Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 09:14, доклад
Бұл кезендегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ-орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезендегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады
XVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі
Бұл кезендегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ-орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезендегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:
1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.
2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы отініш жасап император I Петргe жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.
3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдарымен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Иоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.
4. Хандар Әбілхайыр мен Сәмекенің, Нұралы сүлтанның, Бопай ханшаның, қарақалпақ ханы мен старшындарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға хаты. 1731 жыл, 2 қаңтар.
5. Орынбор комиссиясының бас командирі И.И. Неплюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар қонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Бурунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жылғы 27 қыркүйек.
6.
Нұралы ханның Орынбор губернаторына
хаты. 1773 жылғы 19 қыркүйек.
Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны ерекше. XIX ғасырдың II жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәуірі еді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби тілдің заңды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де анық байқалады. Бұл өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрінеді: XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық аяқталды. Россияда капиталистік қатынастар дами түсуімен байланысты қазақ жері шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындарына да айналды.
XIX
ғасырдың II жартысында қазақ жері
орыс патшалығының үш үлкен
әкімшілік территориясы
1. "Түркістан уалаятының газеті" Ташкент, 1870—1882 жылдар.
2. "Дала уалаятының газеті" Омбы, 1888—1902 жылдар.
3. "Торғай газеті" Троицк, 1895.
Бұл
газеттер қазақ даласының көптеген
аймақтарына таралды, патша өкіметінің
жергілікті әкімшіліктерінің органы болды.
Аталған газеттер қазақ әдеби
тілін дамытуда, жазба нормаларын
қалыптастыруда, ресми іс қағаздар
стилін одан әрі жетілдіруде үлкен роль
атқарды.
Информация о работе XVIII -XIX ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі