Лекции по "Микроэкономика"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:37, курс лекций

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады.

Оглавление

КІРІСПЕ

МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе-теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар



САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар

БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар



ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар

СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



7

8

8
9
10

12

12
13
18
23
25

29

29

33
34
35

37

40
40

45

48
50
51



54

54

57
60

61

65

65

66
70
75

77
77
79
81
85

88
88
90
93
95
99

102

102
103
104

109
111
116

116
118

120
122

124
126

129
129
129
131
132

133
133

134
145

146

149
149

152

156

157

159



162
162

166

167
169
171

174
174

177

178

180
180

181

184
185

187

187
189
191

193

194

Файлы: 1 файл

Микроэконом каз.doc

— 1.67 Мб (Скачать)

Нәтижесінде жаңағы жасалған ауысулар тұтынушыға игіліктер пайдалылығының тең деңгейін қамтамасыз ету керек. Мұндай бөлу (үлестіру) келесі кестеде  келтірілген:

 Игіліктер

Игіліктер саны

Шекті пайдалылық (MU)

Бір бірліктің бағасы (Р)

Шығынның бір бірлігіне  шекті пайдалылық (MU/P)

X

8

1500

100

15

Y

20

300

20

15

Z

10

900

60

15


Бір игіліктің шығын  бірлігіне келетін шекті пайдалылығы  басқалардан көбірек болса, шығындарды соның пайдасына қайта үлестіру (бөлу) мақсатқа лайықты (сәйкес) болып келеді. Жаңағы мысал (кесте оны айқын көрсетеді). Барлық сатып алатын игіліктердің шығындар бірлігіне келетін шекті пайдалылығы тең болғанда (теңескенде), тұтынушының тепе-теңдігі орын алады. Тұтынушы тепе-теңдік жағдайда, егер: MU/PX = MUY /PY = MUZ /PZ = … = MUn /Pn = λ, мұнда λ – ақшаның шекті пайдалылығы.

Бұл ереже Госсеннің екінші заңында тұжырымдалған: игіліктер жиынтығын тұтынудан пайдалылықтың ең көбін (жоғары деңгейін) тұтынушы шығындар бірліктеріне келетін тұтынған игіліктердің шекті пайдалылықтарының теңдігінде алады. Оңтайлы, тиімді таңдаудан басқа кез келген тұтынушының өз ұнатымдары болады. Осыған сәйкес функционалды және функционалды емес сұранысты айырады. Оларды ең алғашқы болып американдық экономист Х.Лейбенстайн талдаған.

Функционалды  сұраныс – тауардың тұтыну қасиеттерімен, оның пайдалылығымен себептелген сұраныс.

Функционалды  емес сұраныс – басқа факторлармен, ең алдымен пайдалылыққа сыртқы ықпалдармен себептелген сұраныс. Бұл сұраныс 3 құрауышқа бөлінеді:

1. Көпке қосылу әсері, көппен болу себебінен туған сұраныс, бұл тауарды басқалар сатып алса, мен де олардан калмаймын деген тілек.

2. Сноб әсері, яғни «топтан ерекшелену» тілекпен себептелген сұраныс. Ол «көпке қосылу әсеріне» қарсы бағытта әрекет жасайды.

3. Веблен әсерімен себептелген сұраныс, яғни жұртқа көрсету, мақтану үшін туындайтын сұраныс.

Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы (Дж.Хикс, В.Парето, Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген:

1. «Толық тәртіпке келтіру» аксиомасы. Оның мәні: тұтынушы игіліктердің барлық жиынтықтарын реттеп, таңдап, салыстырады (А жиынтығы, В немесе С жиынтығы), осындай салыстырудың нәтижесінде біреуін не бірнешеуін таңдайды, тіпті ешқайсысын да алмауы мүмкін.

2. «Транзитивтік»  аксиомасы – егер А жиынтығы В жиынтығынан ұнатымдылау, ал В жиынтығы С жиынтығынан ұнатымдылау болса, А жиынтығы С-дан ұнатымды; егер А және В бірдей, тең болса (парықсыздық тудырса), В жиынтығы С тең, ал А = С, егер А ұнатымды болса, В = C, онда А жиынтығы С ұнатымдылау.

3. «Қанықпау» аксиомасы – игіліктердің сапасы олардың жиынтығын (себетін) салыстарғанда тапсырылған шама болғандықтан, сандық белгісіне бағытталып (бағдарланып), тұтынушы біреуін таңдап алады, егер А жиынтығы В жиынтығынан 1 тауар позициясы (орны) бойынша сан жағынан артықшылығы (басымдығы) болса, он ұнатымдылау болып келеді.

4. «Рефлексивтік» (сыртқы әсер арқылы пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің 2 жиынтығы бірдей болса, олардың пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы олардың әр қайсысы басқасынан кем еместігін табады.

Тұтынушы ең пайдалыны  барлық нұсқалардан ұнатымдысын  таңдау әдісімен бағалайды. Сонымен, игіліктің пайдалылық категориясы реттік ұнатымдық түсінігіне тең.

 

2. Тұтынушының  ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары

 

Тұтынушының таңдауын модельдеу (үлгілеу) үшін ординалистік теориясында талғаусыздық қисық сызықтары қолданады.

Талғаусыздық қисық сызықтары – қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын таңдаса да бәрібір. 26 суретте X және Y тауарлардың талғаусыздық қисық сызығы көрсетілген. Әр нүктесіндегі тауарлардың пайдалылығы бірдей, оған бәрібір, қай тауарды алса да: Х тауардың 1 немесе Y тауардың 3; Х тауардың 2 немесе Y тауардың 2; Х тауардың 3 немесе Y тауардың 1.

       Y


         A

         3 

                              

         2                              субституция аймағы

 

         1                                  B 

                                                                  U

 

1       2       3                          X

26 сурет. Талғаусыздықтың қисық сызығы

 

Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы – тұтынушы талғаусыздығы қисық сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді (27 сурет). Картада талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып, ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық қисық сызығының телімі (участок) ауысу аймағы (субституция) деп аталады (26 сурет). Бір игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының сондай телімі).

 

 

 

 

 

 

               U2


         Y         U1

 

 U

 

 

                                                      

                                                

                                 

                                                                   X

 

27 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы

 

Бір игіліктің екіншісімен ауысу шамасын анықтау үшін ауысудың шекті нормасы түсінігі пайдаланады – MRS (marginal rate of substitution).

Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.

MRSXY = - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.

Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.

Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:

1. Х және Y тауарлары – мүлде өзара ауыстырылатын: MRSXY = сonst, ал талғаусыздықтың қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (28-а суреті);

2. Х және Y тауарлары – бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (28-б суреті);

3. 28-в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие болғысы келетін ахуал көрсетілген – талғаусыздықтың қисық сызығы координаталардың басында ойыс, батыңқы.

Y                                      Y                                       Y


 

 

 

 

 

                

              U                                      U                                   U

                         

а)                        X         б)                         X           в)                          X 

28 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының түрлері

 

3. Тұтынушының  бюджеттік шектеуі

 

Талғаусыздық қисық сызықтарының талдауы осы тұтынушыға ұнатымды игіліктер жиынтығын, осы игіліктердің өзара ауысу мүмкіндігін табуға жол береді (ашады), бірақ олар жиынтықтың қайсысы ең тиімді, оңтайлы екендігін көрсетпейді. Тұтынушы таңдауын ары қарай талдау үшін бюджеттік шектеу деген түсінікті енгізу қажет. Әр тұтынушы парықсыздық қисық сызықтары картасындағы координаттар басталуынан (басынан) ең алыс жатқан тауарлар жиынтығына ие болғысы келеді. Бірақ, оны кез келген тұтынушы істей алмайды, себебі қаражаттарда шектелген. Осы тұтынушының қолы жететін тауарлар жиынтығын көрсететін сызық бюджеттік сызық (бағалар сызығы) деп аталады (29 сурет).

 

           Y


 I/PY

 

 

 

 

 

 

                                         

                                           I/PX             X

29 сурет. Бюджеттік сызық

 

Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді. Бюджеттік сызықтың теңдеуін шығару үшін

I – X және Y тауарларын сатып алу үшін шығаратын тұтынушының табысы

PX және PY – X және Y тауарлардың бағасы дейік.

Бюджеттік шектеудің  түрі:

I = PX X + PY Y – тұтынушының табысы Х және Y тауарларын сатып алуға кететін шығындар сомасына тең.

Математикалық өзгерулер (өңдеулер) арқылы бюджеттік сызықтың теңдеуін табамыз (аламыз):

Y = (I/PY) – (PX /PY ∙ X);

X = (I/PX) – (PY /PX) ∙ Y

Егер тұтынушының барлық табысы Х тауарға кетсе, ол тауарды I/PX көлемінде (саны) сатып алуға мүмкіндігі бар, осыған сәйкес, егер барлық табыс Y тауарға жұмсалса, ол I/PY тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік сызықтың енкіштік бұрышы Х тауар бірлігі бағасының Y тауар бірлігі бағасына деген қатынасымен анықталады.

Бюджеттік сызықтан жоғары және оңга қарай орналасқан тауарлар жиынтығына тұтынушының қолы жетпейді, өйткені олардың бағасы табысынан асып кетеді. Тұтынушы табысының өсуі графикте бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше, бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін (төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:

1. Бағалардың өзгермеу  жағдайында нақтылы, негізгі табыстың  өсуінен/төмендеуінен;

2. Табыстың өзгермеу  жағдайында тауарлар бағаларының  өсуі/төмендеуі;

3. Табыс пен бағалардың  өзгерістері.

 

4. Тұтынушының  тепе-теңдігі 

 

Егер бюджеттік шектеу сызығын талғаусыздық қисық сызықтар картасына көшірсек, тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін) аламыз (30 сурет). Алынған графиктегі Е нүктесі – бюджеттік сызық сәйкес талғаусыздық қисық сызығына тиіп тұрған нүкте. А және В нүктелері тепе-теңдік шартын қанағаттандырмайды, өйткені олар құрылымы бойынша оңтайлы емес жиынтықтарды ұсынады. Тұтынушы үшін оңтайлы, оның бюджетіне сәйкес, қолы жететін жиынтықта Х тауарлардың ХЕ бірлігі және Y тауардың YЕ бірлігі бар. Талғаусыздық қисық сызығының және бюджеттік сызықтың еңкіштік бұрыштары Е нүктесінде дәл келеді. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі РХ Y тең болғандықтан, ал талғаусыздық қисық сызығының еңкіштігі MRSXY тең, тұтынушының тепе-теңдік шарты келесі болады:

РХ Y = MRSXY

        


 

          Y U1    U2    U3

                       •A        •B                            

                              

Е 

          YE     

                                   

 

   

XE X   

 

30 сурет. Тұтынушының тепе-теңдік моделі (үлгісі)

 

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылауға  арналған сұрақтар

 

1. Пайдалылық категорияларын  талдаудағы кардиналистік және ординалистік амалдардың мәнін түсіндіріңіз. Араларындағы айырмашылық неде?

2. Талғаусыздық қисық сызығы деген не? Ол қалай жасалады?

3. Бюджеттік шектеу сызығының мәнін түсіндіріңіз.

4. Тұтынушының тепе-теңдік  моделін (үлгісін) сызыңыз. Оған түсінік беріңіз.

 

Есептер, жаттығулар, тестілер

 

1. Сұраныс қисық  сызығы көрсетеді:

а) осы баға бойынша  тұтынушы қандай жалпы пайдалылыққа ие болады?

б) осы баға бойынша тұтынушы қандай шекті пайдалылыққа ие болады?

в) осы баға бойынша ие болатын жалпы және шекті пайдалылық

г) пайдалылықтың кез келген санын алу үшін тұтынушы ақшаның қандай сомасын ұстауға (шығаруға) дайын?

2. Пайдалылықты өлшеудің кардиналистік амалы анықтауды тілейді: 

а) уақыттың осы мерзімінде тауарды тұтынудан алынғын жалпы  қанағаттану шаралары

Информация о работе Лекции по "Микроэкономика"