Ақша несие

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 06:24, реферат

Краткое описание

«Инновациялық» деген сөз - латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес.

Оглавление

Кіріспе
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Интерактивті тақта
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим
Екінші режим – Office режимі
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы
Активті қалам
ACTIVwand указкасы
ACTIVpanelpro
ACTIVslate
ACTIVtablet
ACTIVote
ACTIVstudio программасы
Флипчарт
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Жаңа ақпараттық технологиялар.doc

— 155.50 Кб (Скачать)
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
 Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4.  Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
  Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан нитерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Уақыт алға жылжыған сайын  адамзаттың қажеттілігі тек материалдық  тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан  да үнемі өсіп, өркендеуді талап  етері сөзсіз. Отандық ғылым беру саласы аталған талап тілекті  жүзеге асыратын негізгі күш. Сана неғұрлым дамудың жоғары сатыларына көтерілген сайын қажеттілігін қанағаттандыратын тетіктердің де неғұрлым жоғары сапалы болуын қажет етеді. Дүние жүзін жайлаған ең күрделі жаһандану процессі тұсында бізде рухани ұлттық құндылықтарымызды жандандырып, жаңарта түсуіміз керек. Егер жаңа заман адамын қалыптастырамын дейтін болсақ, ең әуелі бірден-бір адамтану ғылымының негізі болып табылатын әдебиеттану ғылымының да көкжиегін кеңейту кезек күттірмейтін мәселе. Әлеуметтік өзгерістердің казіргі қоғамда жаңа қозғалыстың өркендеу процессі , білім мен тәрбие саласында жаңа ізденістерді қажет етуде. Осындай қажеттіліктердің бел ортасында тұрған мәселенің бірі - білім берудің жаңа да тиімді әдістемесінің ғылыми теориялық негізін дамыту.

Қазақ халқына жолдаған үндеуінде президент Н.Ә.Назарбаев ендігі жерде өсіп-өну, әлемдік өркениетке жетудің бірден-бір жолы білім мен ғылым саласында екендігінде баса назар аударды. Қазіргі кезде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде озық үлгідегі дүние жүзілік технологиялық жаңалықтарды қолдануға мол мүмкіндік бар. Болашақ мамандық иесі, қоғамның мүшесі- жоғары оқу орнының студентіне жан-жақты өскелең білім беру үшін бұрынғы уақыттағы әдіснамалардың қажетісін қолданып, ескіргенін алыптастап, неғұрлым жаңа технологиялық әдістерді жүзеге асырудың тиімді жақтары анық байқалуда. Мәселен,жоғары оқу орнының студентіне оқытушы (мейлі ол профессор болсын), бір сарынды лекция оқумен шектелетін болса, онда болашақ маманға терең білім беру және оны меңгерту күрделі мәселеге айналмақ. Сол себепті де студентіне бүгінгі күнде көп ізденіп, шығармашылықпен айналысып, әлемдік, ұлттық озық үлгідегі әдістемелік технологияларды меңгеруге, оларды пәннің өзіндік ерекшеліктеріне, мақсат, міндеттеріне сай қолдануы кезек күттірмейтін мәселе.

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың  мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 ж.
2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Ел президентінің халыққа жолдауы, Астана – 2006 ж.
3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
4. Полат Е.С.  Новые педагогические и информационные  технологии в системе образования.  Учеб.пособие для студ.пед.вузов  и системы повыш. пед. кадров.- М.: Издательский центр “Академия”, 2001-272б.

5. О.А.Акулов  «Информатика» .Москва 2005.

6. Б.  Балапанов «Информатикадан  30 сабақ».

7. www.google.kz. 

        Т .Рысұлов атындағы Қазақ экономикалық  университеті
   Реферат
Тақырыбы: Қазіргі кездегі жаңа ақпараттық   технологиялар
                               Орындаған: Әлім Азиза
                                         Мамандық : Қаржы
                                         Топ: 241
                                          Тексерген: Муслимова А

Информация о работе Ақша несие