Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
41-бап. Мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған
жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектісі
тиісті органның және (немесе) лауазымды
адамның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне)
жоғары тұрған мемлекеттік органға не
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға
құқылы.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қылмыстық
істі қозғаумен және тексеру жүргізумен
байланысты мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдануы Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылады.
9-тарау.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР
МЕН
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
42-бап. Жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
адамдары осы Заңның 29-бабының 1-тармағында
белгіленген мемлекеттік реттеудің мақсатына
қол жеткізбеген мемлекеттік бақылауды,
лицензиялауды жүзеге асыру кезінде өз
қызметтік міндеттерін орындамаған немесе
тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ
өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттер (әрекетсіздік)
жасағанда Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылықта
болады.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың
Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзуда кінәлі лауазымды адамдарына қатысты
қабылданған шаралар туралы құқықтары
мен заңды мүдделері бұзылған жеке кәсіпкерлік
субъектісіне бір ай ішінде жазбаша хабарлауға
міндетті.
3. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
адамдары жеке кәсіпкерлік субъектісі
туралы ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген
жауаптылықта болады, ал жеке кәсіпкерлік
субъектісінің келісімінсіз ақпаратты
тарату нәтижесінде оған келтірілген
зиян өтелуге тиіс.
43-бап. Жеке
кәсіпкерлікке кедергі
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
адамдарының жеке кәсіпкерлік қызметіне
заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс-әрекеті
(әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
2. Қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе
тыйым салу солардың қызметін реттейтін
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық ұйымдардың,
кредиттік бюролардың кәсіпкерлік қызметін
қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінің
қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе
тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың өтініші
бойынша сот жүргізеді.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметін
сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге
тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға,
көрсетілген мерзімде талап-арызды сотқа
табыс етуді міндеттей отырып, ерекше
жағдайларда жол беріледі.
Бұл ретте бақылау функцияларын жүзеге
асыратын мемлекеттік органның қызметті
тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы
актісі соттың шешімі шыққанға дейін қолданыста
болады.
4. Кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі
келтіру салдарынан жеке кәсіпкерлік
субъектісі көтерген барлық шығындар
мен жеке кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген
өзге де зиян өтелуге жатады.
44-бап. Жеке
кәсіпкерлікті тексерудің
1. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды
адамы жеке кәсіпкерлік субъектісіне
тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін
бұзған жағдайда (тексеруді негізсіз тағайындау,
акті шығармай және оны құқықтық статистика
органында тіркемей тексеру жүргізу, құжаттарды
заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды
заңсыз түгендеу, өндірісті тоқтата тұру,
артық анықтамалар толтыру, негізсіз сұрау
салуларды талап ету және өзге де жағдайларда)
өтеулі талап етілетін шығындардың көлеміне
тексеруге арналған материалдарды дайындағаны
үшін жеке кәсіпкерлік субъекті қызметкерлеріне
төленген сыйақы сомалары, өндірістің
мәжбүрлі тоқтаған уақытына жалақы, өндірісті
тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған
тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізу кезінде жеке кәсіпкерлік
субъектісінің алуы ықтимал жіберіп алған
пайда енгізілуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылған
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының
іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) жеке
кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген
зиян Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі
заңсыз іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
10-тарау.
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
45-бап. Жеке
кәсіпкерлік субъектілері
Жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке және
заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға
міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген
жауаптылыққа әкеп соғады.
46-бап. Сәйкестікті
тексеру, калибрлеу және сынақ
зертханаларын (орталықтарын) растау
жөніндегi органдардың жауаптылығы
Сәйкестікті тексеру, калибрлеу және сынақ
зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі
органдар өз міндеттерін орындамағаны
үшін Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген жауаптылықта болады.
47-бап. Жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының жосықсыз бәсеке туралы
заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
48-бап. Жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының демпингке қарсы шаралар
туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
49-бап. Жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының тауарлар импорты кезінде
ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын
бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан
Республикасының жеке
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік
туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
51-бап. Осы
Заңды қолданысқа енгізу
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа
енгізілетін 5-бапты қоспағанда, жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңды қолданысқа енгізу кезінде
қолданыста болатын Қазақстан Республикасының
заңнамасы оған қайшы келмейтін бөлікте
қолданылады және 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін
соған сәйкес келтірілуге тиіс.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау
туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16,
424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар;
1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат, №
24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 51-құжат; № 19-20, 147-құжат;
2004 ж., № 23, 142-құжат);
2) «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат;
1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат;
№ 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат;
№ 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 150-құжат; 2003 ж.,
№ 4, 26-құжат; № 19-20, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);
3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы
19 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1997 ж., № 12, 185-құжат; № 22, 333-құжат;
1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
2. Заң жобасын әзірлеудің қажеттігін негіздеу
Кәсіпкерлік кодекс жобасының Тұжырымдамасы 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1468 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2010-2020 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2011 жылға арналған Іс шаралар жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында 13.01.2011 жылғы № 51-11.30 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақовтың тапсырмасын орындауға арналып дайындалған.
Экономикадағы түбегейлі қайта құрылу әрқашан әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасауға шақырады. Бірінші кезекте бұл өзгерістер заңнама жүйесіне қозғау салып отыр және бұл заңнаманың бір саласы екіншісінің орнына келіп отырғандығынан көрініп отыр (мысалы, шаруашылық заңнамасының орнына кәсіпкерлік заңнама, ал колхоздық және совхоздықтың орнына - аграрлық немесе ауыл шаруашылық және т.с.с).
Қазіргі уақытта ҚР кәсіпкерлік заңнамасы нормативтік құқықтық актілердің орасан көпшілігінің әр түрлі салалық тиістілігін білдіреді. Көбінесе, кәсіпкерлік заңнама Конституациясы, АК және басқа да нормативтік құқықтық актілерді құрайды және мына топтарға шарттық біріктіруге ұмтылу мүмкін.
Бірінші топқа кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі бастауын орнықтыратын арнайы нормативтік құқықтық актілер кіреді - бұл «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңы; «Өндірістік кооператив туралы» Заңы; «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы; «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңы; «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы»; «Акционерлік қоғамдар туралы»; «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы; «Лицензиялау туралы» Заңы; «Бәсекелестік туралы» Заңы; және т.б.
Екінші топ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы актілерден тұрады -«Білім туралы» Заңы; «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы; және т.б.
Үшінші топ тұтынушылардың құқығын қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерден тұрады - «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы; «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» Заңы; «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңы; және т.б
Төртінші топқа отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді - «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заңы; «Демпингке қарсы шаралар туралы» Заңы; «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Заңы; «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңы; және т.б.
Бесінші топты кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер құрайды - «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңы;«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Заңы; «Шаруа қожалығы (фермерлік) туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы; «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы; «Инвестициялар туралы» Заңы; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы; «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы; «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы; «Тауар биржалары туралы» Заңы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы және т. б.
Алтыншы топты жекелеген кәсіпкерлік шарттарға арналған нормативтік құқықтық актілер құрайды - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы; «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы; «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заңы және т.б.
Жетінші топқа кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілерін реттейтін жалпы сипаттағы нормативтік құқықтық актілер біріктірілуі мүмкін - Қылмыстық кодексі; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексі; «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексі; «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасының патенттік заңы» Заңы; «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» Заңы және т.б.
Заңнама жүйесінің бөлігіне жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерін іске асыру мақсатында қабылданған заңға тәуелді актілерді қосуға болады.
ҚР кәсіпкерлік қызмет туралы заңнама жүйесіне, сондай ақ ҚР халықаралық шарттары (ҚР-ның жалпы мойындалған халықаралық құқықтың нормалары мен принциптері және халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесінің құрамды бөлігі боп табылатындықтан) кіреді.
Кәсіпкерлік
кодексте барлық көрсетілген нормативтік
құқықтық актілердің оның үстіне, халықаралық
келісімнің нормаларын біріктіру қажеттігі
жоқтығы, анық екендігі белгілі.
Бизнес –инкубаторлар – ұйымдастырылған шаруашылық кешен түрлерінің бірі, олар бастамалы кәсіпкерлерге өндірістік, кеңселік және басқа мекелерді шаруашылық қызмет, кеңселік қызмет көрсету үшін ұсынылатын қолдауға бейімделеді (орталықтандырылған бухгалтерия шағын кәсіпкерліктердің адвокатурасы, кәсіпкерлерді оқыту, кәсіпкерлер үшін мамандырылған кадрлар даярлау).