Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 12:02, реферат

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

Оглавление

1.Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.

Файлы: 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу реферат [www.topreferat.com].doc

— 241.50 Кб (Скачать)

   2. Тікелей атаулы сату ( заңды тұлғада жалға алу құқығы немесе мемлекет акциясының бақылау пакеті болған жағдайда жүзеге асады, өйткені соңында сатып алу құқығымен сенімді басқаруға келісім бекітілген).

   Үкімет жекешелендіруді секторлық  бағдарлама бойынша жүзеге асырады.  Сөйтіп, мұнай-газ, көлік-өатнастық кешендерде; ҚР Сауда және экономика министрлігіндегі кәсіпорындар жүйесінде, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спортта жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы белгіленеді. Онда мемлекеттік меншіктің мена ерекше объектілері жекешелендіруге жатпайтыны көрсетілген: жер, оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, тарихи және мәдени ескерткіштер, мемлекеттік бюджет қоры, республикалық сақтандыру мен резервтік қорлар.

   3-сұрақ. Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік тұрақты қолдауды қажет етеді. Тек сол ғана ірі қаржылық және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, аралас экономикаға икемділік береді, өзінде монополияға қарсы күшті және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, құрлымдық қайта құрудың шынайы факторына қызмет етеді, көп жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

   Кәсіпкерлікті мемлекттік реттеу  жүйесінің қалыптасуы көптеген  бағыттар бойынша жүреді. Солардың  кейбірін қарастырайық.

1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен  дамуын құқықтық қамтамасыз ету  жүйесін қалыптастыру.

   Осы кезеңде заң актілерінің  жоғарғы сапасын – олардың  арасындағы қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше оларды тікелей ықпал ететін заң актілеріне айналдыру керек, оларды өткізу тетіктерін қарастыру, кәсіпкерлердің құқығына кепілдік беру, оларды бұзған кездегі жауапкершіліктің экономикалық және басқа жақтарын қамтамасыз ету маңызды.

     2. Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті  қолдау мен қаржылықты қамтамасыз етуді маңызды.

   Мұндай жүйе салық салу, кредиттеу,  сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы  және т.б. туралы саясатты сапалы  жетілдіруді талап етеді.

   3.Кәсіпкерлікті, кадрларды  даялау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру.

   Кәсіпкерлік барлық өнеркәсібі  дамығын елдерде үкіметтік қолдауға  ие. Оның мәні үш бағытта нақты  шараларды әзірлеуге әкеледі:

  1. Кеңес беру (әсіресе, алғашқы кезеңде ). АҚШ-та, мысалы Шағын бизнес бойынша үкіметтік агенттіктің аймақтық бөлімі жұмыс істейді.
  2. Қаржылық қолдау көрсету.
  3. Қаржылық қатнастарда күші аз кәсіпкер құрлымдарға ғылыми-техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.

   Кейбір экономистер осы уақытта  кәсіпкерлер кездесетін негізгі қиыншылықтарды мыналар деп есептейді:

    • кәсіпкерлік құрлымының қызметі туралы заң базасының тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;
    • қатал салық прессингі (салмағы) және салық салудың күрделенген жүйесі;
    • алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;
    • банк кредиттерін алдағы қиындық;
    • криминалдық құрлымдардың қысымы;
    • ғимраттың және оны жалға алу бағасының жоғарлығы;
    • лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.

   Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі  бүгінгі күні пайдасын әлеуметтік  жобаларға инвестициялау және қайырымдылық жасаумен шектелмейді. Одан туған өлкесінің келешек жоспары мен проблемаларын, тұрмыстық қатынастарын түсінуді және өз аймағын дамытуға қомақты үлес қосқанын күтеді. 

Бақылау мен талқылау сұрақтары

  1. «Меншік» түсінігінің заңдық және экономикалық мәнін ашып көрсетіңіздер.
  2. Неге өтпелі кезеңде меншік қатнастарын реформалау қажет?
  3. Мемлекеттен алу жекешелендіруден немен ерекшеленеді?
  4. Қазақстандағы жекешелендіру үдерісінің мәнін ашып көрсетіңіздер.
  5. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдаудың жүйесі қандай?

  

3-ТАҚЫРЫП

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ  ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТРУ НЕГІЗДЕРІ

Жоспар

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқару органының құрлымы және оның қызметі туралы.
  2. Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы.
  3. Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістерң.
  4. ЭМР-ді пайдаланудың шетелдік тәжірибесінің ерешеліктері.

   1-сұрақ. Біздің мемлекеттің Конституциясында : «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады»,- деп атап көрсетілген.

   Қазақстан Республикасының Конституциясы  мемлекеттің Негізгі заңы ретінде  төмендегіге қатысты негізгі  ережелерді бекітеді:

  • республиканың  мемлекеттілігін;
  • басқару нысанын;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерді өзара қатнастарының тәсілдерін;
  • адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.

    Мемлекеттік құрлығы құрлымында  мемлекеттік билікті заңдық, атқарушылық және соттық (ҚР Конституциясы 3-бап) бөлулер деп бар екенін атап өтеді.

    Мемлекеттік органдардың құзыреттілігі  Конституцияда анық бөлініп көрсетілген.

    Қазақстан Республикасының Президентті  мемлекеттің ішкі және сыртқы  саясатының негізгі бағытын анықтайтын  және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президентті конституциялық заңға сәйкес, ҚР жасы толған азаматтармен жалпы, тең және тікелей сайлау құқығымен 7-жыл мерзімге сайланады.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  құрлымы»                  1-сурутте көрсетілген.

    Суретте экономикалық дамуға  жауапты биліктің үш бұтағы  белгіленген.

1-сурет.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы

    Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын  жоғарғы өкілетті орган, сенат  пен мәжілістен тұратын парламент  болып табылады.

    Заң шығарушы билік экономиканы басқару тетігінің негізгі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.

    Үкімет республикада атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол президент алдына жауапты, сондай-ақ парламент алдына жауап береді. Экономиканы реттеу аясында үкіметтің міндеті – елдің барлық азаматтарының игілігі үшін, экономиканы дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру.

    Премьер-министрдің мідетіне салалық министрліктер мен ведомстволарды басқару және бағыттау енеді.

   Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды. Ол жоғарғы сот және Конституциялық Кенесті жүзеге

асырады.

    Мемлекетті басқару органдары 

тікелей президентке есеп береді,

оларды  шартты түрде екі санатқа 

бөлуге  болады: елдің ұлттық қа –

уіпсіздігіне  жауап  беретін  ми –

нистрліктер мен ведомстолар және ұлттық экономиканы  дамытуға жауапты ведомстволар.

   Нарықтық қатнастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту шаралары бойынша, басқару құрылымының ұйымдастыруын жетілдіру қажеттілігі туындайды.

    Мұны төмендегінің есебінен жүзеге  асырады:

  1. Құрлымды ықшамдау.
  2. Қайталанатын қызметті жою.
  3. Артық штаттарды қысқарту.
  4. Барлық басқару иерархиясы бойынша жауаптылықты, құқықты және атқару қызметін нақты шектеу.
  5. Республикалық, аймақтық және бағдарламалық бағытта ортақ міндеттерді шешу кезінде басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауы мен үйлестірілуі.

    Қазақстанда қазіргі уақытта он жеті министрлік, мемлекеттік комитеттер, сондай-ақ басқа да ведомстволар жұмыс істейді.

    Елдегі экономикалық жағдайға  жауапты, маңызды органдардың  қатарына: Қаржы министрлігі, экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі,  елдің Ұлттық банкі жатады.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігіне елдің экономикалық  дамуына, келешекті болжау, индикативтік  жоспар (кешенді ауыл шаруашылығы  бағдарламасын дамыту), экономиканың  кейбір маңызды бағыттарын дамыту  бойынша мақсатты бағдарламаға негізделген, құжаттарды әзірлеу бойынша қызмет жүктелген.

    Қаржы министрлігі елдің мемлекеттік  бюджетінде оның әр түрін әзірлеу  мен жүзеге асырууға жауап береді. Қаржы министрлігінде мемлекеттің бюжеттік қаржысынжандандыратын және іс жүзінде бөлетін Қазынашылық бар, ол бюжеттің кассалық орындалуына бақылау жүргізеді.

    Елдің Ұлттық банкіне елдегі  ақша-кредит жүйесінің жағдайына,  теңгенің бағамына, оның тұрақтылығына жауапкершілік жүктеледі, сонымен бірге, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ инфляция мәселесі де Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің құзыретіне енеді.

    Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да маңызды мәні бар – соған сәйкесті аймақта істің жағдайына жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) және атқарушы биліктер (әкімиаттар) жауапты. Алғашқысы жалпы мемлекеттік мүдденің есебінен және тұрғындардың қалауын білдіріп, оларды жүзеге асырудың шараларын белгілейді.  Екіншісі ат  –

қарушы  билікте  жалпы  мемлекеттік

саясатты  жүргізуді қамтамасыз  етеді.

    2-сұрақ.  Мемлекеттік      реттеу

ғылыми  негізделген тұжырымдамасыз

мүмкін  емес.

    Тұжырымдама экономиканың басымдылығы  мен мақсатын – дағы саясатқа негізделу тиісті (2-сурет).

 

2-сурет.  Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

    2-суретте белгіленген байланыстар  ЭМР-дің тұжырымдама– ларының  мәнін ашып көрсетеді.

    ЭМР-ң тұжырымдамасы – бұл  макроэкономикалық, құрылым–дық –инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.

    Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет:

  • басымдық  мәсәлелері;
  • мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы.

Мына  негізгі сегіз құралды атап өтеміз:

  • болжау және стратегиялық

жаспарлау;

  • қаржылық-бюджеттік реттеу;
  • салықтық реттеу;
  • ақша-кредиттік реттеу;
  • бағалық реттеу;
  • кедендік-баж реттеуі;
  • нормативтік-трафиктік реттеу;
  • әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері