Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 21:37, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экология".
32.Қоректік тізбектер және трофикалық денгейлер
«Қорек-тұтынушы» қатынасы арқылы бір-бірімен байланысқан организмдер тобы қорек болып табылатын тізбекті қоректену тізбегі дейді, ал оның әрбір звеносын қоректік деңгей деп атайды. Күннен энергияны бірдей алатын сатыдағы организмдер бір трофтық деңгейге жатады. Жасыл өсімдіктер бірінші трофтық, екінші –бірінші ретті консументтер, биоқоректілермен қоректенетін бірінші ретті жыртқыштар – төртінші деңгейді құрайды. Биоценоздағы қоректену байланысты былай көрсетеді: Кәдімігі қарағай –шөп бүрге – қоңыздар –өрмекшілер-жәндікқоректі- жыртқыш құстар. Қоректік тізбектерді негізгі екі түрге бөлуге болады: жайылымдық тізбектер- жасыл өсімдіктерден басталып, одан әрі жайылымдағы фитофактарға, содан соң жыртқыштарға жалғасады; детриттік тізбектер –өлі қураған органикалық заттардан детритофагтарға, одан жыртқыштарға жалғасады. Жайылымдық тізбектердің құрамына өз кезегінде жыртқыштардың қоректік тізбектері кіреді. Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену торын түзеді.
33.Жас кезінде өлім жетім мөлшері
Экологиялық өлім-нақтылы бар жағдайда өлшемді уақытта особьтардың өлуі. Туылым өлімнің арасындағы айырмашылық осы популяцияның санының динамикасын анықтайтын параметр. Туылым да өлім де популяцияға байланысты. Популяция особьтарының өмір ұзақтығын тірі қалу қисық сызығын пайдалана отырып анықтауға болады. Ол қисық сызықтар үшке бөлінеді. 1.Өте дөңес; 2. Екінші түрі организмнің ерте кезінде өлімнің жоғарылығын көрсетеді (молюскалар,көбелектер ж/е т.б.). Өлімнің бастапқы кезінде особьтердің өлімі көп болуын көрсетеді.
34.Тіршіліктің жер бетіне шыгуындагы тірі орг.ролі
Тіршілік ортасы-организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Кез-келген тізшілік иесі үнемі өзгеріп отыратын күрделі әлемде, сол өзгерістерге бейімделіп, өмір сүруін сол өзгерістерге қарай реттеп отырады. Гетеротрофты организмдердің көпшілігі бүкіл өмір бойы н/е тіршілік циклының бір бөлігінде басқа организмдерді тіршілік ортасы ретінде пайдаланды. Паразитизм - кең таралған табиғи құбылыс. Көп клеткалы организмдердің барлығында ішкі паразитизм кездеседі. Паразиттердің өмір сүруінің бір артықшылығы- клеткалар мен ұлпалардағы, иесінің ішіндегі қоректің мол болуы. Бұл паразиттердің тез дамуына жағдай жасайды. Үлкен кеңістікте, мысалы, омыртқалылардың ішіндегі паразиттердің мөлшері еркін тіршілік ететін туыстарына қарағанда әлдеқайда үлкен болуы мүмкін(ұз. 8-12метр).
35.Экологиялық пирамидалар
экожүйелердің әрбір трофикалық (қоректік) деңгейдегі таза алғашқы ж/е соңғы өнімдерді құрудың және шығындаудың жылдамдығы әртүрлі. Алайда, барлық экожүйелерге өнімдер пирамидасының ережесі деп аталатын алғашқы өнім мен соңғы өнімдердің белгілі бір сандық ара қатынастары тән. Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратын анықталған Бұл заңдылықты кезінде эколг Ч.Элтон зерттеген және өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар. 1.Сандық пирамида - организмнің жеке сандық көрсеткіштерін айқынайды. 2. биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты, немесн "өнімділікті" анықтайды. 3. Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын н/е жылу энергиясын анықтайды.
36.Биосферадағы судың айналымы схема
Су айналымы- күн энергиясы, тартылу күші, тірі организмдердің тіршілігі және адамның шаруашылық қызметінің әсерімен Жер бетінде судың үздіксіз жүретін, бір бірімен байланысты процесс.Су айналымы табиғат жағдайында былай жүреді: жауын-шашын атмосферадан жер бетіне түсіп, топыраққа сіңіріледі немесе су қоймаларына ағады. Мұхиттардың, өзендердің, құрлықтардың бетінен буланған субуларыарқылы тасымалданып, жауын-шашынмен бірге немесн шық ретінде жер бетіне қайта түседі. Осыдан басқа су айналымы процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі судыдың булануы және Жердің өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттегі мен сутегіден түзілген жер асты суы жатады.біздің планетамыздағы тірі заттың сапалық құрамы бірнеше элементтерден тұрады,олар сутек,оттек,азот, фосфор, көміртек ж\е барлық тірі заттар құрамының негізгі элементтері болып, биогенді элементтер деп аталады.олардың атомдары тірі организмдерде су мен минералдық тұздармен бірге күрделі молекулалар түзеді.37) Тірі орг.ұйымдастырылу денгейі
Тірі заттың құрамындағы органикалық қосылыстар негізінен белоктар,көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары,т.б.түрінде кездеседі.Бізді қоршаған биосфераның тірі организмдер әр түрлі құрылыс ерекшеліктері мен орны бар бірлескен құрылым болып табылады.
1) молекулалық деңгей тірі организмдер құрылымының ең төменгі деңгейі,бұл деңгейде биологиялық система биологиялық активті ірі молекулалар белоктар, көиірсулар, нуклеин қышқылдары түрінде сақталады.Осы деңгейден бастап,бүкіл тірі материяға тән қасиет күн сәулесі мен химиялық энергияның өзгерістері кезіндегі зат алмасу,тұқым қуалаушылық белгілерін беру сияқты қасиеттер байқалады.
2) Клеткалық деңгей бұл деңгейде биологиялық активті молекулалар бір система бірігеді.
Клеткалық құрылымына байланысты барлық организмдер бір клеткалы ж\е көп клеткалы болып екіге бөлінеді.
3)Тканьдік деңгейде құрылысы мен атқаратын функциялары ұқсас клеткалар бірігіп ,ткань түзеді.
4)Органдік деңгейде бірдей қызмет атқаратын бірнеше тканьдер бірігіп , белгілі бір орган түзеді
5)Организмдік деңгейде бірқатар органдар жеке организм системасын құрайды.Организмдер белгілі түрлерге жіктеледі.
6) Популяциялық -түрлік деңгей –шығу тегі, тіршілік ету ортасы мен жағдайлары бірдей организмдер жиынтығымен сипатталады.Бұл деңгейде қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады.
7) Биоценоздық ж\е биогеоценоздық деңгей әр түрге жататын организмдерді біріктіретін тірі материя құрылымының жоғарғы сатысы
8) биосфера деңгейінде біздің планетамыздың барлық бөліктерінде тіршлік белгілерін білдіретін анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи система қалыптасты.Бұл сатыда организмдердің тіршілік әрекетімен байланысты жалпы планеталық масштабтағы заттар айналымыжүзеге асады.
38.Организмдер арасындағы қарым қатынас типтері мынадай белгілермен көрсетіледі;әсер,организм зардап шегеді,+ ыңғайлы әсер,0-әсері жоқ.
Барлық биотикалық байланысты алты топқа бөледі:1)++ ──бір біріне қолайлы,бірге өмір сүретін(симбиотикалық)
39. Бейбітшілік моделі, Рим клубы
1968ж Италия экономисі Аурелио Печчидің ұсынысы бойынша халықаралық ғылыми ұйым Рим клубы құрылды.Қазіргі кезде отыхдан астам елдің жүзге жуық әр түрлі жетекші мамандарын(солардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаты да бар)біріктіреді.Клубтың қызметі басты басты көптеген экологиялық проблемалардың стратегиясын жасауға бағытталған:табиғи ресурстардың сарқылуы,азық түлік проблемасы, қоршаған ортаның ластануы.Рим клубының“Өсудің шегі”(1972)атты баяндама дүниежүзілік даңққа бөленді.оның негізгі қоытындысы қазіргі заманғы даму тенденцияның саұталуы адамзатты экологиялық апатқа әкеледі деген тұжырым болды. Одан кейін де бірнеше маңызды баяндамалар жасалды:“Адамзат жолайрықта”(1974),“Халықаралық жөн жосықты қайта қарау”(1976)т.б.Бұларды дайындау кезінде компьютерлік моделдеу әдістері көп қолданылды.олар бірнеше рет заманымызда әлеуметтік экологиялық проблемаларының әлемдік динамикасын зерттеу үшін қолданылды.Әлемдік моделдеу мысалы ретінде атом соғысының салдарын болжап айтуға болады. Ол б\ша ядролық қару қолданылатын соғыс болғандай жағдайда жер бетінде ұзаққа созылатын әлемдік суыну болды. Ядролық жарылыс пен оның салдарынан болатын өрттер тропосфераны қатты бөлшектермен,күлмен ластайды.Жер беті бірнеше апта бойы,кейде айлап ауаға бөлінген ластағыш заттектер түзген экран тәрізді қабаттың астында қаладыМұндай кезді ядролық түн деп атайды,себеі күн сәулеснің едеуір мқлшерін зиянды бөлшектерден түзілген экран ұстап қалады да, жер бетіндегі температураны төмендетеді. Сонымен қатар түзілген азот оксидтерінің әсерінен планетаның озон қабаты да бұзылады.
40. Экологиялық сукцессия
Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады.олардың түрлік құрамы, әр түрлі топтағы организмдердің молдығы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экологиялық сукцессия(латынша succession-ауысу)деп атайды.Жалпы биоценоздардың бірін бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді.Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа,одан орманға айналуын келтіруге болады.Бірінші реттік (алғашқы)сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде: лава үстінде,сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады.Бұл жерлерде алғашқы қоныстанушылардың(бактериялар, қыналар,балдырлар)рөлі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынсты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады.Өлген,ш,р,ген организмдер біртіндеп жиналуы ж\е үгілу әсерінен тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде мүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу жалғаса береді.Қолайсыз жағдайлар кезінде де қарапайым қауымдастықтар түзіледі.Сөйтіп организмдердің алуан түрлілігі арта береді.Екінші реттік (соңғы)сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді.Мысалы, өртенген орман,құрғатылған батпақ не\се бұзылған қауымдастықтар орнында. Әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады.Мысалы, өртенген жерде жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер), олардың көлеңкесінде факультативті гелиофиттер,сцофиттер өсе бастайды.Өсімдіктер жабыны жаңа түрлер өсетін топырақты құнарландарып, құрылымын жақсарта түседі.2 реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез не\се баяу жүруі мүмкін.Бұл процесс климаксты қауымдастық тың (толық жетілген)пайда болумен аяқталады. 2реттік сукцессия кезіндегі өзгерістер жылдамдығы алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді.Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші ретті (алғашқы) ж\е екінші реттік (соңғы)болып бөлінеді.Сукцессия барлық қауымдастықтарға тән, белгілібір стадияларда жүретін, жалпы өзгерістерді қамтитын баңытталған ж\е заңды процесс.Сукцессия-өсу,
41. Әлеуметтік экол\қ кризис ж\е тұрақты даму, шешу жолдары.
Әлеу\к экол\қ кризистің жалпы себебі адамның тех\қ мүмкіндігінен өмір сүру стратегиясының өте қарапайымдылыө алшақтарымен түсіндіріледі. Мұнда көбейу тұрақтылықтан басым ал халықтың саны оның сапасынан басым әл. Эк. Проблеммалар халықтың өсуімен ресурс дағдарысымен ж\е генофондының өзгеруімен түсінд\і.
