Жер сілкінісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:05, реферат

Краткое описание

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалады. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, адамдар , көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да инжинерлік ғимараттар, су құбырлары,канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылыды.

Файлы: 1 файл

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді.docx

— 19.84 Кб (Скачать)

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі- бұл жер қыртысында  немесе мантияның үстіңгі бөлігінде  кенеттен болған қозғалыспен  жарылыс нәтижесінде пайда болған  және елеулі ауытқу түрінде  үлкен қашықтыққа  таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалады. Жер қыртысының  траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын  болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, адамдар , көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да инжинерлік ғимараттар, су құбырлары,канализация, электр беру жүйесі  қирайды, байланыс бұзылыды.

Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және  су жағалауындағы жер сілкінісі кезіндегі теңіз түбінен қозғалыс нәтижесіндегі теңіздің  гравитациялық толқындары цунами пайда болып, құрылысқа үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның  450 мың шаршы киломертр аумағында  жер сілкіну қаупі бар.Бұл аумақта  алты млн. халық тұрады.27 қала,400 ден астам елді мекендер бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің  негізгі қорының  отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының  отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен  зиянды  өндірісті  өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар  қоймасы орналасқан. Тұрғын үй  алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің  кейбіреуінің бұзылуы  оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңізбен    іс-қимылыңызға 5-10 сек. ғана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып- сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де , өзгелерді де  үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуна байланысты шешуге тиіссіз.  Егер сіз көп қабатты үйдің  бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу  қауіпті екенін естен шығармаған жөн.

Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн:

Қауіпсіз жерлер

Үйде (ғимараттың ішінде)

1)Босаға есік жақтауы

2)Ішкі бұрыш

3)Мықты қабырға

4)Бел ағаш

5)Ванна, тоңазытқыш

6)Парта,стол,кереует

Далада

1)Ашық алаң

2)Биік ғимараттардан аулақ болу

3)Биік ағаш ғимараттардан аулақ    

Қауіпті жерлер

1)Терезе жақтағы бұрыш

1)Биік ғимараттар

2)Биік ағаштар

3)Баспалдақ

4)Лифт

5)Жиһаздар

6)Шам жағу қауіпті

 

Далада

1)Биік ғимараттар

2)Биік ағаштар

3)Электр жүйелері

4)Жер асты өткелі 

 

Сілкініс басталысымен  үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында , тіреуіш  ашалардың жанына тұрасыз  (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.

-лифтті пайдаланбаңыз.

- есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге  кедергі жасамауға тырысыңыздар.

-Үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.

-Сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Автомобиль  ішінде

-Сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.

-жолаушылар асып-саспай  байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн.

Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн, Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу  қажет. Екіншіден тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы  дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зіл зала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.


Информация о работе Жер сілкінісі