Электр энергиясын тасымалдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 09:10, реферат

Краткое описание

Электр қуатын тасымалдау
«Маңығстау Электртораптық Бөлу Компания» АҚ Маңғыстау облысы бойынша тұтынушыларға электр қуатын тасымалдайды.
Қоғамның негізгі тұтынушыларына мұнайгаз секторы, (тасымалдаудың жалпы көлемі 92%) коммуналды-тұрмыстық сектордың үлесі – 8 %.
«МЭБК» АҚ облыстың барлық тұрғылықты жерлерін қамтиды, тек Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы желілер мемлекеттік коммуналды кәсіпорынға қарайды.

Файлы: 1 файл

Электр энергиясын тасымалдау.doc

— 54.50 Кб (Скачать)

Электр энергиясын тасымалдау

Электр қуатын тасымалдау

«Маңығстау Электртораптық Бөлу Компания»  АҚ Маңғыстау облысы бойынша тұтынушыларға  электр қуатын тасымалдайды.

Қоғамның негізгі тұтынушыларына мұнайгаз секторы, (тасымалдаудың жалпы  көлемі 92%) коммуналды-тұрмыстық сектордың үлесі – 8 %.

«МЭБК» АҚ облыстың барлық тұрғылықты жерлерін қамтиды, тек Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы желілер  мемлекеттік коммуналды кәсіпорынға  қарайды.

2007 ж. тасымалданған электр қуаттың  көлемі 1957,488 млн.кВт/сағ. Сондай-ақ, жыл сайын тасымалдаудан 8% жоғарыға өсіп тұр.

Қазіргі таңда қоғамда 35-110-220 кВ кернеулі, 2658 км құрайтын 35-110-220 кВ жоғары жиілікті, 2463 км құрайтын 0,4-6 (10) кВ жоғары жиілікті 57 қосалқы станциялары бар.

Содан басқа науқан балансында 452 КТҚС (КТП) бар.

Трансформаторларда жалпы белгіленген  қуат 1519 мың кВ-ты құрайды.

Қосалқы және жоғары жиелік электртасымалдайтын  жабдықтардың негізгі бөлігі 1968-1989 жылдар аралығында құрылып, пайдалануға  берілді. Зерттеулердің көрсеткіші бойынша жабдықтардың негізгі бөлігі (80-85%) 1976-1989 ж.ж. аралығында пайдалануға берілді. 110-35 кВ-ты 55 қосалқы станциялардың ішінде 25 қосалқы станция (45,5%) 25 жылдан жоғары пайдаланылып келуде. Кернеуі 35-110 кВ-ты 38 күштемелі трансформаторлар және кернеуі 6/10/0,4 кВ-ты 129 бірлікті трансформаторларда 25 жылдан жоғары пайдаланылып келуде.

ЛЭП 35-220 кВ-тың 25 ж. бойы пайдаланылып жүрген ұзақтығы 1161,84 км. құрайды. Жабдықтардың тозкының жалпы коэффициенті 70% жуық, техникалық жағдайы елеулі табиғи тозушылық  сипатта.

Осыған орай, қосымша энергетикалық  қуаттарды енгізу туралы сұрақтар туындап  тұр, сонымен қатар негізгі заттарды жаңарту, энергоқұрылғыларды қайта  жаңарту, экономикалық қауіпсіздік, ұтымдылық  және сенімділік туғызып отырған  электр желілерін жаңадан құрасытру және кеңейту.

Элетржабдықтардың істен шығуының негізгі себептері:

- табиғи тозушылық дәрежесіндегі  элементтер: трансформаторлар, бірінші  және екінші дәрежедегі коммутация  аппараттары, бағаналар, тіреуіштер, траверстер және т.б.

- өндірістен алынып қалған және қосымша бөлшектері жоқ пайдаланылып жүрген қолда бар жабдықтар;

- энергообъекттердің топырағында  және ауасында тұзы көп теңіз  жағалауында орналасуынан;

Қазіргі таңда, климаттық жағдайлардың әсерлерінен (сулармен, топырақтың астында  қалған), жартылай бұзылған жағдайда қалған 110 кВ Бейнеу және Қаламқас-1 қосалқы станциялары ескіріп және табиғи тозушылыққа ұшыраған.

ВМГ-133 типтегі 6-10 кВ майланған ажыратқыштарын және ВВШ типті 110 кВ жиелік ажыратқыштарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Олардың барлығы өте сенімді жабдықтарға ауыстыруын талап етіп отыр. Шамадан тыс жұмыс жасаған екі трансформаторлы Плато, Впадина,Термальная, 3А, Қарамандыбас, Восточная, Жетібай, БКНС-3 қосалқы станцияларының трансформаторларына жөндеу жұмыстарын жүргізу проблемасы туындап отыр. Ақтау-Қаражанбас жоғары жиелік -110 кВ апаттық тәртіптегі желілердің жүктемесінің көбеюіне байланысты жұмыс жасауына қиындық туып отыр.

Компанияның объектілерін байланыстырып  тұратын АТС-ті, каналдар мен жоғары жиілік байланыс аппараттары ескіріп кетуіне байланысты, қазіргі заманның талаптарына сай жетекші фирмалардың аппараттарына ауыстыруын талап етіп отыр. Сонымен қатар компанияның ішінде табиғи тозушылыққа ұшыраған жабдықтарды жаңартып, жаңа технологиялық жабдықтарға ауыстыру жоспарлы жұмыстары жүргізілуде.

2003-2004 ж.ж. аралығында 4 және 5 түйінді  қосалқы станцияларын автоматты  тәртіпте жұмыс жасап және  өзіне қызмет көрсетуді талап  етпейтін, Германияда өндірілген  «Тиратроник» типті өзінің пайдалану  қызметні атқарып болған құрылғы гельді автоматты резервті заряды бар құрылғының аккумуляторлы батареясын қорғасынды-қышқылды аккумулятор батареясына ауыстырды.

2008 ж. заряды бар ұқсас аккумулятор  құрылғысын тағы бір 110 кВ қосалқы  станциясына қондыру жоспарлануда.

Табиғи тозушылықта тұрған 110 кВ бөлгіштер және қысқа тұйықталуларды,

С-35 майланған ажыратқыштарды, ММО  типті аз майланған ажыратқыштарды SIEMENS фирмасының электргазды ажыратқыштарына  ауыстыру жұмыстары ретімен жүргізілуде.

Қаражанбас, Өзен, Жетібай, Асар, Северная, Впадина, Плато, 3А қосалқы станциялары 2003-2006 ж.ж. аралығында аз қызмет көрсететін эл.газды ажыратқыштары 26 ажыратқыштар мен бөлгіштерге ауыстырылды. 2005-2006 ж.ж. 110 кВ «Плато» және «Впадина» қосалқы станцияларының 6 кВ майланған ескі ажыратқыштарын аз қызмет көрсететін вакуумды ажыратқыштардың 55 данасына, сонымен қатар РҚА құрылғыларын SIEMENS фирмасының құрылғыларына ауыстырды.

2006 ж. Жетібай 110/35/6 кВ қосалқы  станциясының 6 кВ 1-секциясының ескіріп  кетуіне байланысты 6 кВ аз қызмет көрсететін вакуумды майланған ажыратқыш құрылғыларына, сонымен қатар РҚА құрылғыларын SIEMENS фирмасының құрылғыларына ауыстырды.

Компанияда электрқуатын есептеу  автоматтандырылған сауда жүйесін  енгізу жұмыстары басталды. ( келесіде ЭЕАСЖ (АСКУЭ))

Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттамаларды ЭЕАСЖ-ға енгізу компанияның барлық қосалқы станцияларында аяқталды.

ЭЕАСЖ-ға енгізу жұмыстары екі кезеңмен өндіріледі:

1-кезең 2007-2008 жылдары 4 түйінді  (узловых) қосалқы станцияларында, ал 2009-2010 жылдары компанияның қалған қосалқы станцияларында.

«Қаражанбас» және «Өзен» 220 кВ қосалқы станциясының жұмыстарына РЭС-3 типті апаттық оқиғаларды тіркейтін қазіргі заманғы электронды осциллографтар 2010 ж. дейін қалған екі түйінді қосалқы станциясына ұқсас осциллографтар енгізіледі.

«МЭБК» АҚ Қазақстанның ЭБК ішінде 2005 ж. бірінші болып «Қаражанбас  ТБҚС-ын (УРПС) 220 кВ кернеуіне ауыстыру»  инвестициялық жобаны жасап және енгізу арқасында Қазақстанның қор  биржасына 560,9 млн.теңге тапсырды. Осы  бағдарлама төңірегінде орналастыру жолымен КАSE-ге 1 облигацияны шығару қаражаты тапсырылып және 2006 ж. 575 млн.теңге сома көлемінде пайда түсіріп отырған жоғары жиілік 110 кВ «Баутино» 110/10-10 кВ қосалқы станциясына құрылып, пайдалануға енгізілді. 2006-2007 ж.ж. 1,2 млрд.теңге қаражаты беріліп, «Құрық» 110/10-10 кВ қосалқы станциясы және «Ақтау-Құрық» (60км) екінші 110 кВ-жоғары жиілік қосалқы станциясы құрастырылды. Бұл обьектілер №673 13 шілде 2006 ж. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында құрастырылған.

Электртұтыну көлемін есепке ала  отырып, аймақты дамыту үшін мемлекеттік  бағдарламаны іске асыру мақсатында «МЭБК» АҚ 24 млрд.теңге сома көлемінде  пайда түсіріп отырған «2015 ж-ға дейін «МЭБК» АҚ аймағында іске асып отырған электр желілерінің келешегін дамыту жоспарын» (келесіде Жоспар) жасап, облыс әкімшілігінде бекітті.

2012 ж-ға дейін 9,86 млрд.теңге көлемінде  қаржылық қарыз облигацияларын  орналастыруды көздейтін «МЭБК»  АҚ осы Жоспарды іске асыру  тәжірибесінде Қазақстан қор  биржасының эмиссия жүргізуші қаржылық емес секторының ішінде бірінші болып облигациялық бағдарламасын тіркеді.

Жоспарды қаржыландырудың тағы бір көзі қосымша қуатты қосу үшін тұтынушылардан түсетін ақшалай  қаражаттар (1 кВт-қа бекітілген ақы 42400теңге)

Көрсетілген қаржыландыру деректеріне қарай осы жылы мына жобаларды іске асыру басталды:

1. «Таушық» ҚС, «Дунга» ҚС, «Дунга-Таушық-Куйбышево» 35 кВ- жоғары жиілік құрылыстарын 947 млн.теңге сметалық бағамен  қайта жаңарту.

2. «ТБҚС 220 кВ кернеуге Қаражанбасты  ауыстыру. Екінші кезек» 2,45 млрд.теңге сметалық бағамен аудару.

Қазіргі таңда Қазақстанның қор  биржасында «МЭБК» АҚ акцияларын (IPO) орналастыру  жұмысы жүруде. Осыларды табысты іске ауыстыру барысында, компания 9 млрд.теңгеге  өздерінің мүліктерін қайта бағалануымен облыстық табиғи монополияларды реттеу «ҚР Агенттік Басқармасына» өткізіп және келісімін алды.

2007 ж. қыркүйек айында «Fitch Ratings»  жетекші халықаралық рейтингті  агенттік орталықтан «ВВ+» халықаралық  несиелік рейтинг алынды.  

 

1. «МЭБК» АҚ ай сайын өзінің  желілері арқылы 200 000 000 квт.сағ. дейін тасымалдайды.         

 Тұтынушылардың (абоненттердің)  саны                                - 17096.         

 Олардың ішінде         

 өнеркәсіптік, бюджеттік және  басқа да тұтынушылар            - 478;         

 жеке кәсіпкерлер                                                                 - 767;         

 Халық                                                                                  - 15850;  

      

2. Электр қуатын көптеп тұтынушылар:  

 

«РД ҚазМұнайГаз» АҚ

«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ

«Қаражанбасмұнай» АҚ

«Қазақ газ өңдеу зауыты»  ЖШС

«Су тасымалдау және өндіру басқармасы»  ЖШС

«Бозашы Оперейтинг ЛТД» ЖШС

«КазТрансОйл» АҚ

«НК Қазақстан темір жолы» АҚ

«Қарақұдықмұнай» АҚ

«АДЖИП ККО»

РГП (РММ) «Ақтау Халықаралық Теңіз Сауда Порты»




Информация о работе Электр энергиясын тасымалдау