Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
• сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді.
І. Кіріспе ..................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық ой және инвестиция ........................................... 4
2. Қазақстанның инвестициялық саясаты ...................................... 9
3. Тікелей шет ел инвестициялары ................................................ 17
4. Инвестициялық қорлардың бөлінуі............................................. 20
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі......
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткенірынок үнемі қозғалыста болып түрады.
6.Q - принципі
"Q" - принципі
- бұл қор биржасындағы бағалау
мен актив құнын нағыз қалпына
келтіру арасындағы өзара
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) /бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны /оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]
1.3 Инвестициялық
қызметті басқару
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның
экономикалық тиімділігіне, қаржылық
тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы
өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні
сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті
басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің
маңызды да жауапты міндеттерінің бірі
болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына
келесілер кіреді:
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде
басқару – бұл инвестициялық қызметті
заңды түрде реттеуді, бақылауды және
ынталандыруды қажет етеді;
- жеке инвестициялық жобаларды басқару
– бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер
мен басқару техникасын қолдану арқылы
инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын
жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды
қамтиды;
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін
басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау
объектілерін таңдаумен және инвестиция
барысын бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды
басқару капитал салымдарының ең тиімді
нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды
басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік
(1.3-сурет).
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды
басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі
инвестициялық жағдайды (климатты) талдау.
Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың
және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс
көлемінің динамикасы;
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
- мемлекеттің инвестициялық қызметті
заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;
- инвестициялық нарықтардың, бірінші
кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар
нарығының, даму деңгейі.
Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық
даму стратегиясын ескере отырып, оның
инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын
анықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық
қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар
өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі
инвестициялаудың негізгі нысандарын
анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген
салаларының инвестициялық тартымдылығы,
яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың
өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы
мен болашағы зерттеледі.
Экономика салаларының инвестициялық
тартымдылығын зерттеу барысында жүргізілген
талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға
жауап табуға мүмкіндік береді:
- осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының
тарихи негіздері;
- бәсекелестік шарттары – салаға кіру
кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы
бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың
өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу
мүмкіндігі;
- өндірушілердің өндірістік қабілеті
мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі;
- осы салаға байланысты қолданыстағы
заңнаманың негіздері.
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы
кәсіпорындарға инвестициялар салудың
тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар
қалыптасады.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың
нақты объектілерін таңдау, инвестициялық
нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады.
Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық
қызметінің негізгі бағыттарына және
экономикалық стратегиясына сәйкес келетін
жекелеген инвестициялық жобалар таңдап
алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық
объектілер олардың экономикалық тиімділігі
жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың
қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар
экономикалық тиімділігі (табыстылығы)
бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым
үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап
алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі
– инвестициялардың өтімділігін анықтау.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру
барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық
объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың
өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс
мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін
ескерулері қажет. Сондықтан да барлық
өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық
бағдарламадан шығып кету және капиталды
қайта инвестициялау туралы шешімдерді
қажет уақытында қабылдай білу керек.
Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін
ескере отырып, әрбір инвестициялық объект
бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін
бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі
жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге
асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір
өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың
қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру
көздерін іздестіру болып табылады. Бұл
кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары
бойынша инвестициялық қызметті жүзеге
асыруға қажетті қаржылық ресурстардың
жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық
ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене
отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады.
Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін
жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы
шешім қабылданады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын
жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық
қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын
кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының
жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды
кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді
басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен
кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер
бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді
анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді
мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар
қолданылады.
2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.
Инвестициялық саясатты әзірлеу барысында мақсатқа сай, келесі белгілерді сақтау керек.
Коммерциялық тәуекелдіктің әсер етуі (құрылыстық, өндірістік және көліктік) т.б жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдіктер тапсырыс берушілер арқылы азайтылуы мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуын, коммерциялық емес тәуекелдіктерден қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметімен қадағаланады.
Мемлекеттік капиталдық салымдарды қаржыландырудағы шығындар қарастырылады.
Мемлекеттік бюджетте-егер де олар сәйкес федералдық мақсатты бағдарламаға кеткен шығыстардың бөлігі болса.
Қазақстан Республикасының субъектілер бюджетінде егерде сәйкес аймақтық мақсатты бағдарламаға кеткен шығындар болса.
Мемлекеттік бюджет шоттарынан қаржыланатын инвестициялық жобаларды әзірлеу, қарастыру және бекіту сияқты федералдық мақсатты, бағдарлама мемлекеттік бюджеттің орындалу есебін көһрсету барысында, бюджеттік несиелердің өтелу есептері де көрсетіледі.
Бюджетті орындайтын органдар берілген бюджеттен нестелер жөнінде реестр жүргізеді.
Егер капиталдық салымдар кәсіпорындар мен корпорациялардың меншік құралдарының негізінде жүзеге асатын болса, құрылыс жөніндегі серіктестер қаржылық салымдардың қаржыландыру шартын және тәртібін анықтайды.
Қазіргі кезде құрылыс салушы кәсіпорындар өз бетінше инвестициялық бағдарламаларды жасайды және өткізу үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды үлестіреді. Кәсіпорынның инвестициялық бюджеті директивті құжат болып табылмайды, керісінше капиталдық салымдарды қаржыландыру көздерінің стратегиясын белгілейді.
Жобаны өткізудің қаржылық жоспары бизнес-жоспардың басты бөлігі болып табылады. Ақша ағымдары ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметтер арқылы анықталады. Қызметтердің әрбір түрі бойынша есептер кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының жыныстануы мен сальдо түсімінің белгіленуімен анықталады.
Кәсіпорынның
инвестициялық қызметін әзірлеу
барысында жобаларды өткізумен
байланысты мүмкін болатын тәуекелділіктерді
мақсатты бағалау керек.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару
жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен
негізделеді. Инвестициялық саясатты
әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару
аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері,
сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және
басқа да бөлімшелердің қызметкерлері
қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның
бетке алған инвестициялық бағытының
келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне
септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі
барысында белгілі бір инвестициялық
саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық
саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның
өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге
асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс
көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының
жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал
салымдарының тиімді объектілерге салынуын,
олардың өндіріс барысын сенімді ақша
ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде
кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің
тиімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде
кәсіпорынның экономикалық саясатының
құрамдас бөлігі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен
байланысты макроэкономикалық саясаттағы
өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық
саясатына қосымша маңыздылық береді.
Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық
қызмет жөніндегі міндеттері келесідей
болуы тиіс:
- кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
- өзінің инвестициялық бағдарламасын
жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды
анықтау;
- инвестициялық ресурстардың оңтайлы
орналастырылуын қамтамасыз ету;
- кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын
және олардың қажетті объектілерге салынуын
қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық
жағдай қалыптастыру.
Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге
асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын
белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу
керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының
әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері
келесідей:
- капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің
алуан түрлі болуы;
- іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық
жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде
іріктеп, таңдап алу;
- мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның
түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз
ету мақсатында бағытталуы;
- жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны
жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын
жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен
байланыстыра отырып қалыптастыру;
- қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық
жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен
(қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және
қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
- өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың
барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;
- инвестициялық белсенділікке ықпал ету
мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық
құралдарды қолдану.
Инвестициялық саясаттың ріктеушілік
және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру
кәсіпорынның экономикалық өсіміне және
жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық
бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді
қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін
инвестициялық саясатты жүзеге асыру
және инвестициялық бағыттарды таңдау
келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз
етуі керек:
- өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге
қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік
әлуетін (потенциалын) дамыту;
- инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін
қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан
үлкен қолдау көрсетілетін салаларға
капитал салу;
- бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және
сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие
болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар
салу.
Қаражаттарды қолайлы экономикалық және
техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге
немесе экономика салаларына бағыттаған
жөн.
2.2 Инвестицияның
түрлері мен есептеу әдістері
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]
Венчурлық капитал
- бұл тәуекелділік күрделі қаржыны
салуды білдіруде қолданылатын термин.
Венчурлық капитал үлкен
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар:акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұлзейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздықміндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]
Инвестицияның
орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы,
алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің
жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін
қалай анықтауға болады?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана.Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен біргеинфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатынинфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90мың теңге ғана болады.
Егер инвес
тор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляциядеңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Ондамұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге
мерзімі - бұл қаржы салымының
басындағы көлемін жобадан
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда
немесе салық алынатын, жалпы
инвестициялық шығынға
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.