Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 11:47, реферат

Краткое описание

ҚР Конституциясының 26 бабының 4 тармағындағы әркімнің кәсіпкерлік
қызмет еркіндігіне құқығы бар деген нормаларына сәйкес Азаматтық
Кодекстегі азаматтар заңды тұлғалар құрып қана қоймастан, сонымен бірге
заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы деп
белгіленеді.

Оглавление

1. Кәсіпкерлік қызмет мазмұны – кәсіпкерлердің субьективтік
құқықтары мен міндеттері.
2. Кәсіпкерлердің заттық құқықтары.

Файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі.docx

— 16.24 Кб (Скачать)

Кәсіпкерлік қызметтің  құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі.

Жоспар

1. Кәсіпкерлік қызмет  мазмұны – кәсіпкерлердің субьективтік

құқықтары мен міндеттері.

2. Кәсіпкерлердің заттық құқықтары.

1.ҚР Конституциясының 26 бабының 4 тармағындағы әркімнің кәсіпкерлік

қызмет еркіндігіне құқығы бар деген нормаларына сәйкес Азаматтық

Кодекстегі азаматтар заңды тұлғалар құрып қана қоймастан, сонымен бірге

заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы деп

белгіленеді. Ол кәсіпкерліктің белгілі бір салаларына қатысты, Мысалы: банк

саласы қызметі мен арнайы заңды тұлғалар ғана банкте айналыса алады.

Азаматтардың кәсіпкерлік  қызмет саласы бойынша заңды тұлғаны құрмайтын

құқықтық субьективлігі, азаматтардың жалпы құқықтық субьектілігі секілді тең

болады.

30

Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 8-бабында жеке кәсіпкерлік

субъектілерінің құқықтары  мен міндеттерi көзделген:

Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке

кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана

отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген тәртіппен  филиалдар мен

өкілдіктер құруға;

4) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген жағдайларды

қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын

дербес белгілеуге;

5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге;

6) өзінің құқықтық қабілеті  шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге

асыруға;

7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;

8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы

сарапшылық кеңестердің  жұмысына қатысуға;

9) бақылау және қадағалау  функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау

органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің

құқықтарын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша

жүгінуге;

10) өз құқықтары мен  заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;

11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік

құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына септігін

тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік

органдардың қарауына енгізуге құқылы.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының  заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың

құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;

2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан

Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының  лицензиялау туралы заңына сәйкес

лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға

лицензиялар алуға;

4) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық

жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

2. Кәсіпкерлердің заттық құқықтарының белгілері:

1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше заттық құқықтар мүліктік

құқықтар болып табылады. Бұл заттық құқықтарды міндеттемелік құқықтармен

біріктіреді.

2. Белгілі бір айтарлықтай дара заттарға қатысты пайда болған заттық

құқықтар. 3. Заттық құқықтар абсолюттік құқықтар болып табылады, бұл

оларды интеллектуалдық меншік құқықтарымен біріктіреді және міндетті

міндеттемелік құқықтардан ерекшеленеді.

31

4. Заттық құқықтарды қорғадың  абсолюттік сипаты, заттық құқыққа қол

сұғудан қорғау құқығы туындайды.

5. Заттық құқықтар заңмен белгіленген, мысалы: кепіл немесе сервитут заттық

құқықтар деп аталмаған.

6. Ілесе жүру құқығы, яғни мүлікке меншік құқықтарынын басқа адамдарға өтуі

мүлікке басқа заттық құқықтарының тоқтатылуына негіз бола алмайды. Мұнда

жекелеген заттық құқықтарға қатысты нормалар баянды етілген: кепілге

салынған мүлікке құқық  басқа тұлғаларға көшуі кезінде кепілдің сақталуы

жалға берілген мүлікке меншік құқығының, шаруашылық жүргізу құқығының

немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаларға ауысуы кезінде

мүліктік жалдау шартының сақталуы.

7. Артықшылық құқық –  заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең

алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс.

8. Затқа нақты билік ету.


Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі