Кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары» «Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпкерліктің экономикадағы негізін, құқықтық жағдайларын, түрлерін, формаларын, даму жолдарын күрделі қамту.

Оглавление

Кріспе

Ι-бөлім. Кәсіпкерліктің эканомикалық түсінігі , формалары
1.1 Кәсіпкерліктің түсінігі.........................................................................5
1.2 Кәсіпкерліктің формалары............................................................... 8

II-бөлім.Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы
2.1 Кәсіпкерліктің жағдайы .................................................................16
2.2 Кәсіпкерлікті дамыту жолдары...................................................... 20

Қорытынды.......................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..................................................................32

Файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік.doc

— 160.50 Кб (Скачать)

Әрі қарай  ШБО-ларды  өзінің  сауда  жүйесі, лизингтік  қызметі бар бір  жүйеге келу  ұсынылады. Ал  оның  ең  басында  бизнесті дамытудың  ұлттық  орталығы  тұрмақ. Алайда, бұл  жерде  де  Қазақстанның  кәсіпкерлікті  қолдау  және  дамыту  орталығы  сияқты  үлкен  құрылым  барлық  қаржыны  тиісті  қайтарымсыз  өзі  жұтып  қою  қаупі  сақталады.  Көзделгендей,  орталықтың     (ШБҰО)  жарғылық  капиталын  қалыптастырғаннан  кейін  оған  ШБҰО  желісін  құру  үшін мақсатты  қаржылар  немесе   несие  ресурстары  беріледі.  Және де  одан  әрі  ШБҰО – ның инвестициялары  акцияларды сатып алу және  нақты бизнес -  бағдарламалар арқылы  шағын бизнес  орталықтарының  жарғылық  қорларына орналастырылады.  Аймақтық  орталықтарды  қаржыландырудың бағдарламада  ұсынылып  отырған үлгісі  орталықтардың қалыптасуының бастапқы  және  одан  кейінгі кезеңдерінде де  шығынды болатын тәрізді.  Қаржы тұрақсыздығы,  инфляция  жағдайында  осыншалықты ебедейсіз, далиған жүйе  құру  жол беруге  болмайтын ысырапқорлық . Қаржыландырудың мұндай  үлгісіне  қатысу  одан  әрі  өзін - өзі  ақтауға  күмән  туғызып,  мемлекет  тарапынан  негізсіз  несие  беру  мүмкін  болатын  жолдар  қалдырады. Өзінің  сауда  үйлері  арқылы  тауар  өткізу,  баға  саясаты  жөнінде  ұсыныстар  әзірлеу  баға  белгілеудің  объективтілігіне  күмән   туғызады.

 Бизнес – инкубатор   рөлінде   қызмет  ететін  ШБҰО–лардың   жобалар  бойынша  үлесі  25 %  аса алмайды. Кәсіпорынның  қалыптасу кезінде шығындар  ШБО жүйесі  нақты жобаға  тартқан қаржы есебінен  жабылады. Біздіңше, бұл орайда  ШБО- ларды  нақты  бизнес -  бағдарламалар  бойынша  қаржыландыруды  емес,  қайта  кәсіпкерлікті  қолдау  қорының  орталықтандырылған  несие  ресурстарын  тікелей  өндірушілерге  беру  ұсынылады. Бұл  ретте  ШБО – лардың  жобалар  мен  жарғылық  қордағы  үлесі  инкубацияланатын  кәсіпорын  акциясының  25%  дейін құрайтынын  ескеруге  болады. Сонымен бірге ШБО-лар тікелей салатын қаржы бөлек есептелуі тиіс.

Бұған  дейін  құрылған  шағын  бизнес  орталықтарының  өкілдерімен  кездесулерге  мәлім  болғандай,  ШБО–лардың  мәртебесі мәселесінің зор маңызы  бар .  Біздің  пайымдауымызша,  шағын бизнес  дамытудың аймақтық  орталығы  мемлекеттік    акционерлік қоғам болуы   тиіс.  Бұл жаңа  қатысушыларды,  жаңа  жобаларды,  қаржыны тартуға ғана  емес,  ШБО құру  процесінің  және  қызметінің  демократиялығын  қамтамасыз  еткен  болар  еді.

