Экология және тұрақты даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 23:22, лекция

Краткое описание

Экология пәні және міндеттері. «Экология» терминін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель енгізген. Экология организмдердің немесе организм топтарының сыртқы ортамен өзара қатынасы туралы ғылым немесе тірі организм мен олардың тіршілік мекенінің арасындағы өзара қатынас туралы ғылым. Экологияның ғылым ретіндегі міндеттері:
-тіршіліктің ұйымдасу заңдылықтарын зерттеу, сонымен бірге табиғи жүйелер мен тұтас биосфераға әсер ететін антропогендік әсерлерге байланысты зерттеу;
-биологиялық ресурстарды тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін құру, адам әрекетінің әсерінен туындайтын табиғат өзгерістерін болжау, биосферада болатын үрдістерды басқару және адамның тіршілік мекенін сақтау;

Файлы: 1 файл

Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева.doc

— 345.50 Кб (Скачать)

1. Абиотикалық бөлігі – биотоп;

2. Биотикалық бөлігі – биоценоз.

Сыртқы ортаның бiршама тұрақрылығы  жағдайында өзiнiң орнықтылығын сақтайтын  бұл жүйе сыртқы ортадағы және экожүйенiң  өз құрамындағы алмасулар нәтижесiнде  саналуан өзгерiстерге ұшырауы мүмкiн.

Экожүйенiң өзiн-өзi сүйемелдеуге және өздiгiнен реттелуге қабiлеттi-лiгiн гомеостаз деп аталады. Гомеостаздың негiзiнде керi байланыс принцiпi жатыр, оны популяция тыгыздыгының азықтық ресурстарға тәуелдiлiгi мысалында көрнекi түрде түсiндiруге болады.

Экологиялық жүйедегi қоректену типтерi. Экологиялық жүйенің тірі бөлігі болып табылатын биоценоз ағзалары қоректенуі бойынша төмендегі-дей екі топқа бөлінеді:

1. Автотрофты қоректену.

2. Гетеротрофты  қоректену. 

Өсімдіктердің негізгі қоректену жолы – фотосинтез процесі болып табылады.

Жер бетiнiң кез-келген бөлiгiнде  әрқашан түрлердiң бүтiн бiр  жиынтығы тiршiлiк етедi. Азықтық ресурстар  сарқылғанша биомасса ұлғая беретiндiктен, оқшауланған жағдайда өсiрiлген түр  өзiнiң тiршiлiк ету жағдайларын  тез арада нашарлатып жiбередi. Бұдан соң биомассаның солуы басталады. Азықтық ресурстарды үстемелеп бергеннiң өзiнде де биомассаның құлдырауынан құтыла алмаймыз, себебi қоршаған ортада зат алмасу өнiмдерi жиналып қалады.

Экожүйенің трофтық  құрылымы. Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады. Бұл құбылысты зерттеген Ч.Элтон (1927ж.) экологиялық пирамиданың үш негізі типін бөліп көрсетеді:

Сандар пирамидасы (1 м2 аудандағы даралар саны) әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді.

Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды (органикалық заттардың құрғақ массасы,  г/м2).

Энергия пирамидасы (дж/м2жыл) кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағынының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді.

Биомдық классификация негізіне айқын тұрақты макроқұрылымдық белгілер алынады. Жер беті биомдары өсімдіктер дүниесінің бастапқы табиғи белгілері бойынша, ал су экожүйелері – геологиялық және физикалық ерекшеліктері бойынша бөлінеді.

І. Құрлық биомдары:

1. Тундра: арктикалық және альпілік;

2. Бореальды қылқанды орман;

3. Қоңыржай аймақтағы жапырақты орман;

4. Қоңыржай аймақтағы дала;

5. Тропиктік ормандар. Саванна;

6. Чапараль – қысы жауын-шашынды  және жазы қуаң аймақтар;

7. Шөлдер – шөпті және бұталы;

8. Жартылай мәңгі жасыл тропиктік орман: ылғалды және құрғақ маусымдары айқын;

9. Мәңгі жасыл тропиктік жаңбырлы орман.

ІІ. Тұщы су экожүйелерінің түрлері: 1. Ленттік (тоспа су): көлдер, тоғандар және т.б.; 2. Лоттық (ағын су): өзендер, жылғалар және т.б.; 3. Батпақтанған жерлер: батпақтар және батпақты ормандар.

