Жетілген және жетілмеген бәсекелі нарықтардың жұмыс істеу механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:52, реферат

Краткое описание

Нарықты экономиканың негізгі ерекшелігі бұл таңдаудың еркіндігінде: өндіруші өндірілетін өнімді таңдауда еркін, тұтынушы тауарды сатып алуда да еркін, жұмысшы жұмыс орнын таңдауда да еркін және т.б. Бірақ таңдаудың еркіндігі экономикалық жетістікке автоматты түрде әкелмейді. Ол бәсекелік күрес арқылы келеді.

Оглавление

1. Бәсеке және оның түрлері. Бәсеке және монополия.
2. Жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарындағы фирманың
экономикалық тепе-теңдігі.
3. Капиталдың алғашқы қорлануы және оның ерекшеліктері.
4. Капитал: функциялары. Кәсіпкерлік капитал қаражатының құрылуы.

Файлы: 1 файл

ЖЕТІЛГЕН.docx

— 38.33 Кб (Скачать)

Сыртқы  көздерге шетелден келетін несиелер жатады.

Реформа жылдары барысында экономикалық құрылым әжептәуір өзгерді: жеке адамдардың қолына ұсақ және орташа материалдық өндіріс пен өндірістік емес саланың объектілері, жеңіл немесе тамақ өнеркәсібінің бір бөлігі, жөндеу кәсіпорындары, жергілікті ағаш өңдеу кәсіпорындары өткен.

 

4. Капитал: функциялары. Кәсіпкерлік капитал  қаражатының құрылуы.

Экономикалық теорияда капиталды анықтауда үш бағыт бар:

  1. Заттық немесе натуралдық концепция;
  2. Ақшалық немесе монетаристік концепция;
  3. «адам капиталы» теориясы

Натуралдық концепция  тұрғысынан капитал бұл - сатуға арналған не өндіріс құралдары, не дайын тауарлар. Мысалы, А.Смит капиталды қорланған заттардың запасы дейді. Ал, Д.Рикардо өндіріс құрал-жабдықтары дейді. А.Маршалл теориясында капитал - өндірістің негізін құраушы заттар.

П.Самуэльсон капиталды ірі фабрикалардың өндірістік жабдықтары, дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың қоймасы деп анықтайды.

Монетаристік теория тұрғысынан, капитал - пайыз әкелетін ақша.

Ақша  мен несиеге, капитал ролі ретінде көп маңызды бөлген Д.М.Кейнс теориясы. Монетаризмді жақтаушылар капиталды - бұл ақша немесе оның ауыстырушылары - несиелік ақшалар деп санайды, басқалары капиталды кіріс алумен байланыстырады.

«Адамдық  капитал» теориясы ҒТП жағдайындағы адам факторы ролінің өсуімен байланысты. ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды.

Оны неоклассикалық бағыттың өкілдері Г.Беккер, Дж.Минцер, Т.Шульц және т.б. жасады. Олардың ойынша, өндірісте екі фактор өзара әрекетте болады: «физикалық капитал» бұған өндіріс құралдары кіреді және «адам капиталы» бұған білім алу, үйрену, энергиялар жатады. «Адам капиталының» көлемі ол әкеле алатын потенциалды кіріспен бағаланады.

Капиталды кең көлемде түсіну К.Маркстің концепциясында бар. Ол бір жағынан капиталдың мәнін екінші жағынан оның нақты көріну формаларын зерттейді.

Сөйтіп:

  • өндіріс құралдары тұрақты капитал ретінде;
  • жұмыс күші - ауыспалы капитал;
  • ақша - ақшалай капитал;
  • тауарлар - тауарлы капитал;

Бірақ не ақша, не өндіріс құралдары, оның ойынша, өздерінен өздері капитал болмайды. Олардың капиталға айналуы, қашан бөтен төленбеген еңбекті иемденуді қолданған кезде ғана болады. Маркстің айтуынша, «мақта иіретін машина ол мақта иіру үшін. Тек белгілі қатынаста ғана ол капитал болады. Ол қатынастан алынса капитал бола алмайды. Алтында өзінен-өзі ақша емес». Сондықтан, біріншіден «капитал – бұл зат емес, белгілі қоғамдық қатынас, ол заттай болып көрінеді және осы затқа ерекше қоғамдық сипат береді».

