Қоршаған ортаны қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 21:45, реферат

Краткое описание

Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.

Оглавление

І. Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
ІІІ. Қорытынды
Таза табиғат – халық байлығы

Файлы: 1 файл

экология КЗ.doc

— 93.50 Кб (Скачать)

Су объектілеріне  антропогендік салмақ пен олардың  қалпына келу қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты  іс-жүзінде барлық ірі өзен бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті қаржыландырмау су шаруашылық объектілерінің барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйіне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленісуіне себеп болды.

Бұл проблемаларды  шешу үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану  проблемаларын шешудің негізгі  жолдары айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткілікті көлемде және кепілді сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз су" салалық бағдарламасы бекітілді, Қазақстан Республикасының Су кодексі және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005 - 2010 жылдары негізгі су бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Қорытынды

Сөз соңында  айтарымыз, табиғат ресурстарын  тиімді пайдалануды ұйымдастыру  үшін экономикалық критерийге негізделген  кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Әлімбеков.  Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері

2. «Табиғаттағы  тепе-теңдік ғажайыптары» деген  кітап

3. «Орталық  Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж. 

Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық»  атты мақаласы

Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау