Калдыктар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 11:40, реферат

Краткое описание

Жыл сайын әлемдегі әрбір қала тұрғыны 250-300 кг. қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) «өндіреді» екен. Жаһандану үрдісі белең алған бүгінгі шақта одан ауыл-село тұрғындары да кенде қалып жатқан жоқ. Енді осы цифрды жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиард адамға көбейтіп көріңіз. Оған өндірістік, техногендік қоқысты қосып байқаңызшы. Жер бетінде жиналған ҚТҚ мен қоқыс көлемін ойлаудың өзі қорқынышты. Қайран жер қалай шыдас беріп тұр десеңізші!

Файлы: 1 файл

0алды0тар 0аза0стан.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

Ғасырлар  бойы төл перзентін қойнауынан алынған  игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы даламызды ғасыр тажалы атанған ядролық сынақтар 40 жыл қақыратса, қолдан жасалған қырсықтың кесірінен қос тамыры тартылып, ақ айдын Аралдың суалғанына да ширек ғасырдан асты. Баянауылдың басынан бағы тайды, тау мен тасы тесілген Қарқаралыны бұлт торлады, жер жәннаты Жетісудың бұлағы сарқылып, көк майсасы жұтаңданды. Көлі құрғап, көңілі ортайған көгілдір Көкшетаудың да әрбір күні күрсінумен өтіп жатыр. Байқоңырдан ғарыш кемесін ұшырып, ырысты да күрішті Сыр бойын тусыраттық. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ.

Ұрпақ мүддесін, жер қадірін ойлайды-ау деген билік басындағылардан көңіл қалды. Жақында жаңадан тағайындалған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков теледидардан Алматы маңында болған алапат дауылдан құлап қалған ағаштарды жинап, тазартылған жерлерге қайтадан ағаш өскіндерін өсіру туралы бастамаға «Құлаған ағаштарды жинаудың қажеті жоқ. Қоршаған ортада қалыптасқан жағдай бойынша дауылдан құлаған ағаштар табиғи үдеріс бойынша сол жерде жылдар бойы жатып, өз-өзінен шіриді. Бұл сол жердің топырағын тыңайтуға ерекше қолайлы жағдай жасайды» деп салды. Ұлан-ғайыр даламыздың тағдыры тапсырылған министрдің пайымы осылай болса, басқаларға не жорық!

Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген  ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.

Информация о работе Калдыктар