Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 16:57, реферат
ЖИЫІІТЫҚ сүраныс ұғымы шешім қабылдау саласына жатады жэне баскадай бірдей жағдайларда экопомикалық субъектінің баға деңгеиіне қарай шығьш шығару ниетіи айқындайды. Жиынтық сұраныс, егер калған барлык жағдай өзгеріссіз калатын болса, игіліктердің тиістІ мөлшерін бағаның әрбір ыктимал деңгейіиде сатып алуға дайыидығына катысты белгілі бір ұғымды беретін шкаламен, сондай-ақ жиынтық сұраныс шамасының баға деңгейі-не тэуелділігін көрсететін функциямен бейнеленген.
Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады,
Ү = Ғ(К, L) = Ү
Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес. Сондықтан 1-суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық болып табылады. Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.
Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, онда 2-суретте көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа нүкгесінен ауысу жағдайы болады.
Е1, Е2 нүктелеріндегі жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.
1.сурет.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ
2.сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі.
Жиынтық ұсыныстың тік қисығы өндірілген өнім санының жиынтық сұранысқа тәуелді еместігін көрсететіндікген, классикалық дихотомия талабын қанағаттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімнің саны сәйкес түрде өндіріс деңгейі деп аталады. Егер жұмыспен толық қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезеңіндегі өндіріс деңгейі.
Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы көлденсң түзумен берілген
Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде ксйбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруінс бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек және жаңа каталогтар шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп үйғарайық. Сондықтан барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттаңдыруға тырысады. Олар керекті өнім санын өндіру үшін керекті жұмысшыларды жалдайды. Бағалар деңгсйі өзгермейтіндіктен, оны (3 сурет) графикте жиынтық ұсынысының көлденең қисығымен суреттеуге болады.
3.сурет. Қысқа
мерзімдік кезеңдегі жиынтық
ұсыныс қисығы.
Қысқа
мерзімдік кезеңде жиынтық
4.сурет. Қысқа
мерзімдік кезеңде жиынтық
Қысқа
мерзімдік кезеңде жиынтық
Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
Талдауымызды келесі түрде қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді.
Сөйтіп, жиынтық сұраныс өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес.
5.сурет. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік.
Жиынтық сұраныс қысқаруының міндетті және ұзақ мерзімді қорытындыларын бақылайық. 5-суретге көрсетілгендей, экономиканы талдаудың алғашқы кезеңінде ұзақ мерзімдік тепе-тендік қалыптасты делік. Осы суретте үш қисық келтірілген: жиынтық сұраныс қисығы, жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы. Ұзақ мерзімдік кезенде тепе-теңдік жиынтық сұраныстың ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді. Сондықтан, экономика ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайда орналасқанда, қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы да 6-суретте көрсетілгендей осы нүкте арқылы өтуі керек.
Енді, Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды деп ұйғарайық. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл (баға иксмсіз болғанда) А нуктесінен В нүктесіне ауысуға алып келеді. Өнім шығару көлемі және толық жұмыспен қамтамасыз стілу өздерінің табиғи деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның туындағанын көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен экономика да жиынтық сұраныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін, ұзақ мерзімдік тепе-тендіктің жаңа нүктесіне дейін төмендейді.
6.сурут. Жиынтық
сұраныстың қысқаруы.
Ұзақ мерзімдік
тепе-теңдіктің жаңа нүктесінде (С)
өнім шығару көлемі және жұмыспен толық
қамтамасыз етілу өзінің табиғи деңгейіне
қайтадан келеді, бірақ бұл нүктеге бұрыығы
ескі ұзақ мерзімдік тепе-теңдік нүктесіне
қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі
деңгейі сәйкес келеді.