Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 19:11, доклад

Краткое описание

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі.

Файлы: 1 файл

Курсовой Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны мен мақсаты.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

Қазіргі  жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін мамандықталған өзін-өзі анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі анықтау мәселесіндегі барлық сұрақтарішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі анқтауда толық жауаптар берілген С.П.Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау екі түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе мамандырылған мектеп таңдау.(4)

С.Л.Рубинштейн бойынша өзіндік анықталу сыртқы себептің ішкі әсерге байланысты болып  табылады. Сыртқы себептелу “сыртқы  детерминация” әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминациясын  анықтайды. Бұл жағдайда жеке анықтама жеке  детерминация болып табылады.

Сондай-ақ, Л.И.Божович  жұмыстары да өзін-өзі анықтауға  психологиялық анықтама береді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі  онтогенез өзегінде яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда болады. Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы туралы түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л.И.Божович өзін-өзі анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда, болашағын жоспарлауда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру мағынасын іздеу болып табылады.(4)

Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл идея 30-шы жылдардың ортасына дейін таралып, “диагностикалық концепция” деп аталды. Мұнда тест кеңіннен қолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы, дұрыс құрылмауы тағы да басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының “тәрбиелік концепсиясы” болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және негізгі бағыттар екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі функцияларының бірі-оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.(4)

  Дегенмен, адамның болашағы мамандықпен тығыз байланысты болғандықтан, кәсіби бағдар беру- адам болашағына көптен-көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын.  Кәсіби бағдар беру арқылы  сол кәсіптің қыр-сырын, мақсатын, мәнін түсіндіріп, көрсетуге болады. Ол үшін мамандық таңдайтын жастардан қандай мамандыққа икемділігі мен қабілеті бар екендігін анықтау қажет.

 

Әдебиеттер:

  1. "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.)Жан Жак Руссо
  2.   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең- Жаңа экономика» лекциясы.Қ.Р. Президентінің ресми сайты
  3. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. –Қазан, 2004.
  4. Сарбасова Б.Қ, Шәушекова Б.Қ. Педагогика негізі. -Қарағанды ,2004.
  5. Тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамыту үрдісінің моделі. «Мереке-праздник для всех» газеті

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны