Неолиберализм

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 14:30, реферат

Краткое описание

Экономиканы реттеудегі ақшаның рөлін темен ұстаған кейнс теориясына 50—60-жылдары монетаризмнің негізін қалаушы, Чикаго университетінің профессоры М. Фридмен белсенді түрде қарсы шықты. Ол 1950 жылы АҚШ-тың Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының бастамасымен іскер циклдағы ақшаның ролін зерттеу жобасын басқарды. М. Фридменнің және оның жетекшілігімен Чикаго университетінің студенттер тобының қарқынды тәжірибелік зерттеулері нәтижесінде ақша айналысының тарихы мен теориясы туралы іргелі еңбектер жарық корді1.

Файлы: 1 файл

неолиберализм.doc

— 90.00 Кб (Скачать)

Экономиканы реттеудегі ақшаның рөлін темен ұстаған  кейнс теориясына 50—60-жылдары монетаризмнің  негізін қалаушы, Чикаго университетінің  профессоры М. Фридмен белсенді түрде  қарсы шықты. Ол 1950 жылы АҚШ-тың Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының бастамасымен іскер циклдағы ақшаның ролін зерттеу жобасын басқарды. М. Фридменнің және оның жетекшілігімен Чикаго университетінің студенттер тобының қарқынды тәжірибелік зерттеулері нәтижесінде ақша айналысының тарихы мен теориясы туралы іргелі еңбектер жарық корді1. М. Фридмен өзінің зерттеулерінде ақшаның белсенді ролін теріске шығаратын ортодаксальды кейнс теориясына қарама-қарсы - ақшаның сандық теориясына сүйенді. Алғашқы монетаристік тезистердің іс-тәжірибелік негізіне АҚШ-тың жүз жыл уақыт ішіндегі ақша айналысының тарихының статистикалық материалдары алынды. Өзінің теориясын «монетаризм» деп атап, М. Фридмен ақшаның классикалық сандық теориясын қайта жандандырды және экономикадағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікке сүйенетін ерте монетаризмнің негізін қалады.

Монетаризм - XX ғасырдағы экономикадағы теңдесі жоқ ірі құбылыс, біртүтас экономикалық ағым. Ол көптеген мемлекеттерді дағдарыстан шығарды, экономикасын сауықтыруға мүмкіндік берді.

Монетаристер  ақшаның сандық теориясын бұрынғы  қалпында жандандыру мүмкін еместігін түсініп, оның негізінде ақшаға сұраныс теориясын ұсынды. Ақшаның сандық теориясының жаңа нұсқасында ақшаға сұраныстың мынадай функциясы ұсынылды:

А.Маршаллдың басты  идеясы нарықтағы процестерді анықтаушы  күш ретінде сұраныс пен ұсыныстың  қалай қалыптасатының, қалай өзара әрекет ететіндігі талдап, сұраныс икемділігі түсінігін енгізді. Ол тепе – теңдік база түсінігін қолданды

 

 

 

 

 

 

 

Неолибералдық бағыттың сипаттары (Ф.Лист, В.Рошер, К.Книс, Б.Гильдебранд, Г.Шмоллер, Брентано, М.Вебер, В.Зомбарт, В.Ойкен, Л.Эрхард

 

Тема 9. Неолибералды экономикалық  теория

Мақсаты: Қазіргі монетаризмдегі неолибералды теорияны зерттеу

Жоспар:

1. Монетаризм теориясы. М.Фридмен қазіргі монетаризмді  қалаушы ретінде.

2. Либерализмді қазіргі  жақтаушылар 

3. Неолиберализмнің Лондон мектебі.

4. Ордолиберализм позициясы. В. Ойкеннің экономикалық көқарастары.

1.ХХ ғасырдың 7-ші жылдарыдң  басында  неоконсерватизмнің  жаңа ағымы – монетаризм пайда  болды. Монетаризмнің  негізін  салушы Чикаго  мектебінің  экономистері, ал лидері – Милтон Фридмен (1912) болды. Ол Бруклинде (Нью-Йорк) туды, Чмкаго және Колумбия университеттерін бітірген, философия және құқықтану ғылымдарының профессоры 1971 жылдан 1974 жылдар аралығында  Фридмен президент Р.Никсонның экономикалық мәселелер  бойынша кеңесшісі  болып жұмыс жасады. Ал 1984 жылдан бастап Чикаго  университетінің  экономика ғылымдарының професссоры.

Фридмен қазіргі замандағы  беделді экономистердің  бірі. Оның монетаристік концепциясы  алғаш  рет президент Р.Никсонның тұсында  1960-1970 жылдары АҚШ-тың республикалық үкіметінің  мақұлдауынан өтті. Монетаристік  идеяның жарқын көрінісі ретінде америка экономикасын тұрақтандыру концепциясы мен АҚШ-тағы инфляцияны бәсеңдету және долларды нығайтуға мүмкіндік берген «рейганомиканы» жатқызуға болады.

Фридмен 250-ге тарта еңбектің, соның ішінде 27 кітаптың авторы. Оның еңбектерінің ішінде «Ақшаның сандық теориясы» (1956, «Капитализм және еркіндік» (1962), «Өз тағдырының қожайындары» (1980)  деп аталатын еңбектері бар. Ал оған Нобель сыйлығын әперген еңбегі «1867-1960 жылдар аралығындағы  АҚШ-тың ақша жүйесінің тарихы» деп аталады.

Фридмен ірі теориктігімен  қатар экономикалық өзгерістердің  бірнеше практикалық бағдарламаларын  жасады. Бұл бағдарламалар  Чилиде, Израильде және басқа да елдерде  азды-көпті жүзеге асырылды.

Монетаризмнің өмір сүру кезеңдеріне байланысты бірнеше  түрлері кездеседі:

классикалық (фридмендік) монетаризм (50-ші жылдардың ортасынан  – 60-шы жылдардың ортасына дейін);

«ғаламдық монетаризм»  «90-шы жылдардың аяғы – 70-ші жылдардың  бірінші жартысы), инфляция мәселесімен айналысады;

«атаулы табыс» концепциясы (70-ші жылдар), несие-ақшы саласы мен  «нақты» сектордағы жүретін процестердің өзара іс-әрекетін зерттейді;

«Брунер – Мельцер» моделі, ақшалы экономика моделінің  жалпы  вариантын әрі байлық әсері мен орнын басу әсерінің бірігуін білдіреді;

«экономиканы  тұрақтандыру»  моделі және  FRS-MIT –PENN  моделі,  мұнда экономикалық зерттеулер жүргізіледі;

Бюджеттік монетаризм.

          Жалпылама алғанда монетаризм  – бұл экономикалық талдауда  ақшаның рөліне ерекше мән берілетін теория. Ақша-экономикалық талдаудың негзгі элементі, экономикалық болжалдың іргетасы және мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құралы ретінде  қарастырылады.

          Монетаристер, немесе монетаризм  теориясының өкілдері-сөзсіз  еркін рыноктық шаруашылықты жақтаушылар. Олар мемлекеттің кейнстік үлгідегі экономикаға араласуы қысқа мерзімдік қана нәтиже береді, ал ұзақ мерзімде олар нәтижесіз, керісінше зиян келтіріп рынок реттеушілерін тежеуге әкеледі деп  дәлелдеуге тырысады.

         Монетаристердің  негізгі талдау  объектсі ақша және айналымдағы  ақша саны. Фридмен мен оның  жолын жалғастырушылар ақшаның  сандық теориясын жақтайды. Фридменнің  пікірінше  бұл теория –  ақша сұранысы теориясы.

         Ақша теориясын монетаристер ақшаның сандық теориясына негіздейді, яғни айналымдағы ақша санының өзгерісі баға өзгерісіне әкеледі. Бұл тұрғыда Фридмен ақша сұранысы жайында өзінің теориясын ұсынады: ақшаға сұраныс салыстырмалы жағдайда тұрақты, ақшаға деген сұраныс функциясы баға деңгейінен, облигация мен акция табысынан, процент мөлшерлемесіне байланысты, ақша айналымы жылдамдығынан тәуелді. Егер баға өсімі күтілсе (инфляция) ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді. Проценттік мөлшерлеменің көтерілуі  де ақшаға сұранысты азайтады.

1. Германиядағы неолиберализм (В.Ойкен).

3Әлеуметтің рыноктық  шаруашылық теориясы (Л.Эрхард)

Неолиберализм экономика  ғылымының бір бағыты ретінде  ХХ ғасырдың  30-шы жылдарында Германияда,  еркін кәсіпкерлік туралы философиялық көзқарастың  дағдарысы кезінде  қалыптасты. Оның лидері – Фрайбург  университетінің   профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950). Осыған байланысты необерализм  теориясының жақтаушылары  Фрайбург  мектебін құрды. Ойкеннің  өзі Фрайбург мектебінің дамытқан  концепциясын ордолиберализм   (латын тілінде ordo – қатар, тәртіп  мағынасын білдіреді) деп атады.

