Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 10:31, курсовая работа

Краткое описание

«Аудиттегі маңыздылық» Халықаралық стандартта: «Ақпарат оны жіберіп алу немесе бұрмалау қаржылық есеп беру негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететін жағдайда елеулі деп есептеледі. Маңыздылық белгілі бір жағдайларда оларды жіберіп алу немесе бұрмалаушылыққа қатысты қорытынды қабылданатын қателер немесе баптар шамасына байланысты болады. Сондықтан маңыздылық есептеудің табалдырығы немесе есептеу нүктесін көрсетеді және пайда әкелу үшін ақпаратқа ие болу керек және сапалы бастапқы сипаттама болып табылмайды» деп атап өтілген.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы...................................................5
Маңыздылық пен пікір............................................................................5
Қателер мен заңсыз әрекеттер................................................................8
Бұрмалау анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті...........................9
Маңыздылықтың рұқсат етілген деңгейін анықтау................................12
2.1. Маңыздылық деңгейін анықтаудың шетелдік тәжірибесі.................12
2.2. «Қазақтелеком» АҚ қаржылық есептілігінің маңыздылық деңгейін анықтау...................................................................................................................15
Қорытынды............................................................................................................23
Қосымша.................................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................28

Файлы: 1 файл

аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы.doc

— 139.00 Кб (Скачать)

                      Жоспары

Кіріспе.......................................................................................................................3

    1. Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы...................................................5
    1. Маңыздылық пен пікір............................................................................5
    1. Қателер мен заңсыз әрекеттер................................................................8
    2. Бұрмалау анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті...........................9
    1. Маңыздылықтың рұқсат етілген деңгейін анықтау................................12

 2.1.    Маңыздылық деңгейін анықтаудың шетелдік тәжірибесі.................12

     2.2.   «Қазақтелеком» АҚ қаржылық есептілігінің маңыздылық деңгейін анықтау...................................................................................................................15

Қорытынды............................................................................................................23

Қосымша.................................................................................................................24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    КІРІСПЕ

         «Аудиттегі маңыздылық» Халықаралық стандартта: «Ақпарат оны жіберіп алу немесе бұрмалау қаржылық есеп беру  негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететін жағдайда елеулі деп есептеледі. Маңыздылық белгілі бір жағдайларда оларды жіберіп алу немесе бұрмалаушылыққа қатысты қорытынды қабылданатын қателер немесе баптар шамасына байланысты болады. Сондықтан маңыздылық есептеудің табалдырығы немесе есептеу нүктесін көрсетеді және пайда әкелу үшін ақпаратқа ие болу керек және сапалы бастапқы сипаттама болып табылмайды» деп атап өтілген.

        «Алаяқтық және қателер халықаралық стандартында аудитор жалпы қаржылық есеп беру үшін маңызды болуы мүмкін алаяқтық пен қателер фактілері туралы жеткілікті дәлелдеме алуға ұмтылады. Егер анда орын алса, алаяқтық салдарлары қаржылық есеп беруде дұрыс көрсетілуі, ол қате түзетілуі керек. Әдетте қатені түзету ықтималдылығы алаяқтың фактісін анықтау ықтималдығына қарағанда жоғары болады. Себебі алақтың оны жасыруға арнайы бағыттаған әрекеттерәмен қатар жүреді».

         Маңыздылықты бағалау  аудит  жүргізу кезінде, әсіресе жоспарлау  кезеңінде және аудиторлық рәсімдер  нәтижелерін бағалау кезінде  жүзеге асырылады. 300 «Қаржылық есептіліе  аудитін жоспарлау» аудиттің  халықаралық стандарты аудитордың операцияны жоспарлау кезінде аудит мақсаты үшін маңыздылық туралы алғашқы пікірді талап етеді. Алғашқы пікірге қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп беру, баланс бөлімдері үшін және тұтастай қаржылық есептілік үшін маңызды болып саналатындардың бәрін бағалау енуі мүмкін. Маңыздылықтың алғашқы пікірлері мақсаттарының бірі – аудит стратегиясын анықтаған кезде аудитордың назарын қаржылық есептіліктің неғырлым маңызды пункттеріне аудару болып саналады.

       Алаяқтық – басшылық құрамының бір немес бірнеше адамдары, қызметкерлер немесе үшінші жақтардың есеп және қаржылық есеп беру мәліметтерін әдейі дұрыс емес көрсетуі және ұсынуы. Оған алғашқы құжаттар, тізімдер мен есеп беру жалғандығы, есепке алу жазуланыдағы алдау, шаруашылық операциялар мәнін бұрмалау және заңды, ұйымның есеп саясатын бұзатын есептегі жазбаларды әдейі бұзу енеді. Бухгалтерлік құжаттар мен жазулар жалғандығы бухгалтерлік есептің дұрыс емес немесе жалған екендігі алдын-ала  белгілі құжаттарын (авизо, шоттарды, вексельдерді, және т.б.) және бухгалтерлік есеп шоттарына шындықты бұрмалайтын жазуларды толтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы
    1. Маңыздылық пен пікір

         Аудиторға қаржылық есеп беру  бұрмалануын тудыратын фактілерден  ауытқудан  басқа міндеттемелердің екі типі болуы мүмкін екенін естен шығармау керек:

  • Бухгалтерлік есеп стандартының дұрыс қолданылмауы;
  • Қажетті ақпаратты өткізіп алу.

      Қаржылық есеп беруді тексеру кезінде оған аудиттегі маңыздылықтың сапалық және сандық сияқты екі жағын ескеру қажет.

       Маңыздылықтың сапалық жағы –  жасалатын операциялардың Қазақстан  Республикасында әрекет ететін  нормативті актілердің талаптарынан  ауытқуы.

      Сандық жағы маңыздылық деңгейімен  сипатталады.

       Маңыздылық деңгейі – бұл қаржының есеп беру нақтылығына елеулі әсер етпейтін онда максималды рұқсат берілген бұрмалаулар сомасы.

       Концептуалды негіздің 12-тарау 46-б.  Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну «БЕУ сәйкес негізгі сапалық сипаттамаларды қолдану әдетте, нақты және объективті ақпаратты сақтайтын қаржылық есеп беуді құруды және әділ ұсынуды қамтамасыз етеді» деп көрсетілген.

      Сондықтан аудиторларға есеп  беруді ықтимал пайдаланушылар  және бұл есеп беру дұрыс  шешім қкабылдау үшін нақты  және объективті ақпаратты сақтауы  туралы мәліметтер қажет. Маңызды болып табылатынды бағалау кәсіби пікір пәні болып табылады. Аудитордың кәсіби пікірі – оның білімі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген көзқарасы. Бұл оның  әрекетінің тәртібін қатал анықтау мүмкін болмайтын жағдайларда субъективті шешім қабылдау үшін негіз болады.

        Маңыздылық туралы алдын ала  пікір білдірудің мақсаты –  аудитордың назарын аудиторлық  тексеру стратегиясын анықтау  негізінде қаржылық есеп берудің елеулірек құрамдас бөлігіне аудару. Мысалы, аудитор 50 мың теңгені құрайтын, баланс үшін емес, таза табыс үшін маңызды болатын дәл емес мәліметтерді қарастыра алады.

       «Маңыздылық туралы пікір –  аудитор қабылдайтын маңызды  шешімдерінің бірі. Ол аса жоғары  кәсіпқойлықты талап етеді». Аудитор  пікірі қажетті дәлелдерді жинауды жеңілдетуге көмектеседі. Егер аудитор маңыздылық деңгейін елеусіз сома көлемінде орнатса, онда оған елеулі соманы анықтағаннан гөрі, көбірек дәлелдер санын жинақтау қажет.

     Жұмыс барысында аудитор жекелеген елеусіз бұрмалаудың жиынтығын да қаржылық есеп берудің нақтылығына күмән туғызуға себеп болатынын бақауы мүмкін. Бұл жағдайда аудитор бар қателерді анықтау үшін тексеру масштабын өсіру қажет болады. Тексеру аяғына қарай рұқсат етілетін бұрмалау маңыздылығының дәрежесі жоспарлау кезеңіне қарағанда басқашалау болуы мүмкін.

        Маңыздылық туралы алдын ала  пікір білдіруге әсер етуші  негізгі факторлар:

  • Кәсіпорын көлемі;
  • Базалық көрсеткіштер;
  • Аудиторлық фирма клиентурасы құрылымының өзгеруі;
  • Бухгалтерлік есеп, аудит пен салық салу саласындағы заң талаптарының өзгеруі.

       Маңыздылық деңгейін анықтау кезінде екі шама пайдаланылады: қатенің абсолютті шамасы мен қатенің салыстырмалы шамасы.

         Абсолюттік шама – бұл көлеміне, мысалы 500 теңге немесе 1000 теңге болғанына  қарамастан қате басқы жағдайларға тәуелсіз соманың елеулігіне қарай маңызды деп танылатындығы жөніндегі аудитордың субъективті пікірі.

       Салыстырмалы шама қабылданған  базалық шама сәйкес пайыздық  қатыста анықталады (табыстан салық  салуға, ағымдық активтерге, баланс валютасына дейін және т.б.).

        Әр аудиторлық фирмаға маңыздылық  деңгейін анықтау жолданын дайындау  үшін критерийлер жүйесін және  есептеудің қажетті тәртібін  жасау және оларды фирмаішілік  немесе әдістемемен толтыру қажет.

        Маңыздылық деңгейін анықтау кезінде аудиторға екі факторды ескеру қажет:

  • Қаржылық есеп беруді құру жағдайы;
  • Пайдаланушылар үшін  қаржылық мақсаты, яғни бір клиент маңыздылығы басқа клиент маңыздылығына сәйкес келмейді.

        Маңыздылықты анықтау кезінде  аудитор клиентпен есептеу деңгейін немесе тәртібін талқыламауы керек, себебі, бірінші кезекте жұмыс көлемін және қабылдауға қабілетті тәуекелдерді өзі анықтайды.

      Жоспарлау  кезеңінде маңыздылық қарастырылады:

  • Шоттар сальдосы деңгейінде;
  • Қаржылық есептеме деңгейінде.

      Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылық  елеулі түрде бұрмаланған деп  есептеуге болатындай шот сальдосында  орын алған минималды бұрмалауды көрсетеді. Бұл деңгейге дейінгі бұрмалау рұқсат етілген бұрмалау ретінде белгілі. Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылық түсінігін шоттағы елеулі қалдық терминімен араластыруға болмайды. Соңғы термин шоттың көрсетілген сальдосы размеріне жатады. Сол кезде маңыздылық түсінігі пайдаланушы тарапынан болатын шешім түсінігіне әсер ететін бұрмалау сомасымен байланысты.

         Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылыққа қатысты қорытынды қабылдау кезінде аудиторға онымен қаржылық есеп беру деңгейіндегі маңыздылық арасындағы өзара байланысты қарастыру қажет. Бұл қарастыру аудиторды аудитті жеке емес, басқа шоттар сальдосындағы бұрмалаулармен жиынтықта жалпы қаржылық есеп беру үшін елеулі болуы мүмкін бұрмалауларды анықтауға болатындай етіп жоспарлауға әкелу керек.

          Қаржылық есеп беру деңгейіндегі  маңыздылық жөніндегі аудитордың алдын-ала пікірі сандық көрініспен анықталса, әр шотқа қатысты маңыздылықтың алдын ала бағасын жекелеген шоттың қаржылық есеп беру деңгейінде маңыздылықты бөлу жолымен алуға болады. Бөлуді бухгалтерлік баланспен қатар табыстар мен шығындар туралы есеп беруде де жасауға болады. Бірақ табыстар мен шығындар жөніндегі бұрмалаудың үлкен бөлігі де баланстық есеп беруге әсер ете алатындықтан және баланстық есеп беру шоттары аз болатындақтан көптеген аудиторлар бөлуді бухгалтерлік баланс шоттары негізінде іске асырылады. Бөлуді іске асыру кезінде аудиторға қарастыру қажет:

  • Шотта болатын бұрмалаудың шындыққа жақын болуы;
  • Осы шотты тексерумен байланысты мүмкін болатын шығындар.
    1. Қателер мен заңсыз әрекеттер

        Алаяқтық – басшылық құрамының бір немес бірнеше адамдары, қызметкерлер немесе үшінші жақтардың есеп және қаржылық есеп беру мәліметтерін әдейі дұрыс емес көрсетуі және ұсынуы. Оған алғашқы құжаттар, тізімдер мен есеп беру жалғандығы, есепке алу жазуланыдағы алдау, шаруашылық операциялар мәнін бұрмалау және заңды, ұйымның есеп саясатын бұзатын есептегі жазбаларды әдейі бұзу енеді. Бухгалтерлік құжаттар мен жазулар жалғандығы бухгалтерлік есептің дұрыс емес немесе жалған екендігі алдын-ала  белгілі құжаттарын (авизо, шоттарды, вексельдерді, және т.б.) және бухгалтерлік есеп шоттарына шындықты бұрмалайтын жазуларды толтыру.

         Есепке алу жазбаларындағы алдаушылық  – есеп пен есеп беру мәліметтерін  бұрмалау мақсатымен нақты емес  бухгалтерлік жазбаларын немесе  сторналық жазуларды әдейі пайдалану.

       Шаруашылық  операциялар нәтижелерін жою  – мазмұны мен сомасы бойынша негізгі бухгалтерлік жазбаларға ұқсас сторналық жазулар.

      Ерекше  операциялар – бір реттік мәліметтер  мен ерекше шаруашылық операциялар  бойынша сомаларды арттыру немес  төмендету.

     Қате – есеп  жазулары мен топтауларындағы  арифметикалық немесе логикалық қателіктер, есеп толықтығында байқалмай қалу және қаржы шаруашылық қызметі фактілерінің, мүліктік есептесуі болуы және оның жағдайын дұрыс түсінбеу нәтижесінде қаржылық есептемені әдейі емес бұрмалау.

     Қателердің  негізгі түрлеріне жатады:

     Кездейсоқ  қателер – қаржы шаруашылық  қызметтің қандай да бір фактісін  есепке алудың дұрыс әдісін  қолдана отырып бухгалтер ешқандай  негізсіз немесе кездейсоқ «Стандартты  емес» жазбаны жасаған жғадайда  туындайтын кездейсоқ дұрыс емес  жазбалар.

       Бухгалтерлік есеп стандарттарын білмеуге байланысты қателер. Мынадай қателерге салып алынатын құндылықтардың типтік жоспарында көрсетілген шоттарға сай емес кірістіруді жатқызуға болады.

      Салық заңы мәселелерінің білмеуіне  байланысты қателер. Мынадай қателерге жол сапарлар бойынша шығындар, норма шегінде емес банктік несиелер бойынша есептелген пайыздардың өкілеттік шығындары жатады. Осы сияқты қателерді не аванстың есеп беруі тікелей тексетіп, не нормаланған шығындар бойынша сәйкес есептелулерді және оларды өзіндік құнға жазылуын тексеру арқылы анықтауға болады. Бұл жерде салықтар мен міндетті төлемдердің дұрыс есептелмеуін де атап өтуге болды.

           Бухгалтерлік есеп пен ішкі  бақылаудың балама жүйелердің  тұрақты әрекет ету арқылы  алаяқтық пен қателер фактілерін болдырмау және анықтау жауапкершілігі субъект басшылығына жүктеледі. Көрсетілген жүйелер алаяқтық пен қателер фактілерін жоя алмайды, тек төмендетіп қана қояды.

       Аудитор алаяқтық пен қателер  фактілерін болдырмауға жауапты  болмайды. Аудиттің жыл сайын жүргізілуі тежеуші фактор ретінде жүреді.

    1. Бұрмалаулар анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті

        Аудиттің халықаралық стандарттарының  терминдері глоссариясында қаржылық  есептемедегі бұрмалауға анықтама  берілген. «Бұрмалауға – қателер немесе алаяқтық салдарынан пайда болуы мүмкін қаржылық ақпараттағы дәл болмаушылық».

Информация о работе Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы