Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:55, контрольная работа
Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттардың бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып, пайдаланатыны баршамызға белгілі. Алайда, адамзат баласы жердің, табиғаттың берген сыйын дайын күйінде пайдалануды қанағат тұтпай, табиғи таза өнімдерді жаңа технологиялар көмегімен өзі өңдеп, игере бастады. «Адамзат баласы қаншама жасампаз болса да, ол соншама өзгертуші де бола алады» демекші өнеркәсіптің техникалық, ғылымның барынша өркендеген заманында бұл өзгерістер мен жаңалықтардың салдарынан еліміздің зауыт фабрикаларының шығаратын жаңа өнімдерінің адам ағзасына әсері біршама ұлғайып келе жатыр.
Кіріспе ....................................................................................3
Негізгі бөлім...................................................................................4
І. Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері
1.1. « Coca- Cola» зауытының тарихы.......................................................4
1.2. « Coca- Cola» өнімдерінің пайдасы мен зияны.................................6
1.3. « Fast Food » –тың адам ағзасына әсері.............................................7
ІІ. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
2.1. Зерттеу әдістері мен обьектілері.........................................................10
2.2. Алынған нәтижелер..............................................................................14
ІІІ. Қорытынды.....................................................................16
әл Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасы
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері
б.ғ.к., доцент Абылайханова Нуржанат Татухановна
Алматы 2012
Мазмұны
Кіріспе ..............................
Негізгі бөлім.........................
І. Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері
1.1. « Coca- Cola» зауытының тарихы........................
1.2. « Coca- Cola» өнімдерінің пайдасы мен зияны.........................
1.3. « Fast Food » –тың адам ағзасына әсері.........................
ІІ. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
2.1. Зерттеу әдістері мен обьектілері...................
2.2. Алынған нәтижелер.....................
ІІІ. Қорытынды.....................
Кіріспе
Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттардың бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып, пайдаланатыны баршамызға белгілі. Алайда, адамзат баласы жердің, табиғаттың берген сыйын дайын күйінде пайдалануды қанағат тұтпай, табиғи таза өнімдерді жаңа технологиялар көмегімен өзі өңдеп, игере бастады. «Адамзат баласы қаншама жасампаз болса да, ол соншама өзгертуші де бола алады» демекші өнеркәсіптің техникалық, ғылымның барынша өркендеген заманында бұл өзгерістер мен жаңалықтардың салдарынан еліміздің зауыт фабрикаларының шығаратын жаңа өнімдерінің адам ағзасына әсері біршама ұлғайып келе жатыр.
Осы проблеманың себептері мен салдарының ара жігін ажырату үшін, Алматы қаласындағы зауыт фабрикаларыдың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсерін салыстырмалы талдау жасау, жаңа деректер жинау арқылы қажетті ақпараттандыру керек.
Жоғарыда айтылған көзқарастарды ұстана отырып, фактілер мен концепцияларды белгілі бір сүзгіден өткізіп табиғаттағы және адам организіміндегі қолайсыз өзгерістердің біліну жылдамдығы мен зардаптық деңгеіне баға беру үшін осы материалдар негіз бола алады.
Мақсаты: Алматы қаласындағы зауыт- фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсерлерін зерттеу.
Міндеті:
1. Алматы қаласындағы « Coca- Cola» зауытының өнімінің адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау.
2. « Coca- Cola» зауытының шығаратын өнімдерінің пайдасы мен зияны.
3. « Fast Food » тағамдарының зиянды жақтары.
4. Салыстырмалы талдау.
І. Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері
1.1. « Coca- Cola» зауытының тарихы
Мифсыз бренд – аспанға шашқан ақша, “Кока-кола” осы қағиданы тамаша көрсетуде. Клиенттерге осы салқындататын ішімдік түрлері ғана емес, бәсекелестермен болатын соғыс пен жанжалдар да қызық. Компания тарихының сыры ашылмаған фактілері, жасыру және лезде теріс жорамалданатын, ұқыпты түрде жоққа шығарулар – тамаша жарнамалық әдіс.
1886 жылдың 29-наурызында Атланталық фармацевт Джордж Пембертон кока жапырақтарынан және кола тропикалық ағашының жаңғақтарынан тәтті сироп жасап, ішінде сусыны бар құтмыраны сату үшін дәрханаға алып барады. Сиропты сумен араластырып, сата бастайды, бірақ оншалықты табысты болмайды.Артқы аулада тұрған мыс таздағы сироп . Аңыз бойынша, ішімдіктен кейін бас ауруынан қиналып жүрген келушілердің бірі сусынды газбен араластыруын өтінеді және нәтижесіндегі эффектке қатты көңілі толады. Енді кока-кола мидың жұмыс істеуін ынталандыратын керемет тоник, жүйке бұзылуына, бас ауруына, невралгия мен меланхолияға қарсы арналған дәрі ретінде сатыла бастайды.Пембертон, конфедераттар армиясының бұрынғы офицері, оңтүстіктегілердің жеңілуінен кейін, аштан өліп қалмау үшін күн көріс амалымен бір нәрсе жасауға мәжбүр болды. Оның медициналық білімінің болуы біршама күмәнді еді. Бірақ сол кездері фармацевтика саласында тәртіптің болмауы оған жұмыс істеуге мүмкіндік берді. О’Генридің бір әңгімесі бар еді. Ол әңгімеде екі алаяқтың адамдары аңғал, шағын қала тұрғындарына барлық дерттен емдейтін әртүрлі «сиқырлы» дәрі-дәрмектерді сатқандығы туралы айтылады. Міне, осы жағдай аясында кока-кола пайда болды.Пембертонның өз үйінің сыртқы ауласында мыс тазда сироп қайнатуының мәні қарапайым. Өздерінің әдебі қатал болып келетін оңтүстік адамдары алкогольға қарсы шыға бастады, ал Пембертон шарапқа араластырылған кока жапырақтарынан спиртті тұндырма арқылы жақсы ақша тауып жүретін еді. Ол бұл рецептті француз Марианидан алған болатын. Енді, алкогольдің орнын бір нәрсемен ауыстыру керек болды. Бұл проблеманы кока жапырақтарында болатын кокаин шешті. Ал, кокиан сол кездегі дәрі-дәрмектердің көбісінде болатын еді. Әрине, өте жабайы естіледі, алайда, бір кездері герион да жөтелге қарсы дәрі ретінде дәріханада сатылатын.Сонымен бірге, осының барлығынан тыс, кока-кола морфинизмге қарсы құрал ретінде пайдаланылды, ал, Пембертонның анаша қабылдайдынтармен араласу тәжірибесі бар еді. Ал, сусында кокаин бар екендігін ескеретін болсақ, бұл тамаша ой еді. Тәуелді болудың орнын ауыстыру – релксанттардан ынталандырушыларға өту – ең жақсы «демалыс». Мұндай рецепттер қазргі американдық нашақорлыққа қарсы адуынының аясында өте қызық болып көрінеді.1903 жылы New York Times газетінде кокаин мастығымен қақтығысқа шыққан негрлар туралы мақала шыққан кезде, ынталандырушыларға толығымен тиым салуға көше бастады, және «Кока-кола» өз бағытын тез арада өзгертіп жіберді. Себебі, кока-коланың сатылу орындарын суық допинг нүктелері деп атай бастады. Компания Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі федералды басқармамен не туралы уағдаласқандығы әлі күнге дейін белгісіз. Белгілі болғаны, жаңа кока жапырақтарын «сығылған» жапырақтармен алмастырды, сол себепті ол жерде енді кокаин жоқ болды.
Кока-кола формуласын жариялауға әлі күнге дейін тиым салынған. Пембертон өз қолымен жазып кеткен рецепт бар екендігі айталады. Ол ерекше бір сейфта сақтаулы, оған тек компанияның жоғары басшылығы ғана қол жеткізе алады, және бәрі бірге болған жағдайда ғана сейфті аша алады. Бір жағынан, қазіргі заманда түрлі ұйымдардың тағамға және сусындарға деген жіті назары мен қатаң талаптары аясында рецепттің әлі күнге дейін ашылмауы бір түрлі күмәнді. Екінші бір жағынан рецептті біліп алудың түрлі жолдары бар. Атақты 7Х деген ингридиент лимон, апельсин, даршин майынан, жұпар жаңғағынан, ащы апельсин, кориандр және лайм гүлдерінен тұратындығын айтады. Бірақ, құпия әлі күнге дейін бар. Зауыттарды компоненттерді кодты нөмірлермен араластырып, ал, банка сыртында көп нәрсені білдірмейтін «табиғи хошиістендіргіштер» деген атау ғана бар. Бір нәрсені ғана сенімді түрде айтуға болады – қазір оның құрамында кока да, кола да жоқ.
Дегенмен де, “Кока-колы” тарихы – бұл газдалған сусынның өмірбаяны ғана емес, ол – брендты танымал ету, стандарттарды енгізу, жарнамалық шеру және басқару әдістерінің тарихы. Бұған зерттеудің сан мыңдаған парақтары арналған және ол кез-келген қаржыгер үшін қызықты детективтан да қзықты болып табылады.
Газдалған сусындармен күрес Жаһандануға қарсы адамдардың трансұлтты корпорациялардың саясатымен күресі сол компаниялардың өнімдерін шайтандастыруға да алып келеді. “Кока-Кола” бұл жерде де соттар мен даулар бойынша бірінші орында, тіпті, бұл компания McDonald’s-ты газдалған сусындармен жабдықтайтын жалғыз жабдықтаушы да болып табылады. Еріп кететін полиэтилен мен бұзылатын тістер мен ішкі органдар туралы әгімелер. Үндістанда егін алқаптарына себу үшін пестицидтер ретінде газды сусындарды пайдалануы. Сусынды унитаздар мен автомобиль моторларын тазартатын құрал ретінде қолдану. Қытайда спермицидті құрал ретінде қолдану. Бұл сусынды ішетін адамдардың әлі күнге дейін тірі жүргендігі бір түрлі қызық …
Шындығында, “Кока-Кола” әдетте Олимп ойындарының демеушісі болатын, ал, КСРО-да жағдай мүлдем өзгеше еді, тіпті, “Пепси” 70-ші жылдардың аяғынан бастап батыста кең тараған бренд болып табылатын «Столичная» арағын тарату құқығына ие бола отырып, кеңес нарығында бар болатындығын айтпағанда. Шешімі табылды: идеологиялық қарсыласпен ынтымақтасу арқылы газды сусынның жарқын атына «кір» келтірмеу үшін, Мәскеуде фанта сата бастады Дегенмен де, 90-шы жылдардың басынан бастап “Кока-Кола” бәсекелесін тез басып озды.
“Кока-Кола” барлық жерде бар. Онымен жұлдызжорамал жасайды. Ол армияда да, космоста да бар. Ол тіпті Санта-Клаусты да өз қолына алып алды –1931 жылы американдық Аяз Ата үшін қазір көзіміз үйреніп қалған қызыл-ақ костюмның жобасы жасалды. Ол – Демократиялық партияның бейресми спутнигі (республикалықтар “Пепсиді” таңдайды).
1.2. « Coca- Cola» өнімдерінің пайдасы мен зияны.
Зиянды жақтары:
«Кока-Кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамелдердiң құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады», - деп жазады газет.Дұрыс тамақтану қозғалысының американдық белсенділері өндіруші-компанияның «Колаға» карамелдер түс береді деп мәлімдеме жасауы – жалған. Шындығында, олардың айтуына қарағанда, ол толығымен жасанды канцерогендердiң қарақошқыл балқымаларынан тұрады.Бұл заттар организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі.Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады». Мәселен, «Кока-кола», «Пепси» сусындарының денсаулыққа кері әсері бірден анықталған жоқ қой. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімдердің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға мүлде тыйым салынып жатыр. Біз де осы бағытта біраз жұмыстарды қолға алудамыз. Нақты айтсам, «Кока-кола» мен «Пепсиді» мектептерде сатуға тыйым салынуда. Жақында осыған байланысты еліміз аймақтарының әкімдіктеріне ұсыныс хат жолданды. Сол сияқты энергетикалық сусындардың құрамын да мүмкіндік болған кезде ғылыми тұрғыда зерттеп, сауда нүктелерінен кез келген уақытта алып тастауға болады. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұлай деп үзілді-кесілді кесіп айта алмай отырмын. Себебі қолымда оның қауіптілігі жөнінде қандай да бір дәлел болмаса мәлімет жоқ. Мысалы, «Кока-колаға» келсек, оны сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Оның адамның сүйектерін әлсіретіп, сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болды. Ал республика халқының энергетикалық сусындарды пайдалана бастағандарына көп бола қоймағандықтан, оның зиянды әсерлері әзірге байқалған жоқ. Дегенмен жақында Швецияда үш адам және бір норвегиялық тұрғын осы сусыннан көз жұмғаны туралы деректер тіркеліпті. Қазір бұл елдер «энергетиктердің» құрамын зерттеуге кірісіп кетті. Енді бізге де бұл өнімдерді толыққанды клиникалық зерттеуден өткізіп, зиянын нақты дәлелдеу қалды. Ол үшін жан-жануарларға болмаса ерікті адамдарға тәжірибе жасау арқылы сынақ жұмыстарын жүргізу керек. Бірақ тағы қайталап айтамын, біз, Қазақ тағамтану академиясының мамандары, бұл мәселені өз бетімізше көтере алмаймыз. Өйткені аталмыш өнімдердің зияны туралы өзіміз бастап айтатын болсақ, оны тексеру үшін қаржыны да өзімізге қарастыру керек болады.