Қосымша  тік  құрылымдардың  болуы  мемлекеттің  кәсіпкерлікке  тиімді  қолдау  жасауына  мүмкіндік  бермейді. Ал  экономиканың  және  меншік секторын  дамытуды, нарық  инфрақұрылымын  экономика  министірлігі, Қазақстанның  кәсіпкерлікті  қолдау  және  дамыту  орталығы, сондай – ақ бизнес  дамытудың  ұлттық  орталығы  қабат  басқаруы  олардың  бір – бірінің  қызметін   қажетсіз   қайталануына  әкеліп  соқтырады. Бұл арада әңгіме  басқару немесе  бизнесті  дамытудың ұлттық   орталығы  арасында  таңдау  жасау туралы  емес,  тиімділік тұрғысында  болып отыр.

Кәсіпкерлікті  қолдау  қоры  мен  кәсіпкерлік  құрылымдарыдың  ұлттық  орталықтың  үстінен  құрылтайшылық  жасауы  республика  көлемінде  алғанда  жөнсіз  әрі  дұрыс  емес .  Қосымша  қаржы  тарту  ниет, мемлекеттік  қаржыны  орынсыз жұмсау  мүмкіндігін  ұлғайтады.  Дегенмен,  акционерлендіру  схемасы  жағдайында  мемлекет   қаржысын  тікелей  шағын  бизнес  орталығына  тарту  нақты  бағдарламаларға  инвестициялардың  көбірек  келуіне  ғана  көмектесіп  қоймайды,  сондай – ақ  өзара  түсіністік  пен  бірігу  үлгісін  табуға  да  жәрдемдеседі.  ШБО –лар  бірте –бірте  қалыптасу  кезеңінен  өтуі  тиіс .  Және  де  басы  артық  құрылымдарды, штаттарды,  бөлімшелерді  жасанды  түрде  көбейтуге  жол  беруге  болмайтынын  да  ұғыну  керек. Бастапқы  кезеңде  қолда  барды  және  таяу  болашақта  қайтарып беретіндерін  ғана  пайдалану  маңызды. Біздіңше  кейбір  жекелеген  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  үшін  ірі  өнеркәсіп   кәсіпорындарын   олардың  жағынан             (немесе  қызмет  істеп  тұрған  кәсіпкерлік  фирмалармен  бірлесіп ) шағын  еншілес  кәсіпорындар,  франчайзинг  құру  арқылы  пайдалануға  болады. Кәсіпкерге  тұс – тұстан  қолдау  көрсетуге қазір мүмкіндік жоқ және  ол  ондай сипат алмауы  тиіс . Біздің ойымызша, шағын және  орташа кәсіпкерлікке қолдау  көрсету шараларын жалпы республикалық бағдарлама  негізінде,  жоба  бойынша туындаған   мәселелерді  шешуге   салалық күштерді  қоса  отырып, экономика  министірлігінің  басқармалары  өз  міндетіне  алуына  болады.

Кәсіпкерлікті  қолдау  мәселесі  онда  жариялылық  пен  демократиялық  болуы  қажеттігіне  байланысты  белгілі  бір  дәрежеде  саяси  да   сипат  алады. Сондықтан  бұл  арада  әттеген – айларға  жол  берілмегені  жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Кәсіпкерлікті дамыту жолдары

Кәсіпкерлік ,  жоғарыда    айтылғандай ,   кәсіпорынның   экономикалық  дамуының   маңызды  факторы. Сонымен бірге ұлттық  экономиканы одан әрі дамытуға да  аса басты ықпал етеді . Соңғысын  мына жағдаймен түсіндіруге болады:  кәсіпкерлік өзінің   мәнін   жете   түсіну   негізінде ( әрбір азаматтың өзінің  материалдық жағдайын  одан  әрі жақсартуға талаптануы)  шағын және  орта  бизнесті  дамыту   формасы   арқылы   жалпы   жағдайды   тудырады. 

Шағын    кәсіпорынның    ел    экономикасындағы    рөлі    аса   үлкен .    Біздің  республикада   шағын   кәсіпкерліктің   үлесі   қазіргі   кезде  90%  -  ке   жетеді.

2000  жылдың   1  қаңтарындағы   мәлімет  бойынша   республикадағы   мәлімет бойынша   республикадағы  372  мыңнан  астам   шағын   кәсіпкерлік  субъектісі  тіркеліп,  олардың   ішіндегі  жұмыс  істейтіндері  - 329,1  мың  болды. Шағын кәсіпкерлік  саласында   жұмыспен  қамтылғандардың  саны - 1,4  млн. адамды  құрады.

     Шағын   бизнес   өкілдері   2000  жыл    ішінде   532,6   млрд.   теңгенің   өнімін  өндірді  және  қызмет  көрсетті.  1999  жылы  олар  бюджетке  төленетін  төлем 33,7  млрд.  теңге  құраса,  2000  жылы  -  45,9  млрд.  теңгеге  жетті.

     Қазақстан   Республикасы    Президентінің    2001   жылғы   7   мамырдағы  Жарлығымен  Қазақстан   Республикасында   « Шағын   кәсіпкерлікті    дамыту  мен   қолдаудың  2001 -2002   жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы »

бекітілді.  Оның  басты  мақсаты  шағын  кәсіпкерліктің  өндірістік  саласының серпінді  дамуын  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік  қолдау  саясатын  жетілдіру

болып  табылады.

     Бағдарламаның    міндеттері   оның    мақсатымен    айқындалған   және   олар мыналар:

  • халықтың    жұмыспен    қамтылуын    қамтамасыз   ету
  • қоғамдық   бірлестіктердің   шағын  кәсіпкерлікті  қолдау   мен  қорғау   

     мәселелеріндегі   рөлін   күшейту .       

  • шағын   кәсіпкерліктің   өндірістік   саласына   басымдылықты   дамыту;
  • шағын  кәсіпкерлікті  ақпараттық  қамтамасыз   ету   жүйесін    жетілдіру және   дамыту   арқылы   шағын    кәсіпкерлік   субъектілерінің   тұрақты   қызметі    үшін   қолайлы   жағдайлар    жасау   болып    тұжырымдалады.

    Шағын    кәсіпорындардың   ең  басты   маңыздылығы  -  оның  әлеуметтік  аспектілігінде.  Өзінің құрылуымен  шағын  кәсіпорындар  жұмыс  орындарын көбейтуге   жағдай   жасайды,  сөйтіп,  жұмыссыздықты азайтады.  Бұдан басқа   халықтың   жалпы   білімділігінің    артуы   барысында    азаматтар арасында  жаппай   өздерінің   жеке   қабілеттіліктерін   көрсетулері үдей түседі.  Ең  алдымен бұған қол жеткізгенде өз  істерін  ұнататындықтары   және   бұған  бейімділіктерінің сай  болуына  қарай  өздерінің  жеке  «ісін»  ашу,  өзінің  бизнеспен  айналысуын  жалғастыру  болып  табылады.   Мұның  өзі  сондай –ақ   шағын   кәсіпорындардың  дамуына  қажеттілігін  тудырады.

     Сонымен,  жоғарыда  баяндалғандай экономиканың  жаңа  жағдайындағы  рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар   «жанама»  өнім  ретінде болмайды.  Олар  еліміздің ажырамайтын саяси экономикалық  жүйенің бөлігі  болып   табылады.  Біріншіден,  нарықтық  қатынастардың  тұрақтылығы,   солай  болғандықтан,  халықтың  көптеген  бөлігі  осы  қатынастар  жүйесінде  тартылады;   екіншіден,  рыноктық   жағдайда   олар  қажетті  икемділікті   қамтамасыз  етеді,  терең  мамандандыруда    іске   асыруды  және  өндірісті   тармақтанған   кооперацияға   айналдырады.  Онсыз  оның  экономикалық  тиімділігінің  болуы  мүмкін   емес.   Нәтижесінде,   бұл   шаруашылық   дамуының  және  ұлттық  экономиканың  серпінді   өсуіне  үлкен  ықпал  етеді;   үшіншіден,   шағын  кәсіпорындар  ролінің  өзгеруі  орта  және  ірі  кәсіпорындардың   қызмет   етуіне  тиек   болады. 

 

 

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен кемшілігі:

Кәсіпкерліктің түрлері

      Артықшылығы

       Кемшілігі

1.Бір тұлғалы жекелеген шаруашылықтар

Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлықтың икемділігі. Қызметінің құпиялығынын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максимальды  мүдделігі.

Капиталды көптеп таратудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі.Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.

2. Серіктестіктер.

Басқару бойынша міндеттерді бөлу.Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер.Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестіктермен келісу кезіндегі шектеулігі.

Әріптестердің өзара өнімсіздігінің  ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арақатынасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.

3.Акционерлік қоғамдар.

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі.Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.

Басқарудың тым күрделігі және оның оперативтілігінің төменділігі.Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейі жоғары еместігі.Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.


  Қорытынды

 Осы курстық жұмысты аяқтай келе, қысқаша қорытындылайды.Жұмыс 2 бөлімнен тұрады.

  Кәсіпкерлік  дегеніміз   белгілі бір  істі  істей   білу,  ол  адамның  еркін  өмір  сүру  түрі – белсенділігі  және   іскерлігі.   «Кәсіпкерлік»  деген  ұғым  өмірде  экономикалық  белседілікке  қолданылады.  Экономикалық  белсенділік  бұл  барлық  энергетикалық  процесс  тауар  өндірісімен  айырбас  арқылы пайда  табу.

Кәсіпкерліктің  субъектісі   жеке  тұлғалар,   заңды тұлғалар -  біріккен  серіктестіктер:  арендалық  ұжым,  ашық және  жабық акционерлік  қоғамдар,  шаруашылық ассоциациялары,  корпорациялар  т.б. Кәсіпкерліктің  ерекшеліктері:  дербестік,  тәуелсіздік,  экономикалық ынтымақ,  тәуелділік,  жеке  жауапкершілдік  және  жаңашылдық.

Кәсіпкерліктің  экономикалық  негізі  экономикалық  ресурстарды:  адамдар  ресурсы – еңбек  және  кәсіпкерлік  қабілеттілік  және  материалдық  ресурстар  -  жер,  оның  табиғи  байлығы  мен капиталды тиімді  пайдаланып,  меншік  иелері:   жұмысшы -  еңбек ақысын,  капитал иелері – пайызын,  жериелері - өсімін,  ал  кәсіпкер -  кәсіпкерлік пайдасын  алу.

Кәсіпкерлік  істі  ұйымдастыру,  кәсіпкерлік  әлеуметтік  тапты  құру  үшін  мемлекет  оған  экономикалық,  әлеуметтік  және  құқықтық  қолайлы  жағдай жасау  керек.

 Сонымен  қатар  мемлекет  елдің  экономикасын  реттеуі  тиіс.   Мұндағы  мақсат  ол елдің  әлеуметтік -  экономикалық  жағдайын  жақсартады,  орынсыз  қоғамдық  шығындарды  қысқартады.

Қазіргі  жағдайда  Қазақстан  Республикасында  мынадай  кәсіпкерліктер  жұмыс  істейді:  шаруашылық  серіктестіктер,  коммандиктік  серіктестік,  жауапкершілігі  шектелген  және  қосымша  жауапкершілігі  бар  қоғамдар,  ашық  және  жабық  акционерлік  қоғамдар,  өндірістік  кооперативтер,  унитарлы  кәсіпорын.

 

 

 

                               Қолданылған  әдебиеттер

 

  1.  «Қазақстанда  кәсіпкерлікті  қалыптастыру  жүйесі  және  оның  даму  перспективалары».  Қазақстан  жоғары  мектебі.  2003ж. №2
  2. «Кәсіпкерлік – азаматтық  қоғамның  тірегі,  тұрмыстық  кепілі».  Егемен  Қазақстан  2003ж.  1 қараша.

 

  1. Әубәкіров  Я.Ә,    Байжұмаев  Б.Б,   Жақынова  Ф.Н,  Табаев   Т.П.  «Экономикалық   теория ».  Алматы,  «Қазақ   университеті»  1999ж.
  2. Бисенғазиев М.Б.   «Кәсіпкерлік  негіздері».   Орал,   2001ж.
  3. Бусыгин  А.В.   «Предпринимательство».  Москва  1999г.
  4. Горфинкель  В.Я,  Поляк  Г.Б,  Швандар  А.А.  «Предпринимательство».  Москва   1999г.
  5. Елімбаев  М.С. «Іскерлік  кәсіпкер  әліппесі».  Сұхбат  1994ж.  №1
  6. Мейірбеков  А.Қ,   Әлімбетов  Қ.Ә.   «Кәсіпорын  экономикасы».  Алматы.  «Экономика».  2003ж. 

 

  1. Мәдешов  Б.Ы.  «Нарықтық  экономикасына  кіріспе».  Алматы, 

«Экономика».  1995ж.

  1. Оспанов  М.Т.  «Агробизнес  теориясы  мен  тәжірибесі».  Алматы.  1996ж.
  2. Фишер  С.  «Экономика»,  Москва,  1993ж.
  3. Шеденов  Ө.К,  Байжомартов  Ұ.С,  Жүнісов  Б.А.  «Жалпы  экономикалық  теория».  Алматы – Ақтөбе,  2002ж.
  4. Шарқымбаев  М.Е.  «Шаруашылық  жүргізу  формаларын  құру  принциптері».   Жаршы,  2001.  №1.

 

 

    

 

 

 

 




Информация о работе Кәсіпкерлік