Халық санының өсуі. Жерді мекендеген халық саны соңғы екі мың жыл бойында өсуде, соның ішінде соңғы екі жүз жыл ішінде қарқынды өсуде. Ол басты көптеген мемлекеттерде өлімнің күрт азаюымен түсіндіріледі. Көпшілік халық өлімінің азаюын дәрігерлердің жетістігі деп саналса,дегенмен дегенмен бұл мәселеде маңызды рөлді, көп байқала бермейтін тамақтанудың ж\е санитарлық гигиеналық жағдайлардың жақсаруынан деуге болады. Ресурстық дағдарыс.жақындағы уақыттарда экологиялық ж\е экономикалық проблеммаларға байланысты әлемдегі жалпы өнімнің кемуін күтуге болады. Бұл түсінік жер ж\е энергетикалық ресурстарды қамтиды. Жер ресурстар дағдарысы топырақтың тозуымен оның құнарының азайуымен түсіндіріледі. Энергетикалық дағдарыс қайтып қалпына келмейтін энергетикалық ресурстарды пайдаланумен түсіндіріледі. Олар адамдар пайдаланып жүрген энргияның жетпіс бес пайызын түзеді.Генафондтың өзгеруі. Адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде өмір сүруші ортаның өзгеруі адам популяциясына кері, көп жағдайда ыңғайсыз әсер етеді. Қоршаған ортадағы ыңғайсыз өзгерістер, қорытындылай келгенде генофондының өзгеруіне әкеп соғады, бұл жағдай әлемдік масштабта байқалады. Тұрақты даму концепсиясы. Қазіргі кезең адамның еркше биосфералық қызметі биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экол\қ мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан , тиімді реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық қалыпты жағдайда, табиғи ж\е әлеу\к дағдарысыз дамиды, мұндай дамуды тұрақты даму д\а. 1987 ж БҰҰ ның д\жүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы біздің жалпы болашағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экон\қ дәуірге шақырды. Алға рет тұрақты даму консепциясы ұсынылды. 1992 ж маусымда Рио де Жанейро қаласында БҰҰ ныі қоршаған орта мен дамуы б\ша өткен конференциясы тұрақты даму конц\сын қабылдады. Қ.Р ның Үкіметі ұсынған Қ.Р ның Тұрақты дамға көшу конц\сы бекітілді. Респуб\ң экол\қ саясаты оның экол\қ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
42.Экологиялық факторлардың жіктелу типтері.
Экологиялық факторларды топтастыра отырып, виталдық немесе энергетикалық және сигналдық деп бөлеміз.Экологиялық фактордың әсеріне организм реакциясының ерекшеліктерін, оның ішінде организімдердің адаптациясының кемеліне жету дәрежесін ескеріп, топтастырып жіктеуді А.С. Мончадский ұсынды.Адаптация көне дәуірден басталса, оның кемелденуі соғұрлым жоғары болады. Оларды бастапқы периодты факторла, туындаушы периодты факторлар және периодсыз факторлар деп бөлінеді. Мысалы:1. Жер шарының күнді айнала қозғалуы, уақыт, жарық, мұхит суыныңтолысуы мен қайтуы батапқы периодты факторларға жатады.2. Туындаушы периодты факторлардың өзгерісі бастапқы периодты факторлардың өзгеруінің салдары болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы температураға байланысты. Туындаушы периодты факторлар климаттық циклдерге тәуелді болады. 3. Периодсыз факторларға организімдер бейімделіп үлгере алмайды. Олар кенеттен білінеді. Мысалы, климаттық факторлар:кенеттен соққан дауыл, найзағай, өрттер, т.б. Сонымен біргежыртқыштық және арам шөппен күресуүшін жүргізілген химиялық дәрілермен улау да жатады. Егер химиялық препараттар көп жыл қолданылса, туындаушы периодты факторларға ауысады, өйткені бейімделген түр пайда болады.