Тақырып
10. Маркетинг және өнiмнiң
бәсекеге қабiлеттiлiгi.
Дәріс
сұрақтары:
- Маркетинг
түсiнiгi.
- Бағаның қалыптасуының
тәртiбi.
- Жарнаманың
негiзгi түрлерi.
Бақылау
сұрақтары:
- Маркетингтің
әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын
түсіндіріңіз.
- Маркетинг
қызметінің басты міндеттері қандай?
- Өнімнің бәсекеқабілеттілігін
анықтау әдістері қандай?
- Өнімнің сапаллығына
әсер ететін факторлар.
1.
Маркетинг – бұл тұтынушылардың тауар
мен қызметке қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін өндіру, өткізу мен сатуды ұйымдастыру
және басқару жүйесі. Маркетинг тұтынушылардың
қажетін және кәсіпорынның мүмкіндігін
үйлестіру процесі ретінде қарастырылады.
Маркетингтің
басты құралдары:
1. Есеп
жүргізу - басқару процесін тиімді
ұйымдастыру үшін жаппай мәлімет
алу мақсатында керекті көрсеткіштер
жинастыру жүйесі.
2. Сұранысты
болжау – ғылыми болжамды алдын-ала
білу формасы.
3. Нарық
конъюнктурасын талдау – белгілі
бір кезеңде нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық,
сауда-ұйымдық және басқа өнімді өткізу
жағдайларын талдау.
4. Жарнама
– тауар мен қызметтерді өткізу
мақсатында қолданылатын құралдар
мен әдістер кешені.
Маркетинг
– бұл кәсіпорын, фирма тұтынушының
қажеттілігін зерттеу негізінде жоғары
пайда табу үшін тауар өндіру және оны
өткізу жұмысын ұйымдастыру жүйесі. “Маркетинг”
- ағылшын сөзі, нарық, өткізу деген мағынаны
білдіреді.
Маркетинг
– бұл нарықты түбегейлі, жан-жақты
зерттеу және оған белсенді түрде
ықпал жасап тұтынушыларды ұйымдастыру,
тауарды сатып алу артықшылығын жасау.
Адам өз мүмкіншілігіне қарай жан-жақты
талғамын қанағаттандырарлықтай тауар
таңдайды.
Маркетингілік
іс-әрекетте екі нарық болады: 1.сатушы
нарығы – онда сатушының билігі
зор болады, ал тұтынушы нарықтың белсенді
мүшесі рөлін атқарады. 2. тұтынушы нарығы
– мұнда тұтынушының билігі зор болады,
ал сатушы нарықтың белсенді мүшесі рөлін
атқарады. Сатушы да, тұтынушы да өздерінің
коммерциялық қызметінен қанағат табуы
тиіс.
Нарықты
зерттеудің екі позициясы болады:
1. тұтынушылар
қажеттіліктерінің ерекшеліктерін
және мүмкіндіктерін зерттеу;
2. нарықты
тауармен толықтыру, бәсекелестік
жағадай, ұқсас тауарлардың болу
мүмкіндігін зерттеу.
Бұл
екі позицияның таңдауына байланысты
біріншісі өнімге бағытталған маркетинг,
ал екіншісі тұтынушыға бағытталған маркетинг
болады.
Өнімге
бағытталған маркетинг кәсіпорын
жаңа тауар шығаруға бағытталғанда
қолданылады.
Тұтынушыға
бағытталған маркетингте кәсіпорынның
іс-әрекеті нарық талап ететін
сұранысты қанағаттандыруға жұмсалады.
Шаруашылық
қызметті жүргізуде маркетингтің екі
типін бірдей бір мезгілде қолданған
жөн. Мұны интеграцияланған маркетинг
дейді.
Маркетингтің
міндеттері:
- нарықты жан-жақты
кешенді зерттеу;
- барлық сұранысты
анықтау;
- тауарды өткізуді
жоспарлау және жүзеге асыру;
- өндірісті
ұйымдастыру, басқару жөнінде шаралар
белгілеу.
Маркетингтің
негізгі қағидасы оның барлық ісінің
қорытындысы тұтынушылардың өскелең
талабын орындау. Осы негізгі
талаптан мына принциптер туындайды:
- нарықты білу
керек, оның ұсынылатын тауарға сұраныс
мөлшерін, динамикасын зерттеу, оның қорытындысын
ғылыми-техникалық, өндірістік және шаруашылық
шешімдер қабылдағанда ескеру;
- өндірісті
нарықтың талабына қарай икемдеу, не сатылса,
соны ғана өндіру;
- маркетингілік
зерттеу қорытындысын іске асырудағы
шығармашылықты қолдап дамыту, әсіресе,
тауар мен қызметтер сапасын арттыру;
- мақсатқа
сай басқару процесін қамтамасыз ету:
ғылыми зерттеулер - өндіріс - өткізу -
сервис;
- өнім өндіруде
нарықтағы сегменттің ерекшелігін ескеру;
- ең жоғары
сапалы тауарлармен нарықты еркін меңгеру;
- жоғары мамандық
тәжірибесі бар басқарушылардың еңбегін
ынталандыру.
8. Негізгі
әдебиеттер мен оқу
құралдары:
- Бренц А.Д.,
Брюгеман А.Ф. Планирование на предприятиях
нефтяной и газовой промышленности.
- Бейсенова
М., Садықбекова А. Кәсiпорын экономикасы.А.,
2002.
- Джолдасбаева
Г.У. Кәсiпорын экономикасы. А.,2002.
- Дәуренбекова
Ә.Н. Өндірісті ұйымдастыру.А.,2007.
- Мейірбеков
А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы.А.,2003
- Оразалин
К.Ж. Кәсіпорын экономикасы.А.,2007
- Саймагамбетова
Г.А. Организация и планирование производства.
А., 2004.
- Предпринимательство
и право. Сборник нормативных актов. А,1998.
- Экономика
предприятия./Под ред. В.Я.Горфинкеля, В.А.Швандара.
М.,1998.
- Экономика
предприятия./Под ред.Волкова О.И. М.,2002.
- Окаев К.О.,Дюкова
Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсiптiк кәсiпорын
экономикасы. А.,1994.
- Қалдыбаев
О., Темирбаев А. Экономика предприятия.
А., 1997.
- Шматов В.Ф.,
Малышев Ю.М. и др. Экономика, организация
и планирование производства на предприятиях
нефтяной и газовой промышленности.
- Шепеленко
Г.И. Экономика, организация и планирование
производства на предприятии. Ростов-на-Дону,
2002.
- Зайцев Н.Л.
Экономика, организация и управление предприятием.
М.:ИНФРА-М, 2005.
- Скляренко
В.К. Экономика предприятия. М.:ИНФРА-М,
2006.
Қосымша
әдебиеттер мен оқу
құралдары:
- Абдильдина
Л.И., Абдильдин С.С. Экономика предприятия.
А., 2004.
- Бляхман Л.С.
Экономика фирмы. СПб, 1999.
- Грузинов
В.П. Экономика предприятия. М., 1998.
- Раицкий К.
Экономика предприятия. М., 1999.
- Қуатова Д.Я.
Кәсіпорын экономикасы. А., 2006
- Мамыров Н.К.,
Ихданов Ж.О. Государственное регулирование
экономики в условиях Казахстана. А., 1998.
- Порохов Е.В.
Правовые основы предпринимательства
в РК. А., 2001г.
- Лапуста М.Г.
Предпринимательство. Москва, 2002г.
- Окаев К.,
Смагулова Н., Яновская О. Предпринимательство
в РК. Алматы: Экономика, 2001г.
- Токсанова
А. Равитие малого предпринимательства:
концептуальный подход с позиции менеджмента.
Алматы: Галым,1997
- Развитие
экономики Казахстана в новом тысячелетии.
/Под ред. Р.С.Каренова, А., 2000г.
- Малое предпринимательство:
теория, мировой опыт и Казахстан./Под
ред. Жатканбаева Е.А., Алматы: 2001.
- Индивидуальный
бизнес в РК. Практическое пособие. Алматы,
2002г.
- Бисенғазиев
М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсiпкерлiк негiздерi.
Орал, 2001.