Капитал

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 22:28, творческая работа

Краткое описание

Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Оглавление

1 Анықтaмасы
2 Өзгешеліктері
3 Капитал органикалық құрылысы
4 Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

Бекболат А.гид 11-1 курс.pptx

— 153.86 Кб (Скачать)

Капитал

    • Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
    • Мазмұны
    • 1 Анықтaмасы
    • 2 Өзгешеліктері
    • 3 Капитал органикалық құрылысы
    • 4 Пайдаланылған әдебиет

 

    • Анықтaмасы
    • Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
    • Өндірістік капитал екіге бөлінеді: 1.Негізгі. 2.Өзгермелі. Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады. Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнісге бірден толық толық мөлшерде аударатынөндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.

 

    • Өзгешеліктері
    • Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы, адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған. Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып, қоғамдық шаруашылық терең әлеуметтік-экономикалық өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда ақша капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты. Капиталдың бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы – каптал құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал. Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру. Сауда капиталның міндеті – өндірілген тауарларды сатып өткізу. Нақты капитал – тұрақты бағамен көрсетілгенкапитал. Ол негізгі және айналым құралдарынан тұрады. Негізгі құралдарға бірнеше өндіріс кезеңдерінде пайдаланылатын үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, аспаптар жатады, айналым құралдары өндірістің тек бір кезеңінде ғана толық тұтынылады немесе өңделіп өзгереді, оларға өзіндік немесе нарықтық құны бойынша бағаланатын тауар-материалдық құндылықтар (өндірістік босалқы қорлар, дайын өнім, т.б.), ақшалай қаражат (дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы салымы, т.б) жатады. Қаржы капиталы кәсіпорынның нақты К-на меншік құқығын беретін бағалы қағаздар құнының ақшалай өлшемдік көрінісі. Ол акцияларды иелену немесе басқадай міндеттемелер арқылы ( банк несиесі бойынша) кәсіпорындарды өзіне бағындырып, басқарады. Акционерлік капитал акционерлердің салымдарынан құралатын, яки серіктестікке оның иелері салым түрінде толық пайдалануға берген барлық қаражат.

 

    • Капиталдың сонымен қатар мынадай түрлеріне тоқталайық:  
      Қарыз капиталы дегеніміз-белгілі бір мерзімге % үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. 
      Мемлекеттік капитал дегеніміз-мемлекет бюджетінен берілетін ақша. 
      Кәсіпкерлік капитал дегеніміз инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал. 
      Портфельді капитал-бұл инвестор белгілі бір елдің инвестициясына иелік етуі. 
      Жекеменшік капитал-жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы немесе кәсіпорыны.  
      Тұрақта капитал-өндірісте өз құнын бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі  
      Өзгермелі капитал-өндіріс процесінде өз құнын дереу өзгертетін жұмысшы күшіне сіңген капитал бөлігі. 
      Капиталдың техникалық құрылымы дегеніміз-өндіріс құрал жабдықтар массасының оларлың іске қосатын жұмысшыларының санына қатынасы.  
      Негізгі капитал бұл- шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал. 
      Бұл капитал кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін анықтайтын негізгі көсреткіш болып табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін. Капиталдың өзгеруі оның шамасын құрылтайшы құжаттарында қайта бекітуі және қайта тіркеу процедурасымен келістірілген. Капиталдың мөлшеріне өзгерту жөніндегі шешім заңдарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.  
      .
    • Субьектінің капиталының жағдайы және қозғалысы жөнінде ақапараттарды жалпылау және есептеу үшін «Негізгі капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Ол мына шоттарды қамтиды: «Қарапайым акциялар», «Артықшылығы бар акциялар», «Негізгі капиталға салымдар мен жарналар». 
      Құрылтайшылардың акционерлік қоғамның негізгі капиталына салымдары бойынша қарыздарын есептеу үшін «Төленбеген капитал» бөлімшесінің «Төленбеген капитал» шоты арналған. Мұның дебеті бойынша оның құрылтайшылармен енгізілуге тиіс, капиталдың шамасы көсретіледі. Құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары ақшалай қаражаттар болып көрсетіледі.  
      Шаруашылық жүргізуші субьектілер іс жүзіндегі қолданыстағы заңдарға және құрылтайшы құжаттарына сәйкес резервтік капитал құра алады. Заңмен белгіленген резервтік капитал есебі шаруашылық серіктестіктердің резервтік капиталының шамасы олардың құрылтайшы құжаттарында анықталады және белгіленген тәртіп бойынша анықталады және белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Осы құжаттарда есеп беру жылында табысты бөлу тәртібі анықталады, яғни табыстың резервтік капиталға жіберілуі мүмкін. 
      Шаруашылық серіктестіктер резервтік капитал құруға міндетті. Резервтік капиталдың құрылы ужәне пайдалану тәртібі жарғымен анықталады. Өндіріс көлемінің өсуі, инфляция және басқа себептерге байланысты жарғылық капиталдың көбеюі кезінде сәйкесінше резервтік капитал да көбеюі керек. 
      Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударулар есебінде құрылады. Резервтік капиталдың есебінен төленетін дивиденттер мен табыстардың есептелген сомаларының реті қарастырылады. 
      есінде оның бөлшегінің
    • Басқа да резервтік капитал есебі арнайы шотта жүргізіледі. Бұл шотта заңдарда қарастырылған төменгі мөлшерден арты құрылған резервтік капитал есепке алынады. 
      Акционерлік қоғамдар әрі қарай айналымнан алу мақсатында өз акционерлерімен сатып алынған меншікті акцияларының есебін «Қайтарып алынған капитал» шотында жүргізеді. 
      Кәсіпкердің қолдағы негізгі капиталды сатып алысымен пайдалану міндет емес, өйткені негізгі құралдар қоймада резерв ретінде жатуы, ұзақ уақыт бойы сақталуы немесе жалға берілуі мүмкін. 
      Басқаша айтқанда негізгі капитал сатып алу жолындағы кез келген жұмыс, кәсіпкер мен негізгі құралдар иесі арасындағы келісім шарт немесе келісімге қол қоюдан басталады. Негізгі құралдарды есепке алу үшін талапқа сай ресімделген бастапқы құжаттар керек. Ол қөабылдау актілері, кіріс қағаздары, есеп-фактуралары, сатып алу, сату шарттары мен тағы басқалары болуы мүмкін. 
      Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырыпе, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. 
      Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.  
      Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:  
      Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізі құралдар. 

 

    • Запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар. 
      Өндіріске қатысатын әртүрлі құрал-жабдық пен айналымды біркелкі жасалмайды, сондықтан оларды негізгі және айналмалы деп жіктейміз. 
      Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдықтар машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнынан еніп кетеді. Оның ерекшелігі сонда, ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, ол 1 жылда өндірілген өнімге 01,-ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз. Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған табиғат күші де әсер етеді. Станок шіриді, ірі үйлер қолайды. Ал моральдық тозудың екі түрі бар: 
      1. бұрынғы конструкицядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандай; 
      2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ содан өнімділеу және үнемділеу;  
      Техникалық прогресс негізгі капиталдың табиғи тозуына дейін оның моральдық тозуын жеделдетеді. Моральдық тозуға кеткен шығынды азайту үшін және жабдықтарға жұмсалған шығынды қысқа мерзімде қайтару үшін кәсіпкерлер жедел амортизациялық жүйені кеңінен қолдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың құны кәсіпкерге бірнеше шеңбер айналымынан соң қайтарылады.  
      Амортизациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде қорланып, амортизациялық қорды құрайды. Амортизациялық қор негізгі капиталды толық қалыпына келтіруінде немесе ремонт процесінде оның бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады

 

 

    • Капитал органикалық құрылысы
    • Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған еңбек арасындағы қатынастар. Сәйкесінше, бұл тұрақты және айнымалы капитал арасындағы қатынастар. Маркстың талдауындағы осыған жақын ұғым - капиталдың техникалық кұрылымы (машиналар мен зауыттардың еңбекке қатынасы), шамамен қарапайым болып табылатын сияқты, бірақ шын мәнінде өлшемге келмейді

 

    • Пайдаланылған әдебиет
    • ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том
    • ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
    • ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.

 


Информация о работе Капитал