Қазақстандағы көмір өндірісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Экономикалық дағдарыс ғылымға қатты салқынын тигізді. Күні бүгінге дейін ғылымға ішкі жалпы өнімнің болмашы мөлшері ғана бөлініп келеді. Дегенмен бұл - ғылым, оның ішінде Қазақстан химиясы тоқырады деген сөз емес. Энтузиаст-ғалымдар ізденістерін үзбей жалғастыра берді. Соның нәтижесінде Үкіметіміз күні бүгін он зауыт саламыз десе, солардың әлемдік базарда бәсекелесіне дес бермейтін өнімдер шығару ісін ғылыми негіздеп бере аламыз.

Оглавление

Кіріспе

1.1. Қазақстандағы көмір өндірісі


1.2. Павлодар-Екібастұз көмірі


1.3. Екібастұз көмірінің ерекшелігі мен қасиеттері


Қорытынды

Файлы: 1 файл

Екібастұз бассейні.docx

— 31.74 Кб (Скачать)

Екібастұздың көмірін зерттеген мамандар Петербордан Парижге дейін барып, даланың байлығын игеретін капиталистерді тартқанын тарихтан білуге болады. Кен орнын мұқият зерттеген геолог Жорж Де Кателен: «Екібастұз көмір бассейнінің байлығы ұшан-теңіз. Біз Еуропада мұнан басқа қуатты көмір кені бар деп ойламаймыз» деп ой түйіндегенінен Еуропаның шонжарлары қазақ көміріне қаншалықты қызыққанын байқау қиын емес. Осылайша Екібастұздағы Воскресенск тау-кен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібір өлкесінде ең ірі тау-кен өндірісі орталығына айналғаны белгілі.

"Богатырь Аксес Комир"  ЖШС халықаралық сапа стандарттары  енгізілген. «Восточный» АҚ алқабын  «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясының»  өндірістік қуаттылығы жылына  – 22,5 млн. тонна көмір. 

Көмірдің өндірістік қоры – 1,3 млрд.тонна, кесінді тереңдігі - 175 м. Шөміштердің сыйымдылығы – 139 куб.м. жер қыртысында – 108,5 куб.м. Жұмысшылар саны - 2960 адамнан астам.

Екібастұз электрстанциялары  өзара Ұлттық электр желілерімен  байланысқан, Қазақстанның электроэнергетикасының негізін құрайды. "АЕS" Екібастұз» ЖШС - ГРЭС - 1 станциясы 12.04.1980 жылы пайдалануға  берілген. Электр энергиясын біртекті энергетикалық жүйеде өндіреді, Қазақстанда  электроэнергиясын өндіру үлесі - 12%. Конденсациялық электр қуаттылығы - 4000 МВт. Станцияның қуаты – 1800 Мвт. жетеді.

«Станция Екібастұз ГРЭС - 2» АҚ - Қазақстан Республикасындағы  қарқындыдамып келе жатқан қазіргі  заманға сай станциялардың бірі. Станцияға бекітілген қуаттылық 1000 МВт. Станция екіблокты тәртіпте жұмысістейді.

2015 жылға дейін энергетикалық  саланы дамыту Республикалық  Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  үшінші және төртінші энергоблоктардың құрылысының технико-экономикалық негіздемесі жасалған.

Әлемге аты мәлім Екібастұздағы  «Богатырь» кенішінің еліміз үшін стратегиялық маңызы зор кеніш. Ашық әдіспен көмір  өндіретін «Богатырь Көмір» кеніші Екібастұз көмір қазаншұңқырындағы 70 пайызға жуық көмір тиесілі. 2008 жылы Компания 46,2 млн. тонна көмір  өндіріп, тұтынушыларға жөнелтті. «Богатырь» ЖШС көмірі Қазақстанда да, Ресейде  де сұранысқа ие. Экспорттық жеткізілімдер  бүгінде жалпы өндірілген өнімнің 50 %-ын құрайды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының  Энергетика және минералдық ресурстар  министрлігі Екібастұз тас көмір  кенішінің «Богатырь» және «Северный» кесіктерін игеру жөнінде 45 жылға  келісім-шарт жасасты. Компанияның  кен игеру жұмыстарына мерзім шектелмеген лицензиясы бар. Компания көмір өндіру тиімділігін ұдайы арттырып келеді. Кәсіпорынды перспективті дамыту бағдарламасы жасалып, ойдағыдай жүзеге асырылуда.

«Богатырь көмір» ЖШС-ның  ашық әдіспен өндірілетін көмірі Қазақстан мен Ресейдің электр станцияларында тозаң түрінде жағуға, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарға  арналған.

