Каспийское море

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 21:16, контрольная работа

Краткое описание

Минералды шикізатты көптеп өндіру кез-келген елді және трансұлттық компанияларды экономикалық тұрғыдан пайдаға белшесінен батырса да, билік басындағылар мен қарапайым халық үшін көптеген әлеуметтік және экологиялық проблемалар тудырып отыр. Оған әлемдегі: мәселен, АҚШ-тағы, 1989-шы жылғы Аляскадағы, 2010-шы жылғы Мексика шығанағындағы апаттар дәлел бола алады.

Файлы: 1 файл

Каспийское море.docx

— 199.58 Кб (Скачать)

Көріп отырсыздар, қазанда өткен “Балқаш-2005” форумына осы мәселеге етене араласып жүрген мамандардың көңілі толар емес. Десек те, топырақтанушы маман Кәзім Фаизов, «осындай жиындар арқылы сәл де болса, бар мәселені талқылап, проблемаға назар аударуға болады», деген пікірді көлденең тартады. 

- Балқаш форумы  дер кезінде өтіп отыр. Себебі бұл көл Арал теңізінің тағдырын қайталап келе жатыр. Біріншіден, Балқаштың суы азайып кетті. Екіншіден, топырағы тұзданып жатыр. Бұл өте қауіпті жағдай. Балқаш экологиясы салдарынан Алматы, Балқаш қаласының жағдайы нашарлап, көптеген өндіріс орындары тоқтап қалуы мүмкін. Бұл экономикаға, адам баласына өте зор қиямет, зиян әкеледі, - дейді ол.  

Сонымен, Қазақстан  экологтары, мүмкіндігінше Балқаш көліндегі  қоршаған орта жағдайын жиі ортаға салғанды жөн көреді. Ал Балқаш өңірінің тұрғыны Балтабай Сәмиев болса, «құрғақ сөзден шаршағынын» айтады.

Қазіргі кезде Каспий қайраңының Қазақстанға тиесілі  бөлігінде елдің мұнай өнеркәсібі саласында бұрын-соңды болмаған ғаламат үлкен мұнай-газ кеніштері  игеріліп жатыр. 

«Батыс мұнай компаниялары өткізген геофизикалық зерттеулер мәліметі Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское  және Теңіз мұнай кеніштерінің құрылымдары 160 шақырымға созылған біртұтас күрделі  аймақ екенін көрсетті. Барлық тұз  асты мұнай резервуарлары көзге  әдеттен тыс жоғары қысымды, температура мен жоғары құрамдағы күкірт қышқылы жинақталған жарылғыш дәрі Каспий теңізі Қашаған кенішіндегі Д аралы. 2009 жыл.

салынған алып күбіні елестетеді», – деп жазады ғалым.Каспий теңізі Қашаған кенішіндегі Д аралы. 2009 жыл. 

Оның айтуынша, 4000-5500 метр тереңдіктегі мұнай резервуарларының өзі аса жоғары ішкі қабаттық қысым  астында орналасқан, жалпы көлемі айлақ пен теңіз жағалауының 3154 шаршы метр аумағын алып жатыр. Ғалымның сөзіне сүйенсек, бұл мұнай резервуарлары, статикалық жағдайы бұзылған Каспийде табиғи және техногендік жер сілкіністері салдарынан немесе кеніштерді ұңғылап қазып, игерген кезде «жарылуы» мүмкін. 

Ғылыми деректер бойынша, қазіргі уақытта жер  қыртысында бір-бірімен тығыз байланыстағы табиғи және техногендік процестер ерекше қарқын алып барады. Ғаламдық тектоникалық қабаттардың қозғалысы (тұтас құрлықтар орнынан жылжуы), аймақтық жер қыртысының күйреуі, әртүрлі магнитудты жер сілкіністері, цунами, торнадо және ауа-райының басқа да аномалды құбылыстары жиілеп кетті. 

«Бұл апаттардың Каспий бассейні аймағын айналып  өтпесі анық. Қазақстан Ұлттық ғылым  академиясының сейсмологиялық институты  мәліметіне сәйкес, Каспий айлағын  қосқандағы Атырау облысы аймағы Рихтер бағаны бойынша магнитуды 6 баллдық  жер сілкінісі болуы мүмкін жер  қыртысы учаскелеріне жатқызылған. 

Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское және Теңіз тәрізді ірі тұз асты мұнай және газ кен орындары жер қыртысының тектоникалық белсенді учаскесінде орналасқан. Солтүстік Каспийдің айлақ бөлігінің аса ірі карбонатты мұнайлы құрылымы жер қыртысының белсенді геодинамикасымен байланысқан тектоникалық тығыздалған жыныс болып саналады. Амплитудалары назар аудартатын тектоникалық бұзылулардың кездескені жайлы сейсмикалық және бұрғылау мәліметтері тіркелген құжаттар да бар», – деп көрсетеді академик Мұфтах Диаров. 

Ғалымның дәйегі бойынша, Теңіз кеніші шеңберіндегі жер қыртысының жарылуының қазіргі  қарқыны жылына 5 см құрап отыр. Шығыстағы  Бұзашы күмбезімен шектелетін солтүстік-батыста да жер қыртысының жарылуы артып барады. Ал 2000 жылғы сәуірдің аяғында Каспий теңізінің қазақтандық секторының шығыс жағалауында жер бетінің үлкен көлемде шөгуі байқалған. 

Соның салдарынан Қаламқас және Қаражанбас кен орындары учаскелерін су басып, жүзден астам ұңғымалар су астында қалған. Оның үстіне жағалау сызығы бұрынғымен салыстырғанда ондаған шақырымға ауытқыды. 

«Орталық Каспий айлағы сейсмикалық аудандастыру сызбасына  сай магнитуды 7 баллға дейінгі жер  сілкінісі болуы мүмкін аймаққа жатады. Орталықпен шектесіп жатқан Оңтүстік Каспий түрлі магнитудты жер сілкіністері үнемі болып тұратын тектоникалық жарылудың белсенді аймағы саналады әрі оның магнитуды 1-2 балдан 4 балға дейінгі әсері Солтүстік Каспийге де жететін болады. Міне осылайша, Каспий теңізінің қазақстандық секторы тұз асты қабатындағы көмірсутегінің мол қорын тоқтаусыз игеру аса күшті табиғи геодинамикалық және техногендік факторлардың өзара әрекеті жағдайында жүзеге асып жатыр. Яғни төніп тұрған табиғи жер сілкінісінің қаупі де зор», – деген болжам жасайды академик. 

Бұдан әрі ғалым табиғи жер сілкіністерінен өзге мұнай өндірудің тойымсыз әдістері де Каспийге техногендік сипаттағы апат қаупін төндіретіндігін атап көрсетеді. 

«Тектоникалық жағынан  белсенді аймақтардағы процесс кезінде  мұнай резервуарларынан мұнай мен  газды өндіру барысында қалпына  келмейтін кеңістіктер, жыралар  пайда болуы магнитуды 7 баллдан  жоғары жер сілкінісінің болуына  әкеліп соқтырады.Техногендік жер сілкінісі барлық жерде болып жатыр. 

Мысалы, Батыс Өзбекстанның сейсмикалық жағынан әлсіз саналатын  Газлий ауданында мұнай мен газды  өңдегеннен кейін магнитуды 7,0-7,3 балдық жер сілкінісі болды. Первомайск кен орыны игеріле бастағанына 30 жыл өткен соң, 1995 жылы Сахалиннің солтүстігіндегі Нефтегорда көптеген адам өмірін жалмаған, магнитуды 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Батыс Түркіменстандағы Құмдақ кен орыны пайдалана бастағаннан бергі 20 жылдан соң магнитуды 6 балдық жер сілкінісі болды», – деп жазады мақалада Мұфтах Диаров. 

Ғалымның айтуынша, Теңіз кенішінде 1993 жылдан бері барлық жағынан қарқынды шапшаңдықпен көмірсутегі  қоры игеріліп жатыр. Бірақ әлі күнге дейін «босап қалған кеңістіктер мен жарықтар сумен немесе газбен толтырылмаған. Ал ондағы жер қойнауының статикалық жағдайы баяу болса да бұзылады» дейді академик. 

Теңіз кенішіндегі  осы факторлардың барлығы қазірдің өзінде техногендік жер сілкінісін тудыруы ықтимал. Жалпы айтқанда, Каспий бассейнінде техногендік жер сілкінісі әбден болуы мүмкін құбылыс деп санайды Мұфтах Диаров.