Жалпы неолиберализм  бағытының әр түрлілігі кездеседі: Австрия мен Швейцариядағы неолиберализм (неомаржинализм), Франциядағы неолибералды  дирижизм  және Германиядағы неолиберализм (ордолиберализм). Осылардың ішіндегі соңғысының маңыздылығы басым. Себебі  Германиядағы неолиберализм  бағытының теориялық және практикалық  жағдайда қалыптасуының  шарттары  мен мүмкіндігі болды:

  1. Гремания басқа батыс елдеріне  қарағанда  капиталистік  даму жолына кештеу түсті;
  2. феодалдық сарқыншақтардың ұзақ уақытқа сақталуы;
  3. Германияны қоршаған батыс елдеріндегі  әлеуметтік шиеленістердің өршуі;
  4. экономистердің теориясын ең басты пайдаланушы  әрі оған  сұранысты қалыптастырушысы болып мемлекеттің табылуы;
  5. экономистердің көзқарастарына  Г.Гегель (1770-1831)  философиясының  әсері ол үкіметті  халық рухының ең жоғарғы бейнесі деп есептеді).

Осы жағдайларға байланысты  классикалық мектептің  еркін  бәсекелестікке  негізделген көзқарастары  Германия  экономикасына  жарамсыздық танытты. Гремания буржуазиясының  өзінің сыртқы  бәсекелестіктеріне  қарсы тұруы  үшін үкіметтің  қолдауы қажет болды.

Ойкеннің пікірінше экономикалық құрлыстың екі түрі бар: орталықтан басқарылатын шаруашылық және рыноктық шаруашылық.Орталықтан басқарылатын шаруашылықтың өзі екі түрге бөлінеді. Оның бірі ұсақ  бір –бірімен байланыссыз  шаруашылық, яғни натуралды  шаруашылық  түрінде  көрінеді.Мұндағы барлық экономикалық іс-әрекеттер олардың иесінің – патриархалды отбасының қожасы, құл иеленуші, помещик, т.б. еркіне бағынады. Екіншісі  - халық шаруашылығы, яғни барлық  экономикалық  шаруашылық орталықтанған әкімшілік аппараттың  үкімі арқылы жүргізіледі.

Ойкеннің пікірінше рынок көп  түрлі. Рыноктық шаруашылықта ұсынысты ұйымдастырудың  5 түрлі формасы, сәйкесінше сұраныстың   да 5 түрлі  ұйымдастыру формасының болуы мүмкін: бәсекелестік, ішінара олигопия, олигопия, ішінара монополия, монополия. Бұлардың әртүрлі комбинациясы  рыноктың таза 25 түрін құрайды. Экономиканы олигополия мен монополия арқылы  реттеу – экономиканы толық бәсекелестік  пен орталықтанған әкімшілік басқарудың  аралық формасы болып табылады.

Әлеуметтік  рыноктық  шаруашылық теориясы екінші дүниежүзілік  соғыстан кейінгі  Германия үкіметінің жүргізген  экономикалық саясатының негізін құрады. Осы теорияны  негізгі әзірлеушілердің бірі, экономика профессоры, экономика министрі, одан соң федералдық канцлер Людвиг Эрхард (1897-1977) болды.

Аденауэр-Эрхард үкіметі өздерінің  мемлекеттік доктринасы ретінде  неолиберализмді  ұстаныд. Жалпы  Эрхард  әлеуметтік рыноктық  шаруашылықты  капитализмнің де социализмнің де баламасына  жатқызды.

3. Ұсынымның  экономикалық теориясы

(А.Лаффер, М.Фелдстейн)

            Ұсынымның экономикалық теориясы  өзінің мағыналылығы жағынан  екінші неоконсерватизм мектебіне  жатады. Ол ХХ ғасырдың 70 жылдары  кейнстік ілімнің дағдарысы кезінде қалыптасты.

            Ұсынымның экономикалық теориясы  монетаризм теориясымен салыстырғанда  іргелі теория, ол барлық кеінен  қамтиды.Бұл теория негізінен   консерватизм өкілдеріне жатады  жән ол американдық экономикалық романтизм, прагматизм, саяси демогогия қоспаларынан шыққан.

            Ұсынымның экономикалық теориясы  АҚШ әкімшілігінің экономикалық  саясатын анықтауда маңызды роль  атқарды.

            Алғашқы рет бұл теория туралы  идеяны  1977- 1978 жылдары бюджет саясаты мәселесінің  туындауына  ьайланысты саясатшылар Дж.Кемр,ДжРусселоторг, У.Роттар айтқан болатыг. Бірақ ұсынымның экономикалық теориясының негізгі идеологтары журналистер: Дж.Ванниски, Дж.Гилдер, И.Кристол болса, теориктері – А.Лаффер, Р.Мандель болды. Ал эмпирикалық  зерттеулерін профессорлар М.Фелдстейн, М.Боскиндер жүргізді. Сондықтан бұл теорияның  бірыңғай жетекшілері болмағанымен, көрнекті өкілдерінің қатарына Артур Лаффер мен Мартин Фелдстейн жатады.

            Бұл теория экономикалық неоконсерватизм мектебіне жатаындықтан, оның төрт түрлі ерекшеліктеріне тоқталамыз.

            Біріншісі –оның методологиясы, ол  екі мектептің, неоавстриялық және монетаризм мектебінің синтезі. Неоавстриялық мектепті құрған АҚШ-та қызмет атқарушы австриялықтар. Оларға Людвиг фон Мизес (1881-1973) және оның оқушысы Фридрих Август фон Хайек (1889-1924).

            Неоавстриялықтар – таза рынокты  жақтаушылар және консерваторлар. Ұсынымның экономикалық теориясының   өкілдері өздерінің  ілімінде Ф.Хайектің ұсынған  төрт түрлі тезисіне сүйенеді. Ф.Хайектің бірінші тезисі  рыноктың монополиялық тәртібі. Ф.Хайектің пікірінше, экономикалық күрделілігі соншалықты, оның объективті заңдарын адамның ақыл-ойы түсіне бермейді. Сондықтан экономиканы реттеудің ең жақсы құралы смиттің «көрінбейтін қол механизмі» болып табылады. Мемлекеттің рынокқа араласуы экономикада бүлінушілікті тудырады.

            Хайектің екінші тезисі  рыноктың таза болуын білдіреді. Оның ойынша мемлекет рынокты  бүлдіреді, сондықтан да ол экономиканың мемлекеттік реттелуі  туралы кез-келген шешімге қарсы. Ф.Хайек – Маркс ілімінің жанды қарсыласы. Ол мемлекеттің экономикаға араласуын «зиянды өз-өзіне сенушілік» деп атады.

            Хайектің үшінші тезисі – бюджеттің қайта бөліну саясатын сынға алады. Бюджеттің қайта бөлінуі экономика мен қоғамға зиянын тигізеді, өйткені теңсіздік міндетті түрде болады. Бұл рыноктың нәтижесі ғана емес, оның қажетті алғы шарты да.

            Хайектің төртінші тезисі – кәсіподақтарды сынға алады. Кәсіподақтар, Хайектің пікірінші, еңбек нарығындағы монополистер. Олар да рынокты ластайды, сондықтан олармен де күресу қажет деген пікір айтады. 

Ұсынымның экономикалық  теориясы бойынша мемлекет екі мәселемен  айналысуы қажет: 1) экономикалық өсуді  қамтамасыз ету; 2) инфляцияны шектеу.

            Ұсынымның экономикалық теориясының екінші ерекшелігі  - жұмыссыздық теориясында жатыр. Ұсынымның экономикалық теориясының жақтаушылары әлеуметтік кепілдік жүйесіне толығымен қарыс.

М.Фелдстейн - әлеуметтік шығындардың, салықтың, ақша жинағының, инвестицияның, жұмысбастылықтың динамикалық қатарын жасады. Осыларға талдау жасай отырып, ол әлеуметтік шығындардың есебінен жұмыссыздықтың азаятыны туралы  тұжырымға келді.

            Ұсынымның экономикалық теориясының үшінші ерекшелігі – инфляция мәселелері. Бұл мәселе бойынша олар ақша массасын шектеу қажеттілігі туралы М.Фридменмен пікірлес. Бірақ бұл мәселені шешуде олардың арасында шамалы айырмашылық бар.

            Ұсынымның экономикалық теориясының төртінші ерекшелігі – экономикалық өсу теориясы. Олар экономикалық өсу теориясының өзіндік дербес концепциясын ұсынады. Бұл концепциядағы негізгі фактор – жинақ ақша.

            80 жылдардың басында салық жүйесін  реформалау (қайта құру) туралы ой-пікірді негіздеуші Артур Лаффер болды. А.Лаффер ұсынымның экономикалық теориясының белгілі өкілдерінің бірі. Оның  атын әлемге әйгілеген «Лаффер қисығы» болды.

Информация о работе Неолиберализм