Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 21:37, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экология".
71.Табиғат жане қоғамнын тұрақты дамуының құрамдары.1987ж БҰҰнын дүниежүзілік қоршаған ортамен даму комиссиясы біздің жалпы болашаңымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экологиялық дәуірге шақырды.1992ж маусым айында Рио Де Жанейро қаласында өткен БҰҰнын қоршаған ортамен даму өткен конференциясында тұрақты даму концепсиясы қабылданды.Экономиялық табиғи қорларды жане экологиялық тиімді пайдалану соның ішінде шикізаттарды алумен өңдеу өнімдерді шығару қалдықтарды азайту қайта өңдеу жане жою.Әлеуметтік жане мәдени жуйелерді тұрақты сақтау.Адамдар арасында қоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту.Биологиялық жане физикалық табиғи жүйенің бір тұтастығын қамтамасыз ету.
72.Ірі сүтқоректі жануарларды тірі қалу қисық сызығы. Ірі сүтқоректі жануарларды өмір сүру деңгейі бойынша улкен уш топқа бөлінеді.1) Біртекті2) Кездейсоқ3) Топтық.Осы уш өмір суру денгейінде ірі суткоректі жануарлардың тірі калу кисык сызыгы әртүрлі корсеткішті корсетеді. Осы омір суру деңгейіндегі біртекті өмір суретін суткоректілердің тірі калу кисык сызыгы:Осы уш схемадан ірі суткоректілердің омір суру кисык сызыгы әртүрлі екенін кореміз. Ірі суткоректілердің өмір суру ортасына, климатына экологиялық аймағына байланысты. Бұл корсеткіш ауытқып отырады. Бұл табиғи заңдылық: 1) схемадан суткоректі жануарлардың тірі калу кисык сызыгы оте томен! Бірінші схемаға: суда өмір суретін ірі суткоректілер: киттер, дельфиндер...т.б. Екінші схемаға: Қасқыр, қоян, табиғи тышқан...т.б. Үшінші схемаға: Сиыр, қой, жылқы...Өкінішке орай, табиғи кунды суткоректілерді аулап, мүйізін, терісін акшаға айналдыру барысында Браконерлік іс әрекеттің кобеюінен азаюда.
73.Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфорттың толеранттылық заңы.Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> аштыМинимум заңы.Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейдіЮ.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да,өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған.Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады.Ю.Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты.Одан шығатын қорытынды,экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп,басты фактор болып саналады1913ж В.Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай <Максимум >заңын ,яғни төзімділік шек заңын ашты.Оны Шелфордтың толеранттылық зыңы деп атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау,төзу ).Экологиялық факторлар оптималды жағдайдан ауытқығанда организм тіршілігінің төмендеуінің жоғарғы шегі, организмнің тіршілігін сақтау ұстамдығы,төзімділігі <төзімділік шек >деп аталады.Әрбір организмнің өзіне тән төзімділік шегі болады.Кез-келген жағдайдың толеренттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттік жағдай немесе лимиттік(шектеуші )факторлар деп аталады.Төзімділік шегінен шығып кетсе, организм тіршілігін жояды.Организм үшін максимальды және минимальды жағдайда қауіпті,органимзде өзгерістер жүріп,оның тіршілігін жояға дейін алып барады,оны летальді жағдай деп атайды,Летальді жағдайға жетпеу үшін организмге әсер ететін заттың белгілі бір шекті концентрациясы белгіленедіТолеранттық шек болатын факторлардың түрлері өте көп.Организмдер көбею кезінде,қоршаған орта жағдайы лимиттік фактор болады.Ыстық сүйетін өсімдіктер үшін аяз,солтүстік аудандарда күн сәулесі жетпей,ылғалдың артық болуы ,ал оңтүстікте күн сәулесінің артық болуынан ылғалдылық жетпеуі лимиттік фактор,мысалы бола алады.
74. Қорықтық аймақтар –қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде, Қорықтар –табиғатты қорғаудың бір түрі Қорық-барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын ,ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейтін арнайы белгіленген аумақ, Қорық деген сөздің түбірінің өзі-қор,қорғау ұғымдарымен тікелей тамырласып жатыр, Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше,Себебі,қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады,Бірақ, XXғасырдың екінші жартысында <Қорық-өзгермеген табиғаттың эталоны>деген принцип бұзылып отыр, Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен,радиациялық ластану,олардың тасымалдануы біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.Қазір Қазақстан территориясында:Ақсу-жабығылы,
75. Саны күрт өсіп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасын схема түрінде көрсету.<Популяция>ұғымы латынша populus-халық деген мағынаны білдіреді,Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В,Л,Иогансен қолдандыПопуляцияның жастық құрылымы особьтатдың барлық жас топтарын,оның ішінде организмнің барлық даму стадиялары мен фазаларын қамтиды.Жалпы өмірінің ұзақтығына байланысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай болады,Адамдарда әрбір жас тобына бүкіл өмірінің үштен бір бөлігі келеді,Ал көптеген өсімдіктер мен жануарларда алғашқы жас тобы ұзақ болып келеді. Особьтың жастық күйі ортамен белгілі бір қарым-қатынаста болатын онтогенездегі этаптары.Жастық спектр организмдердің өлу және туылу белсенділігімен байланысты,Популяцияның жастық құрылымы сыртқы факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін,Өйткені сыртқы факторлар туылу мен өлу процестерін қадағалап отырады.Жас особьтар саны көп популяцияларды инвазиялық немесе өсіп келе жатқан популяциялар деп атайды.Оны мына схемадан көруге болады.Жастық құрылымға талдау жасау популяцияның бірнеше ұрпақтарының сандық мөлшерін білуге көмектеседі
76.Торенттылық диазоны, Экологиялық оптимум,максимум және пессимум.Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады,Ондай заңдылықтарға :оптимум ережесі,шектеулі факторлар ережесі,факторлардың өзара әсері ережесі және т,б жатады.Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық факторлардың белсенділігі оптимум немесе экологиялық факторлардың оптимум аймағы деп аталады.Оптимум аймағынан тыс,организмнің тіршіліне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағы деп аталады (бұл схемада көрсетілген).Белгілі бір факторларға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық толеранттылығы деп атайды.Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып,организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913ж американдық зоолог В,Шелфорд енгізді,Бұл максимум немесе төзімділік(толеранттық) заңы деп аталады,Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды.Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі,организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттық,латынша tolerantia-шыдам,төзім)шектері (диапазон)бар кешенді экологиялық факторларына байланысты,Организм тек осы минималды (ең жоғары)мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды.Экологиялық валенттілік –организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі,яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі,Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе,оның экологиялық валенттідігі де соғұрлым жоғары болады.
77. Биосфералық резерват. Севиль стратегиясы. Соңгы жылдары қорғауға арналған территориялардың бірі формасы биосфералық қорықтар құрыла бастады. Биосфералық қорықтар жердің әр түрлі аймақтардың табиғи кешендерінің талоны болып табылады. Биосфералық қорықтар туралы концепция 1974ж ЮНЕСКОның “адам және биосфера'' бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорық құру 1976жылы басталып, 1995жылы наурызда оған 82елде орналасқан 324резерват кірді. Биосфералық қорықтар туралы халықаралық конференция 1995жылы Севиль 21ғасырдың биосфералық ролі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады. Биосфералық қорықты өзара толықтырушы үш функцияны атқару керек: генетикалық, ресурстарды, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы; тұрақты экономикалық және азматтық дамуға көмектесу үшін даму функциясы; зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық техникалық қамтамасыз, білім беру, мамандарды дайындау, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс шараларға байланысты мониторинг жүзеге асыру функциясы. Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы тиіс: 1. Қорықтың зона биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға арналған территориялар. 2. Буферлі зона қорықтық зонаның айналасында. 3. Өтпелі зона ауылшаруашылық жұмыстардың кейбір түрлерінің жүргізілуі, тұрғын жерлердің болуы. 1996жылы мамырда Алматыда биосфералық резерф туралы халықаралық конференция өтті.
78. Саны кеміп келе жаткан популяциялардың жастық пирамидасын схема турінде корсет.
Особьтардың жастық куйі ортамен белгілі бір карым катынаста болатын Олтогенездегі этаптары. Популяциялардың жастық мөлшерінің озгеруіне сырткы факторлар әсер етеді. Популяцияның жастык курылымына талдау жасау жақын арада популяцяның бірнеше ұрпақтарының сандық мөлшерін білуге комектеседі. Жаңа ұрпактардың саны азайган сайын популяциялардың саны азаяды. Мұндай популяциялардың соңында кәрілерінің саны басым болады.
79.Эврибионтты ж/е стенобионтты организмдер.Экологиялық толеранттылыққа б/ты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар- факторлардың кең диапазпонында тіршілік ете алатын организмдер. Түрлері: эвритермді- температураның үлкен ауытқуларына шыдамды организмдер, эвригалинді- су тұздылығының үлкен ауытқуына төзімді, эврибатты- қысымның қатты ауытқуына тқзе алатын организмдер, эврифагтар- әртүрлі азықтармен қоректенетін организмдер, эвритоптар- әртүрлі тіршілік орталарында кең таралғандар. Стенобионттар- тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді- тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді- су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу), стенобатты- қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар, стенофагтар- азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді,стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады ж/е т.б.
