Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 18:10, реферат
2007 жылғы жаздан бастап халықаралық қаржы жүйесі күрделі дағдарыс құбылыстарына тап болды. Халықаралық қарыз рыноктарына енудің шектеулі болуына қарамастан, Қазақстан банктері қазіргі кезге дейін сыртқы сынақтарды ойдағыдай еңсеріп, өздерінің барлық ішкі және сыртқы міндеттемелерін толық көлемде атқарып келеді. Осы кезеңде банктерге Үкімет пен Ұлттық Банк айтарлықтай қолдау көрсетті.
Банк секторын тұрақтандыру жөніндегі одан әргі шаралар туралы
2007 жылғы жаздан бастап халықаралық қаржы жүйесі күрделі дағдарыс құбылыстарына тап болды. Халықаралық қарыз рыноктарына енудің шектеулі болуына қарамастан, Қазақстан банктері қазіргі кезге дейін сыртқы сынақтарды ойдағыдай еңсеріп, өздерінің барлық ішкі және сыртқы міндеттемелерін толық көлемде атқарып келеді. Осы кезеңде банктерге Үкімет пен Ұлттық Банк айтарлықтай қолдау көрсетті.
Соңғы кезде байқалып жүрген отандық банктер өтімділігінің одан әрі қысқаруы және акциялар кесімінің құлауы банк активтері сапасының нашарлау үрдісінің өсуіне (және, тиісінше, кредиттік қызметтен шығындарды жабуға қосымша резервтерді қалыптастыру қажеттілігіне), экономиканың нақты секторын несиелеу көлемінің қысқаруына және сайып келгенде Қазақстан кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің төмендеуіне соқтырды. Мұндай жағдайда экономикалық үдерістерді үйлестіру және ынталандыру бөлігінде мемлекеттің рөлі анықтаушы болады, бұған әлемнің жетекші мемлекеттерінің үкіметтері мен реттеуші органдарының іс-әрекеттері дәлел.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банк және ҚҚА бірлесіп, Қазақстанның банк секторын капиталдандыруды және өтімділігін ұстап тұруға және одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар кешенді шараларды іске асыру жөнінде ұсыныс жасады.
Осы жоспар аясында отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономиканы несиелеу көлемін сақтауына, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды ұлғайтуына және банк қамтамасыз ету ретінде бергеннен басқа баспанасы жоқ қарыз алушыларға ипотекалық несие бойынша несиелеудің қолайлы жағдайларын белгілеуіне сенім артады.
ҚҚА әзірлеген ұсынымдарға сәйкес Үкімет жүйе құраушы төрт банкке (Альянс Банк, БТА Банк, Халық Банкі және Қазкоммерцбанк) олардың капиталының жетімділігін нығайту жөніндегі шаралар ретінде осы банктердің акционерлік капиталына қосымша қаражат құю жөніндегі ұсыныспен өтініш білдірді. Сонымен қатар Үкімет АТФ Банктің және ЦентрКредитБанктің ірі шетелдік қатысушыларымен осындай бастаманы талқылауды жоспарлап отыр.
Осы ұсыныстың аясында қосымша капиталдандыру жалпы жиынтығы 5 млрд. долларға дейінгі сомаға жай және артықшылықты акцияларды эмиссиялау арқылы жүзеге асырылатын болады деп ұйғарылады. Қазіргі бар акционерлерге қайта шығарылатын жай және артықшылықты акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы берілетін болады, мұның өзі банктердің қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін жеткілікті көлемде олардың қосымша капиталдандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Банктерге қазіргі бар акционерлермен дереу капиталдандыру мүмкін болмаған жағдайда мемлекет банктердің акционері болуға дайын. Бұл ретте мемлекет қандай да бір банктің капиталында бақылау пакетін сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Осы жоспарды іске асыру нәтижесінде мемлекеттің меншігіне көрсетілген төрт банктің дауыс беретін акцияларының 25%-ы түседі деп ұйғарылады. Капиталдандырудың көрсетілген сомасы шегінде банктерге сондай-ақ артықшылық берілген акциялар мен субординацияланған берешек түрінде ұзақ мерзімді капиталдың қосымша нысандары берілетін болады.
Аталған банктерде мемлекеттің мүддесін “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі “Самұрық-Қазына”) білдіретін болады. Самұрық-Қазынаның банктердің жоғарыда аталған бағалы қағаздарын сатып алу мақсаты үшін Қорды мемлекет 5 млрд. долларға қосымша капиталдандыратын болады.
Үкімет осы банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалуды жоспарламайтындығын және олардың капиталынан, әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалға байланысты, орта мерзімді перспективада шығатындығына сенімді екенін атап өту қажет. Сол сәтке мемлекетке тиесілі акциялар нарықтық қағидаттарға сәйкес сатылатын болады.
Банк секторын қайта капиталдандыру жөніндегі шаралармен қатар осы ұсыныс шеңберінде банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ банктерге қосымша өтімділік көздерін беру көзделген.
Осылайша, өтімділікті арттыру жөніндегі шаралардың бірі ретінде Ұлттық қор 5 млрд. доллар сомаға Самұрық-Қазына шығаратын облигацияларды сатып алады. Бұл қаражат серпінді және инфрақұрылымдық жобаларды, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды қоса алғанда экономиканың нақты секторын несиелеуге бағытталады. Бастапқыда ақша қаражаты банктердің жаңа жобаларды несиелеуге және бұрыннан барларын ұстап тұруға мүмкіндік бере отырып, бірқатар банктерде депозиттерде орналастырылатын болады.
Осы жоспарда Ұлттық Банктің тарапынан өтімділікке қолдау білдіру жөніндегі шаралар көзделеді, олар екінші деңгейдегі барлық банктерге қолданылатын болады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк олардың қосымша көздерін, оның ішінде ең төменгі резервтік талаптарды азайту және репо операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесін кеңейту есебінен беру жолымен банктердің ағымдағы және қысқа мерзімді өтімділігіне қолдау білдірілетін болады.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, жақын уақытта банктердің несие қоржындарының сапасын жақсартуға бағытталған Тұрақтандыру активтері қоры іске қосылатын болады. Қорды капиталдандыру 1 млрд. долларды құрайды.
Информация о работе Банк секторын тұрақтандыру жөніндегі одан әргі шаралар туралы