Екіншіден, капитал оның барлық элементтерінің тұрақты қозғалысы ретінде түсінуге болады. Тек қозғалыста болса, ақша капиталға айналады.

Үшіншіден, капитал - жалдамалы жұмысшылармен жасалатын өзінен-өзі өсетін құн. Осы үш жағдай капитал анықтамасының мәнін сипаттайды.

Фирма қызметін бастау үшін бастапқы капиталы болуы керек. Бастапқы капитал - бұл өндірісті жүргізуді бастауға күнделікті шығындарға қосымша алғашқы салынған капитал. Бұл шығындарды жабатын көзі, қалай өзінің капиталы болса, солай қарыз капиталы да болады.

Өзінің (ішкі) қаражаттары - бұл:

  1. Пайда есебінен құралған жинақтар;
  2. Амортизацияға арналған ақшалар;
  3. Акция мен облигацияларды сатудан түскен капитал, олар кәсіпорын қаржыларының 60-70 % құрайды.

Қарыз (сыртқы) қаражаттары - бұл банктік және коммерциялық несие. Олардың үлесіне барлық қаржының 30-40 % келеді. Несие ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік болып бөлінеді. Соңғысы бір жыл ішінде қайтарылады, біріншісі - ұзақ мерзімде. Екі жағдайда да несие мөлшері пайызбен қайтарылады.

Қысқа мерзімдік қарыздар күнделікті шығындарды еңбек ақыны төлеуге, шикі затты сатып алуға және т.б. жабуға қолданылады.

Ұзақ мерзімдік қарыздар ұзақ мерзімдік сатып алу: жабдықтарды, құрылыс, ғимараттарды және т.б. алуға жұмсалады.

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Негізгі әдебиеттер

  1. Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
  2. Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.
  3. Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.
  4. Курс экономической теории. Учебное пособие/Под общ. ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой.-Киров: АСА.
  5. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.
  6. Макконнел К., Брю С. Экономикс.-М. Республика, 1992г.– Т.1. , Т.2.
  7. Пол Хейне. Экономический образ мышления.- М.: 1992

 

Қосымша әдебиеттер

  1. Андарова Р.К. Проблемы экономического роста в условиях рынка. Алматы, РИО ВАК РК Министерства образования и науки. 2000г.
  2. Атапханов К.А. Фискальная система государства: роль и вопросы совершенствования. Алматы: Гылым, 1998г.
  3. Большой экономический словарь: 20000 терминов. Под ред. А.Н.Азрилияна.-4-е изд-е. М.: Институт экономики, 1996г.
  4. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.-М.: Юристь, 2000г.
  5. Валовой Д.В.  Рыночная  экономика.  Возникновение, эволюция и сущность. М. 1997г.
  6. Веттерберг Г. Новое общество. О возможностях общественного сектора.-М.: «Ad Marginem», 1999г.
  7. Долан Э., Линдсей Д. Макроэкономика.-С-Пб, 1994г.
  8. Долан Э. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.-Бишкек:  Туран, 1996г.
  9. Долан Э., Линдсей Д. Рынок: микроэкономическая модель.-М. 1993г
  10. Истаева А.А. Экономика и планирование коммерческого предпринимательство. Алматы,2000г.
  11. Учебник по основам экономической теории. В.Д.Камаев, М.В.Семенов, Д.Е.Сорокин, Ф.Ф.Стерликов и др.-Владос: Изд-во МГТУ им.Н.Э.Баумана, 1996г.

Информация о работе Жетілген және жетілмеген бәсекелі нарықтардың жұмыс істеу механизмдері