80.Қызыл кітап, оның маңызы. Қызыл кітап- биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы. Қызыл кітапқа сирек ж/е жойылу қаупі бар түрлер енгізілген. Қызыл кітап- қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрлердің санының азаю себебі, таралу аймақтары, қорғау үшін қолданылатын іс-шаралар ж/е т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қазіргі кезде Қызыл кітаптың 8 томы шыққан. «Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғаттанушысы П. Скотт айтқан болатын.1963ж. Халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы шықты. 1966-1975ж. 5 томы жарық көрді. 1978ж. КСРОның «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» одан кейін 1991ж. ж\е 1996ж.өңделіп қайта басылды. Қазір жер бетінде өсімдіктердің 25000 түріне, құстардың 600 түріне, аңдардың 120 түріне жәнеде көптеген балықтар, рептилий, амфибиялар, насекомдар және т.б. жойылу қаупі төніп тұр. Жойылып бара жатқан немесе сирек кездесетін түр мекендейтін ел оның болашақ тағдыры үшін жауапты.Халық саны өскен сайын негізгі табиғи қауымдастықтарды, олардың бастапқы түрінде сақтап қалу ғылыми және эстетикалық мақсатпен маңыздылығы артуда. Тек табиғи түрінде бұзылмай сақталған қауымдастықтар болғанда ғана адамның іс-әрекетінен болған өзгерістер туралы толық айта аламыз және кері жағдайларды болдырмауға мүмкіндік туғызамыз. Сол себепті табиғатты қорғау-баршаның ісі.
81) Саны тұрақтанған – популциялардың жастық пирамидасын схема түрінде көрсет. Экология ғылымындағы популяция термині арқылы халықтың жастық құрамы тұрақтанған және жастық құрамы өсуде кемудегі көрсеткішін көруге болады.
Осы схемадан мына түсініктерді түсінуге болады. Репродуктивті организмдердің әсерінен популяциялардың жастық құрамы өзгереді. Репродуктивті,яғни көбеюге бейімді организмдердің құрылымын өзгерте алады. Көбею арқылы популяцияның жастық құрылымы:
1) Инвазиялық
2) Қалыпты
3) Регрессивті жағдай өзгереді. Мысалы, жастық құрылымы өсіп келе жатқан балықтар, өсімдіктер, құрттарға қолданылатын бұл ұғым шаруашылықтың дамуына улкен ыкпал тигізеді.
1991ж. Форрель тұқымдас балықтың 2007 жыл аралығындағы саны тұрақтанғандығын мына схемадан көруге болады:
С1 және C2 аралығындағы кезеңде Форрель тұқымдас балығының тұрақты көрсеткішін көреміз! Бұл арқылы табиғи аз обьектілерді қорғауға көп септігін тигізеді.
82) Популяция ұғымы латынша халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогансен қолданды. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық, экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа популяциялық биологияға бірігеді. Әрбір түр белгілі бір территорияда ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына , тарихи жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция-тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті-олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық-функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм-популяция-биоценоз-
83) ТабиҒИ ОРТАҒА АНТРОПАГЕНДІК ФАКТОРДЫҢ ӘСЕРІ.АНТРОПАГЕНДІК ФАКТОРЛАР адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. антропагендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропагендік факторлардың әсеріне бисферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды. Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол: қоршаған ортаның құрамы мен қасиетін, өзендерді теңіздер мен мұхиттарды сонымен қатар топырақты жай ғана емес радиоактивті заттармен ластау экожүйелердің құрамы мен құрылымына, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін биологиялық алуантүрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде. Кейбір мәліметтер бойынша, жыл сайын 15000 баррель мұнай өнімдері теңіздер мен мұхиттарға төгіліп, жүздеген жануарлар түрлеріне жоғалып кетудің қаупі төніп тұр. Жыл сайын 26 млрд тонна құнарлы топырақ беті өзгеріске ұшырап, қышқыл жаңбырлар әсерінен 31 млн гектар жердің ормандарына зиян келуде. Антропагендік факторлар организмге тікелей (ағаштарды кесу, аң аулау) және жанама әсер ету (ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антропагендік факторларға техногендік факторлар (радиация, электромагнитизм) да жатады.