБ активтер сомасының 2,67 %, 2009ж. 1 мамырында сәйкесінше 22 277 млн. теңге немесе 3,02 % несие берді.
Қайта құрылған коммерциялық банк қызметінің алғашқы бір жылы ішінде ҚР Ұлттық банкі несиелерін тартуға құқығы жоқ. Келесі жылдары ол төменде көрсетілген несие түрлерін ала алады:
– біркүндік несиелер;
– мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы несие алу (күнішілік, овернайт, ломбардтық).
Біркүнді есептік несиелер «ҚР ҰБ банктерге біркүнді есептік несие беру ережесіне» сәйкес ұсынылады. Есептік несие біртұтас мемлекеттік ақша-несие саясаты шегінде ҰБ беретін жалпы несие көлемінде ҚР валютасында бір операциялық күнге ұсынылады. Банкке біркүнді есептік несие ұсыну шоттағы ақша қаражаттарының уақытша жоқ болуына немесе жетіспеуіне қарамастан, банктің корреспонденттік шотынан жүзеге асырылады. Банктің коршотын несиелеу келісімде қарастырылған лимит шегінде орын алады. Есептік несие бойынша пайыздық қойылымның мөлшері ҚР Ұлттық банкі директорлар Кеңесімен тағайындалады және келісімде көрсетіледі.
Біркүнді есептік несиені пайдаланғаны үшін банктер ай сайын айдың 15 дейін несиелеу лимиті көлемінің 0,1% міндетті төлеуі керек. Есептік несие ағымдағы операциялық күн соңында ұсынылады және пролонгацияға жатпайды. Есептік несиені қатарынан екі жұмыс күніне алуға тиым салынады. Есептік несиені қайтару мен сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау (толық емес орындау) кезінде банктен негізгі қарызды толығымен қайтаруға дейін әр кешіктірген күн үшін қайта есепке алу қойылымының 0,5 мөлшерінде айыппұл алынады. Несиені қайтару мерзімін кешіктіргені үшін банк біркүнді есептік несиені 3 айға дейін алуға құқығын жоғалтады, сонымен қатар, байланыс арналары бойынша есеп беру құжаттарын жіберу желісіне қатыса алмайды.
Біркүнді есептік несие алу үшін коммерциялық банк келесі талаптарға сай болуы керек:
– міндетті резервтік талаптарды уақытымен және толық көлемде орындауы;
– ҚР Ұлттық банкі несиелері мен сыйақы бойынша және заңмен бекітілген міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен қарыздардың жоқ болуы;
– ағымдағы күн соңында төленуі тиіс барлық есеп беру құжаттарын төлеу үшін қосымша қаражаттарға деген жалпы қажеттілік банкке орнатылған несие лимитінен 1,5 есе аспауы;
– біркүнді есептік несие алу құқығын пайдалану үшін төлемді уақытымен және толық көлемде өтеуі.
ҚР Ұлттық банкімен есептік несие бергенін куәландыратын құжаттарға: банк коршотынан және сәйкесінше баланстық шоттан алынған көшірмелер; ҚР ҰБ-пен рәсімделген және қол қойылған хабарлама-міндеттеме. Коммерциялық банк өз кезегінде, хабарлама-міндеттемені рәсімдейді де, оны өзінің коршотынан қарыз бен сыйақыны өтеуге қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасымен бірге ҚР ҰБ жібереді.
Біркүнді есептік несиені пайдаланғаны үшін сыйақы негізгі қарызбен бірге өтеледі. Егер несие мерзімі кешіктірілсе, бірінші кезекте сыйақы, одан кейін негізгі қарыздың сомасы, соңғы кезекте есептелген айыппұл сомасы өндіріп алынады.
Бағалы қағаздарды кепілге алу арқылы берілетін несие «Мемлекеттік бағалы қағаздардың кепілі негізінде банктерге ҚР ҰБ несиесін беру тәртібі туралы» ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл несие ҚР резидент-банктерге мемлекеттің ақша-несие саясатының бағытына сәйкес ҚР Ұлттық банкі белгілейтін несие көлемінің шегінде банк жүйесін қолдау және өтімділігін реттеу мақсатымен ҚР валютасында беріледі.