ІІІ. Теңіз экожүйелерінің түрлері: 1. Ашық мұхит; 2. Континенттік шельф сулары; 3. Апвеллинг; 4. Лимандар.

 

 

 

4. В.И.Вернадскийдің биосфера  және бисфера-ноосфера концепциясы

Биосфера концепциясының қалыптасуы. Қазіргі ұғымдағы биосфера ғылымын ғылыми түрде негіздеген ұлы орыс ғалымы академик В.И.Вернадский болған. Ол биосфераның планетамыздың тіршілік тараған сыртқы қабығы екендігін айтып, оның пайда болуында тірі ағзаларддың ерекше роль атқарғанын атап көрсетті. Биосфераның тірі заттан және жансыз табиғаттан тұрады. Жансыз табиғат тір ағзалар түзген биогенді заттар мен олардың қатысуымен жансыз табиғаттан түзілген биокосты заттардан түзілген. Биокосты заттарға атмосферанның төменгі қабаты, саз материалдар, шөгінді жыныстар және т.б.жатады. Сонымен биосффера тірі ағзалардың таралу аймағынан кеңірек аумақты алып жатыр.

Тірі зат  концепциясы. В.И.Вернадский ілімінде оның енгізген тірі зат концепциясы өте маңызды орын алады. Бүгінгі күні әлемге әйгілі болған тірі ағзалардың орасан зор геохимиялық екпінділігі осы концепцияға негізделген. Мұны В.И.Вернадскийдің өзі тірі зат концепциясына айрықша маңыз бере отырып мойындаған.

Тірі заттың негізгі ерекшелігі – жасушалық әрекет пен ақпарат беруден өзге, энергияны пайдалану тәсілі. Тіршілік иелері космос энергиясын күн сәулесі ретінде қабылдап, оны күрделі органикалық қосылыстар (биомасса) энергиясы ретінде ұстап тұрады да, бір-біріне бере отырып, энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, жылу энергиясы) өзгертеді. Жансыз заттар энергияны шашыратады. Жанды заттар, биосфера, Күн энергиясын жұмыс атқаруға қабілетті еркін энергияға айналдырады. Тіршіліктің атқаратын жұмысы биосферадағы химиялық элементтерді тасымалдау және қайта ыдыратудан тұрады.

Тірі заттың қызмет ету ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • қайта жаңғыруға қабілеттілігі;
  • тірі затты костық ортадан бөліп тұратын полимерлік қабықтар түзуге қабілеттілігі;
  • химиялық энергияны аккумуляциялауға және беруге, сонымен қатар қалыпты температура мен қысым жағдайында химиялық реакцияларды жанама өнімдер түзбей жүргізуге қабілеттілігі. Жер бетіндегі тіршілік - экологиялық таза тіршілік.

Биосфера эволюциясы. Бірінші кезеңде (шамамен 3 млрд жыл бұрын) абиотикалық процесстердегі синтез нәтижесінде органикалық заттар пайда болды. Жер атмосферасы сутегіден, азоттан, көміртегі тотығынан, метаннан тұрды; құрамында өмірге зиянды хлор және т.б. болды, оттегі болған жоқ. Ультракүлгін сәулелер (ол кезде озон болған жоқ) химиялық реакциялар тудырды, оның нәтижесінде амин қышқылдары – органикалық заттардың күрделі молекулалары пайда болды. Суда анаэробты ағзалар қалыптасты.

Олардың тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде миллиард жылдан кейін оттегі пайда болды, оның біраз бөлігі озонға айналып, Жерді ультракүлгін сәулелерден сақтады. Одан кейін тіршілік құрлыққа тарады, атмосферадағы оттегі 3…4%-ға жетті – бұл шамамен 1 млрд жыл бұрын жүрген процесс. Тағы да шамамен 700 млн жылдан кейін оттегінің құрамы 8%-ға дейін ұлғайды, көпжасушалы ағзалар пайда болды. Тіршіліктің жарылысы болды: балдырлар, моллюскалар, маржандар пайда болды. Фотосинтез жолымен энергияны байланыстыру басталды, оттегі мөлшері күрт жоғарылады. Шамамен 400 млн жыл бұрын оның мөлшері 20%-ға жеткенде, ірі ағзалар пайда болды. Көмір қышқыл газы мөлшерінің ұлғаю (палеозойдың соңында) және оттегінің азаю (жылужайлық әсер) кезеңдері болды, дегенмен барлығы қайта қалпына келді.

Адамның шаруашылық әрекетінің өсуі биосфераның табиғи құрылымының негізгі қағидаларын – энергетикалық тепе-теңдікті, қалыптасқан заттар айналымын, биологиялық қауымдастықтардың алуантүрлілілгін және бірлігін бұзады. Адам, өз мақсаты үшін ғаламшар затын тиімсіз, көптеген қалдықтар түзе отырып пайдаланып, экологиялық айналымдарға белсене араласады. Биосферада элементтердің табиғи тепе-теңдігі бұзылады. Бір адамның өмірін қамтамасыз ету үшін жыл сайын Жерден 20 т шикізат шығарылады, бұл орайда пайдалы өнім мөлшері пайдаланылатын табиғи ресурстардың 2%-нан аспайды.

Биосферадағы энергия  ағымына сипаттама. Экожүйелерде ағзалардың өмірге бейімділігін және заттар айналымын қолдау тек тұрақты энергия ағымының есебінен болуы мүмкін. Жер бетіне түсетін энергияның 99%-нан астамын Күн сәулесі құрайды. Бұл энергия ауқымды мөлшерде атмосферадағы, гидросферадағы және литосферадағы физикалық және химиялық құбылыстарға жұмсалады: ауа ағымдары мен су массаларын араластыру, булану, заттарды қайта тарату, минералдарды еріту, газдарды сіңіру және бөлу, т.б.

Күн энергиясының тек 1/2000000 бөлігі ғана Жер бетіне жетеді, ал оның 1-2%-ы өсімдіктермен ассимиляцияланады.

Жерде, онда күн сәулесінің энергиясы тек жұмсалып және қайта таратылып қана қоймай, байланысатын, ұзақ уақытқа жинақталатын бір ғана құбылыс бар. Бұл құбылыс – фотосинтез барысында органикалық заттар түзу құбылысы.

Өсімдіктердің (автотрофтардың) негізгі ғаламшарлық қызметі – күн энергиясын байланыстыру және қорға жинау болып табылады, ол сосын биосферадағы биохимиялық құбылыстарды қолдауға жұмсалады.

Қоректік байланыстар және трофикалық деңгейлер. Гетеротрофтар энергияны қоректен алады. Барлық тіршілік иелері басқалардың қоректену нысаны болып табылады, яғни энергетикалық қатынастармен өзара байланысты. Биоценоздардағы қоректік байланыстар бір ағзадан екінші ағзаға энергияны беру механизмі болып табылады. Кез келген түр ағзалары басқа түр үшін энергияның әлеуетті көзі болып табылады. Әрбір қауымдастықта трофикалық байланыстар күрделі желі құрайды. Алайда, трофикалық желіге түсетін энергия онда ұзақ жүре алмайды. Ол 4-5 буын арқылы ғана беріле алады, себебі қоректік тізбекте энергия біртіндеп жойылады. Қоректік тізбектегі әрбір буыныңн орны трофикалық деңгей деп аталады.

Бірінші трофикалық деңгей – бұл продуценттер, өсімдік биомассасын түзушілер; шөпқоректі жануарлар (1-ші реттік консументтер) екінші трофикалық деңгейге жатады; шөпқоректі түрлер есебінен тіршілік ететін ет қоректі жануарлар – бұл 2-ші реттік консументтер; басқа ет қоректілермен қоректенетін ет қоректілер – 3-ші реттік консументтер және т.с.

Ағзада химиялық реакциялар кезінде энергияны беру, термодинамиканың екінші заңына сәйкес, оның бір бөлігінің жылу түрінде жойылуымен қатар жүреді. Бұл шығын жануарлардың бұлшық ет жасушаларының пайдалы әсер коэффициенті өте төмен жұмысы кезінде аса артық.

Тыныс алуға жұмсалатын шығын да ағза массасын ұлғайтудға кететін энергетикалық шығындарға қарағанда көп жоғары. Осылайша, бір қоректік тізбек буынынан екіншісіне өту кезінде энергияның қомақты бөлігі жоғалады, себебі, келесі буын тек алдыңғы буынның биомассасындағы энергияны ғана ала алады. Бұл шығындар шамамен 90%-ды құрайтыны есептелген, яғни тұтынылған энергияның тек 10%-ы ғана биомассада аккумуляцияланады (Линдеман ережесі).

Осыған байланысты өсімдік биомассасында жиналған энергия қоры қоректік тізбекте қарқынды сарқылады. Жойылған энергия тек Күн қуатының есебінен толықтырыла алады. Сондықтан биосферада зат айналымы сияқты энергия айналымы болмайды. Биосфера бір бағыттағы энергия ағымының есебінен, оның күн сәулесі түрінде сырттан тұрақты түрде түсуінің есебінен қызмет етеді.

Фотосинтездеуші ағзалардан басталатын трофикалық тізбектер тұтыну тізбегі, ал өсімдіктердің өлі қалдықтарынан, жануарлар өлекселері мен экскременттерінен басталатын тізбектер – детритті ыдырау тізбегі деп аталады.

 

5. Тұрақты даму концепциясын  қалыптастыру

Терминнің пайда болу тарихы. «Тұрақты даму» термині 1983 жылы арнайы құрылған Қоршаған орта және даму бойынша Халықаралық комиссиясының 1987 жылы БҰҰ үшін дайындаған баяндамасы жарияланғаннан кейін кеңінен таралды. Оны – Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау бойынша халықаралық одақ (ТҚХО), Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (комитеті) (ЮНЕП), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (ВВФ) сияқты халықаралық ұйымдар ұсынды.

Онда Жер биосферасындағы өзгерістердің  қауіптілігіне назар аударылып, оларды жұмсарту бойынша бірқатар ықпалды шаралар қолдану ұсынылды. Әлеуметтік-экономикалық даму процесінде экологиялық факторларды есепке алу қажеттілігі баса айтылды.

Тұрақты даму саясаты 1972 жылы Стокгольмда  Қоршаған орта бойынша БҰҰ конференциясының материалдарында да көрсетілген және 1986 жылы ХБГБ - халықаралық геосфералық-биосфералық бағдарлама (МГБП – международная геосферно-биосферная программа) аясында тұжырымдалған. Ол 1987 жылы ЮНЕП(БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы) дайындаған және Брунтланд Комиссиясының есебі ретінде әйгілі болған «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамада концепция ретінде ұсынылған.

Тұрақты даму концепциясын қалыптастыруда Рио-де-Жанейрода өткен (маусым, 1992 ж.) Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ конференциясы маңызды рөл атқарды, онда 179 мемлекеттің ресми өкілдері қатысты.

Тұрақты даму түсінігінің әр түрлі анықтамалары бар. Анағұрлым кең тарал-ған түрі «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында келтірілген, ЮНСЕД-те (БҰҰ-ның ҚО және Даму бойынша комиссиясы) кеңінен пайдаланылған анықтама: «Тұрақты даму – бұл қазіргі уақыттың сұраныстарын қанағаттандыратын даму, бірақ болашақ ұрпақтың өзінің жеке сұраныстарын қанағаттандыруына қауіп төндірмейді». Бұл анықтама нақсыздығы және антропо-центризмдігі үшін сыналды, «Тұрақты даму» анықтамасы қоршаған табиғи ортаны сақтау туралы айқын түсінік беретіндей болуы керек екендігі атап көрсетілді. Сон-дықтан мынадай анықтама ұсынылған: «Тұрақты даму - өзінің табиғи негізін бұз-байтын, адамдар тіршілігінің сапасын жақсарту - биосфераның шаруашылықтық сиымдылығының шегінде, яғни, қоршаған ортаның табиғи биотикалық реттелу механизмін бұзбайтын және ғаламдық өзгерістерге әкелмейтін шегінде қамтама-сыз етілетін тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму».

Бұл Концепция ЮНСЕД ұсынымы  бойынша қабылданған, оның құжатта-рында әр елдің үкіметіне өзінің ұлттық тұрақты даму стратегиясын әзірлеп, бекітуі ұсынылды.

ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырға бағытталып қалыптасқан негізгі эколо-гиялық ойлау стереотипі тұрақты даму Стратегиясында көрініс тапқан.

Информация о работе Экология және тұрақты даму