Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:24, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары» «Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпкерліктің экономикадағы негізін, құқықтық жағдайларын, түрлерін, формаларын, даму жолдарын күрделі қамту.
Кріспе
Ι-бөлім. Кәсіпкерліктің эканомикалық түсінігі , формалары
1.1 Кәсіпкерліктің түсінігі.........................................................................5
1.2 Кәсіпкерліктің формалары............................................................... 8
II-бөлім.Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы
2.1 Кәсіпкерліктің жағдайы .................................................................16
2.2 Кәсіпкерлікті дамыту жолдары...................................................... 20
Қорытынды.......................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..................................................................32
Толық серіктестік – мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
Коммандиктік мүшелері - аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреулері толық мүлкімен, ал екіншілері салынған капиталдың негізінде жауап береді.
Ж.Ш.С. мүшелері – тек қана салынған капиталдың негізінде тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капитал белгілі бір үлестерге ( акциаларға) белгіленген заңды тұлға, құқығы бар кәсіпорын
Ашық акционерлік қоғам - өз акциаларын ашық сатуға және басылымдарда акциаларының құнын жариялауға құқылы.
Жабық акционерлік қоғам - акциалар құрылтайшылардың арасында сатылады және акциалардың құны жарияланбайды
Ұжымдық ( қоғамдар ) өздерінің қаражаттарымен бірігеді . Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді . Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының мөлшерінде болады . Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние - мүлкімен жауапты .
Б. Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми – техникалық, өндірістік , экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум- бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін ( мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
6. Финанс- өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазіргі Қазақстанда мынадай ұжымдық - құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда .
1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайдаға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
2. Коммандиктік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді , ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді .
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам .
6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе мунципиалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорыны болып есептеледі.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі , кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгінен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады . Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу үшін қызмет көрсету , жинау , өңдеу , және ақпарат беру, құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған әрекеттер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түріне және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады . Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін анықтайтын тауар – ақша қатынастары, тауар – айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астығыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді;
- баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу - сату операцияларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында маркетингалық талдау жасау керек. Жалпы алғанда барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциалық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы - тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар ( акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б ), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар – қаржы активі болып саналады.
Финанс кәсіпкерлігіне негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер - бұл финанс - кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін қайырады. Банкіде активті және пассивті операциялар болады. Қор биржалары - бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Консультативтік кәспкерлік - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынандай жұмыстар істеледі; финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі. Консультация (кеңес беру) әдістері:
1) эксперттық консультация - мұнда маман
өз бетімен диагноз
қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге
ұсыныстар береді;
2) процесстік консультация - фирманың маманы клиентпен белсенді түрде қарым-қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен бірге талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді.
3) оқулық консультация - лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б
Практикада бұл үш түрі де аралас болуы мүмкін.
II-бөлім.Қазақстан Республикасындағы кәсікерлік жағдайы
2.1 Кәсіпкерлік жағдайы
Инфляция жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге айтарлықтай тез жетуге болатындықтан, негізінен қаржы айналымы саласында басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі бүгіндері бірте – бірте көмескілене бастады. Реформалардың негізгі мақсаты - макроэкономикалық тұрақтылық кәсіпкерлік қызметтің ұсақ және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін қалайды.
Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелістік ортаны қалыптастыру қажет. Бұндай жағдайда мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына түсуі тиіс.
Үкімет өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады . Енді осы ыңғайдағы саясат торабына талдау жасауға да болады. Министр Кабинетінің Қазақстан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығын құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл құжатты Қазақстан кәсіпкерлері контресі әзірлеген, оның республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің бірдей көңілінен шығады деуге келмейтінін көрсетеді . Айта кетсек, қаулы оған қоса орындаушылардың да келісімімен қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған. Бұл аталған үкімет шешімінің жартыкештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда, ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық атқаруға тиісті міндеттерді толық атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі бағыттарымен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдері, оны қаржыландырудың тәртібі мен көздері анықталмаған.
Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты ұстау үшін үстіміздегі жылдың өзінде 5 миллион теңге, сондай – ақ шетелдік техникалық көмек шеңберінде қаржы және ғимарат бөлу көзделген.
Осы қаулымен, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге сәйкес, орталықтың ғылыми – практикалық кеңесі құрылған. Оның бірқатар мүшелері бір мезгілде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның да мүшелері. Мұны орынды деуге бола ма екен ?
Қалыптасқан жағдайда Ғылыми және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми – техникалық ақпараттар институты базасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Ғылыми ақпараттық орталық құрылған қолайлырақ секілді. Бұлай еткенде осы бағдардағы ұйымдық құрылымдарды, кадрларды, ақпараттық және материалдық – технкалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануға болатын еді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы шағын бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар саналады: бизнес дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар элементтері, кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталығы, сауда жүйесі, лизинг. Сонымен бірге көзделіп отырған жүйенің орталық буыны аймақтық орталықтар болады деп жобалауда. Олар бизнес – инкубаторлар бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.
Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып, бірқатар ескертпелер мен толықтырулар айтсақ. ШБО – лар ұсақ және орташа тауар өндірушілер тобының құрылуы процесіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық орталықты бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс емес. Бұған басқа елдердің тәжірибесімен танысу барысында көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдайда ерекше назар аударуды қажет етеді. Әйтседе, әдістемелік нұсқаулар беру мен кері байланыстың жұмысты жолға қою үшін зор маңызы бар.
Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО–ларды акционерлендіру жолы қаржыдан қиналуда, бұл олардың орнығуына кедергі келтіруде. Кәсіпкерлікті қолдау қоры ұсынған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай еткенде орталықтар бір жағынан – жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан – кәсіпкерлердің аймақтық мәселелерді шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында, бірігуінің үлесі бола алады.