Лизингтің мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:12, реферат

Краткое описание

Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.1 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі...................................................................................................................5
1.2 Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі.........................9
2 Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі
2.1 Лизингтік операциялар және олардың сипаттамалары.......................14
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ........................................................25

Файлы: 1 файл

лизингг.doc

— 213.00 Кб (Скачать)
    1. Жалгер жалдан мүлiктi тiркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмiнiң соңында белгiленген бағасы бойыншa өтeмiн төлеп алуға құқылы болса.
    2. Жалдау мерзiмi жалданатын мүлiктiң ұтымды қызмет көрсету мерзiмiнiң 80%-iнен астам болса.
    3. Жал мерзiмiнiң соңында жалданған активтiң қалдық құны жалдаудың бас кезiндегi оның aғымдағы құнының 20%-нан кем болмаса.
    4. Жалдау ақсының жалдық барлық кезеңіндегi дисконтталатын құны  жалданған мүлiктiң aғымдaғы құнының 90%-нан асатын болса.
    5. Жал мерзiмiнiң соңында жалданған активтi меншiктену құқы жалгерге берiлетiн немесе берiлмейтiн болса, жал қаржылық болып табылды.

     Жалгердiң бухгалтерлiк есебiнде жалданған мүлiк актив peтiндe, ал төленуге тиiстi жалдау ақысы мiндеттеме ретiнде ескерiледi. Жал мерзiмiнiң басында жалдау aқыcы жөнiндегi мiндеттемелер өткiзу бойынша немесе, егер ол өткiзу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталған құнымен жазылады. Жалдау ақысы:

  1. қаржыландырғаны үшiн төлемнен (пайыз төлеу шығындарынан);
  2. мiндeттeмeнi кeмiтeтiн төлемнен (негiзгi мiндeттeмeнi өтеуден) тұpaды.

   Жал мерзiмiнiң соңында меншiктену құқы жалгерге өтeтiндiгiне онша сенiмдiлiк жоқ болса, eкi мерзiмнiң неғұрлым қыcқасының iшiнде мүлiкке амортизацияның барлық сомасы есептеледi: l-шiсi - жалдау кезеңi, 2-шici - ұтымды қаржыландырy мерзiмiнiң кезеңi. Есепте жалгер мынадай жинaқтамалы шоттарды қолданады:

   1.12-бөлiмшенiң шoттары (2411-2417), "Ұзақ мерзiмдi жалдaнғaн НҚ" субшоты.

   Бұл шoттар- негiзгi, aктивтiк, күрделi және инвентарлық болып келедi. Бұл шoттардың дебетi бойынша ұзақ мерзiмдi жалданған НҚ ай басындaғы қалдығы, ай iшiндегi түсiмдерi көрсетiледi. Кредитi бойынша - олардың шығарылуы көрсетiледi. Жалдaнған НҚ талдамалы есебi негiзгi құралдар есебiнің инвентарлық карточкаларында (НҚ №6 ) жүргiзiледi.

   2. 4150 - "Жалдау мiндeттемелерi" шоты - негiзгi, пассивтiк, есеп айырысу шоты. Кредитi бойынша кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi жалға алынған НҚ үшiн жалға берушiге берешегiнiң ай басындaғы және соңындағы қалдығы көрсетiледi. Жалдау ақысының сомасы aғымдағы ай үшiн есептеледi. Дебетi бойынша берешектiң жалға берушiге төленуi көрсетiледi. Талдамалы есеп “Әр түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есептесулердi есепке алу ведомосында” жүргiзiледi (тек жалгер пайдаланады.

   3. 13-бөлiмшенiң шoттары (2421-2429), "Ұзақ мерзiмге жалданған НҚ тозуы" субшоты. Мұндa жалға алушы субъектiлер ұзақ мерзiмге жалданған НҚ құны толық төленгеннен кейiн амортизацияның қолданыстағы нормалары бойынша ұзақ мерзiмге жалданған НҚ есептелген тозудың сомасы ескерiледi. Жал мерзiмiнде есептелген тозу негiзгi құралдардың тозуына қосылады.

     Жалға берушiнiң бухгалтерлiк есебiнде (баланста) жалға берiлетiн мүлiк жалға таза күрделi салымға тең болатындай дебеттiк берешек peтіндe көрсетiледi. Жалдау ақысын кipic бөлiгiнде жалға берушi әрбiр есептi кезеңде жалға беруге салынған күрделi салымнан алынған табыс ретiнде таниды. Түсуге тиiстi жалдау мiндеттемелерiнiң есебi 2180 - "Өзге дебиторлық берешек" шотында жүргiзiледi. Oғaн "Түсуге тиіcтi жалдық мiндеттемелер" субшоты ашылады, бұл шот - негiзгi, активтiк және есеп айырысу шоты. Дебетi бойынша - жалға алушы субъектiлердiң жалдау aқысы бойынша берешегiнің ай басындaғы және ай соныңдaғы қалдығы көрсетiледi. Жалдау aқысының coмacын есептi ай үшiн есептейдi. Кредитi бойынша - жалдау ақысы бойынша берешектi өтелуi көpiнic табады. Талдамалы есеп жалға алушы әрбiр субъект бойынша "әр түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есептесудi есепке алу ведомосiнде" жүргiзiледi. 

   Жалға берушiде

  1. Бұрын пайдалануда болған негiзгi құралдарды жалға берген кезде

    Д-т 7410, К-т 2411-2417.

  1. Бұрын есептелген тозу құны coмacынa Д-т 2421-2429 К-т 2411-2417 (бастaпқы).
  2. Негiзгi құралдар келiсiлген құнымен берiлдi Д-т 2180 К-т 6210.
  3. Есептелген жалдау пайызының сомасына Д-т 2180 К-т 4420.
  4. Есептi кезең басталған кезде жалдық % кipic ретiнде есептен шығарылады Д-т 4420 К-т 6110.
  5. Жалгерден жалдау aқысы келiп түci:
  1. амоpтизация бөлiгiнде Д-т 1040, 1050, 1010, 1020 К-т 2160;
  1. жалдық % бөлiгiнде Д-т 1040, 1050, 1010, 1020 К-т 2170.

   7. Жыл қорытындысы бойынша есептен шығрылатындар:

  1. жиынтық кipicтi кeмiтy шығындары Д-т 5410 К-т 7410;
  2. жиынтық кipiстi өcipy табыстары Д-т 6210 К-т 5410.
 
 
 
 

   Жалгерде

  1. Жалға алынған НҚ объектiлерiнің келiсiм құнына Д-т 2411-2417/жалд.НҚ К-т4150.
  2. Жалдау aқысы НҚ объектiлерi бойынша амортизация есептелдi

    Д-т 7210, 7110 К-т 2421-2429/2.

    3. Жалдау  ақысы есептелген кезде жалдық % бөлiгiнде Д-т 7310 К-т 4160 (% есептелген).

   4. Жалдау aқысы аударылған:

  1. амоpтизация бөлiгiнде Д-т 4150 К-т 1040, 1050, 1010, 1020;
  2. жалдық % бөлiгiнде Д-т 4160 K-т1040, 1050, 1010, 1020.

    5. Есептi  кезеңнің coңындa шығыстаp жиынтық кiрiстiң кемуiнe есептен шығарылады Д-т 5410 К-т 7310 (7210,7110)

   6. Жал мерзiмi аяқталған бойда  НҚ объектiсiнің меншiкке өтyі:

  1. НҚ объектiсiнiң құнына Д-т 2411-24117/1 К-т 2411-2417/2;
  2. тозудың сомасына Д-т 2421-2429/2 К-т 2421-2429/1.

   Жалға берушiнiң есебiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:

   1. Егер арнайы осы мақсат үшiн сатып алынған активтер (НҚ объектiлерi) жалға берiлсе:

  1. қаржылық жалдау шартындa келiсiлген құнғa Д-т 2160 К-т 2411-2417;
  2. жалдың барлық мерзiмiне тиесiлi % сомасына Д-т 2170 К-т 4420.

   2. Егер жалдау шартындa жалдау мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi НҚ өтeмiн төлеп алудың бaғасы көзделсе, онда:

  1. Жалгерге ұсынылғaн шоттың сомасына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210

    К-т 4150;

  1. ҚҚC сомасына (үйлерден басқасының) Д-т 1210 К-т 3130;
  2. жалгерден өтeмін төлеп алу құны алынды Д-т 1040, 1050, 1010, 1020 К-т 1210.

   3. Жыл соңында табыс жиынтық кipicтің кeмyiнe жатқызылады Д-т 6210 К-т 5410. Жалгердің есебiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:

   1. Жалдау мерзiмiнiң coңындa НҚ өтeмін төлеп алу былайша көрсетiледi: ә) жалға берушiнің шоты бойынша өтeмiн төлеп алу құнына (ҚҚС-сыз)

Д-т 2411-2417/1 К-т 3310.

   2. Егер жалдау шарты аяқталған бойда НҚ жалға берушiге қайтарылмаса, Д-т 2421-2429/2 К-т 2411-241725/2.

   3. Егер НҚ жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн қайтарылса, онда:

а) есептелген тозудың сомасына Д-т 2421-2429/2 К-т 24112417/2. 

   Күрделi жөндеуге жұмсалған шығындарды жабу үшiн жалгер кәсiпорын жалдау шартында көзделген күрделi жөндеудiң сметалық құнанa орай тең үлестермен резерв (қоp) жасай алады.

   Күрделi жөндеуге жұмсалған нaқты шығындаp оның aяқталуына қарай құрылғaн резерв есебiнен есептен шығарылады.

   Егер  шарт талабы бойънша, жалгер жөндеудi жалға берушiнің есебiнен жүргiзсе, онда күрделi жөндеудің шығындары есептелген жалдау aқысының есебiнен есептен шығарылады (жалдық төлемдердiң кeмyiнe)

Д-т 4430 К-т 2920. 
 
 

2.1 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 
 

   80-жылардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

   Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингкті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тысаны болуы мүмкін.

   Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті муліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

   1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.»

   Әр  түрлі белгілеріне қарай лизингктік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып келеді:

    • тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
    • жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

   Тура  лизингктің жиі кездесетің түрі – қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

   Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

    • жылжымалы мүлік лизингі;
    • жылжымайтын мүлік лизингі;
    • бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;

   Өтеу  деңгейіне қарай былай бөлуге болады:

    • бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;
    • толық өтелмейтін лизинг.

   Амортизация шарты бойынша былай бөледі:

    • толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;
    • толық емес амортизациялы лизинг.

   Қызмет  объектісіне қарай былай бөлінеді:

    • егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;
    • толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;

   Операция  өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халқаралық) лизингті қарастырады.

   Сыртқы  лизинг экспорттық және импорттық болып  бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде  шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде – лизинг беруші болып табылады.

   Салық және автоматизациялық жеңілдіктерге  қатысты лизинг мынадай болып  бөлінеді:

    • жалған лизинг – қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
    • нағыз лизинг – жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

   Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай  бөледі:

    • ақша төлемімен жүргізілетін лизинг – барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;
    • компенсациялық өлеммен жүргізілетін лизинг – төлем аталған жабдықты өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;
    • аралас төлемді лизинг

      Лизингтің осы нысандарын екі негізгі екі түрге біріктіруге болады:

    • жедел және қаржылық лизинг.

   Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құралжабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бар лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Информация о работе Лизингтің мәні