Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 02:50, реферат
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
- толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).
есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;
жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар
Электрондық ақшалар — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар — пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы
екінші деңгейдегі банктер дебеттік және
кредиттік карточкалардың локальдық және
халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда.
Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master
Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы
алуға арналған дебеттік карточкалар
да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың
шоттары көбіне теңгеде ашылады.
Несиелік карточкалар
бөлшек сауда айналымында және қызмет
көрсету аясында қолданылады. Қазіргі
уақытта несиелік карточкалардың мынадай
түрлері қолданылады: банктік, саудаға
арналған, бензин сатып алуға арналған,
туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге
арналған. Біршама кеңінен таралған түріне
сауда карточкаларын жатқызуға болады