Богатырь Көмір» ЖШС өндірудің  жаңа технологиясын көмірді кезең-кезеңмен енгізуді бастады. Богатырь көмірінің  нарығы Қазақстанның көптеген аймақтарын қамтиды және Ресей Федерациясының энергетикасында елеулі орын алады.                                                                                                        Жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін  өндірістік қуаттар есебімен бағдарламаның  үшінші кезеңін жүзеге асыруда роторлы  экскаваторлар бір ожаулы гидравликалық  экскаваторларға ауыстырылады. Үлкен  жүк тиегіш автомобильдер паркі  көбейтіледі. 2015 жылға дейінгі кезеңге  жоспарланған «Богатырь» кесігіне жалпы  инвестиция көлемі 390 млн. еуроға бағаланады.  1996 жылдары «Аксес индастриз» атты америкалық компанияның қа-рауында  болғаны белгілі. Америкалық қожайын  кеткен соң, «Самұрық-Қазына» қоры мен  ресейлік «РУСАЛ» компаниялары алып кеніштің бұдан арғы тағдырына жауапты  болды. Бұл күндері оның 50 пайыз  акциясы отандық қорға қарайтынын айта кетуіміз керек. Қазіргі таңда  бір ғана «Богатырь Көмір» кешені еліміздің 11 электр стансасы мен ірі  кәсіп-орындарын және Ресейдің 6 бірдей электр стансасына қажетті көмірді  өндіріп отырғанын мақтанышпен  айтуға болады. Кеніштегі өндірістің барлық жүйесі жаңаша бағыт алып, жаңа заман талабына сай өзгеріске енген. Кеніште жаңа заман жүйесі тетіктерімен жабдықталған 5 роторлық экскаватор жұмыс жасап жатыр. Яғни, көмір кеніштен сыртқа ескі «БелАЗ» жүк көліктерімен, вагондармен тасылса, қазіргі күні оларды жапондық ауыр жүк машиналары алмастырған. Сондай-ақ, гидравликалық экскаваторлар мен ауыр жүк көліктері, қайта тиеу пункттері, ленталы конвейерлер мен ұсақтағыш кешен жабдықтарда өндірістің қуатты арттыра түскен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

 

                                                   Қорытынды

 

Соңғы кездері техника  жетістіктерінің нәтижесінде көмірдің газдандырылуы тиімді болуда. Газдалған  көмір құрамында көміртектің  монооксиді, көміртектің диоксиді, сутек және метан болады. Оларды газ түрінде жанармай немесе әртүрлі  химиялық заттар мен тыңайтқыштар алу  үшін қолданады. Көмір – көмірсутектерін  алу үшін маңызды шикізат. Сол сияқты дәстүрлі энергия көздерін алу жолдары, механизмдері өте көп, бірақ біздің елімізде қолдану өте қиын.

Себебі біздің мемлекетімізде технология, заводтар, мамандар жетіспеуі. Немесе кәсіпорын басшыларының осындай  жобаларға қызығушылық танытпауы. Оған мысал ретінде көмірдің ұсақ мөлшері өңделмей қалдық, қоқыс ретінде  қалып қойып жатыр. Қарағандыда  көмір ұнтақтарынан құтыла алмай  әуре. Егер Призерскдегі зауыт іске қосылса, одан көмір брикеті шығарылар  еді. Нәтижесінде кокс және пластмассалар, бояулар, дәрі-дәрмектер өндіруге болатын  еді.

Қорыта келе көмір өндірісі біздің өмірімізде үлкен маңызға  ие. Ол арзан энергия көзі ретінде  қолданылады. Оны ашық тәсілмен қазып  алу экономикамызды жоғарылатуға үлкен  үлесін тигізеді. Ал қазіргі кезде  көмірден бензин алу да жолға қойылып  жатыр. Көмір жеткілікті мөлшерде жылу шығарады. Жер қоймаларының қорлары  мен болжаулы ресурстар комитеті (көмір қоры) 1162 млрд. АҚШ долларын құрайды. . ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші ашылады. Кеңес өкіметі кезінде көмір өндіру қарқынды түрде дамып, 1930 жылы Қарағандыда алғаш рет 4 шахта ашылады. 1937 жылдың өзінде-ақ Қарағанды көмір тресі жылына 3,5 млн. тоннадан астам көмір өндіріп, бүкіл одаққа танылғаны мәлім. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары көмір өндіру кең көлемде жүргізілгені белгілі. 1941-1945 жылдар аралығында Қарағандыда 23 шахта ашылып, миллиондаған тонна көмір өндіріліп, ірі өндіріс ошақтарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жағдай жасады. Соғыс жылдары Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 8 пайызын бергенін айта кетуіміз керек. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80 пайызы көмір қопарғыш машиналармен атқарылған болатын. Дәл осы уақытта жер астынан көмірді шығаруда мейлінше механикаландыру ісі қарқынды жүрді. Жұмыс-шылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 тоннаға дейін жетіп, Қазақстанда көмір өндіру жылына 12 млн. тоннаға өскенін байқаймыз.

 


Информация о работе Қазақстандағы көмір өндірісі