Негізгі құралдың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:40, доклад

Краткое описание

Өндіріс процесі еңбек заттары /шикізат, материалдар, сатып алынатын шала фабрикаттар/ және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлінетін өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар рөліне қарап белгіленеді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін субъект сатып алған осы қазан еңбек құралы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Негізгі құралдың есебі.doc

— 93.50 Кб (Скачать)

     Ағымды  құн – бұл негізгі құралдардың  белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

     Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны.

     Сатылу (өткізілу) құны – бір-бірін жақсы білетін, мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың /тараптардың/  негізгі құралдарды өзара айырбастауларына мүмкіндік беретін өткізу /сату/ құны болып табылады.

     Жойылу  құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.

     Тозу  құны - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының араалығындағы айырмашылығы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың амортизациялық жолмен есептеліп, өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары.

     негізгі құралдардың қалдық құны- бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған санын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.

     Бухгалтерлік есепте негізгі қорлар әр мүліктік объект бойынша тұтас теңгеге дейін дөңгелектелген сомамен есептеледі. Соған байланысты барлық бейімдегіш заттары мен қажет заттары бар аяқталған қондырғыны немесе белгілі бір дербес қызметтерді орындауға арналған жекеше құрастырылған затты /заттар кешенін/ мүліктік обьект деп есептейді. Мүлік обьектісіне мүліктік тізімдеу нөмірі беріледі. Обьектілерді нөмірлеу әдетте реттік-сериялық жүйемен жүргізіледі. Мысалы, үйлер үшін 0001-ден 0299-ға дейін нөмірлер бөлінеді, ғимараттар үшін -0300-ден 0399-ға дейінгі нөмірлер, табыстау қондырғылары үшін - 0400-ден 0499-ға дейін, т.с.с. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік тізімдеу нөмірлері мүлік карточкаларында және негізгі құрал-жабдықтар есебі мен қозғалысы құжаттарында беріледі. Оларды /заттық көріністегі емес объектілерден басқа/ тиісті объеткілерде металл жетондарды бекітиу немесе бояумен не басқа тәсілмен жазу арқылы белгілейді. Мүліктік тізімдеу нөмірі әдетте объект қолданыста болған барлық кезеңде сақталады, ал ол шығарылған кезде жаңадан түскен негізгі құрал-жабдықтарға ұзақ уақытқа / бес жылға / дейін бұл нөмір берілмейді. Құрал-жабдықтардың техникалық деңгейін, жағдайын, жұмыс және жалпы параметрлерін анықтауға, болашақта модернизациялау, жөндеу жүргізуді, өндіріс барысында пайдаланудың тиімді саласын белгілеуге мүмкіндік беретін паспорттаудың (төлқұжаттаудың) маңызы бар. Әдетте оны жасаушы кәсіпорындар жүзеге асырады. Паспорттар негізгі құралдарды есептеу бойынша мүлік карточкаларын толтыруға негіз болады.

     Негізгі құралдардын есебі 12-ші «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 121-ші «Жер», 122-ші «Ғимараттар мен құрылғылар», 123-ші «Машиналар жабдықтар, өткізгіш тетіктер», 124-ші «Көлік құралдары», 125 - «Басқа да негізгі құралдар».

     Сонымен бірге, 120-шы «аяқталмаған құрылыс» шотында күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, өсіруге арналған жас малдар мен семіртуде тұрған малдарға шыққан шығындар есептеледі.

     Субъектідегі негізгі құралдар есебі Бухгалтерлік есептің 6-шы «Негізгі құралдар есебі» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.

     Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебнің әдістемесін айқындайды.

     Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуінің, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруының және шығуының, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерік есепте уақтылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есеп және калькуляция объектілері бойынша амортнзация шығындарының есебін; негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде және толық өткізуді және олардың нәтижесін есепте көрсетуді; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін анықтау болып табылады.

     Субъектінің қаржылық қорытынды есеп-беруінде мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуі керек.

     - негізгі құралдардың әр түрі бойынша олардың қозғалысы: енгізілуі, шығып кетуі; бастапқы құнының өзгеруі, өзгеру себептері ескеріле отырып есеп берілетін кезеңіңнің басындағы және аяғындағы бастапқы құны;

     - негізгі құралдардың әр түрі  бойынша амортизация есептелген  кезде: амортизация есептеудің  қолданылатын әдісі; амортизацияланатын негізгі құрал-жабдықтардың есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы бастапқы құны; есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы жинақталған амортизация сомасы;

     - бағалау жүргізген кезде: негізгі  құралдардың әр түрі бойынша  есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы ағымды құны; қайта бағалау жүргізудің негіздемесі мен мерзімділігі; қайта бағалау өткізілген күні; қайта бағалау өткізу әдісі; сараптық бағаны кім бергені;

     Қаржылық  қортынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар үшін есеп беру кезеңінің соңында мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиісті:

     -уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы немесе ағымды құны туралы;

     - пайдаланудағы, амортизациясы толық есептелген негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны туралы;

     - міндеттемелер бойынша кепіл ретінде аманатқа берілген негізгі құралдарға қойылған шектеулер мен олардың нақты бары туралы;

     - негізгі құралдарды сатып алу бойынша өтелмеген міндеттемелер туралы;

     - есеп беріліп отырған кезеңнің соңындағы аяқталмаған құрылыстың құны туралы;

     - есеп берілетін кезеңнің соңында пайдаланудан алынған, бірақ сату мақсатымен негізгі құралдар құрамында есепте тұрған негізгі құрал-жабдықтардың жекелеген түрлерінің құны туралы;

     - негізгі құралдарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындармен байланысты есеп саясаты туралы.

Информация о работе Негізгі құралдың есебі