Несиені қамтамасыз ету құралына ҚР ҰБ ломбардтық тізіміне енгізілген мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілі жатады. Ломбардтық тізімге мемлекеттік мерзімсіз облигациялар (ММО), ауыспалы купондық табысты мемлекеттік несие облигациялары (МНО-АК), тұрақты купондық табысты мемлекеттік несие облигациялары (МНО-ТК) кіреді.
Коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге қоя отырып несие алған кезде келесі талаптарға сай болуы керек:
а) несие бойынша жеткілікті қамтамасыз ету құралының болуы;
ә) міндетті резервтік талаптарды толығымен орындау;
б) ҚР ҰБ ұсынған несие және сыйақы бойынша мерзімі өткен қарыздардың және ҰБ алдындағы басқа да мерзімі өткен міндеттемелердің жоқ болуы.
ҚР ҰБ мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, коммеррциялық банктерге келесі несие түрлерін ұсынады:
– күнішілік несиелер;
– біркүнді есептік несиелер ( овернайт несиесі);
– ломбардтық несиелер (мерзімі 3-тен 30 қоса дейінгі күнтізбелік күн аралығында). Қарыз алушы-банктердің ҚР ҰБ несиесін қайтару және ол бойынша сыйақы төлеу белгіленген мерзімде жүзеге асырылады және қайтару мерзімін ұзартуға тиым салынады.
ҚР Ұлттық банкі берілетін несие түріне қатысты пайыздық қойылымдарды несие беру мерзімі мен жиілігін ескере отырып, әртүрлі етіп орната алады.
Егер банк несиені толығымен қамтамасыз ете отырып, барлық қойылатын талаптарды орындайтын болса, несиенің бірнеше түрін, соның ішінде бір немесе әртүрлі мерзімге бірнеше ломбардтық несиені және/немесе бірнеше күнішілік несиені бір күн ішінде ала алады.
Банк пайдаланатын несие түрлерін таңдайды да, ҚР Ұлттық банкімен бас несиелік келісімшартқа отырады. Коммерциялық банктің корреспонденттік шоты жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім рәсімделеді, онда ҚР ҰБ ұсынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыз көлемінде ақша қаражаттарын аудару құқығы және күнішілік несиені банк-коршот иесінің келісімінсіз пайдалану құқығы үшін төлемдер белгіленеді.
Коммерциялық банктің өз депо шотында «ҚР Ұлттық банкімен блоктау» бөлімін ашу туралы қосымша келісімі бар өкілетті депозитарийде депо шоты болуы керек.
ҚР ҰБ несиелері банкке иелік ету құқына байланысты мемлекеттік бағалы қағаздарды алдын-ала блоктау шарты негізінде беріледі. Бұл бағалы қағаздардың өтелу мерзімі ҚР Ұлттық банкі ұсынған несиені өтеу мерзімінен 10 күнтізбелік күннен бұрын емес аяқталуы керек. Банк алдын-ала блокталған мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылымы мен санын өз бетінше анықтайды.
2.2 Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары
Банкаралық несие нарығын ұйымдастыру мәселесіне оралсақ, несиелік мәмілелердің зор үлесі, әдетте, банк басшылығы деңгейінде телефондық келісулер арқылы жасасады.
Яғни нарық бар, бірақ ұйымдаспаған түрде, бұл ресурстардың жылжымалылығын қиындатады және валюталық, несиелік тәуекелдерді ұлғайтады. БВБ бұл нарықтың дамуы бойынша бірнеше жыл жұмыс жүргізіп отыр: қаржы нарығын талдау, коммерциялық банктерді олардың банкаралық несие қойылымдары бойынша сұрастыру және тарту мен орналастыру бойынша орташа қойылымдарды есептеу жүргізіледі.
