Ақшаның қазіргі құны

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 10:20, реферат

Краткое описание

Ақшаның қазіргі конценцияларын, сондай-ақ ақшалай айналыстың қызмет етуін ұйымдастырудың практикалық дағдыларын игереді. Студенттер ҚР ақша айналысының қызмет етуінің заңдылықтары және даму тенденцияларын оқиды.
Қаржы теориясына сай, кез келген қаржы активтерінің құны, соның ішінде акция құны да, күтілген қаржы ағынын дисконттаумен анықталады. Акция бойынша «күтілген қаржы ағыны» дегеніміз не? Бұл компанияның кезең аралығындағы дивиденттерінен түскен пайдасын акционерлер арасында бөлу. Сондықтан да, болашақта компанияның күткен пайдасы көп болса, соғұрлым акционерлердің күткен қаржы пайдасы да көп.

Файлы: 1 файл

Ақшаның қазіргі конценцияларын.docx

— 20.44 Кб (Скачать)

Ақшаның уақытша құны

Ақшаның қазіргі конценцияларын, сондай-ақ ақшалай айналыстың қызмет етуін ұйымдастырудың практикалық дағдыларын игереді. Студенттер ҚР ақша айналысының қызмет етуінің заңдылықтары және даму тенденцияларын оқиды.

Қаржы теориясына сай, кез келген қаржы активтерінің құны, соның ішінде акция құны да, күтілген қаржы ағынын дисконттаумен анықталады. Акция бойынша «күтілген қаржы ағыны» дегеніміз не? Бұл компанияның кезең аралығындағы дивиденттерінен түскен пайдасын акционерлер арасында бөлу. Сондықтан да, болашақта компанияның күткен пайдасы көп болса, соғұрлым акционерлердің күткен қаржы пайдасы да көп. 

Болашақ пайда бойынша  инвесторлардың күтуі уақыт өте  өзгереді және бірнеше себептерге байланысты. Сондай себепердің бірі – акционерлер  пайдасы үшін компания ресурстарын  эффективті басқаруды бағалау менеджменті, компания қызметіне немесе тауарына сұраныс болжамы, технологиялардың өзгеруі, баға және русурстардың қол  жетімділігі. әрине, бұл себертедің көбі макроортаға, соның ішінде экономикалық жағдайға байланысты. 

 

Қаржы ағынын «дисконттау» дегеніміз не? Дисконттау – ақшаның  уақытша құнын ескеріп, болашақ  қаржы ағынын қазіргі сәттегі  ақшаға сәйкестендіру.Ақшаның уақытша  құны (дисконттау себебі) белгілі қаржы  активтерінің ақша ағынымен тікелей  байланысты, яғни инвесторлар әр қаржы  активінің уақытша құнын бағалайды. Қаржы активтерінің ақша ағынын дисконттау факторы уақыт өте өзгереді және инвестордың қауіпке деген қарым-қатынасы мен осы қаржы активтерінің қауіп  деңгейі анықталады. Егер қаржы активінің  қауіп деңгейі жоғары болып, және инвестор қауіпке бара алмаса, онда инвестор осы активтерге қаржы құю  кезінде жоғары деңгейдегі пайданы  талап етеді. 

 

Атап өткен жөн, кез  келген қаржы активі үшін «күтілген  қаржы ағыны» мен «дисконттау  факторы» субъективті болады. Әр инвестор индивидуалды түрде бағалайды. Сондықтан  да, бірнеше индивидуалды бағалау  негізінде құралатын кез келген өтімді қаржы активінің нарықтық бағасы орташа немесе осы сәтте басымдыққа ие «күтілген қаржы ағыны» мен  «дисконттау факторы» негізінде  анықталады. 

 

Акцияны орналастыру диапазонын анықтау және акция құнын «шынайы» бағалау үшін эмитенттер IPO қатысу кезінде  тәуелсіз маманданған қаржы кеңесшілеріне  жүгінеді. Осындай маманданған қаржы  кеңесшілерінің жұмысына бірнеше әлеуетті индивидуалды инвесторлардың бағалауының  негізінде акцияға «шынайы» баға беру, соның ішінде орташа және осы  сәтте басымдыққа ие «күтілген қаржы  ағыны» мен «дисконттау факторын»  бағалау. Егер акция құнын бағалау  «шынайы» бағаға жақын болса, онда IPO барысында акцияға сұраныс көбейеді және орналастыру сәтті өтеді. Егер акция құнын бағалау кезінде  тым жоғары баға қойылса, онда IPO-ның  сәтті өтуін тығырыққа тірейді. 

Егер де жете бағаланбаса, онда сұраныс ұсыныстан жоғары болады, бірақ та, эмитент пен оның қатынасушы акционрелері ұтылады. 

 

Осыған орай, маманданған  қаржы кеңесшілер жаңа әлеуетті инвесторлар, эмитент пен оның қатынасушы акионерлерінің мүддесін қанағаттандыру үшін акция  құнын «шынайы» бағалау керек. Бұл  этикаға қатысты емес. IPO жүзеге аспаса, онда маманданған қаржы кеңесшілерінің абыройы соққыға ұшырап, болашақта  олардың жұмысының пайдасына  кері әсерін береді.

Ақшаның түрлері

Ақша, өзінің дамуы барысында  екі түрге бөлінеді: толық құнды  ақшалар және толық құнсыз ақшалар.Толық  құнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен  сәйкес келетін ақшалар.Мұндай ақшаларға  металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі  нысанда болған. Монета түріндегі  нысаны — бұл олардың соңғы  нысаны. Монетаның бет жағы —  аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай  қаражаттың көмегімен римдердің  эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo»  — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.

Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б  Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия  мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде  алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста  алтын монеталарымен қатар, күміс  монеталар да қоса жүреді. Алтын  айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші  орынды, өзінің отарларымен бірге  ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

алтын өндірісі тауар өндірісінің  артынан ілесе алмай, нәтижесінде  айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

жоғары құнды алтын  ақшалар ұсақ құнды айналымға  қызмет көрсете алмады.

алтын стандарты, жалпы алғанда  өндірісті және тауар айналымын  ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші  дүниежүзілік соғысқа дейін болды  және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты  құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін  ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

Құнның металдық белгілері—арзан  бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері  екіге бөлінді: қағаз ақшалар  және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар — бұл  нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта  олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары  ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысу себептері мынадай:

металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы; металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында  бүлінуі;

бағалы металдарды өндірудің  қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда  қымбатқа түсуі;

эмиссиондықтабыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың, нақты құны арасыңдағы айырма) алу  мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды  шығаруы;

бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар  б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания  отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде  пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар  барлық елдерде шығарылды. Қазіргі  кезде қағаз ақшалар қазыналық  билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы  негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында  соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы  нәтижесінде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға  ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атақарды. Олардың айналыста  ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне  байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан  тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа  басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық  жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар —  тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың  уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы  банктердің несиелеу операцияларымен  байланысты. Мұндай ақшалардың басты  мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік  жасау.

Несиелік ақшалардың мынадай  түрлері бар: вексель, банкнота, және чек.

«Вексель» сөзі ағылшынша bill note — міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель — белгілі бір  соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне  «Қазақстан Республикасындағы вексель  айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:

—Жай вексель (соло) —  вексельді ұстаушыға вексельде  көрсетілген соманы белгілі бір  уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің  еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін  сипаттайтын вексель.

— Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы  вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу  туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге  келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель  келесі бетіндегі индоссамент (басқа  біреуге аударуып жазу) көмегімен  айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың кебеюіне байланысты вексель  айналысы ұлғая түседі және мұндағы  әр индоссант вексель бойынша  міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель  — коммерциялық вексельдің түрлері  ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельді мынадай  түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель  — белгілі бір ақша сомасын  қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.


Информация о работе Ақшаның қазіргі құны