Мемлекеттік шағын бизнесті қолдау саясаты және оны іске асыру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:01, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай дамушы елдердің экономикасының ерекшелігі – ол ірі және шағын кәсіпорындардың қатар қызмет етуі. Шағын және орта кәсіпорындардың барлық өндірістік қажеттіліктері – ақпараттық, материалды-техникалық, ғылыми жобалы конструкторлық және басқа да нарық қажеттілігін қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы болып, олардың икемділігі, жұмылдырғыштығы, яғни сатып алушыны тез таба алу мен оның қажеттілігін жедел қанағаттандыру қабілеттілігі, сонымен қатар нарыққа өтімді тауарды «жіберуі».

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың стратегиялық факторлары..........4
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі............................................................................................................4
1.2 Шағын бизнес кәсіпорындарының ұйымдық формалары және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі..................................................................................7
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқарудың қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері.......................................13
II Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару........................20
2.1 Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері.....................20
2.2 Шағын бизнестің ұйымдық құқықтық базасы..............................................23
III Басқару бойынша шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің функциялары..........................................................................................................26
3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және жіктелуі...........................26
3.2 Өндіріс және оның функцияларына сипаттама............................................29
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................35

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

   Бүгінде жеке кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың ең көп тараған түрі болды. Бұл  қызмет әсіресе заңды тұлға ретінде  құрылмай-ақ, сатып алынған патент негізінде жұмыс істеу мүмкіндігінің арқасында жандана түсті. Мұндай патент бір мезгілде алу туралы куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия болып табылады. Шет елдегідей біздің жеке кәсіпкеріміз де өз кәсіпорынының қызметі үшін жауапкершілігі шексіз болып отырады. Заңды түрде бұл жеке кәсіпкердің тіркеуге алыну кезінде заңды тұлға ретінде салынуынан көрініс табады, яғни жеке меншік бизнеске тартылған меншіктен заңды түрде бөлектендірілмейді. Бұл өз кезінде несие талаптары ұсынылған кезде кәсіпкердің барлық дүние-мүлкі, мүмкін болатын шығындардың астында қалатындығын білдіреді. Сондықтан кәсіпкерліктің мұндай түрі тек тәуекел деңгейі өте төмен болатын салаларда ғана ұсынылуы мүмкін.

     Бизнесті ұйымдастыру түрлерінің  щеңбері айтарлықтай кең. Шағын  бизнес әдетте жеке кәсіпкерліктен не болмаса серіктестіктен басталады. Бұл бизнестің мұндай түрлерінің мейлінше оңай және қол жетерлік болуымен түсіндіріледі. Ұсыныс ретінде біздің республикамыздың АҚШ-тағыдай S-корпарацияларды негіздеуді ұсынуға болады. Американдық кәсіпкерлер арасында сұрастыру жүргізген кезде  олардың көбісінің бизнесті ұйымдастырудың осы түрін көбірек қалаулы деп есептейтіндігі анықталды, себебі бұл жерде компанияның қызметіне деген шектеулі жауапкершілік сақталады. Жауапкершіліктің шектеулі болуы бизнесті ұйымдастырудың бұл түрін мейлінше ұғымды етеді. S-Корпарациясының шағын орта кәсіпорындарының құрылуын ынталандыру мақсатында енгізілгендігі кездейсоқ емес. 
 

    ІІІ ТАРАУ БАСҚАРУ БОЙЫНША ШАҒЫН  БИЗНЕС                                         КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

   3.1 Өндірісті басқару  функциясының түсінігі  және жіктелуі

   Барлық  деңгейдегі басқару қызметінің негізі мен мазмұны басқару функциялары  арқылы ашылады. Функция – латын  тілінен аударғанда «қызметті» білдіреді. Басқару функциясының пайда болуы осы аядағы еңбек бөлінісі мен мамандануынан, ортақ мақсатқа бағытталған іс-әрекеттердің саралануының нәтижесінен пайда болады. Функция жүйесінің пайда болуы өндірістің әртүрлілігі мен күрделілігінен және оны басқарудан туындаған қажетті үдеріс.

   Басқару функциялары басқару жүйесінде  кім және не істеу керек екендігін анықтауға көмектеседі. Басқару функциялары басқару ғылымының негізгі категорияларының ішінде маңызды орынға ие. Бұл құрылымды әзірлеуді, басқару құралдарын және әдістерін қолдануды, кадрларды орналастыруды, дайындауды, таңдауды басқару функцияларының мазмұнын, құрамын және оны жүзеге асырудың тиімділігін ескере отырып жүргізу жөн деп айтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар басқарудың барлық категорияларын қолдану оның басқару функцияларымен байланыстыруды анықтайды.

   Сонымен, өндірісті басқару функциясы - өндіріс  үдерісінде адамдар арасындағы қарым-қатынасқа  ортақ бағытта немесе ортақ мақсатта әсер ету стадиясын айқындайтын  қызметтің ерекше түрі. Басқару функциясының жүйесі – басқару обьектісіне басқару субьектісі мақсатты түрде әсер еткенде жүзеге асатын, уақыт және кеңістік бойынша өзара байланысты қызметтер түрінің кешені.

   Фирманың  атқаратын қызметіне, роліне және нарықтық экономика шарттарына байланысты, оның негізгі қызметтерін анықтауға болады: коммерциялық, техникалық, қаржылық, әкімшілік. Әртүрлі әдебиеттер мен практикада басқару функцияның жіктелуіне жан-жақты көзқарастар, тәсілдемелер келтірілген.

   Ең  тарағаны, функцияны айқындау бойынша  жіктелудің үш белгісі бойынша көрсету:

  1. стадиялар басқару үдерісінің кезеңдері;
  2. қызмет ету аясы;
  3. басқару обьектісінің түрі.

   Басқару кезеңдері бойынша ерекшеленетін  функцияларды жалпы, ал қызмет ету түрі бойынша нақты деп атауға болады.

   Басқару функцияларын алғашқы зерттеушісі  болған франсуз инженері А.Файоль басқару функцияларының алты түрін немесе кәсіпорында жүзеге асатын операциялардың бірқатар сериясын атап көрсеткен:

  1. техникалық (өндіріс);
  2. коммерциялық (сатып алу және сату);
  3. есеп жүргізу;
  4. қаржылық (қаржыландыру);
  5. қауіпсіздікті қамтамасыз ету (материалды игіліктердің, қызметкерлердің сақталуы);
  6. әкімшілік.

   А.Файоль жалпы функцияға жататын әкімшілікке: алдын-ала көре білуді, ұйымдастыруды, өкімшілікті, келісімділікті және бақылауды  жатқызғанмен, одан әрі жалпы функцияның құрамы мен атаулары талай өзгеріске ұшырады.

   Қазіргі кезде жалпы функциялардың құрамына:

  1. болжау және жоспарлау;
  2. жұмысты ұйымдастыру;
  3. үйлестіру және реттеу;
  4. жандандыру және ынталандыру;
  5. бақылау;
  6. есеп жүргізу және талдау кіреді.

   Барлық  атап өткен функциялар бір-бірімен  байланысты жұмыс істейді. Осы функциялардың бәріне тән, ортақ белгі бұл, олардың өндіріс үдерісінде мақсатты түрде адамдар тобына әсер ету. Мысалы, жоспарлауда басты кезең мақсаттар мен міндеттерді анықтау. Бұдан басқа, жоспар – алға қойған мақсатқа жету құралдарын, басқару органының құрылымын, мақсаттардың өзара үйлесуін, орындаушылардың арасындағы байланыстарды, өткен уақытқа қарағанда жетістіктер тиімдірек және пайдалы болуын ескеру керек. Ол үшін жоспарда жетілген техника мен технологияны қолдану, еңбек өнімділігін жоғарлатудың материалды және моральды ынталары, жоспарды уақытында және оның дұрыс орындалуын қадағалау, жоспардағы нормативтердің кемшіліктерін анықтап, жою қажет.

   Жоғарыда  атап өткендей, менеджемент теориясында  өндірісті басқарудың жалпы функцияларымен қатар, қызмет ету аясына байланысты нақты функциялар бар. Оған келесі функциялар жатады: индикативті жоспарлау; жұмысты ұйымдастыруды стандарттау; есеп жүргізу және есеп беру; экономикалық талдау; өндірістің техникалық даярлығын басқару; өндірісті ұйымдастыру; техникалық үдерісті басқару; маркетингтік қызмет; техқабылдау және сынау; кадрлармен жұмыс; қаржылық қызметті басқару және ұйымдастыру.

   Нақты функциялар өз ретінде жекелеген  белгілер бойынша айрықшалануы мүмкін. Шешімдерді дайындау және қабылдауға байланысты келесі функциялар бөлініп көрсетіледі: ақпаратты дайындау, өңдеу және жіберу, техникалық, экономикалық ұйымдастыру және әлеуметтік шешімдерді дайындау.

   Функциялар  басқару үдерісін және мазмұнын сипаттайтын  күрделілігі, қайталануы, істелетін  жұмыстың дербестігі сияқты бірнеше өзіндік ерекшеліктері бойынша жіктеледі.

   Үшінші  жіктеу белгісі – функциялар өндіріс  деңгейіне (участок, цех, кәсіпорын) және өндіріс үдерістерінің элементтері (еңбек, құрал-жабдық, еңбектің өнімдері) бойынша бөлінетін басқару объектісінің түрі. Өндіріс деңгейі бойынша функциялар: үдерістің түрі (негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші), өндіріс көлемі, тұрпаты, мамандану түрі (пәндік, бөлшектік, технологиялық), өндіріс үдерісінің фазасы (дайындау,  өңдеу,  жинау) болып жіктеледі. 

   3.2 Өндіріс және оның функцияларының сипаттамасы

   Кез келген кәсіпорын өзінің басқару  құрылымына соңғы өнімді өндіру бойынша  белгілі бір функцияны атқаратын  бірқатар қызметтерді енгізеді. Қызметтер  саны кәсіпорын көлеміне және өндіретін  тауар санына,  ассортименттің тереңдігі мен кеңдігіне,  экономика саласының ерекшелігіне,  технологиялық қамтамасыз етілуіне,  өндіріс түріне,  бәсекеқабілеттігіне және шаруашылық байланыстары мен деңгейіне байланысты.

   Өндірілетін бұйымдар номенклатурасы тұрақты және өзгермелі болуы мүмкін. Тұрақты номенклатура кезінде бұйымдарды дайындау және өткізу үздіксіз және белгілі бір уақыт шегіне қайталанатын мерзімді болуы мүмкін.

   Өзгермелі номенклатура кезінде бұйымдарды дайындау белгісіз бір уақыт аралығында қайталанып отырады.

   Мамандану деңгейіне,  өндірілетін бұйымдар көлеміне және тұрақты номенклатураға байланысты барлық жұмыс орындары келесі топтарға бөлінеді:

  1. Үздіксіз қайталанатын бір операцияны орындауға маманданған жалпы өндірістің еңбек орындары.
  2. Белгілі бір уақыт аралығы сайын қайталанатын әртүрлі операцияларды орындауға маманданған сериялы өндірістің еңбек орны.
  3. Белгісіз уақыт аралығы сайын қайталанатын немесе мүлдем қайталанбайтын әртүрлі операцияларды орындауға бағытталған жеке дара өндірістің еңбек орны.

   Өндіріс тұрпаты жұмыс орындарының басым тобымен орындалады.

   Өндірістің  жалпы тұрпаты – тар маманданған  еңбек орындарында бұйымның шектелген  номенклатурасын дайындаумен сипатталады.

