Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 14:03, курсовая работа
Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы. Оның пәні мен зерттеу әдістері мен макроэкономикалық саясаттың негізгі түрлері. ҚР 2010 жылғы макроэкономикалық саясаты. 2006-2008 жылдардағы Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері.
Кіріспе 3
1 Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы 4
1.1 Негізгі макроэкономикалық көзқарастар 4
1.2 Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкномикалық тұрақсыздық 7
2 Макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістері 11
2.1 Макроэкономика пәні 11
2.2 Макроэкономиканың зерттеу әдістері : агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу 13
2.3 Макроэкономикалық саясаттың негізгі түрлері: ақша-несие (монетарлық) саясат, салықтық-бюджеттік (фискалдық) саясат, әлеуметтік саясат, сауда саясаты. 17
2.4 2006-2008 жылдардағы Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері 20
3 ҚР 2010 жылғы макроэкономикалық саясаты 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы | 4 |
1.1 | Негізгі макроэкономикалық көзқарастар | 4 |
1.2 | Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкномикалық тұрақсыздық | 7 |
2 | Макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістері | 11 |
2.1 | Макроэкономика пәні | 11 |
2.2 | Макроэкономиканың зерттеу әдістері : агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу | 13 |
2.3 | Макроэкономикалық саясаттың негізгі түрлері: ақша-несие (монетарлық) саясат, салықтық-бюджеттік (фискалдық) саясат, әлеуметтік саясат, сауда саясаты. | 17 |
2.4 | 2006-2008 жылдардағы
Қазақстанның негізгі |
20 |
3 | ҚР 2010 жылғы макроэкономикалық саясаты | 23 |
Қорытынды | 25 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | 26 |
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы макроэкономикалық теория: пәні және зерттеу әдістері. Макроэкономика (makros – үлкен және oikonomike – үй шаруашылығын ұйымдастыру ережелері) ғылымы микроэкономика тәрізді экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады. Макроэкономика – бұл елдің экономикасына, оның шаруашылығына тұтастай қатысты ірі ауқымды экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттейтін экономикалық ғылымның бір саласы. Макроэкономика ғылымы ағылшындық атақты экономист Джон Мейнард Кейнстің 1936 жылы жарыққа шыққан «Жұмысбастылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» атты іргелі еңбегінен бастау алады. Макроэкономика – бұл мемлекеттердің экономикаларының өрлеуі мен құлдырауының себептерін зерделеуді, сонымен қатар, жаһандық экономикалық мәселелреді және дағдарыстарды болдырмауға мүмкіндік жасайтын экономикалық саясатты даярлауды зерттейтін ғылым. Осы жұмыстың өзектілігі біріншіден соңғы кездері макроэкономиканы зерделеу мүддесі болып табылады.Ол келесі себептермен көрсетілген. Біріншіден, макроэкономика тек макроэкономикалық үрдістер мен құбылыстарды жай ғана сипатттамайды,олардың заңдылықтары мен тәуелділіктерін анықтайды, экономикадағы себеп-салдарлық қатынастарды зерттейді. Екіншіден, макроэкономикалық тәуелдіктер мен экономикадағы қарым-қатынастардан жағдайды бағалауға мүмкіндік беріп және оның жақсаруы үшін не істеу керек екенін көрсетіп, және те біріншіден саясат қызметкерлері не жасау керек екенін көрсетіп,экономикалық саясатты жасауға мүмкіндік береді.Үшіншіден, макроэкономикадан біліп түйгеніміз болашақтағы үрдістер қалай дамитыны жайлы білуге мүмкіндік беріп, болжам жасап, болашақтаға экономикалық мәселелерді болжауға мүмкіндік береді. Берілген жұмыстың басты мақсаты – макроэкономика басты мәселелері мен олар қолданатын әдістерін қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа қатысты жұмыстың басты міндеттері қойылған – макроэкономиканың деректемелерін табу, «макроэкономика» ұғымына анықтама беру, микро- және макроэкономиканың айырықшылықтарын көрсету, макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістерін қарастыру және те оның негізгі ұғымдарының мазмұнын ашу. Зерттеу объектісі – макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістері болып табылады. Зерттеу пәні – белгілі бір елдің экономикасының макроэкономикалық саясатын анықтап, баға беру. Бірінші бөлімде макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы жайлы сөз қозғалады және де негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер қарастырылады. Негізгі және алғашқы макроэкономикалық көзқарастар қарастырылады. Екінші бөлімде макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістері қарастырылады.
Макроэкономиканың зерттеу әдістері: агрегаттау және макроэкономикалық үлгілеу болып табылады. 2006-2008 жылдардағы Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және макроэкономикалық саясат қарастырылады.
Үшінші бөлімде ҚР 2010 жылғы макроэкономикалық саясаты анықталады.
Макроэкономика (makros – үлкен және oikonomike – ұйымдастыру ережелері) ғылымы микроэкономика тәрізді экономикалық теорияның бір бөлігі. Макроэкономика – бұл елдің экономикасына, оның шаруашылығына тұтастай қатысты ірі ауқымды экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттейтін экономикалық ғылымның бір саласы. Макроэкономика ХХ ғасырда пайда болды, бірақ та оның құрылуының түп негізі екі ғасырдан астам уақытқа артқа созылып жатыр. Ең алғаш макроэкономиканың заңдылықтарына сипаттама беруге тырысқан француз мектебінің өкілі Франсуа Кэне (1694-1774) болып табылады. Ол жер иеленушілер отбасында туып, медициналық және құқықтық білім алып, сол кезде Людовик ХV сарай ішіндегі дәрігері және те мадам Помпадурдың қолдауына ие болды. 1764 жылдары медицинаға арналған ғылыми жұмыстарынан кейін Ф. Кэне өзінің «Экономикалық кестелер» атты өміріндегі басты еңбегін жазып (1758 ж.), осы еңбегінде ол осындай қорытынды жасады: қоғамдық өнімнің табиғи және құнды элементтері арасында нақты анықталған теңгермелі қоғамдық өндірістің бағдарын құра аламыз деп пайымдады. Ф. Кэне айырбас байлыққа әкелетіні жайлы меркантилистердің көзқарасын жоққа шығарып , ол байлықтың негізгі көзі тек егіншіліктегі еңбек емес , ал өндірілген өнімнің ауыл шаруашылығының тұтынуы , бірақ та оның шектелімділігі - байлықтың негізі болып еңбек тек егіншілікте ғана деп санағандығында болып табылады. Ф. Кэненің айналасында оның шәкірттері мен жақтастары болған : В. Р. Миробостарший (1715-1789), Дюпен де Немур (1739-1817), Анн Тюрго (1727-1781).
ХХІ
ғасырда Карл Маркстың (1818-1883) ұдайы
өндірістің кеңейтілген көрінісі және
швейцар экономисі Леон вальрастың
(1834-1910) жалпы тепе-теңдік теориясы пайда
болды. Л. Вальрас – математикалық мектептің
ең бір кең танылған теоретигі. Ол жалпы
экономикалық тепе-теңдіктің үлгісін
және соның негізінде ұсыныс пен сұраныстың
анализі мен бірнеше теңдіктердің жүйесін
жасап шығарды. Ең бірінші макроэкономиканың
терминін өзінің мақаласында 1933 жылы
әйгілі норвег ғалымы, экономист-математик,
эконометриканың негізін қалаушылардың
бірі, Нобель сыйлығының иегері Рагнар
Фриш (1895-1973) қолданған болатын. Бірақ та
макроэкономикалық теория өзінің бастауын
әйгілі ағылшын экономисі, Кембридж мектебінің
өкілі, лорд Джон Мейнард Кейінстің (1883-1946)
іргелі еңбегінен алады.
1936 жылы ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің «Жұмысбастылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегінің пайда болуы ұлы тоқырауға тікелей қатысты болып және те макроэкономиканың дербес экономикалық жүйе ретінде пайда болуына негіз болды. Кейнстің негізгі идеясы : классиктер есептегендей нарықтық экономика ұзақ уақыт бойы өзін-өзі реттей алмайды, өйткені баға ылғи да икемді болмайтындықтан осылай болатынын ол тұжырымдаған. Осы жағдайда экономика баға тетіктері арқылы тоқыраудан өзі шыға алмайды, сондықтан мемлекеттің жиынтық сұранысты ынталандыру енгізінде араласуы керек. Кейнсиандық көзқарастардың пайда болуын кейін экономикада «Кейнсиандық революция» деп атады. Сонымен осы жайды да ескере кеткен жөн, макроэкономиканың құрылуына әсер еткен. Ол ұлттық шоттар негізінде жүйелі санақтың пайда болуы болып табылады. Мәліметтердің бар болуы макроэкономикалық құбылыстардың өзара байланысы мен серпінінін бақылау мен сипаттауға мүмкіндік береді. Ол макроэкономика ғылымының дамуындағы бірінші қадам болып табылады. Өзінің кітабында Дж. Кейнс экономикалық теория үшін жаңа түсініктемелер мен санаттарын ойлап тауып, оларды макроэкономикалық талдаудың міндетті құралдары ретінде қолданып , қазіргі кезде оларды экономикалық теорияның барлық бағыттары мен мектептернің ғалымдары қолдануда. Кейнс келесі макроэкономикалық мәселелерді бөліп көрсетті : экономикадағы жұмысбастылық деңгейін анықтайтын факторлар мен жұмыссыздықпен қарсы күресудің әдістерін , экономикадағы бағаның рөлі мен бағағ деген сұранысты анықтайтын факторларды , пайыздық мөлшерлемесі игіліктер мен ақша нарығын өзара байланыстыруды қаматамассыз ететін табыстама тетіктің басты элементі екенін көрсетті. Болашақта ғылымның дамуы негізінде оған мына экономикалық мәселелер : экономикалық динамика, инфляция және т.б келіп қосылды.
Нарықтық
экономика толық
Кейнсиандық революцияға қарсы көзқарастар пайда болды. Осылардың жауабы ретінде классикалық парадигманы және басшылығында оның негізін қалаған Фридман Милтонның болуымен монетарлық доктринаның пайда болуы көрсетілді. Олар нарық өзін-өзі реттей алады деген көзқарасты алға қойып және те басты орынға баға ұсынысын шығарды. Монетаристердің көзқарасына сәйкес белсенді кейнсиандық саясатқа байланысты баға өзгерісін емес, бағаның тұрақтылығы макроэкономиканың ахуалын тұрақтандырады деп бөліп қарастырды.
Монетаризм өзін-өзі реттейтін анрықты және неоклассикалық макроэкономиканы экономикалық теорияның жаға ағымы ретінде ұсынды. Сонымен қатар кейнсиандыққа қарсы баламалы бағыттар дамып, бірақ та енді микроэкономикалық міне-құлықтық үлгілер негізінде болды.
Қазіргі ғасырдың бас кезінде екі макроэкономикалық класиикалық және неоклассикалық мектептер құрылып, олар макроэкономикалық саясаттың ұсынысына мүлдем қарсы бағытта дамыды.
Осының барлығы макроэкономика жалпы экономикалық теорияның бір бөлігі ретінде, шаруашылық саланың жаңа аспектілерін өзіне қоса отырып дамып келеді дегенді білдіреді. Макроэкономика – ұлттық экономиканың қызметін біртұтас экономикалық жүйе ретінде қарастырады.
Макроэкономикалық жүйе – бұл оның көптеген салыстырмалы дербес шаруашылық субъектерінің өзара іс-әрекетінің нәтижесі. Макроэкономикада экономикалық тұрақты өсуге, ресустардың толық жұмылдырылуына, инфляция деңгейін минималдауға және төлем балансының теңдестігіне жағдайларды (қолайлы мүмкіндіктерді ) қамтамассыз ету тұрғысынан алғанда экономиканы біртұтас зерттейтін ғылым. Макро деңгейде зерделенетін үрдістер категорияларға біріктіріледі. Бұлар жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), қорлану қоры және т. б. агрегаттанған шамалар.
Ғылыми-технолошиялық ілгерлеушілік және халық санының өсуі нәтижесінде экономикалық өсу болады. Дәлірек айтқанда, бұл фактордың серпіні (динамикасы) ұзақ мерзімді кезеңде өндірістің әлуетті көлемінің серпінін анықтайды. Алайда, қысқа мерзімді кезеңде экономика бұл негізгі траекториясынан, яғни әлуетті деңгейінен жиі ауытқып отырады . Сондықтан, тұрақты экономикалық өсуді циклдық толқуларды дұрыс басқару арқылы ғана қамтамассыз етуге болады.
Ресурстардың
толық жұмылдырылуын және инфляциясыз
(өте әлсіз инфляция) экономикалық
өсуді қамтамассыз ету
а) | ә) |
Сурет
1 – ҰМК-дегі экономикалық өсу (а) және
ҚМК-дегі экономикалық өсу (ә)
Ұлттық есепшоттар жүйесі дегеніміз макро деңгейдегі экономикалық үрдістердің барысын, нәтижелерін сипаттайтын өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі. Ол – елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалайтын халықаралық стандарт болып табылады. Мұнда тауарлар мен қызметтердің шығарылым көлемі, қоғамдық жиынтық табыс және жиынтық шығындар секілді маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) негізінде есептеліп, бейнеленген. Яғни, ұлттық есепшоттар жүйесі ЖІӨ-нің барлық сатыларындағы (өндіру, тарату, айырбастау, тұтыну) қозғалысын көрсетеді.Ұлттық есептер теориясының қалыптасып, дамуына әлемнің даңқты экономистері Дж. М. Кейнс, Р. Стоун, В. Леонтьев, Дж. Хикс және т.б. үлкен үлес қосты. Ұлттық есептер теориясын және дамыған алдыңғы қатарлы елдердің ұлттық есептер жүргізудегі тәжірибелерін ескере отырып, БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы алғаш ретжылы ҰЕЖ-нің стандартын жасап, қолданысқа енгізді. Соңынан, оған 1968-1993 жылдары толықтырулар енгізіліп, жетілдіріле түсті. Ал, біздің елімізде 1993-жылдан бастап ЖІӨ-нің есебі ҰЕЖ негізінде жасала бастады. Қазіргі күнде, ҰЕЖ әлем елдерінің басым көпшілігінде (150-ден артық елде) қолданыста.
ҰЕЖ-нің негізінде:
Ұлттық
экономиканың қызметтерінің бағалайтын
генізгі макроэкономикалық