Каспий теңізінің  экологиялық қауіпсіздігіне қатысты  мәселелерді ҚР Төтенше жағдайлар, Ауыл шаруашылығы, Мұнай және газ министрліктері және қазақстандық ғылыми ұйымдар өкілдері талқылады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге Иран Ислам Республикасы, Орталық Азия мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми-ақпараттық орталықтың қазақ филиалы және Ресей Ғылым академиясына қарасты Мұнай және газ проблемалары институты мен П.Ширшов атындағы океонология институтының Каспий филиалының мамандары да шақырылды.

 Каспий теңізінің  биотіршілігіне негізінен теңізден  мұнай өндіру операциялары қауіп туғызады. Қазіргі таңда Каспийдің солтүстік-шығысында бекіре тұқымдастар қоры он есеге дейін азайған. «Тенгиз» және «Қашаған» кен орындарын игеру жұмыстарының басталуымен Каспийдің солтүстік жағалауының мұнай өнімдерімен ластану қаупі төніп отыр. Солтүстік Каспий – кәсіпшілік балықтар мен құстарды өсіруге арналған тамаша биологиялық аймақ екені белгілі. Мамандардың айтуынша, мұнайдың бірнеше тоннасының төгілуінің өзі Солтүстік Каспий бассейнінің бүкіл фаунасының жойылып кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

 «Жобаны жүзеге  асыру кезінде келеңсіз жағдайлардан  сақтануды күшейту үшін мұнай  операцияларының кең көлемде  игерілуін бастамай тұрып, міндетті  талаптар кешенін жасақтау қажет.  Міндетті шарттардың қатарына  мұнай жабдықтарын теңіз суымен  салқындату барысында пайдаланылатын  теңіз суынан басқа, өндірілген  және тұтынылған сұйық және  қатты қалдықтарды теңізге лақтыруға  тыйым салу кіретін болады, –  деп атап өтті облыс әкімі  Қырымбек Көшербаев.

 Басқосу соңында  Каспийдің экологиялық қауіпсіздігінің  тұрақсыздануын бірлесе болдырмау  туралы қарар қабылданды. 

Осы жиында, талқыланып жатқан тақырыпқа байланысты танымал  ғалым, эколог, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, техника ғылымдарының докторы  Еділ Жаңбыршинды әңгімеге тартқан едік: 
 

Техногендік, биологиялық  әсерлерден қазір Каспий теңізінің халі мүшкіл болды деп айтуға болады. 

– Шынында да, Каспий теңізінің қазіргі ахуалы – дүниежүзі  қауымдастығының назарында тұрған мәселе. Өйткені, соңғы уақытта Каспийдің қайраңында жүргізіліп жатқан кең көлемдегі мұнай операциялары теңіздің экологиялық жағдайын өте қиындатып жіберді. Бұдан басқа Каспий теңізіне Еділ, Жайық және басқа да өзендер арқылы өндірістік лас, қоқыс заттар келіп түседі. Қазіргі таңда теңіздің экожүйесінің жағдайы мәз емес. Оның үстіне Каспий қайраңында мұнай операцияларын жүргізуі теңізге техногендік әсерді одан сайын арттырады. Бүгінде әлі шешуін таппаған бірнеше проблема бар. Біріншіден, Мексика шығанағындағы апаттан кейін бұл мәселе өте өзекті болып тұр. Апат болған жағдайда оны ауыздықтау мәселесі қалай болады? Жақында Америка жағалауында болған апатты 800-ге жуық кеме жұмылдырып, миллиардтаған қаржы бөліп, ауыздықтауға күш салды. Ал, Каспий теңізінің мұнай өндіретін аймақтарындағы теңіз суының тереңдігі 8 метрге дейін созылады. Сондықтан бүкіл Каспий мемлекеттерінің күші жұмылдырылса да, үлкен кемелер бұл жерге келе алмайды және ондай күш барлық мемлекетте жоқ деп айтуға болады.

 Екіншіден, теңізге  түсетін лас қалдықтарды, әсіресе  мұнай өнімдерінің түскен кездегі  қоршаған ортаға келетін зиянды есептейтін методикалардың (әдістемелердің) жоқтығы. Мұндай нормативтік-құқықтық актілер бес мемлекетте бірдей ортақ қабылданған болу керек. Себебі, Каспий жабық су айдыны, Қазақстанда, Ресейде немесе басқа мемлекеттің акватоиясында болған апат барлық мемлекеттердің теңіз айдыны мен жағалауын бүлдіруі мүмкін.

 Үшінші мәселе, бұл – Каспий теңізінде үнемі  жүргізіліп, секунд сайын қадағалап отыратын мониторингтің жоқтығы, былайша айтқанда, он-лайндық мониторинг жоқ. Сондықтан біздер қазір кім қалай, қай жерде, қандай көлемде зиян тигізіп жатқанын анықтай алмаймыз. Осыған байланысты қырылып жатқан балықтар мен итбалықтардың өліміне «кім кінәлі?» деген сұраққа, міне, әлі күнге дейін жауап жоқ.

 Төртінші мәселе  – Кеңес Одағынан қалған мұнай  ұңғымаларының әлі күнге дейін  жүйелі тұрде залалсыздандырылмауы. Қанша мұнай кетіп жатыр, оларды қалай жөндеу керек немесе оларды қалай тығындау керек деген мәселе шешілмеген. Сосын тағы күрделі мәселе – мұнай операциясы кезінде апат бола қалған жағдайда оның шығынын кім төлейді? Ол қанша ақша болады? Оны ертең қалай өндіріп алуымыз керек? Осы механизмдер толықтай қарастырылмаған. Сондықтан бұл үлкен көлемдегі мұнай операциялары осындай нақты, маңызды сұрақтарды шешпей жүргізіп жатыр. Құдай сақтасын, ертең осындай бір апат бола қалған жағдайда мұның әсерін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес, бұл апаттық жағдай Мексика шығанағынан да өте зор болады. Себебі Каспий теңізіндегі кен орындардың көрсеткіштері өте аномальды. Мысалы, жер асты қысымы 1200 атмосфераға дейін жетеді, мұнай-газ және тау жыныстары араласқан фонтан жанса, ауаға өте улы күкіртсутегі, метилмеркаптан, бензапирин, күкірт тотықтары, азот тотықтары және басқа да газдар лақтырылады. Күкірт және азот тотықтары айналада қайнаған теңіз суынан бөлінген бумен араласып қышқылдарды құрап, теңіздің қышқылдылығын көбейтеді, айналаға жаңбыр болып жауады. Бұл бүкіл қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді.

 Айтылмай қалған  тағы бір мәселе – Ақтау қаласында еш жерде сыналмаған, сарапталмаған ВБЭР-300 ядролық қондырғымен жұмыс жасайтын атом электр станциясын салу. Бұл өте күмәнді жоба. Егер де атом электр станциясы Каспий жағалауынан салынатын болса, бұл да бір үлкен қауіп-қатер ошағына айналады. Себебі, атом электр станциясында апат болатын болса, онда оның зардабын барлық 5 мемлекет те көреді, әсіресе, Каспий теңізі. Ал, радиацияның әсері миллиардтаған жылдарға кететіні белгілі. Қазіргі таңда Каспийдің айналасында адамзат баласын толғандыратын осындай үлкен экологиялық проблемалар жинақталып қалды.

 Міне, техногендік,  биологиялық әсерлерден қазір Каспий теңізінің халі мүшкіл болды деп айтуға болады. Сондықтан бұл мәселемен мемлекет те, қоғам да, ғалымдар да, мамандар да, бәрі де айналысуы керек және нақты іске кірісу керек. Ертең кеш болып қалуы мүмкін.

 Осы дөңгелек  үстелде көптеген мәселелер айтылды.  Қарар қабылданды. Сол қарардың  ішінде осы айтылып отырған  мәселелердің көбі ұсыныс ретінде жазылды. Ал, оның әрі қарай қалай іске асатынын уақыт көрсетеді. 

Құятын өзендер

Еділ өзені

Шығатын өзендер

Буға айналу

Ауданы

3,626,000 км²

Ұзындығы

1,030 км

Ені

435 км

Су бетінің ауданы

371,000 км²

Көлемі

78,200 км³

Орташа тереңдігі

184 м

Тереңдігі

1,025 м

Су деңгейі

-28 м

Жасы

250 жыл 
 
 

Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.  Каспий жағалауындағы мемлекеттер 
 

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңіздей бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан Үлесіне 29% (2340 км), Ресейге - 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді. 

Информация о работе Каспийское море