   Сериялы тұрпат – кең маманданған жұмыс  орындарында белгілі бір уақыт  аралығында қайталанатын бұйымның шектелген номенклатурасын дайындаумен ерекшеленеді. Өндірістің сериялы тұрпаты: ірі,  орта,  кіші сериялы болып жұмыс орнының басым тобына байланысты бөлінеді.

   Жеке  дара өндіріс тұрпаты – маманданбаған  жұмыс орындарында белгісіз уақыт  аралығында қайталанатын немесе мүлдем қайталанбайтын кең номенклатуралы бұйымды жеке дара түрде өндіру.

   Операциялардың,  бөлшектердің қозғалысы: уақыт бойынша  үздіксіз және бөлшектенген кеңістікте – тікелей және жанама бола алады.

   Жұмыс орындары бойынша өнімдер қозғалысы  жоғарғы дәрежеде үздіксіздікпен,  дәлдікпен сипатталса,  ол тасқынды деп аталады.

   Өндірістің  сериялы және жалпы тұрпаттары мамандану  деңгейі жоғары болғанда,  біртектілікті  кең көлемде енгізгенде, техникалық өзгерісті сәйкестендіргенде стандартты нормаландырылған және сәйкес бөлшектер мен жинақ бірліктерді даярлауда кездеседі.

   Өндіріс тұрпаты оны ұйымдастырудың басқару  және экономикалық көрсеткіштердің  ерекшеліктеріне шешуші әсер ете  алады. Еңбектің техникалық қарулануы  және өндіріс көлемінің өсуіне байланысты,  жеке – дара өндірістей сериялы және жалпы өндіріске өткенде тірі еңбек  үлесі азаяды да,  құрал-жабдықтар ұстауға  және пайдалануға байланысты шығындар артады. Бұл тауардың өзіндік құнының төмендеуіне және оның құрылымының өзгерісіне әкеледі. Шағын және орта фирмалардың ұйымдық құрылымы 2-сызбада көрсетілген.

     
 
 
 
 
 
 

   2-сызба. Шағын және орта кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы

      Бұл құрылымға тән сипаттар:

  1. Ұйымдық құрылым маркетинг пен қаржымен, өнімді өткізумен айналысатын жеке бөлімдері бар фирманың құрамындағы қызмет ететін бірліктер негізінде пайда болады. Бөлімдердің саны мен тұрпаты кәсіпорын айналысатын шаруашылық іс-әрекетіне байланысты сипатталады. Бұл оған еңбек бөлінісінің мамандануының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
  2. Президент жауапкершілікке ие және қызметтің барлық аспектілерін басқарады. Бөлімдер алған барлық ақпарат президентке жіберіледі, ол оны шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдағанда қолданады.
  3. Бөлімдерді орта буын менеджерлері басқарып, президентке есеп береді. Орта буынның күнделікті қызметте шешім қабылдау құқығы жоқ өз алдына жеке қызмет атқаруға шек қойылған. Бөлімдердің менеджерлері президент тапсырған бұйрықтарды орындап, оның нәтижелері турасында ақпарат беріп отыруы қажет.

     Егер де 20 және одан жоғары  адам саны жұмыс істейтін фирманы қарастырсақ, онда бас дирекцияға касса, бухгалтерия, құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша қызметтер бағына отырып, тек қана жалпылай сипаттағы шешімдер қабылданады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

   Шағын бизнес нарық қатынастарын ұдайы  іске қосып отыратын негіз болып саналады. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік жүйе жалпы алғанда экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыстың лайықты деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түседі.

   Шағын бизнес секторы өзінің маңыздылығы  жөнінен нарықтық экономиканың бір  типіне жатады және бүгінгі заманның инфрақұрылымның негізін құрайды. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік нарықтың өзгергіш ахуалына тез бейімделеді. Ол экономиканың қайта құрылу қарқынын жеделдетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге септік етеді.

Информация о работе Мемлекеттік шағын бизнесті қолдау саясаты және оны іске асыру мәселелері