Жетілген және жетілмеген бәсекелі нарықтардың жұмыс істеу механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:52, реферат

Краткое описание

Нарықты экономиканың негізгі ерекшелігі бұл таңдаудың еркіндігінде: өндіруші өндірілетін өнімді таңдауда еркін, тұтынушы тауарды сатып алуда да еркін, жұмысшы жұмыс орнын таңдауда да еркін және т.б. Бірақ таңдаудың еркіндігі экономикалық жетістікке автоматты түрде әкелмейді. Ол бәсекелік күрес арқылы келеді.

Оглавление

1. Бәсеке және оның түрлері. Бәсеке және монополия.
2. Жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарындағы фирманың
экономикалық тепе-теңдігі.
3. Капиталдың алғашқы қорлануы және оның ерекшеліктері.
4. Капитал: функциялары. Кәсіпкерлік капитал қаражатының құрылуы.

Файлы: 1 файл

ЖЕТІЛГЕН.docx

— 38.33 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қарағанды «Болашақ»Университеті

Гуманитарлы – педагогикалық факултеті

Педагогика және психология кафедрасы

 

 

 

 

ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІ НАРЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫС  ІСТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ

 

 

 

 

 

                                           

                                            Орындаған: ПиП10-2 тобының студенті

                                                      Манарбек Н.

                                                       Тексерген:Аға оқытушы Кулмагамбетова Ж.Ж

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2011

Жоспар:

1. Бәсеке және оның түрлері. Бәсеке және монополия.

2. Жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарындағы фирманың

экономикалық  тепе-теңдігі.

3. Капиталдың алғашқы қорлануы және оның ерекшеліктері.

4. Капитал: функциялары. Кәсіпкерлік капитал қаражатының құрылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бәсеке және оның түрлері. Бәсеке және монополия.

Нарықты экономиканың негізгі ерекшелігі бұл  таңдаудың еркіндігінде: өндіруші өндірілетін  өнімді таңдауда еркін, тұтынушы тауарды  сатып алуда да еркін, жұмысшы  жұмыс орнын таңдауда да еркін  және т.б. Бірақ таңдаудың еркіндігі  экономикалық жетістікке автоматты  түрде әкелмейді. Ол бәсекелік күрес  арқылы келеді.

Бәсеке (лат. соқтығысу) – нарықты  экономикаға қатысушылар арасындағы өндірістің, тауарларды сату және сатып алудың ең жақсы жағдайына күрес.

Бәсеке - нарықтық қатынастардың негізгі  категориясы. Ол әр түрлі формада  жүргізіледі және әр түрлі әдіспен  іске асады.

Ол сала ішіндегі болуы мүмкін, яғни ұқсас  тауарлардың арасында және сала аралық болуы мүмкін. Бұл әртүрлі саланың  тауарлары арасында.

Бағалар арасындағы бәсеке ол бәсекелесіне қарағанда  тауарлар мен қызметтерді төмен  бағамен сатуды білдіреді. Бағаларды  төмендету бұл шығындарды азайту арқылы немесе пайданы азайту арқылы болады. Мұны тек ірі фирмалар ғана жасай алады.

Бағасыз бәсеке - бұл техниканың дамуы арқылы болатын жоғары сапалы және мықты  тауарларды сатуға негізделген.

Нарықтық  қатынастарға қатысушылар арасындағы бәсекеге байланысты, жетілген (еркін) немесе жетілмеген бәсекені бөледі, соған  қатысты еркін бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы деп аталады.

Жеке фирмалардың өнім бағасына әсері аз болған сайын, нарық бәсекелі деп саналады.

Жетілген бәсеке (еркін бәсеке нарығы) нарығы бәсекенің таза түрін білдіреді. Мұндай нарықта бір-біріне тәуелсіз, көптеген сатушылар мен сатып алушылар әрекет жасайды. Олардың мүмкіншіліктері де, құқылары да бірдей.

Жетілген  бәсекенің негізгі ерекшелігі: бірде-бір  фирма бөлшек бағаға әсер ете алмайды. Өйткені, жалпы өнімді шығаруда әрқайсысының үлесі шамалы болады.

Жетілген  бәсекеге толық көлемде жету мүмкін емес. Оған тек жақындауға болады. ХІХ  ғасырдың ортасындағы бәсекені жағдайға байланысты жетілген бәсекеге жатқызуға  болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің концентрациясы (іріленуі) процесі басталады. Бұл  ірі және аса ірі кәсіпорындардың  яғни, монополияның пайда болуына  әкеледі.

Монополияның (грек.: monos - жалғыз, poleo - сатамын) пайда  болуы жеке өндіруші нарықта берілген тауарды бақылап және басым орын алса сонымен байланысты.

Монополияның мақсаты – нарықта  өндіріс көлеміне немесе бағаға бақылау  жасау арқылы мүмкіндігінше максимальды  кіріс алу. Оған жету құралы - монополиялық баға. Бұл жоғары пайдаға әкеледі.

Монополиялар  бірнеше компаниялардың қосылуы  арқылы құрылады және келесі ұйымдық  формалары болады.

Картель –шығарылған өнімнің көлемі туралы және өткізу нарығын бөлу туралы келісімдер.

Синдикат –өнімдерді бірігіп өткізуді ұйымдастыру мақсатындағы бірлестік.

Трест – мұнда өнімді өткізетін фирмалардың, өндірістің және меншіктің бірігуі арқылы болатын монополия.

Концерн – бір қаржылық орталығы бар, оған кіретін әр түрлі салалардың фирмаларымен, бірақ жалпы технологиясы бар монополия.

Конгломерат бұл - бастапқы фирма қызметінің сферасымен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ салаға ірі корпорациялардың кіруімен байланысты бірлестік.

Монополияның  пайда болуы бәсекені жетілмеген бәсекеге ауыстырады (жетілмеген бәсеке нарығы).

Жетілмеген бәсекемен нарықта  еркін бәсекенің бірде-бір жағдайы  орындалмайтын нарықтық шиеленісті түсінеміз.

Жетілмеген  бәсеке үш типке бөлінеді: монополистік бәсеке, олигополия, таза монополия.

1. Монополистік бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың саны көп қалады. Бірақ жаңа көрініс өнімнің дифференциясы пайда болады. Яғни, өнімде оны басқа тауарлардан айыратын қасиеттерінің болуы. Мұндай қасиеттер: өнімнің жоғары сапалылығы, әдемі оралуы, дүкеннің жақсы жерде орналасуы, сервистің жоғары деңгейі және т.б.

Осындай артықшылығы бар дифференциацияланған өнімнің иесі белгілі дәрежеде монополист болып, бағаға әсер ету мүмкіншілігін  алады. Бірақ әрбір сатушының  сату көлемі оншалықты болмағандықтан монополист фирмалар көп болады және олардың әрбіреуі нарықтық бағаға шектелген түрде ғана бақылау жасайды. Осы монополистік бәсекенің негізгі ерекшелігі болып саналады.

2. Олигополистік бәсеке (грек. – oligos көп емес, poleo – сатамын) нарығында бірнеше фирма басым орын алады. Оған біртүрлі немесе дифференциаланған өнімнің болуы тән, ал негізгі ерекшелігі - бағаны лидер принципі бойынша құру. Бұл принципте осы нарықта ең күшті фирманың бағасына қарап, көптеген фирманың сондай баға құруына ұмтылуын білдіреді.

Олигополияға  кері көрініс – олигопсония деп аталады. Мұнда нарықта бірнеше сатушы емес, сатып алушылар болады.

3. Таза монополия - нарықта бәсекелесі жоқ жалғыз сатушы ғана болса болады. Оның ерекшелігі сатушы бағаны кең көлемде өзгертуі мүмкін. Бірақ максимальды жоғары баға төлем қабілеті бар сұраныммен шектеледі.

Кейде нарықта жалғыз сатып алушы болады. Мұндай көріністі монопсония деп атайды.

Монополияның рөлі экономикада екі жақты. Жағымды жағы монополистік компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді. Ал өндірісінің ірі масштабы шығындарды азайтып, ресурстарды үнемдеуге әкеледі.

Жағымсыз  жағы - монополия нарықта монополиялық жоғары баға арқылы көп пайда ала отыра өнімді шығаруды шектейді. Бұдан басқа бәсекелесі жоқ кезде монополия техникалық прогресс арқылы тиімділікті көтеруге стимулды жоғалтады.

Осының  бәрін мемлекет біле отыра бәсекені кеңейтіп, монополизмге қарсы тұруға тырысады. Осының маңызды құралы -антимонополиялық заң шығару, яғни мемлекет арқылы бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті қолдайтын заңдардың пакеті.

Қазіргі кездегі антимонополиялық заңның екі бағыты бар: Бағаларға бақылау жасау және компаниялардың бірігуіне бақылау жасау.

 

2. Жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарындағы фирманың

экономикалық тепе-теңдігі.

Коммерциялық  фирма үшін тиімді мінез-құлық болып максималды мүмкін пайдаға әкелетін мінез есептеледі.

Мінез-құлық моделін таңдау екі түрлі негізгі жағдаймен анықталады:

  • уақытша фактормен (қысқа не ұзақ мерзім);
  • бәсекенің түрімен (жетілген не жетілмеген).

Қысқа мерзімде, егер өндірістің көлемін ұлғайту қажет болса, фирма мұны тек ауыспалы факторларды ұлғайта отырып (еңбек, материалдар, шикізат т.б.) жүзеге асыра алады. Тұрақты факторларды (ғимараттар көлемін, машина санын) өзгертуге фирма үлгермейді.

Ұзақ мерзімдегі фирма мінез-құлқы басқа: тұрақты өзгерісте болатын өндіріс деңгейіне жауап ретінде фирма өндірістің барлық факторларын өзгертуге мүмкіндігі бар. Сондықтан олардың бәрі ауыспалы болады. Бұл мерзімде фирма еңбек пен капиталдың бір-бірімен орнын ауыстырып, факторларды айырбастап, шығындарын минимумға түсіруге тырысады.

Фирманың  мінез-құлқына бәсеке түрлерінің әсер етуі бұдан қиынырақ.

Фирманың  тиімді мінез-құлқын жетілген бәсеке жағдайында қарастырып көрейік. Фирманың мақсаты - баға мен шығындардың арасындағы алшақтықты максимализациялау екенін есте ұстайық.

Жетілген бәсеке нарығында бірде-бір фирма өз өнімінің бағасына әсер ете алмайды. Максималды пайда алу үшін кәсіпкер не істей алуы мүмкін? Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады. Онда басқа бір сұрақ туады: максималды пайда алу үшін фирма өнімнің қандай санын өндіріп және сата алады? Бұл сұраққа жауап беру үшін өнімге деген нарық бағасын фирманың шекті шығындарымен салыстыру қажет.

Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш т.б. бірлікке өсірсе, онда әр келесі бірлік (айталық, жаңа телевизор) жалпы табысқа да, жалпы шығынға да бірдеңе қосады. Ол «бірдеңе» - шекті пайда және шекті шығындар.

Егер шекті пайда шекті шығыннан артық болса, онда әрбір өндірілген жаңа телевизор жалпы табысқа жалпы шығыннан артық ауқым қосады. Ендеше, шекті пайда (MR – marginal revenue) және шекті шығының (MC -marginal cost) айырмасы, яғни, пайда (P - protif ) ұлғаяды:

  • P=MR – MC

  • Егер шекті шығындар шекті табыстан жоғары болса, онда кері жағдай болады.

    Қорытынды: жалпы пайданың максимумына баға мен шекті шығындардың арасында тепе-теңдік болғанда ғана жетуге болады:

    Р = МС

    Егер, Р>MC, онда өндірісті кеңейту керек. Егер Р < МС, онда өндірісті қысқарту керек.

    Фирманың тепе-теңдік нүктесіне және максимум пайдаға шекті табыс пен шекті шығынның тепе-теңдігі жағдайында жетуге болады.

    Фирма осы арақатынасқа жеткенде ғана ол өндірісті ұлғайтпайды, шығарылым тұрақты болады, осыдан келіп «фирманың тепе-теңдігі» атауы шығады:

  • MC = MR

  • Фирманың жетілмеген бәсеке жағдайындағы тиімді мінез-құлқы басқаша.

    Монополистік нарықта фирма өз өнімдерінің бағасына әсер ете алады.

    Егер жетілген бәсеке нарығында бірінің артынан бірі келетін өнім бірліктерін сатудан түсетін қосымша табыс өзгеріссіз және нарық бағасына тең болса, онда монополистік нарықта сатылымды ұлғайту бағаны түсіреді, ендеше қосымша, яғни, шекті табыс та (MR) төмендейді. Бұл әбден толған нарық жағдайында монополист тек бағаны түсіргенде ғана өндірісті ұлғайта алатындықтан пайда болады.

    Фирманың максималды пайда түсіруі үшін өндіріс көлемін анықтаудың екі әдісі бар.

    Бірінші әдісте жиынтық табыс пен жиынтық шығынды әрбір өндіріс көлемінде салыстырады.

    Екінші әдісте шекті табыс пен шекті шығынды салыстыра отырып, оңтайлы өндіріс көлемін анықтайды.

    Қорытынды: Жетілмеген бәсеке жағдайында максималды пайда алу үшін, өндіріс көлемі мен өткізулері әрбір қосымша өнім бірлігін өндірумен байланысты шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан түсетін шекті табыстан аз болғанға дейін көтере беру керек: егер MR > МС, онда өндірісті кеңейту керек; егер, MR< МС, онда өндірісті азайту керек; егер, MR = МС, онда фирма максималды пайда алмақшы.

    3. Капиталдың алғашқы қорлануы және оның ерекшеліктері.

    «Капиталдың алғашқы қорлануы» ұғымы бірінші  А.Смит еңбектерінде, одан соң К.Маркстің «Капиталында» зерттелген.

    Оның  алғашқы мағынасы феодализмнен капитализмге өтудің материалдық жағдайын жасау  болып, мұны былай түсіндіреді:

    1) Негізгі  өндіргіштерді (әуелі шаруалар) өндіріс  құралдарынан (жер) бөлу және олардың  жалдамалы жұмысшыға айналуы; 

    2) Қоғамдық  құралдар мен ақша капиталының  буржуазия қолына өтуі.

    Қазіргі Қазақстандағы экономикалық процестер  мұны немен түсіндіреді және айырмасы неде? Бұл сұраққа жауап беру үшін тарихқа жүгінейік.

    Әр елде жалдамалы еңбек әр түрлі қалыптасқан.

    Неғұрлым анық түрде бұл  ХҮ ғ. Англияда байқалады, онда шаруаны  күшпен жерінен айыру жүргізілді, өйткені дамушы капиталистік мата мануфактурасына  шикізат керек болғандықтан қой  шаруашылығын кеңейту қажет болды.

    Америкада бұл процестің негізгі бағыттары мыналар:

    • жергілікті халық индейцтерді меншігінен айыру;
    • Америкаға «ақ құлдар» ретінде әкелінген көш аударушы кедейлерді тықсыру;
    • негрлік плантациялық құлдық;

    Қазіргі Қазақстан басқа процесті бастан кешуде.

    Мұнда ұсақ және орта - кәсіпкерлер тобын жасау үрдісін жеке меншік түріндегі материалдық негізге қою.

    Бұл үшін ішкі де, сыртқы да негіздер баршылық.

    Ішкі бастауларға ең алдымен приватизация (жекешелендіру) жатады, ол мемлекеттік меншікті мынадай әдістермен бөлу:

    • Ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларының арасындағы жабдықтарды соңғысының пайдасына шешіп, қайта бөлу;
    • Капиталды сауда мен қызметтер саласында шоғырландыру;
    • Жер мен табиғат қорларын отын-энергетика кешені кәсіпорындарының «басып алып» билеуі;
    • Бетке ұстар кәсіпорындар мен олардың иелеріне өндірілген өнімдерінің бір бөлігін бартерлік айырбас жасауға құқық беру;
    • Сыртқы сауданы либеризациялаудан түскен пайданы сыртқы сауда фирмаларының алуы;
    • «Челноктық» импорттан түсетін пайданы алуы;
    • Кейбір ұйымдарға (мысалы, спорт) ел ішіне темекі, арақ-шарап бұйымдарын әкелуге берген мемлекеттік салық жеңілдіктерін алуы;
    • Коррупция, көлеңкеленген экономика.

    Информация о работе Жетілген және жетілмеген бәсекелі нарықтардың жұмыс істеу механизмдері