Бизнес
–инкубаторлар технопарктер, техноорталықтар
және т.б. құрамында да өзіндік құрылымдар
ретінде қызмет ете алады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 жуық бизнес-инкубаторлар
және инновациялық орталықтар қызмет
етуде. Шағын бизнесті дамыту және қолдау
аймақтық бағдарлама шеңберінде жергілікті
атқарушы органдардың қолдауымен құрылған
болатын. Бизнес-инкубаторлар шартты түрде
бизнес- орталықтарға, технопарктерге
және өндірістік аймақтарға бөлінеді.
Зерттеулер
нәтижесі көрсеткендей, кәсіпкерлер
бизнес-инкубаторлар шеңберінде құқықтық,
аудиторлық және бухгалтерлік қызметтермен
және оқыту бойынша қызметтермен
пайдаланылады. Бизнес-инкубаторлар шеңберінде
ұсынылатын қызметтер жоғары емес,
орта, шағын кәсіпкерлікті (ШОК) әсіресе
бастапқы қызметі сатысында тиімді
қолдау түрлерінің бірі болып табылады.
Инкубация:
бұл не?
Инновациялық
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
айқын бір өрнегі болып бизнес
инкубациясы табылады. Инкубация
шарттары шағын кәсіпорындарды құру
мен дамыту барысында туындайтын
кедергілерді жеңуде едәуір көмегін
тигізеді.
Бизнес-инкубатор жаңадан ашылған кәсіпорындарға,
бизнестің дамуына септігін тигізетін
шаруашылық іс-әрекеттерін және офистік
қызмет жүргізу үшін өндірістік және офистық,
т.б. орындарды тиімді шарттар негізінде
беру арқылы қолдау көрсетеді.
Бизнес
инкубациясының тиімді жағы
Бизнес-инкубатор
бизнесті дамыту үшін қаржылай және техникалық
жәрдем іздеуге көмек көрсетеді.
Инкубатордың офистық және кеңес қызметтерін
ұсынуы, қызметкерлер саны ұлғаюының алдын
алуға және негізгі қаржы көзін тартуға
мүмкіншілік береді. Бұл шағын бір фирманың
жұмысына қажет шығындарды азайтып, тиімді
қылады. Сонымен қатар, кеңестік қызметтер,
ақпараттық база және оқыту іс-шаралары
кәсіпкерлерге қазіргі қалыптасып отырған
ортаға төзіп бағып, дамуға көмегін тигізеді.
Инкубация
даму тарихы
Инкубаторлардың
кәсіпкерлік пен экономикалық дамуға,
және бірлескен жұмыстың дамуына
жасаған ықпалы, бұл кәсіпорындарды
көпшілік мойындаған аймақтық даму құралдарына
айналдырды. Ресми мәліметтер бойынша,
әлемдегі ең бірінші бизнес-инкубатор
1959 жылы Батавия қаласында ашылған
(АҚШ). 80-жылдардың соңына қарай, кәсіпкерлікті
инкубациялау экономикалық даму мен
жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруда
үкімет қолдаған кең тараған көпшілік
формасы болды. Бүгінгі таңда
дүниежүзінде 4000-нан астам бизнес-инкубатор
бар.
Қазақстандағы
бизнес-инкубаторлар
Қазір
Қазақстанда 40-тан астам бизнес-инкубатор
бар. 2000 жылы Қазақстанның түрлі қалаларындағы14
бизнес-инкубатор мен техникалық
парктарды біріктірген Қазақстандық
Бизнес Инкубаторлар және Инновациялық
Орталықтар Ассоциациясы (ҚБИИОА) негізін
тепті. 2002 жылдың қараша айында Бизнес-инкубаторлар
мен Технологиялық Парктардың Орта
Азиялық жүйесі құрылып, координаторы
Шымкенттік СодБи Бизнес-инкубаторы
болды.
Инкубация:
Дәйектер*
- Бизнес-инкубаторлар
шағын бизнес нысандарының банкротқа
ұшырау рискін төмендетеді. АҚШ Ұлттық
Бизнес-инкубаторлар Ассоциациясының
(NBIA) есептеріне қарағанда, инкубатордан
шыққан фирмалардың 87 пайызы әлі күнге
дейін жұмыс істеп келеді.
- Бизнес-инкубаторларға
берілген жылдық жоспарлы мемлекеттік
жәрдемақының әрбір 1$-на, жергілікті бюджетке
иткубатордың әрбір клиенті немесе түлегі
шамамен 45$ табыс салығын қайтарады.
- Инкубаторлар
бітірушілерінің 84% осы күнге дейін өз
қауымдастықтарында жұмыс істеп, инвесторларға
салған қаржыларын қайтарып беруді жалғастыруда.
- Жергілікті
мемлекеттік билік тарапынан қолдау көріп
отырған инкубаторлар, әқайсысы шамамен
1,100 $ шығын құрайтын жұмыс орнын ашып отыр;
ал, мемлекет қолдауымен жұмыс орнын ашудың
басқа бір механизмдері әрбір жұмыс орны
үшін 10,000 $ шығын шығарып отыр.
- 1980 жылдан
бастап, Солтүстік Америка инкубаторларының
клиенттері мен түлектері шамамен 500,000
жұмыс орнын ашып отыр.
- Инкубатор
клиенті ашқан әрбір 2-жұмыс орны, жергілікті
қауымдастықта тағыда бір жұмыс орнының
ашылуына септігін тигізеді.
* Статистикалық
мәліметті АҚШ Ұлттық Бизнес-инкубаторлар
Ассоциациясынан (NBIA) алынған.Мемлекеттің
басты құндылығы – адамдары болатыны
себепті, оның басты міндеті де сол өз
азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту
екені белгілі. Қазақстан Республикасы
өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан
бастап-ақ осы басты қағиданы жіті назарда
ұстап келеді. Өйткені, мұның өзі біздің
Ата Заңымыздың басты талаптарының бірі
болып саналады. Ел Конституциясының алғашқы
бабы “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік (бөліп
көрсеткен біз – авт.) мемлекет ретінде
орнықтырады…” деген сөздермен басталатыны
да осыны аңғартады.Әрине, ел экономикасының
нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа
әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде
әртүрлі жағдайда болғаны рас. Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында бұл мәселе аса күрделі
болғанын ұмыта қойған жоқпыз. Алайда,
соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының
даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым,
денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік
қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының
сегіз есе өсуі бұл бағытта атқарылып
жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын
байқатады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың
жүргізіп отырған сарабдал саясатының
нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда
әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола
түсіп, біз ТМД мемлекеттері арасында
көшбасшылар қатарындамыз. Бүгінде бес
миллионға жуық қазақстандық, яғни азаматтарымыздың
үштен бірі түрлі әлеуметтік жәрдемақымен
қамтылған. Егер 2003 жылы бұл салада 17 әлеуметтік
жәрдемақы түрі болса, биыл олардың саны
29-ға жетіп отыр. Тек үстіміздегі жылдың
өзінде ғана елімізде зейнетақының мөлшері
орта есеппен 29 пайызға өсті.Ал Парламент
қарастырып жатқан жаңа үш жылдық бюджеттің
үштен бір бөлігін әлеуметтік салаға жұмсау
көзделіп отырғаны – әлемдік қаржы дағдарысының
шарпуына қарамай, біздің алған бағыттан
ауытқымағанымызды көрсетеді. Бұл – жүргізіліп
жатқан реформалардың әлеуметтік векторы
бар экономиканы қалыптастыруға жағдай
жасағанының нәтижесі.Сонымен қатар әлеуметтік
жағдайға қатысты мәселелер әлі де болса
өз шешімін күтіп тұрғанын мойындауымыз
керек. Көп сұрақтар, әсіресе мүгедектерге
көмек көрсету бағытында туындап отыр.
Мәселен, қазіргі қымбатшылық заманда
ІІ және ІІІ топтағы мүгедектерге берілетін
жәрдемақының мөлшері әзірге небәрі 7 781
мен 15 667 теңгенің аралығында болуы олардың
тұрмыс жағдайын әлі де болса жақсарта
түсу керек екенін көрсетеді. Ал мүгедектікке,
асыраушысынан айрылғанға, жасына байланысты
жәрдемақы алатын 656 мың адамға берілетін
жәрдемақының 14 пайызға ғана өсуі де, әрине,
бізді қанағаттандырмауы тиіс. Бұған қоса
жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды
дамыту, еңбек адамдарына қолайлы жағдай
туғызу және оларды әлеуметтік қорғау,
жаңа жұмыс орындарын беретін бизнесті
дамытуға ден қою сияқты әлеуметтік салада
өз шешімін күтіп тұрған мәселелер шоғыры
Парламент депутаттарының атына күнделікті
түсіп жататын азаматтардың хаттарынан
және сайлаушылармен кездесулер барысында
да көрінеді.Осы бағыттағы мәселелерді
тек қана бюджеттің шектеулі қаржысының
есебінен шешу үшін біраз уақыт кетіп
қалатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан
бүгінгі күннің ерекшелігін ескере отырып,
айналамызда болып жатқан өзгерістерге
жіті мән беру керек. Нарықтық экономика
жете қалыптасқан, дамыған мемлекеттердің
халықты әлеуметтік қорғау саласында
жүргізіп отырған саясатының пайдалы
тұстарынан үйренетін кез келді.Айта кету
керек, бұл бағыттағы жұмыстың бастамасы
әр түрлі тұрғыдан сонау XІX ғасырдың басынан,
ағылшын кәсіпкері, социалист-утопист
Роберт Оуэннің кезінен басталады. Жұмыс
берушінің жұмыскер алдында әлеуметтік
жауапты болуын көздеген оның ойлары кәсіподақтар
қозғалысының өмірге келуіне түрткі болған.
Ал бәрімізге белгілі Д.Рокфеллер әлеуметтік
көмек көрсету үшін арнайы қор құрып, осы
мақсатқа 550 миллион АҚШ долларын жұмсаған.
Бұл бүгінгі күннің тұрғысынан алса, ондаған
миллиард АҚШ долларын құрайтын қаражат.
XX ғасырдың басында сол Америкада материалдық
тұрғыдан табысты болғандар тек өзінің
кәсіби саласында ғана емес, сонымен қатар
өзі тұрып жатқан жердегі халықтың жағдайын
жақсартуға күш салуы керектігін уағыздайтын
“Ротари” қозғалысы құрылды. Бұдан 90
жыл бұрын Халықаралық Еңбек Ұйымының
жарғысына әлеуметтік әділеттіліктің
арқасында ғана дүние жүзінде бейбітшілік
орнайды деген тұжырымдама жазылып, ол
1944 жылы Филадельфия декларациясында
нақтыланды. Ал әйгілі Ф.Рузвельт Америкада
өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Ұлттық
өндірісті көтеру әкімшілігін құрып, олардың
“әділ бәсекенің кодексін” барлық дерлік
кәсіпорындардың тарапынан орындалуын
қадағалауды жолға қойды. Қоғамдық мүддені
және сонымен бірге жұмыскерлердің өз
қоғамдық ұйымдарын құрып, ұжымдық шарттар
жасасуға құқығын қорғауды көздеген осы
құжаттың өндірісті дамытуға зор үлесі
болғанын білеміз. Осы сияқты шараларды
Еуропаның да көптеген елдері жүзеге асырып,
негізінен XX ғасырдың 50-70-ші жылдарына
қарай корпорациялардың өз жұмыскерлері
алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін
күшейтуді мемлекет тарапынан тәжірибеге
енгізіп бекітті. Бұл саладағы тағы бір
үлкен бастамалардың бірі – 1999 жылы Давоста
Дүниежүзілік экономикалық форум аясында
БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның “Глобал
Компакт” атты ерікті түрде әлеуметтік
және экологиялық жауапкершілік алу бастамасы
қолдау тапса, Халықаралық стандарттау
ұйымының 2008 жылдың аяғына дейін ІSO 26 000
“Әлеуметтік жауапкершілік” стандартын
жасаймыз деп жария етуі де осы бағыттағы
шаралардың жаңа сапалық деңгейге көтерілгендігін
көрсетті.Негізінен, бизнес табысты болса,
қоғам қарқынды дамиды. Ал қоғамның тұрақты
да қарқынды дамуы бизнестің табысты өркендеуіне
жол ашады. Бұл тұрғыдан қарасақ, екі жақты
қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланыста.
Сол себептен, әлеуметтік жауапкершілікті
ескеретін бизнес мемлекеттегі әлеуметтік
мәселелерді шешуге белсене араласатын,
“мен табысты бизнесменмін, сол себепті,
қоғамның тұрақты болуын қалаймын” деген
ниеттегі кәсіпкерлердің санын көбейтуге
бағытталған.Кәсіпкерлікпен айналысу
үшін де адамға үлкен дарын керек. Ал талант
пен азаматтық жауапкершілік тоғысқан
кезде нағыз тұлғалар пайда болатынын
және елді сүю – өркениеттіліктің ең үлкен
белгісі екенін естен шығаруға болмайды.
Ал бұл қағиданы ұстанбаған ірі кәсіпкерлердің
өздері қолдағы барынан айрылғанын тарихтан
білеміз.Үстіміздегі ғасырдың басынан
былтырғы жылға дейін еліміздің экономикасы
ұдайы жоғары қарқынды өсім беріп келді.
Еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономика
саласындағы реформалардың нәтижесінде
отандық бизнес құрылымдар аяғына нық
тұра алатындай дәрежеге жетті. Мұның
өзі, әрине, республикамызда билік пен
бизнес арасында орнаған әріптестік байланыстың
арқасында мүмкін болғаны сөзсіз. Мысалы,
2007 жылдың 1 желтоқсанындағы деректер
бойынша елімізде 267 мың заңды тұлға болса,
солардың 166 мыңы шағын кәсіпорындар екен.Негізі
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
– ауқымды ұғым. Бұған қарапайым қайырымдылық
пен демеушіліктен бастап, экология, жергілікті
қауымдастықпен қатынас, дағдарыс кезінде
көмек көрсетуге дайын болу, сапасы жоғары
тауар өндіру, сондай-ақ қоғам мүшелерінің
заман талабына сай өмір сүруіне қатысты
басқа мәселелердің бәрі де кіреді деуге
болады. Демек, бөбектердің балабақшалармен
жеткілікті қамтылуы, оқушыларымыз бен
студенттеріміздің мектептер мен жоғары
оқу орындарында сапалы білім алуы, кәсіпорындарымыздың
жаңа технологияларға сай жарақтандырылып,
ондағы еңбек қауіпсіздігінің күшейтілуі,
елді мекендеріміздің экологиялық жағдайы
және т.б. осы сияқты қадау-қадау факторлардың
бәрі де айналып келгенде халықтың әлеуметтік
ахуалын сипаттайтын, соған тікелей әсер
ететін жағдаяттар.Енді бізде мемлекеттің
әлеуметтік міндеттерін орындау барысына
толыққанды үлес қоса алатын бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын
шаралардың қолға алынуы республикамыздың
жетістіктерін тұрақты дамытуға жағдай
жасайтынын көреміз. Үстіміздегі жылдың
қаңтарында өткен Бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі жөніндегі республикалық
форумда бұл туралы көптеген жақсы пікірлер
айтылды. Соның бірі – мемлекет пен бизнес
экономикадағы мәселелерді шешуде ғана
емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді
шешу жолында толыққанды мүдделес әріптес
болуы керек деген тұжырым. “Әлеуметтік
жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда
мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі
бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда
ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек
бизнестікі”, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан
Әбішұлы. Қалың жұртшылық бұл бастаманы
қоштайтынына сенімдімін. Бұған дәлел
ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның
өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан
бастап экономикадан әлеуметтік салаға
көбірек көңіл бөліп, тұрақты дамуға ден
қойғанын айтуға болады.Елбасымыз Жезқазған
қаласында өткен форумда корпоративті
әлеуметтік жауапкершіліктің қағидаттарын
анықтап, қабылдау қажеттілігінің маңызын
атап өтті. Азаматтық қоғамдағы осы орайдағы
қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде әсіресе
кәсіподақтардың рөліне назар аударды.
Сөзінің түйіні ретінде ол әлеуметтік-еңбек
қатынастары саласындағы проблемаларды
шешуге бизнестің жауапкершілікпен қарауы
керек екендігіне зор маңыз берді. Ұжымдық
келісім-шарттар жасаудың қолданылу аясын
кеңейтіп, жетілдіре түсуге шақырды. Түрлі
нысандағы кәсіпорындардың әлеуметтік
саланы қолдауға ықыласын арттыру мақсатында
өз Жарлығымен жыл сайын берілетін “Парыз”
сыйлығын белгіледі.Әрине, мұның бәрі
баршамызға үлкен міндеттер жүктейді.
Әсіресе табысты жұмыс істеп жатқан компаниялардың
өз ұжымының және қоғамның әлеуметтік
мәселелерінен шет қалмағаны дұрыс. Негізінен,
бізде әлеуметтік жауапкершілікті қажетті
деңгейде дамытуға енді ғана назар аударыла
бастауы – бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі
қалыптасып қалған көзқарастан нарық
экономикасы кезіндегі қарым-қатынасқа
түбегейлі көшуіміздің белгісі деп түсіну
керек. Өйткені, ол кездегі өміріміздің
барлық саласындағы мемлекеттік патернализм
жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы
қарым-қатынаста да үлкен орын алып отырды.
Бұл жағдай ескі Еңбек кодексінде болсын,
әлеуметтік салаға қатысты заңнамада
болсын мемлекеттің мойнында болды. Сол
себепті, жұмыс беруші кәсіпорын мен мекеме
басшылары өз тарапынан бұл мәселеге жете
мән бермеді және ынта білдірмеді. Ал егемендік
алғаннан кейінгі алғашқы жылдары да,
түрлі себептерге байланысты, мемлекеттің
жаңа қарым-қатынасқа көшкен жұмыс беруші
мен жұмыскердің арасындағы байланысты
қадалауға толық мүмкіншілігі болмады.Бизнестің
басты қағидасы табыс табу екенін бәріміз
де білеміз. Сонымен қатар біз “жабайы
капитализм” дәуірінде емес, XXІ ғасырда
өмір сүріп жатқанымызды да ұмытпауымыз
керек. Сол себепті, кәсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне
қарай халықтың әлеуметтік жағдайына
қарайласып отыруы дүние жүзі бойынша
практикаға кең тараған құбылыс. Бірақ,
мұның өзі орталық немесе жергілікті атқарушы
органдардың мәжбүрлеуімен немесе талап
етуімен емес, еріктілік жағдайында, атқарушы
билік органдармен меморандумдарға қол
қою арқылы атқарылса, нәтиженің де қомақты
болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.Мұның
жақсы мысалдары біздің елімізде қазірдің
өзінде аз емес. Ал оның келешегі көп үміт
күттіреді деп айтуға толық негіз бар.
Өзгелерге жасалатын жақсылық әдетте
көп дабыра етіп істелмейді. Алайда, біз
өз табыстарымен қоғамның өзге мүшелерімен
бөлісіп, айнала-төңірегіндегілердің
мұқтаждықтарын шешуге қарайласып отырған
компаниялар мен жекелеген азаматтардың
есімдерін халқымыздың біле жүргені жөн
деген пікірдеміз.Мәселен, Алматы қаласындағы
“Ақсай-нан зауыты” қаладағы бірнеше
балалар үйін нанмен қамтамасыз етіп отырады
екен. Сондай-ақ “Рахат” кондитер фабрикасы
мен “LG электроникс” және “Кока-кола”
компанияларының да жиі-жиі қайырымдылық
акцияларын өткізіп тұратыны байқалады.Сонымен
қатар, дүние жүзінде корпоративтік әлеуметтік
жауапкершілік демеушілік пен қайырымдылық
көмек көрсетумен шектелмейтінін көріп
отырмыз. Ал халық тұрмысына қатысты әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене
араласу, бизнес қауымдастығының өзінің
де беделінің артуына қызмет ететінін
ескеру қажет.Бізге мәлім деректер бойынша,
еліміздегі ірі өндірістік ұжымдардың
бірі – Еуразия табиғи ресурстар корпорациясы
(ENRC) алты жылдан бері Павлодар, Қарағанды,
Ақтөбе және Қостанай облыстарының әкімдіктерімен
өзара ынтымақтастық туралы меморандумға
қол қойып, соны басшылыққа ала отырып,
әлеуметтік салаға қамқорлық танытып
келеді. Ол осы мақсаттарға 3 млрд. теңгеден
астам қаржы құйған. Корпорация соңғы
екі жылдың көлемінде 300-ден астам пәтерді
пайдалануға беріп, жұмысшылары мен мамандарына
қоныс тойларын тойлатқызды. Оған қоса
400-ден астам пәтері бар көп қатарлы тұрғын
үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы,
корпорация он жылда 8 мыңға тарта қызметкердің
тұрғын үй жағдайларын жақсартуды мақсат
тұтып отырғаны қуанышты жәйт. Бұл құрылым
сондай-ақ 2007 жылы ұжым мүшелерінің денсаулығын
жақсартуға 2 млрд. теңгеден астам қаржы
бөлген екен. Өз қызметкерлерінің 250-ге
тарта студент жастарын корпорация қаржысы
есебінен оқытуда. Одан басқа соңғы бес
жылдың көлемінде қайырымдылық және демеушілік
шараларына 15 млрд. теңгеден астам қаржы
жұмсапты.Ал 70 мыңға жуық адам еңбек ететін
“Қазақмыс” корпорациясы” жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі Қарағанды және
Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерімен
меморандумға қол қою арқылы Жезқазған,
Балқаш, Сәтбаев сияқты өндірістік қалалар
мен 10 кенттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз
етуге үлкен үлес қосып келеді. Ол тек
өткен жылдың өзінде ғана бұрынғы салынған
әлеуметтік нысандарды ұстап тұруға қолдау
көрсетіп қана қоймай, жаңаларын тұрғызуға
100 млн. АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.
Сонымен қатар, Қырымдағы, Алматы және
Железноводск қалаларындағы үш санаторийінде
2007 жылы 6,5 мың адамды демалдырыпты. Кәсіпорын
мектеп жасына дейінгі алты мыңға жуық
бала тәрбиеленіп жатқан 36 мекемені өзі
қаржыландырып отыр екен.Әлеуметтік жауапкершілік
жөніндегі осындай игілікті шаралар “Казцинк”
акционерлік қоғамында да баршылық. Бұл
ұжым демеушілікке 2,5 млрд. теңге бөліп
қана қоймай, “жоспарды кез келген жолмен
орындау керек” деген ұраннан бас тартып,
еңбек қауіпсіздігін арттыруға ерекше
көңіл бөледі екен. Сондықтан мұнда соңғы
он жылда жұмысшылардың өндірісте жарақат
алуының деңгейі 68 пайызға азайып, еңбек
қауіпсіздігін арттыруға бөлінетін қаржының
көлемі жеті есеге артқан.Осындай ықылас-ниет
алдағы уақытта республикамыздағы басқа
өндіріс кәсіпорындарында кең тарауы
қажет-ақ. Өйткені, осы мәселенің әлі де
шешілмей келе жатқанынан жыл сайын ондаған
азаматтарымыздан айырылып қалып жүрміз.“Елде
болса ерінге тиеді” дегендей, қайырымдылық
пен демеушіліктің мысалдары бизнеспен
айналысып жүрген жеке азаматтардың арасынан
да көптеп кездесіп жатқанын баспасөз
беттерінен ұшыратқанда марқайып қаласың.
Әрине, осылай болуы тиісті де. Өйткені,
“кең болсаң, кем болмайсың” деген ұстанымды
басшылыққа алатын біздің халқымызға
осындай дархандық пен қайырымдылық ежелден
тән. Бүкіл салт-санамыз бен дәстүрлеріміз
негізінен осылайша пейілдің кеңдігіне
бейімделген. Мұны шетелдіктермен алыс-берісіміз
бен барыс-келісіміз күшейген мына заманда
келіп-кетіп жатқан қонақтарымыз да байқап,
ризашылықтарын білдіріп жатады. Әрине,
халқымыздың осындай жақсы қасиеттерімен
танылғаны бәрімізге де зор мақтаныш болуы
тиіс.
Зер сала
қарасақ, күнделікті өмірімізде халқымыздың
қайырымдылығы мен кеңпейілділігінің
неше алуан жақсы үлгілерін көреміз. Осы
қасиетімізден айрылмағанымыз жөн. Қайырымдылықты
әрбірден кейін ұстанатын дініміз – ислам
да міндеттейді. Зекет беріп, қайырымдылық
танытып отыру керектігі қасиетті Құран
кәрімде де жиі айтылатынын ұмытпайық.Осындайда
ойға оралады, биыл оқу жылы басталар алдында
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
депутаты, Отырар ауданының құрметті азаматы,
“Саутс-ойл” компаниясының президенті
Серікжан Сейітжанов өзінің туған ауылы
Ескі Шілікке 286 млн. теңге қаржы жұмсап,
240 бала оқитын мектеп салып бергенін баспасөз
бетінен оқып білдік. Бұл азаматтың еңбегі
арқылы туған ауылына қандай керемет сыйлық
жасалды! Сол мектептен келешекте өзі
сияқты талай-талай ұлтжанды жастар оқып-жетіліп,
елге қызмет ететіні сөзсіз. Бұл кісінің
бұдан басқа осы ауылға мешіт салып, көшесіне
асфальт төсетіп, тұрмысы нашар отбасыларына,
спортшылар мен өнер адамдарына демеушілік
жасап жатқан қызметіне жұртшылықпен
бірге біз де дән ризамыз.Сондай-ақ, Жамбыл
облысының Меркі ауданындағы Ақжол ауылында
тұратын 81 жастағы Жақан Әбжапарұлы есімді
қария да 5 миллион теңге қаражатын жұмсап,
осы елді мекеннің 1970 жылы салынып, әбден
тозығы жеткен 120 орындық мектебін жіптіктей
етіп жөндетіп беріпті. Міне, азаматтық
деп осыны айтыңыз!Ниет еткен жандарға,
әрине, өмірде қайырымдылық танытудың
жолдары көп. Өз қолыңда қаражатың болмаса,
қиыншылық көріп тұрған жандарды тіпті
жылы сөзіңмен, нақты ісіңмен демеп жіберсең,
соның өзі де көңілге зор демеу емес пе?
Сондай-ақ түрлі қайырымдылық акцияларын
ұйымдастырып, соған нақты қолдау көрсетіп
те игі істерге өз үлесіңді қоса аласың.
Мәселен, жақында “Нұр Отан” партиясы
жастар қанатының ұйымдастыруымен “Мега-Астана”
сауда орталығында “Жүрегі жылы – қолы
кең” деген қайырымдылық акциясы өтті.
Одан түскен қаржы созылмалы бүйрек ауруына
шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалмақ.Бәрімізді
өкіндіретін де іс-әрекеттер арамызда
жоқ емес. Өмірде қайырымдылықтың орнына
қатыгездік көрсеткен оқиғалар туралы
естігенде жаның күйзеледі. Мәселен, жақында
республикалық баспасөз беттерінде Қызылорда
қаласының маңындағы саяжайда тұратын
14 және 15 жастағы Мария мен Марина есімді
қыздардың осы кезге дейін мектеп табалдырығын
аттамағаны туралы ақпараттар басылды.
Олар бес жылдан бері қысы-жазы біреудің
малын бағып келген. Кәмелетке толмаған
қыздарды мұндай халге түсуге тұрмыс ауыртпашылығы
мәжбүр еткен шығар. Бірақ, олар айдалада
емес, адамдардың ортасында жүрді емес
пе? Ендеше, сол бейбақтардың тыныс-тіршілігіне
біреулердің назары аумағаны, көмек көрсетпегені,
ең болмаса жергілікті құқық қорғау органдарына
телефон шалып хабарламағаны қалай? Ал
олардың еңбегін пайдаланып келгендер
тек өзінің ғана бас пайдасын ойламай,
бір сәт: “Оу, бұлар да адамның баласы
ғой, мына жүрістерімен олардың келешегі
не болады?”, – деп жанашырлық танытса
болмас па еді? Өз отандастарымыздың тағдырына
сондай немқұрайлы қарап, мұншалықты енжар
болғанымыз бізге жараса ма?“Айдың бір
жартысы жарық болса, бір жартысы қараңғы”
дейді дана халқымыз. Түрлі қиыншылық
өмірде әр адамға, тіпті, дәулетті деген
жандардың да басына ойламаған жерден
түсуі әбден мүмкін. Ал сондайда өзі қайырымдылық
жасап жүрген немесе соны көріп өскен
жандар ғана өзгеге қайырымдылық қолын
созуы мүмкін. Жақсы өнеге нақты іспен
қалыптасады. Ол үшін ортақ іске жанашырлық
пен отандасыңа деген қамқорлық пен қайырымдылық
сезімі шын мәнінде, тек кәсіпкерлердің
ғана емес, бәріміздің ортақ міндетімізге
айналуы керек.
Қайырымды
болайық, ағайын!