Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 19:11, доклад

Краткое описание

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі.

Файлы: 1 файл

Курсовой Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны мен мақсаты.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

          Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны мен  мақсаты

                                       

  Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам  талаптарына  орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне  байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт-бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді.(2)

  Қазіргі  қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының  кәсіби іс-әрекет пен мамандық  таңдауға саналы дайындығының  ішкі субьективті факторын зерттеу қажеттілігі әрқашан маңызды болып табылады.(3)

   Кәсіп – (профессия-латын тілінен аударғанда professio) адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.

 Бүгінгі  заманда кәсіптік білім беру  саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет.  Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдыларды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.

 Кәсіби оқыту  – педагог пен оқушының кәсібіне  қатысты ғылыми техникалық жүйелерді  игерудегі және де типтік кәсіби  міндеттерді шешеуге қажетті біліктер мен дағдыларды меңгеруге бірігіп жасайтын қызмет. Кәсіби тәрбиелеу – педагог пен оқушының нақты кәсіби ортада қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелдері мен нормаларын игерудегі және оқушыда кәсіби қажетті және әлеуметті маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда бірлесіп жасайтын қызмет.

 Мамандық  – бұл кәсіби еңбектегі тар  ауқымды жұмыстарды қарастыратын  кәсіби қызмет түрі. Әр түрлі  кәсіби бағдарлар әдістемелері  ішінде, кәсіптік оқыту енгізілген.

   Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру. Оқу процесі – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:

1. Нақты білім  беру жүйесі арқылы алынатын  және білім беру стандарты  формасында тіркелетін нәтиженің  бейнесі. Қазіргі замандағы білім  беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.

2. Білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі. (1)

 Кәсіптік  білім беру жүйесі – бұл  кәсіби және жоғары білім беру  мекемелері, оның ғылыми және  ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:

 • Бастауыш  кәсіптік білім; 

 • Орта  кәсіптік білім; 

 • Жоғары  кәсіптік білім; 

 • Қосымша  кәсіптік білім. 

 Кәсіптік  мектептер мен лицейлерде негізгі  білім базасында орта білім  берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін

 дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде  2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар  мен құрылғыларды үйрену 4 жыл  мерзімді қажет етеді. Бастауыш  кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.

 Кәсіптік  лицей – кәсіби білім беру  жүйесіндегі болашақ білікті  жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын  және тәрбиелейтін оқу орны.

 Оның мақсаты  – азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру. (5)

 Білім беру  ақпараты – белгілі бір кәсіп  саласы не мамандық бойынша  оқушыларға ғылыми-техникалық білім,  практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.

 Негізгі  білімі барлар үшін оқу мерзімі  – 3 жыл, ал толық орта білімді  жастар үшін -1,5 жыл. 

 Кәсіптік  мектептерде кәсіби білім беру  дегеніміз – инженер-педагогтық  ұжым мен оқушылардың бірлескен  іс-әрекеті олардың теориялық  білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.

Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін арнайы зерттеген  Петербург университетінің профессоры Н.И.Кареев болды. Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н.А.Рыбников болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты.

И.В.Дубровина  болса жасөспірім кезеңдегі негізгі  психологиялық өзгеріс өзін-өзі  анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға  психологиялық дайындық деп есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық дегеніміз:

Сана сезімінің  жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;

Тұлғалық қажеттіліктің  дамуы;

Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен  қол жетерлік табыстары.

  Ал, студенттердің кәсіби іс-тәжірибесі жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады, іс-тәжірибе іс-тәжірибенің базасы болып табылатын тиісті ұжымдарда - кәсіпорындарда, мекемелерде, мектептер мен ұжымдарда өтеді.

 Кәсіби іс-тәжірибенің  түрі, мерзімі, мазмұны жоғары оқу орнының іс-тәжірибе бойынша бағдарламасы және мамандықтың оқу-жұмыс жоспарымен анықталады. Кәсіби іс-тәжірибе түрлері мамандыққа сәйкес (даярлық бағыты) өткізіледі.

 Білім алушылардың  кәсіби іс-тәжірибесі жоғары оқу  орнындағы оқу үдерісінде алған білімдерін бекітуге, іс-тәжірибелік дағдыларын игеруге және нәтижелі тәжірибе меңгеруге бағытталған. Білім алушылар кәсіби іс-тәжірибе барысында кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстан тәжірибе жинақтауы қажет. Төменгі курстарда келесі оқу іс-тәжірибесі ұйымдастырылады: далалық, топографиялық, археологиялық, фольклорлық және басқалар.

 Мамандықтар реті бойынша  дипломалды іс-тәжірибесі ұйымдастырылады,  оның мазмұны бітіру жұмысының  тақырыбымен анықталады. Дипломалды  іс-тәжірибе кезінде білім алушылар кәсіпорынның, мекеменің, ұжымдар мен мектептердің өндірістік қызметі туралы нақты деректер жинақтап, оны бітіру жұмысын әзірлеу барысында қолданады.

  Жоғары оқу орнында  таңдалып алынған мамандықтың  бағдарына қарай, студенттер іс-тәжірибе  өту барысында нақты жағдайда кәсіпорындарда немесе мектептерде төменде аталған жұмыс түрлерін үйренеді:

 – өндірістің технологиясын;

 – экономиканы, өндірісті  басқару және ұйымдастыру, өнімнің  сапасын бақылау мен стандарттау,  еңбек өнімділігі мен тиімділігі резервтерін анықтау бойынша шараларды;

 – жабдықтар, аспаптар, есептегіш техникалар, бақылау - өлшегіш құралдар, саймандар, сонымен  бірге өндірістік үрдістерді  механикаландыру және автоматтандыруды;

 – мектептердің, клиниканың, соттардың, прокуратураның, банктік - есептеу жүйелерінің, мәдени мекемелердің және т.б. жұмысын;

 – экологияны, физиология, психология, еңбекті қорғаужәне  гигиена саласында жүргізілген  зерттеу нәтижелерін;

 – ғылыми - зерттеу, жобалау - конструкторлық, жаңашыл - өнертапқыштық жұмыстарды ұйымдастыруды;

 – Қауіпсіздік  және пайдалы еңбек жағдайын  қамтамасыз етуді және жасауды.

 Іс-тәжірибе  бағдарламасы төмендегілерді назарда  ұстауы қажет:

 – студенттердің  жекелей тапсырмаларын орындау мерзімі мен мазмұнын;

 – студенттердің  ұжымдар, мекемелер, кәсіпорындардың   жаңашыл және өнертапқыштық жұмысына  қатысуын;

 – экскурсия  жүргізудің мерзімі мен болжалды  мазмұны;

 – студенттердің  іс-тәжірибе бойынша есеп беруге  дайындалу тәртібі және қорғау мерзімі;

 – тәжірибеден  өтетін студенттерге дәріс оқу  және кеңес беру;

 Кафедрада  іс-тәжірибе бағдарламаларын, мамандық  бағдарын, кәсіпорын сипатын, іс-тәжірибе  обьектісі болып табылатын ұйымды  ескере отырып жасайды және  білім беру мекемесінің жетекшісімен бекітіледі.

 Жоғары оқу  орны студенттері кәсіби іс-тәжірибені  өткізу үшін келісімді негізде  ұжымды, кәсіпорынды, мектептерді  іс-тәжірибенің базасы ретінде  анықтап, олармен іс-тәжірибені  өткізудің күнтізбелік кестесімен  және бағдарламасымен келіседі.  Келісімде жоғары оқу орнының, іс-тәжірибенің базасы мен білім алушылардың міндеттері белгіленеді. Келісім жасасқан шартқа сәйкес іс-тәжірибені өткізу мен ұйымдастыруды жоғары оқу орны мен іс-тәжірибе базасының жетекшілері жауапкершілігіне алады.

 Іс-тәжірибеге оқу - әдістемелік басшылық жасауды, оқу жоспарының орындалуын, іс-тәжірибе бағдарламасы мен оның өткізілу сапасын жоғары оқу орнының тиісті кафедралары жетілдіреді.

 Кәсіби білім  берудің негізгі мақсаты сәйкес  деңгейдегі мамандандырылған қызметкерлер дайындау, нарық майданында бәсекеге қабілетті, білікті, жауапкершілігі бар, өз мамандығын еркін меңгеретін, мамандығы бойынша дүниежүзілік стандарт деңгейіндегі тиімді жұмысқа қабілетті, ұдайы кәсіптік өсуге дайын мамандар даярлау.

 Өндірістіктік  іс-тәжірибені ұйымдастыру қағидаларының ұстанымдық негізі кафедра және кәсіпорын мүдделерінің балансы болып табылады: өндірістік іс-тәжірибенің пайдалы жағы кафедра үшін қандай болса, кәсіпорын үшін де дәл сондай екендігін анықтау қажет. (4)

 Әрине, кафедралар  кәсіби іс - тәжірибе арқылы түлектің өзіндік жұмыс істеуге дайындық сапасының мәселелерін шешеді, сонымен бірге оның келешекте жұмысқа орналасу мәселесіне де септігін тигізеді. Ал, кәсіпорын анағұрлым дайындалған және келешегі бар мамандарды алдын-ала таңдау мүмкіндігіне ие бола алады. (3)

 Қазіргі  уақытта біз, экономика жағдайына  байланысты, кадрларды даярлаудың  қалыптасқан жүйесі мен оларға  қойылатын талаптардың арасында  қарама-қайшылықтың өсіп отырғанын  байқаймыз. (4)

 Индустриалдыдан  ақпаратты-индустриалдыға, өзіне сәйкес инновациялық экономикамен, дүниежүзілік қауымдастық қозғалысы беталысымен салыстырғанда біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму болашағын қарастыру жағдайында бұл фактор ерекше өзекті боп табылады. Біздің мемлекетіміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің озық дамуын және қалыптастыруын қамтамасыз ететін , келешекте мемлекетіміздің оңды дамуы үшін, қабілетті мамандар даярлау арқылы техникалық және экономикалық негіз туғызу, бұл жағдайдағы инновациялық экономиканы қалыптастыруда басшылық рөлі жоғары мектепке тиісті екендігі даусыз. (2)

 Студенттердің  іс тәжірибелік дайындығы талаптарының  орындалуын жоғары оқу орнының  барлық  оқу және ғылыми бөлімшелері  жүзеге асырады, мұндағы басты  рөл түлек бітіртіп шығаратын  кафедраға тиесілі. Бұл жағдайда студенттер семинар, іс-тәжірибелік және зертханалық сабақтарда, оқытудың белсенді әдістері (интерактивтік әдістер, іскер ойындар және т.б.), оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында және т.б. дағдылануды игереді. Қоғамдық жұмыстарды орындау, оқу және кәсіптік іс-тәжірибенің барлық түрлерінен өту кезеңінде дағды қалыптасады.

 Проблемалық-бағдарлық  және жобалық ұйымдастырушылық  технологияларды қолдану арқылы  инновациялық білім беру студенттердің  өндірістік және оқу іс-тәжірибесін жүргізу мен ұйымдастыруда ерекше назар аударуды талап етеді. Іс-тәжірибе жүргізу студенттердің анықталған дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету керек, егер теориялық білім- ғылым арқылы білім беру үрдісі болса, онда іс-тәжірибелік жұмыс нәтижесі- өндіріс арқылы білім беру үрдісі. (3)

 Студенттердің  оқу және кәсіптік іс-тәжірибесі  мамандарды даярлау үрдісінің  құрамдас бөлігі болып табылады. Іс-тәжірибенің негізгі міндеті  студенттердің іс-тәжірибені өтетін  ұжымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың жұмысын терең оқып үйрену, сонымен бірге өндірістік дағды және әдістерін меңгеру, жоғары оқу орнында білім беру үрдісі негізінде алған  білімдерін бекіту болып табылады.

Информация о работе Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны