Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп берудің нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:34, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіруіне байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға түсінікті бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Шетелдік инветорлар қазақстандық ұйымдарға ақшалай қаражат сомасын салғаннан кейін олардың барлығына түсінікті есептілік табыс ету қажет болды. Осыған байланысты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) жалпы қабылданған кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады.

Файлы: 1 файл

қаржылық есеп беру.docx

— 23.50 Кб (Скачать)

Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есептіден кейінгі  жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей  табыс етеді.

Қорытындылай келе, қаржылық есеп беру мекеменің өнімді өндірудің  және өткізудің жалпы көлемі мен  түрлері бойынша қабылдаған тапсырыстарын  орындауын жүйелі тексеруге, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды  пайдаланудың тиімділігін арттыру  мен экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің болашақта өркендеудің  ішкі пайдаланбаған резервтерді  анықтап, оларды іске қосуға мүмкіндік  береді.

Бүгінде қазақстандық ұйымдардың бір қатары халықаралық стандарттар  бойынша есеп беруді ұсынады. Бұл  олар үшін  қосымша болып табылады, себебі олар қаржылық есеп беруді екі түрде – қазақстандық және халықаралық ережелер бойынша дайындайды.

Қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттары қаржылық капиталдың мүддесін көрсетеді және биржаларға, банктерге, несиелік мекемелерге  және тағы басқа қаржылық саудагерлерге  бағытталған.

 

СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ       

 

Статистикалық есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және  белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті органдарға тапсырып отыруды айтамыз.   

 Осыған орай статистикалық  есеп беру екі формада жүргізіледі:   

- жалпы мемлекеттік есеп  беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына бастапқы құжаттар және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады, өңделеді, ал содан кейінмемлекетімізді басқару үшін қолданылады; 

- ішкі ведомствалық есеп  беру, яғни әрбір ведомстваның, министрліктердің  өздерінің ішкі істерін басқару  үшін  қолданылатын мәліметтер жинағы. Оны кейде оперативтік-жедел есеп дейді.    

 Мемлекеттік және ведомствалық  есеп беру формаларыны қолданылуына  қарай бір үлгідегі және  мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық шаруашылығы салаларына бір үлгідегі есеп  беру формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей болады.    

 Мамандандырылған есеп  беру формасында әрбір кәсіпорын,  мекеме ұжым немесе шаруашылық  өздерінің өндіретін өнімдерінің  түрлеріне байланысты ондағы  көрсетілетін көрсеткіштер де  өзгеріп отырады.

Статистикалық зерттеу тәжірибесінде  бақылау бағдарламасы жасалынғаннан  кейінгі шешуші жұмыстардың бірі - бақылаудың түрін анықтау. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай бақылау және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді.

Жаппай бақылау кезінде  зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге  алынады. Сондықтан, жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың негізгі көзі болып  саналады. Сондай-ақ статистикалық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады.       

 Зерттеліп отырған  жиынтық бірліктерін толық қамту  мүмкіндігі болмаған жағдайда  және  шығын құны мен жұмыс көлемін көбейтпеу үшін жартылай бақылау тәсілі қолданылады.

Сондай-ақ, бұл тәсіл жалпы  бақылау арқылы жиналған мәліметтердің  дұрыстығын тексеру үшін де қолданылады. Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне  қарай: ішінара, жеке ауқымды, жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді.     

Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау  статистикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ішіндегі ең күрделі  мәселе болып табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ – жауап арқылы болып үш түрге бөлінеді.

Сұрақ– жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде  жүргізіледі жәнеи оның экспедициялық, тілшілік, сауал–сұрақтық және өзін–өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар. 

Статистикалық қате деп нақты  факті мен зерттеу нәтижесінің  көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды  және түрлі себептерге қатысты болатын  бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық  бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер:репрезентативті, тіркеу кезіндегі  қате  болып екі түрге бөлінеді.

Репрезентативті қате тек  ішінара бақылау жүргізгенде  ғана кездеседі. Бұл жалпы жиынтық  қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары  толық қалпында көрсете алмаушылығы  деген ұғым.

Тіркеу кезіндегі жіберілетін  қате, бұл әлеуметтік–экономикалық  құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің  дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Оның өзі фактінің  біртектілігіне орай  кездейсоқ қате, жүйелі түрде жіберілген қате болып екіге бөлінеді.  

Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы ықтимал. Бұл не азайтылып, не көбейтіліп жазылуы деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа  салғырт қараудан болады.       

 Жүйелі түрде жіберілген  қате, мұнда көрсеткіштер белгілі  бір себептерге қарай біржақты  бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Жүйелі  түрде жіберілген қате: қасақана  әдейі жіберілген, абайсызда, байқаусызда  жіберілген болып бөлінеді.       

 Статистикалық бақылауды  жүргізгеннен кейін, жиналған  мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген  қателерді жібермеу, болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде  тексеруден өткізіледі және ол   қисынды түрде тексеру, есептеу арқылы тексеру болып екі түрге бөлінеді.

 


Информация о работе Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп берудің нысандары