Еңбекті нормалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 12:44, реферат

Краткое описание

Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.

Файлы: 1 файл

Еңбекті нормалау.docx

— 19.16 Кб (Скачать)

     Еңбекті нормалау 

     Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.

     Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге мыналар кіреді:

     типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтер;

     техникалық  тұрғыдан негізделген типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді мемлекеттік органдардың жасауын қамтамасыз ету;

     жұмыс берушілердің еңбек нормасының жасалуын, жүргізілуін және қайта қаралуын қамтамасыз етуін бақылау.

     Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі.

     Он  сегіз жасқа толмаған жұмысшылар үшін өндіру нормасы Еңбек Кодексінің 182 бабына сәйкес бекітіледі.

     Жалақысы  мерзімді төленетін жекелеген санаттағы жұмысшыларға нормаланған тапсырмалары бекітілуі мүмкін. Жеке қызметтер мен жұмыс мөлшерін орындау үшін жұмыс берушілерге қызмет көрсету нормасы немесе жұмысшылар санының мөлшері (нормативтер) бекітілуі мүмкін.

     Еңбек нормасын жасауды, жаңаны енгізу, ауыстыру және қайта қарау типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді есепке ала отырып, жұмысшы өкілдерімен келістіру арқылы жұмыс беруші жүзеге асырады.

     Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтерді бекітілген тәртіпте еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен келістіру арқылы қызмет түріне сәйкес  мемлекеттік өкілетті орган бекітеді.

     Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарауды еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте бекітілген орган жүзеге асырады.

     Еңбек нормасы еңбектің өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, жаңа техника, технология енгізу және ұйымдастырушылық-техникалық шараларды өткізу жағдайына байланысты міндетті ауыстыруға жатады.

     Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.

     Еңбек нормасын жетілдіру кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:

     еңбек нормасының сапасы, оның қажетті еңбек шығынына оңтайлы жуықталуы;

     ұқсас ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда орындалатын бір жұмысқа бірдей еңбек нормасын бекіту;

     ғылым мен техниканың дамуы негізінде еңбек нормасының прогрессивтігі;

     еңбекті нормалауда еңбек нормасын бекіту мақсаттық болып саналатын жұмыс түрлерін қамту;

     еңбек нормасының техникалық (ғылыми) негіздемесі.

     Тарифтерге мемлекеттік реттеу жүргізетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) ұйымдарда еңбек нормасын ұсыну, қарау және келістіру тәртібі еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

     Еңбекті нормалау

     Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

       Мында өту: шарлау, іздеу

     Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орнының экономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.[1]

     Уақыт нормасы - өнім өлшемін жасауға немесе өндірістік бір операцияны анықтауға қажетті минутпен немесе сағатпен белгіленген уақыт.

     Өнім  нормасы – белгілі бір уақыт өлшемі ішінде өндірілуге немесе өнделуге тиіс өнімнің заттық өлшемдерімен (дана, тонна, метр және т.б.) көрсетілген мөлшері.

     Уақыт өлшеміне байланысты өнімнің сағаттық, сменалық, ал кейін тіпті айлық нормалары болады. Қызмет көрсету нормасы жұмысшының смена ішінде қанша жабдыққа немесе жұмыс орнына қызмет етуге тиіс екендігін көрсетеді.[2]

     1940 жылы

     Капиталист  және социалист өндіріс

     Капиталист  және социалист өндірісте еңбекті нормалаудың мәні мен мақсаты мүлде өзгеше. Капитализм жағдайында қолданылатын еңбекті нормалау тәсілдері еңбекті мейлінше интенсивтендіруге, барынша мол пайда табу үшін жұмысшыларды қанауды күшейтуге бағытталады. В.И.Ленин бұл тәсілдерді «терді сығып алудың» ғылми «жүйесі» деп атады. Социалист қоғамда еңбек шығындарының нормасы жекелеген қызметкерлердің өнемді дайындауға байланысты жиынтық еңбекке қатысу үлесін анықтайды. Еңбекті нормалау өнімділігін арттыруды көтермелей отырып, социалист өндірістің озат техникалық негізінде үздіксіз өсуі мен жетілдірілуіне мүмкіндік береді. Ғылми негізделген нормалар арқылы өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті жұмыс уақытының шығынын және осының негізінде қажетті мамандықтарды жұмысшылардың санын дұрыс жоспарлауға, социалист жарыстың пәрменділігін арттыруға болады. Көптеген жағдайларда бірдей жұмыстар түрліше еңбек құралдарын қолдану арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Сондықтан да сол жұмыстарды орындау кезінде неғұрлым жоғарғы еңбек өнімділігіне жету үшін еңбек құралдарын анағұрлым тиімді пайдалануға, өнімділігі жоғары технология мен еңбекті ұйымдастырудың мейлінше жетілген түрін қолдануға мүмкіндік беретін тәсілдерді жасау қажет болады. Еңбек нормалауды ғылми тұрғыдан іске асыру еңбек құралдарын жүйелі түрде жүргізуді, жұмыстың озық тәсілдерін зерттеп, таратуды және хронометражды кеңінен қолдану арқылы жұмыс уақытының шығынын зерттеуді керек етеді.[3]

     Өндірістік қуаттарын есептеу

     Еңбек шығындарының нормалары жекелеген учаскелердің, цехтардың және тұтас алғанда кәсіпорынының өндірістік қуаттарын есептеу үшін, белгіленген тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін жабдықтың, жұмысшылардың және жалақы қорының қажетті мөлшерін анықтау үшін, бөлшектерді, бұйымдарды әзірлеу мерзімін белгілеу үшін бастапқы деректер болып табылады. Бұл келтірілген есептеулер кәсіпорындардың, цехтардың, учаскелердің өндірістік жоспарын жасаған кезде қажет болады. Демек, жоспар сапасы норма сапасына байланысты. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс практикасында кеңінен қолданылып жүрген тәжірибелік-статистикалық нормалар кәсіпорының көшегі күнін бейнелеп, өндірістің өзгерген жағдайларын, қолдағы бар мүмкіндіктер мен резервтерді онша ескермейді.[4]

       Бұл нормалар өндірісті ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруді тежеп, еңбек өнімділігін арттыруға ұмтылдыратын стимулдарды әлсіретеді. Жаңа техника мен технологияның енгізілуі, қызметкерлердің мамандығы мен тәжірибесінің артуы нәтижесінде ғылми негізделген нормалардың өздері ескіруі мүмкін. Сондықтан да уақыт нормаларын, оларды азайту жағына, ал өнім мен қызмет көрсету нормаларын арттыру жолына қарай әлсін-әлі қайта қарап отырған жөн. Әдетте еңбекті нормалауды бұлайша қайта қарау кәсіпорындарда жаңа техниканы енгізіп, игеруге және ұйымдық-техникалық шараларды жүргізуге байланысты жүзеге асырылады. Озаттардың тәжірибесіне сүйене отырып жасалған еңбек нормалары социалист өндірісті үздіксіз жетілдіруге мүдделендіреді. Озат нормаларды кеңінен қолдану өндіріс резервтерін толық пайдалануға жұмылдырып, жаңашылардың инициативасын өрістеуге, социалист еңбек тәртібін нығайтуға мүмкіндік береді. 
 

     Пайдаланылған әдебиет

     1 Сергиев А.В., Техническое нормирование труда в механических целях, М., 1964

     2 Гальцов А.Д.Основы технического нормирования труда на промышленном предприятии, М., 1961

     3 Петроченко П.Ф., Кузнецова К.Е., Организация и нормирование труда в промышленности СССР, [М.], 1971


Информация о работе Еңбекті нормалау