Қазақстандағы несиелік жүйе, оның құрылымы және даму болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 12:33, курсовая работа

Краткое описание

Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................. 4
1-бөлім: Несие ұғымына жалпы түсінік....................................................... 6
Несиенің мәні, қызметі және құрылымы .................................................6
Несие формалары мен түрлері...................................................................9

2-бөлім: Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйе............................13
2.1. Қазақстанданның несиелік жүйесі........................................................... 13
2.2. Несиелік жүйенің даму болашағы............................................................15
Қорытынды........................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................22

Файлы: 1 файл

несиелік жүйе.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

    - несие қатынасының субъектiсiне  қарай — банктiк, коммерциялық, халыкаралық тұтынушылық несиелер. 

9.1.сурет. Несиенің негізгі формалары.

    

     Жорғарыда қарастырылган несие  формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi  жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық  белгілерi бойыша ең детальданған  сипаттамасы, ягни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.

    а) Қазақстанда несие турлерi былайша  жiктеледi: несиелеу объектiнiң экономикалық  белгiлерi бойынша:

    — айналым қаражатын қалыптастыруга  берiлетiн несие;

    — негiзi құрал-жабдықты калыптастыруга  берiлетi несие;

    — ТМҚ аясында шұгыл қажеттiлiкке,  сондай-ақ, нормативтен тыс                              қорлардың аясында уақытша қажеттлiкке  берiлетiн несие;

    — өндiрiстiң маусымдық шыгыны  аясында берiлетiн несие;

    — жол үстiндегi (жолдагы) есеп  айырысу құжаттары аясында берiлетн   несие, аккредитивтер;

    — төлем несиелерi.

ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:

    — жылжымалы және жылжымайтын  мулікпен, ТМК-пен, кепілдiлiкпен, сактандыру  келiсiмшарттымен толық қамтамсыз  етiлген;

    — iшiнара қамтамасыз етiлген;

    — қамтамасыз етiлуi болмайтын  банкiлiк (сенiмдiлiк).

б) қайтарылу  мерзiмi бойынша:

    — қысқа мерзiмдi;

    — орта мерзiмдi;

    — ұзақ мерзiмдi.

в) өтелу  тәртiбi бойынша:

    — бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін  ұзарту);

    — бір жолғы өтеу;

         кезең сайын  (бір қалыпты емес) өтеу.

г) Тәуекелдi деңгейi бойынша:

    — субстандартты;

    — стандартты

    — күмәндi;

    — сенiмдi;

    — сенiмсiз;

    — ұзартпалы.

ғ) арқылылығы бойынша:

    — қалыпты пайыздық мөлшерлемесi;

         жоғары пайыздың мөлшерлемесi;

         төмен пайыздың мөлшерлемесi;

     — пайызсыз.

д) салалық  бағыты бойынша:

    — сауда-саттық несиесi;

    — өнеркәсiп несиесi;

    — ауылшаруашылық несиесi;

    —құрылыс несиесі;

ж) ашылатын шот турлерi бойынша:

    — жай ссудалық шот бойынша несие;

    — арнайы ссуда шоты бойынша  несие;

    — контокорренттiк шот бойынша  несие;

    — овердрафт бойынша несие;

    — несие желiсi бойынша несие. [3]

     Несиенiң айрықша түрiне жылдам  сатылатын мулiкпен немесе құқықпен  қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.

    Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан  турлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен,  тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен  берiлетін несиелер жатады. Қарыз  алушы ломбардтық несиен өз  қалауынша  шектеусiз пайдалана алады.

    Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында  жаңгыртпалы несие. Ол  белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімөзсiз автоматты түрде берiледi.

    Несие желiсi қарыз алушының  алдындагы несие уйымының  оған несие келiсiмшартының белгiленген  әрекет етуі кезеңi iшіндебелгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1  Қазақстанның несиелік жүйесі.

        Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиытығы.

    Несие жуйесi  ұғымы банк жүйесiне  қарағанда кеңiрек, яғни мұнда  өзге де несиелiк мекемелер  қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен берiлген.

    Келтірілген  сызбаға енген  несие  жүйесінің құрылымдық  элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын,  ның ирархиялық құрылымы кестеде  берілген.   
 
 
 

                                           Несие жүйесі   Иерархия  деңгейі Мекеме  аты Бөлімшелер  аттары Мекеменің қызметі
 
Банк  жүйесі
 
І
 
Ұлттық  банк
Орталық аппарат.

Ұлттық  банктің басқармасы

1.Ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру. 

2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.

3.Алтын-валюта резервін басқару.

4.Ақша-несиелік реттеу.

 
ІІ
1.Екінші деңгейлі  банктер 
 
 

2.Мамандан-ған  банктер

Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Еншілес банкі.

Бөлімшелері

Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде  көрсету. 
 
 

Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған

 
Парабанк  жүйесі
 
ІІІ
Банктік емес мекемелер Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Манманданған  несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету 
 
IV
Пошта-жинақ  мекемелер Орталық аппарат

(АҚ  Қазпошта)

Бөлімшелері

Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту.
 

    Банктердiң саны жыглдан жылға  азаюда. 90-шы жылдардың басында  олардың саны 200-ден асты, сөйтiп  банк жуйесiн реформалау натижесiнде  олардың саны 35-ке дейiн (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктiк секторында  шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктiк емес мекемелер санының керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз. [4] 
 
 
 

     2.2 Несиелік жүйенің даму болашағы.

    Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары  едәуір өзгерістерге ұшырады.Әлемдік  экономикадағы құрылымдық қайта  құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда.Ғылыми – техникалық революцияның дамуы әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтануын талап етті, сәйкесінше банктер өз операцияларын кредиттік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу жүзеге асады; банктік жүйенің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады; банктік емес кредиттік мекемелердің динамизмі байқалады.Банктердің жекелеген типтері, банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы немесе кедергілердің жойылуы – соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.[2]

      Ірі әмбебап банк өз клиенттері  үшін депозиттік шоттарды жүргізу,  қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды  қабылдау, әр алуан кредиттерді  беру, құнды қағаздарды сатып  алу, сенімхат бойынша мүлікті басқару және басқа көптеген банктік және “банк маңындағы” қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.Кредиттік мекемелер қызметінің көп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді.

      Кредиттік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі.Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың кенеюі арқылы.Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кенестік бизнеске және тағы баса енуге тырысады.Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс сауаларына қатыса отырып, кредиттік мекемелердің басқа топтармен тікелей тайталасқа шығады.

       Екіншісі – банктік емес мекемелердің  банктік нарықтарға енуі арқылы.Банктік емес мекемелер қазіргі танда банктермен инвестициялық салада, ақпараттық-кенестік қызметтерді көрсетуде, сонымен бірге банктік салада – депозиттік-ссудалық операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.

       Соңғы жылдары банктік және басқа арнайыланған қаржы – кредит мекемелер халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен

компаниялардың  жинақтар үшін күрес өткір сипат  алды.[6]

       Бұрын коммерциялық банктер депозиттер  бойынша пайыздың мөлшерлемесін  көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады.Оларға пайыздық мөлшерлемесінің максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру салымдарын салушыларға төлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған кредиттік мекемелерде шектеулер болмады.Әрине, бұл жағдайда соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды.Банктер ақша нарығы сертификаттарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша пайыздар коньюнктураның жағдайына байланысты белгіленді.Сонымен қатар, АҚШ-та 1980 жылы депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналымның қадағалау жөніндегі заң салымдар бойынша пайыздарды төлеудің барлық шектеулерін алып тастады.

      Ірі банктік мекемелерге арналған  әмбебаптануға қатысты жалпы  тенденция олардың мамандануының  сақталуымен сәйкес келеді.Әмбебаптанудың  өзі мекемелердің жекелеген түрлерінде бірдей емес және ерекше дамиды.Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы жөнінде сөз болады.Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарылауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды, олар “ нарықтық нишаларды”, яғни әмбебап немесе ірі банктердің көнілін тарта алмаған қызметтердің бұл түрлерін іздестіруге тырысады.Қайта мамандануға қатысты тенденцияны банктік бизнестегі бәсекеде қолдайды.

      Кредиттеу обьектілерін ірілендіру  жүзеге асып жатыр.Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият көңіл аудара бастады, өйткені активтердің сапасын дәл және дер кезінде бағалау-банктердің өркенденуінің кепілі. [7]

      Банк жетекшілері өз активтерінің  сапасын, жаңа кредиттерді ұсыну,  кредиттеу технологиясын, қарыз алушының кредит шарттарын сақтауын қадағалайды.

      Несиенiң  рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп соқтыратын нәтижесiмен  анықтауға болады. Несие өзiнiң қызметi арқылы ұдайы өндiрiс процесiне әсер етедi. Жоғарыда аталып өткендей, несиенiң өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұраған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезiнде қайта бөлiну мүмкiн бөлгiмен ғана байланысты. Несиенiң көмегiмен шешiлетiн мiндеттер қогамдық  дамудың әр түрлi кезеңдерiнде өзгерiп отыруы мүмкiн.

Информация о работе Қазақстандағы несиелік жүйе, оның құрылымы және даму болашағы