Банктер арасындағы өздерінің қойылымдары бойынша ашық бағалауда белгілі бір психологиялық кедергіні жеңуге бағытталған ұзақ жұмыстың нәтижесі болғаны назар аударарлық. Осы себептен, Қазақстанда несие нарығын ұйымдастыруға қажетті алғышарттар қалыптасқанына қарамастан қаржы нарығының бұл сегменті әлі ұйымдаспаған түрде болып отыр.
Аукцион арқылы сатылатын (78 аукцион өткізіліп, 5,3 млрд. тг. соммасына несиелер берілді) ресурстар көлемі ұлғайғанын, оларға қатысуға жіберу шартының өзгеруі мен сырт аймақтағы банктердің оларға қосылуы банкаралық несие нарығының қалыптасуына қажетті жағдай жасауына көмектескенін атап өту қажет.
2009 жылдың қаңтарында 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда банкаралық ақша нарығында өтімді қаражаттарды банкаралық теңге депозиттеріне орналастыру бойынша банктердің белсенділігі төмендеуі байқалды.
Желтоқсанмен салыстырғанда қаңтарда орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 7,4%-ға төмендеп, 296,0 млрд. теңгені құрады. Орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша сыйақының орташа қойылымы желтоқсанмен салыстырғанда 3,46%-дан 3,68%-ға дейін артты.
Валюталық қарыз алудың банкаралық нарығында банкаралық депозиттерге АҚШ долларымен орналастыру бойынша да банк белсенділігінің төмендеуі байқалды. Ағымдағы жылдың қаңтарында долларлық депозиттер 12,7 млрд. АҚШ долларына орналастырылды, бұл желтоқсандағы операциялар көлемінен 0,5%-ға төмен.
Орналастырылған долларлық депозиттер бойынша сыйақының орташа қойылымы желтоқсандағы 4,23%-нан 2009 жылдың қаңтарында 4,3%-на дейін өсті. Банкаралық қарыз алудың басқа түрлері бойынша операциялар елеусіз көлемдерде асырылды.
Бұл орайда, Ұйымдасқан Банкаралық несие нарығы (ҰБНН) технологиясын енгізу бойынша жоба банктік және іскерлік қоғам үшін қызықты әрі өзекті болып табылады. Бұл жоба Биржалық Кеңеспен бекітіліп, банк қоғамы жағынан сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жасауы үшін Қазақстан Коммерциялық Банктер Ассоциациясының қарастырылуына берілді.
Ұйымдасқан Банкаралық несие нарығы желілік архитектурасы үш негізгі құраушыны қамтиды: БМВБ сервер орталығы, коммуникациялық орталық және клиенттің (банктің) қашықтағы жұмыс орындары. Барлық үш компонент арасындағы байланыс нақты уақыт тәртібінде белгіленген сызықтар бойынша жүзеге асады. Серверлік орталық мәліметтер ағынын шифрлейді және олардың бағытталуын және дешифрлеу жүргізілетін қашықтағы жұмыс орындарына дейін коммуникациялық орталық арқылы жіберуді атқарады. Клиент өзінің жұмыс орнынан жүйеге бірнеше деңгейлі құпия сөздері көмегімен кіреді, содан кейін жұмыс тәртібіне көшу жүзеге асырылады. Бұл технология жүйеге рұқсатсыз кіруді немесе оны бұзуды болдырмауға арналған.
Қарапайым сөзбен айтқанда, банктер өздерінің кеңселерінде отырып, қашықтағы жұмыс орындары арқылы банкаралық несие сауда жүйесіне қосыла алады және өздерінің контрагенттерімен тікелелей мәмілелер жасаса алады. Яғни банкаралық несие нарық қатысушыларына, банкаралық несие электронды сауда жүйесі арқылы бірегей сауда алаңшасын ұйымдастыру үшін өзі құрып қойған нарық инфрақұрылымын пайдалануға ұсынады.
Бүгінгі күнде екінші деңгейлі бір банктерде өтімділіктің жетіспеушілігіне байланысты, басқаларында бос қаражаттар болуына байланысты қиындықтар туып отыр. Банктің өтімділігін дұрыс басқару банкке өзінің клиентіне уақытымен ақшасын төлеуге көмектеседі немесе қаражаттардың асып кетуін, яғни ақшалар тартылып, бірақ олардың жұмыс істемеу мәселесін шешеді.[8]
Сонда жоғары тәуекелдер (валюталық тәуекел, несиелік тәуекел және т.б.) банктерге бұл мүмкіндіктерді ұйымдаспаған нарықта пайдалануға болмайды. Жобаның мақсаты коммерциялық банктердің кең аумағына өздерінің активтерін «кеңседен шықпай» оперативті және тиімді басқаруға қажетті жағдайларды ұсыну. Бұған келесі мүмкіндіктер жатады:
өздерінің шарттарын (қойылымдарын, мерзімдерін және т.б. параметрлерін) жариялау;
электронды жүйеде келіссөздерді жүргізу мен мәмілелер жасасу;
банк шығындарын (ақпаратты жинауға, барлық мәмілелерді және келіссөздерді архивтендіруге кететін уақыт шығын және т.б.) азайту;
өтімділік балансына жету және банк жүйесінің басқарылуын ұлғайту, қаржы нарығын дамыту;
жалпы банк жүйесінде табыстылықты ұлғайту;
банктер туралы уақытылы және дұрыс ақпарат (баланстар, нормативтер бойынша ортақ мәлімет базасы) алу;
нарықтық «ақша бағасын» анықтау;
мәмілелер архивін жүргізу және т.б.
Берілген нарықтың мүмкін қатысушылары ретінде Қазақстанның барлық банктері бола алады. АМВБ Сауда Жүйесіне қосылған банктер бірінші клиенттері болады. Қашық жұмыс орындары жоқ банктер АМВБ Сауда залында жұмыс орындарын пайдалану мүмкіндігі болады.
ҰБНН жұмысынан болатын мүмкін тікелей және жанама әсерлері ретінде болады:
уақытша бос ақша қаражаттарының бір келкі және тиімді бөлінуі;
несиелік және басқа тәуекелдерді орташа банктерден ірірек банктерге ауысуын;
капитал жылжымалылығын ұлғайту арқылы банк бизнесінің табыстылығын жоғарлату;
қаржы билік органдарының әрекеттеріне сезімталдығын жоғарлату;
ақшаның, әсіресе теңгелік ресурстарының, нарықтық құнын қалыптастыру;
басқа қаржылық, соның ішінде ұзақ мерзімді құралдардың дамуына қажетті алғышарттарды құру;
банктердің ірі ақпараттық ашықтылығына ұмтылу;
банктік қызмет көрсетулер санын ұлғайту және шоттардағы қалдықтар бойынша күнделікті есептелуі арқасында клиенттік базаның ұлғаю мүмкіндігі.
Берілген нарықтың қатысушылары арасындағы ара-қатынасты және тәртіпті реттейтін нормативті құжаты ретінде ҰБНН қатысушыларының (Дилерлердің) қызметі туралы Ұжымдық келісім болады.
Банктер қоғамының ҰБНН жобасы туралы ресми пікірін ҚР КБ Ассоциациясынан алғаннан кейін және қажет болса жобаға сәйкес өзгертулер енгізгеннен кейін оның жүзеге асырылуы көп уақытты алмайды.
Сонымен қатар, көршілес Ресейде банкаралық несие нарығын ұйымдастырудың берілген түрі пайдаланып отыр. Осылай, соңғы жылдары Ресейде банкаралық несие нарығының дамуында үлкен серпіліс болды. Көптеген ресми адамдар, банкирлер банкаралық несие нарығының іске қосылуы туралы оң пікірін айтады. Мысалы, банкаралық несие нарығының даму мәселелеріне РФ ОБ Қор операцияларының Басқармасы бастығының орынбасары М.В.Кузнецов тоқтады. Оның айтуынша, Мәскеулік банкаралық валюта биржасы несие нарығын қалпына келтіруге көмекесетін, «РЕПО» банкаралық нарығын жобалауды бітірді.
Жүйе бүгін «бір-біріне қарсы» принципі бойынша жұмыс істейді, бұл банктерге бір-бірін несиелеуге мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде несиелерді Ресей банкінің облигациялары қамтамасыз етеді. РФ ОБ өкілінің пікірінше, бұл даму үшін үлкен потенциал және кеңеске қатысушыларды жаңа нарықтың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.
Дүние жүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры 1944 жылы Бреттон-Вуд институттары атымен құрылды және 182 ел өкілдерімен (1999 жылдың қаңтары) басқарылады. Бұл халықаралық қаржы институттары елдерге несие беріп, әлімдік валюта жүйесінің жұмыс істеу принциптерін жобалайды, валюта-несиелік және қаржылық қатынастардың мемлекетаралық реттеуін жүзеге асырады. Олардың штаб-пәтерлері Вашингтонда орналасқандықтан, АҚШ-қа, ХВҚ-да 17,5% және ВБ 14,96% дауыс квотасы бар, жетекші акционер ретінде бұл ұйымдардың саясатына әсер етуге мүмкіндік береді.
Евровалютті нарықтың тууымен және өте күрделі коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты ақша ағындары бүкіл дүние жүзі бойынша, бұрын ойлап көрмеген, көлемде және жылдамдықпен жылжи бастады. Сондықтан корпорациялар мен депозитті мекемелер басқа елдерде болған, пайыздық қойылымдардың сәл өзгерулерін құралдардың қозғалуы жолымен сезінеді. Бұл қозғалатын құралдаррдың үлкендігі сондай, пайыздық қойылымдардағы сәл айырмашылық құралдар аударылуының шығындарын ақтайтындай, едәуір пайда әкеле алады.
Евродолларларды сату евровалютті нарықта жетекші ретінде қала берді. Соған қарамастан, әр түрлі валюталардағы сан алуан қаржылық активтердің болуы және пайыздық қойылымдардың алуан түріліліг әр түрлі елдердегі пайыздық қойылымдарды салыстыруды қиындатты. Сондықтан, сауда қатысушылары авровалютті нарықтағы қарыздар бойынша пайыздық қойылымдарды лондондық банкаралық депозиттер нарығының (London Interbank Offer Rate, LIBOR) ұсыныс қойылымдары негізінде, оған қоса белгілі пайыз орнату туралы келісімге келді. LIBOR – лондондық алты ірі банк несиелер беретін немесе депозиттер қабылдайтын және нарықтық таңертең, нарықтық операциялар басталғанда орнатылатын пайыздық қойылым. Евровалютті нарықтағы депозиттер бойынша пайыздық қойылым әдетте LIBOR немесе еркін айналыста болатын АҚШ-тың депозитті сертификаттарына сілтеме жасалып жарияланады. Мұндай келісім пайыздық қойылымдарды өлшеуді жеңілдетті.[14]
Халықаралық банк қызметтерін енгізу және дамушы мемлекеттерге несие көлемін арттыруға бағытталған АҚШ үкіметінің әрекеттері евровалюттік нарық арқылы басқа елдерді несиелеуде американдық банктердің кірісушілігін жеделдетті. Бұл несиелердің көпшілігі сондицирленген (syndicated loans)болып табылады, яғни олар банктердің үлкен емес тобымен беріледі және содан кейін қарыздың бір бөлігі басқа банктерге банкілік консорциумге шақыру ретінде сатылады.
Америкадық банктердің евровалютті нарықта 1980-ші жылдары берілген көптеген халықаралық несиелермен жұмыс істеу тәжірибесі айтарлықтай үлкен болған жоқ. Көптеген банктер, болжамдарына қарамастан евровалютті нарықтың белсенді кредиторларына айналмады. Бұл банктердің көпшілігі осындай несиелердің жоғары табыстылығын болжады. Оған қоса, олар 1980-ші жылдардың басындағы мұнай бағаларының төмендеуін күтпеді, бұл көптеген дамушы елдерге теріс әсерін тигізді және банк портфелінің тәуекелін әртараптандыруына, болжағаннан әлдеқайда төмен үлес қосты.
Қазіргі уақытта валюталық нарық пен банкаралық несиенің негізгі даму себебі ретінде банктің өтімділігі қарастырылады. Банктің өтімділігі дегеніміз оның активтерін ақшалай қаражаттар түрінде қолдану және активтерді ақшалай қаражаттарға тез айналдыру. Банк өтімді деп саналады егер де ақшалай қаражат пен басқа да ликвидті активтер сомасы банктің қарыздық және қаржылық міндеттемелерін жабуға жеткілікті болса. Банктің өтімділігін басқару активтерді басқару және пассивтерді басқару арқылы жүргізіледі. Біз пассивтерді басқару арқылы өтімділігі дамытуды қарастырамыз.
Ресей мемлекетінің мысалында, өйткені Ресей экономикасы біздің экономикаға ұқсас, мен банкаралық несиені ақша-несие саясатының трансмиссиялық жүйесінің элементі ретінде қарастыруды ұсынамын. Бұл саясаттың негізгі мақсаты инфляциялық таргетирование жүесіне өту. Оның нәтижесі ретінде біз валюталық бағам бойынша басқарудан Қазақстан банктерінің пайыздық саясат әсерін күшейтуге тырысамыз. Бұл жүйеге өту яғни негізінде инфляция қартықының бір қалыпты ұстау мен баға теңдігін қалыптастыруда тұрады. Сонда біз бұл жүйені қолдануға ұсынғаным ҰТ сол арқылы ақша массасы мен нарықтық пайыздық сөлшерлемені өзгерте алады. Банкралық несие нарығында көбінесе қысқа мерзімді мәмілелер жүргізіледі. Және сол несиелер үшін пайыздық коридор қолданады, яғни жоғарғы пайыздық мөлшерлеме овернайт (бір күндік несие),ал астынғысы том-некст депозиттері бойынша пайыздық мөлшерлеме. Бұл банк құралдары әрдайым қолданады және өтімділікті абсорбилеу үшін қолданады. Көбінесе банкаралық несие саясатын дұрыс жүргізу кризистік жағдайларда өте маңызды. Өйткені пруденциалды нормалар бойынша және банк клиенттері үшін банк өтімділігі мен төлем ақылығы өте маңызды. Мысалы, 2004 жылы банкаралық несие нарығында сенім кризисі болды, сонда дестабилизация кесірінен кіші және орта коммерциялық банктерді несиелеу көлемі азайды. Өтімділіктің төмендеуі көптеген банктерден лицензияларды тартып алуға әкелді. Осы кезде үкімет менің ойымша, несиелік ұйымдардың қайта қаржыландыру құралдырына қол жеткізуді жеңілдету керек. Мысалы, Репо бойынша банктермен тікелей жүмыс жүргізу. [16]
Банктер өтімділігін минималдығы шығындармен жүргізу үшін сөзсіз қаржы имиджін қажет етеді. Әр жаман мәлімет кесірінен клиенттер өзінің салған ақшаларын қайтаруға тырысады, ал бұл банктің активтерінің азайуына әкеледі. Сонымен қатар жоғарыда айтылғандай банктің өтімділігінің коэфициентіне байланысты соңғы кезде банкаралық несиенің дамуын көруге болады. Біздің мемлекетте бұл көбінесе ҰТ пен екінші деңгейлі банктер арасында жүргізіледі. Бірақ бізге тек өтімділік деңгей көтеру жағанан ғана қарастырмай басқа да банкаралық операцияларды дамыту жолдарын қарастыру керек. Мысалы, қазір дүние жүзінде Forex конверсионды операциялары тез дамып келеді. Бұл жерде контрагенттер арасында валютаны сату мен сатып алу бойынша операциялар туралы айтылады.
Банкаралық несиелеу қаржы нарығының аса ірі сегменттеріне жатады, мұнда қысқа мерзімді несиелік ресурстар банкаралық несие мен банкаралық депозит түрінде сатылып алынады және сатылады.
Ақша нарықтары валюталық нарықтарға және несие нарықтарына бөлінеді. Несие нарықтарында кәсіпорындар мен бактер мерзімді қарыздарды ала алады. Кәсіпорындар, әдетте, коммерциялық банктерде несиеленеді.
Банкаралық несие ретінде бір банктің басқа банкке береген несиесі немесе басқа банкте орналастырылған банк депозиті бола алады. Берілген жағдайда несиелік қатынастардың субъектілері коммерциялық және орталық банктер болып табылады.
Банкаралық несие – банктердің несиелік мекемелердің бос ақша ресурстарын уақытша өзара тарату мен орналдастыру. Бір банктердің өз клиенттерін несиелеу үшін тапшылықты басынан кешіп отырған, басқаларына бос несиелік ресурстарды қайтарымдылық негізінде қайта үлестіру кезінде пайдаланады.
Банкаралық қарыздар нарығы – коммерциялық банктердің өз несие ресурстарын толықтыру көздерінің бірі және өзінің өтімділігін оперативті реттеудің маңызды құралы.
Қазіргі уақытта банкаралық несие жетерліктей кең таралған. Ол банктер арасында несиелік ресурстарды сату-сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан кезде пайда болады.
Банк өтімділігінің мәселесі, дәлірек айтқанда өтімділік пен табыстылықтың тиімді қиылыстырылуы - әрбір банк үшін, жүйеқұрушы ірі банк болсын немесе корпоративті клиенттерге қызмет көрсететін кіші банк болсын, бұл маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе банкаралық несие бойынша мәміле жасасатын банктерге де тиісті.
Несиелік ресурстар нарығы қаржылық нарықтың басқа сегменттерінен коммерциялық банктердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша өзінің әмбебаптылығымен ерекшеленеді, өйткені ол түрлі банктік операциялармен байланысты банкаралық қатынастарды қарапайым етеді. Оған қоса, ол коомерциялық банктер балансының өтімділігін қалыпты ұстауға, корреспонденттік шоттарды толықтыруға және нарықтың басқа көбірек табысты сегменттерінде активті операциялар жүргізуге қажетті құралдардың көзі болып табылады.
1. Айманова В.К. ҚР банкілік несиелендіру, //«Бухучет в банке», 2001. - 22б.
2. Алимбаева Л.Д. «Коммерциялық банктер меншікті қаражаттарының жеткіліктігі»//Финансовый бизнес 2003, №11
3. Бабичева Ю.А. “Банк ісі” М, 1993 ж.
4. Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі, Абдулина Н.К. ред.аст. А., 2002. –. 110б.
5. Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі,. Абдулина Н.К. ред.аст А., 2001ж.
6. Банк ісі / В И Колесников, Л П Кроливецкая ред.аст. – М., Финансы и статистика, 2002ж.
7. Вестник АРБ, Москва, 23.02.2001.
8. 2001ж. 2 наурыз «Банк қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы»
9. 2005ж. 5 наурыз «Қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы»
10. 1995ж. 30 наурыз «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңды күшке ие президент жарлығы
11. 07. 2003ж. «ҚР банктер мен банк қызметі туралы» Заңы.
12. 30.03.1995ж «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заң, толықтырулармен 1.03.2004.
13. 2003ж. 4 шілде «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау туралы» Заң N 474-II
14. «Минималды резервті талаптар туралы Ережелерді бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банктің Ережелері 2002 жылдың 3 тамызынан.
15. «Экономикалық көрсеткіштерді болжам, экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банктің Өтініші туралы» ҚР ҰБ төрағасының Бұйрығы 2006 жылдың 12.07.2005 бастап.
16. Васильева Е., Пономаренко А., Поршаков А. Краткосрочные процентные ставки и состояние ликвидности денежного рынка в России на фоне мирового финансового кризиса //Вопросы экономики. - 2009. - N8.
6