Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 19:43, лекция
Басқарушылық талдау әдісінің сипаттамалық ерекшеліктері болып келесілер табылады: экономикалық құбылыстарды өлшеу үшін көрсеткіштер жүйесін қолдану; талдау объектісінің ерекшеліктері тәуелділігінен бағалау өлшеуіштерін таңдау;
факторларды анықтау және өлшеу, математикалық, статистикалық және есептеу әдістерін қолдану арқылы олардың қорытынды көрсеткішке әсерінің өзара байланысы.
Факторлық талдау келесідей міндеттерді шешеді:
Факторлық талдаудың бір міндеті болып қорытынды
Детерминирлік талдауда ең жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей типтері ажыратылады:
Ол қорытынды көрсеткіш бірнеше факторлық
Бұл модель типі қорытынды көрсеткіш бірнеше факторлардың
туындысын көрсеткенде
Олар қорытынды көрсеткішті бір факторды басқасының шамасына бөлу арқылы алған кезде қолданылады.
және т.б.
Мультипликативті факторлық
жүйелерді модельдеу нәтижелі жүйенің
факторларын көбейткіш-
ВП = ЧР х ГВ
ВП = ЧР х Д х ДВ
ВП = ЧР х Д х П х ЧВ
ВП - өнімді өндірудің жылдық мөлшері;
ЧР - жұмысшылардың орташа тізімдік саны;
ГВ - бір орташа тізімдік жұмысшының орташа жылдық айлығы;
Д - бір жұмысшының бір жылдағы жұмыс істеген
П - жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат;
ЧВ - бір жұмысшының орташа сағаттық айлығы.
Бұл модельдер мультипликативті түріндегі нәтижеліфакторлық жүйенің бөлшектеу процесін және кешенді факторлардыкөбейткіштерге мүшелеу есебінен кеңеюін бейнелейді. Модельді кеңейту және бөлшектеу деңгейі зерттеу мақсатына және көрсеткіштерді белгіленген ережелер шегінде бөлшектеу және формаландыру мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Адитивті факторлық жүйелердің модельденуі аналогты (ұқсас) түрде жүзеге асырылады. Краттық модельдерде оларды түрлендірудің келесідей әдістері қолданылады: ұзарту, кеңейту және қысқарту.
Сонымен, қорытынды көрсеткіштер әр түрлі әдістермен құрама элементтерге (факторларға) жіктелуі мүмкін және детерминирлі модельдердің түрлі типтері түрінде ұсынылуы мүмкін. Модельдеу әдісін таңдау зерттелетін объектіге, қойылған мақсатқа байланысты.
Қорытынды көрсеткіштердің өсіміне әсер ететін жеке факторлардың мөлшерін анықтау үшін детерминирлі талдауда келесідей әдістер қолданылады: тізбекті подстановка, абсолютті айырмашылық, салыстырмалы айырмашылық, пропорционалдық бөлу, интегралдық, логарифмиялау, баланстық және т.б.
1.4 Қаржылық және басқарушылық талдаудың мазмұны
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық стандарттарына көше бастауымызға байланысты бухгалтерлік есеп қаржылық және басқарушылық есепке бөлінді. Бірақ мұндай бөліністі шарты деп айтуға болады, себебі басқарушылық есеп қаржылық есептің жалғасы ретінде қарастырылуы мүмкін және керісінше.
Қаржылық есеп кәсіпорынның мемлекет пен ақпаратты сыртқы пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынастарын реттейді. Ал басқарушылық есеп мемлекетпен реттелмейді, оны ұйымдастыру мен оның әдістерін кәсіпорын басшысы анықтайды. Басқарушылық есептің мақсаты – меншік иелері мен кәсіпорын басшылығын тиімді басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің қаржылық және басқарушылық есеперге бөлінуі кәсіпорын деңгейінде шаруашылық қызметін талдаудың да екіге бөлінуінің алғы шарттарын жасады. Осы тұрғыдан шаруашылық қызметін талдаудың жалпы схемасы 1.1 – суретте келтірілген.
1.1 – Сурет. Шаруашылық қызметін талдаудың жалпы схемасы
Талдауды ішкі және сыртқы деп бөлудің негізгі критерийі – пайдаланатын ақпарат сипаты. Сыртқы талдау жарияланатын есептік мәліметтерге, яғни кәсіпорын қызметінің шектеулі бөлігін ғана сипаттайтын мәліметтерге негізделеді.
Басқарушылық (ішкі) талдаудың ақпараттық базасы ретінде кәсіпорын қызметі туралы барлық ақпарат саналады: өндірістің техникалық жарамдылығы туралы ақпарат, нормативті және жоспарлы ақпарат, оперативті, бухгалтерлік және статистикалық есеп мәліметтері, сыртқы қаржылық есеп, барлық ішкі есеп жүйесі, басқа да ақпараттар, оның ішінде мамандар пікірі, жиналыстар шешімі, т.б.
Қаржылық және басқарушылық талдау мақсаты мен міндеттеріне қарай да ерекшеленеді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – анықталған нәтижелер негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау. Ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі қаржылық талдау қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін терең талдап, оны жақсарту бойынша шаралар белгілейді. Ал сыртқы қаржылық талдаудың міндеті сыртқы ақпарат пайдаланушылар қызығушылығымен анықталады.
Басқарушылық талдау тек ішкі бола алады. Тек осы талдау түрі ғана кәсіпорындағы нақты жағдайға баға бере алады, тек өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құнының құрылымын ғана емес, жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын, коммерциялық және басқару шығындарының құрамын оқуға мүмкіндік береді.
Басқарушылық талдаудың мәліметтері кәсіпорынның бәсеке саясатының негізгі сұрақтарын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, оны басқару ақпараты өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мен пайда сомасын максималдау механизмін дайындау үшін пайдаланады. Осы себептерге байланысты басқарушылық талдаудың нәтижелері жарияланбайды, коммерциялық құпия болып саналады.
Қаржылық және басқарушылық талдаудың салыстырмалы сипаттамасы 1.3 – кестеде келтірілген.
1.3 – Кесте. Талдау түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы
Салыстыру облысы |
Қаржылық талдау |
Басқарушылық талдау |
Ақпаратты пайдаланушылар |
Ішкі, сыртқы кез-келген қызығушы тарап |
Кәсіпорын басшылығы |
Зерттеу объектілері |
Кәсіпорын бір тұтас жүйе ретінде |
Кәсіпорын, оның құрылымдық бірліктері |
Ақпарат көздері |
Қаржылық есеп формалары |
Экономикалық ақпараттар кешені |
Ақпараттың өлшем бірліктері |
Ақшалай форма |
Кез-келген формада |
Талдау кезеңділігі |
Есеп формаларын құру уақыты (тоқсан, жыл) |
Қажеттілікке қарай |
Ақпараттың еркіндігі |
Жалпыға ортақ |
Қатаң құпия |
Бақылау сұрақтары мен өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
1. Экономикалық талдау түсінігі, мазмұны мен міндеттері.
2. Экономикалық талдау жүйесіндегі басқарушылық талдаудың орны.
3. Экономикалық талдаудың жіктелуі.
4. Экономикалық талдауды қаржылық және басқарушылқ талдауға бөлудің артықшылықтары.
5. Талдау жұмысын жоспарлау мен талдау нәтижесін құжаттау.
6. Талдау нәтижесінде алынған мәліметтерді өндірісті басқару мен жоспарлауда қолдану жағдайлары.
Информация о работе Басқарушылық талдауда қолданылатын әдiстермен тәсiлдер